Утверждены


Курсты оқып шыққан магистранттардың негізгі құзыреттері



бет3/22
Дата30.09.2022
өлшемі178,5 Kb.
#40962
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ТУП Психология управления каз рус ТИРАЖ

Курсты оқып шыққан магистранттардың негізгі құзыреттері:
1. Басқару психологиясының теориялық негіздерін тарихи тұрғыдан және басқарудың жаңа теориялары мен тұжырымдамалары тұрғысынан негіздеу.
2. Басқарушылық шешімдерін қабылдау және тұлғалық мансабын ынталандыру мақсатында басқарушы өзара әрекеттің субъектісі және объектісі ретіндегі тұлғаның рөлін анықтау.
3. Корпоративтік мәдениетті және психологиялық ахуалды қолдау үшін ұйымда тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынастарды талдау.
4. Кәсіби іс-әрекеттің әр түрлі салаларында SWOT-талдау әдісімен басқару психологиясының теориялық-әдіснамалық үрдістерін біріктіру және жіктеу.
5. Басқару стилін зерттеу негізінде басшы іс-әрекетін тиімді басқаруды сыни талдау.
6. Жүйелік талдау мен кросс-мәдени менеджмент әдістерін қолдану арқылы ұйымдағы коммуникативтік үрдістерді жіктеу.
7. Ұйымның басшылары мен қызметкерлерінің арасында психологиялық ахуалды және корпоративтік мәдениетті жақсарту үшін эмоционалды жағдайды реттеудің тренингтік бағдарламалары мен техникаларын әзірлеу және жүзеге асыру.
8. Ұйымды тиімді басқарудың болжау моделін құру.
9. Басқару психологиясының маңызды факторы ретінде ұйымдық құндылықтарды және өзін өзі таныстыру технологиясының тиімділігін ескере отырып, өзінің жеке мансабын құру бағдарламасын жасау.
«Басқару психологиясы» курсын оқу кәсіби білім беру бағдарламасының пәнаралық байланыстарын жүйелендіруге ықпал етеді және магистранттардың «Философия», «Әлеуметтану» және т.б. алдыңғы оқу пәндерін меңгеру кезіндегі алған білімдеріне негізделеді.
«Басқару психологиясы» курсы – педагогика, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау пәндерімен тығыз байланысты іргелі пән болып табылады.
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ





Тақырыптардың атаулары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет