Утверждены


Басқару психологиясына кіріспе



бет5/22
Дата30.09.2022
өлшемі178,5 Kb.
#40962
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Басқару психологиясына кіріспе
Басқару психологиясының мақсаттары, міндеттері, мазмұны, ерекшеліктері. Басқару психологиясы объектісін, пәнін, міндеттерін анықтаудағы негізгі заманауи бағыттар. Адами практиканың әр түрлі салаларындағы басқару психологиясы мәселелерінің өзектілігі. Басқару психологиясының қайнар көздері. Басқару психологиясының психологиялық мәні және психологиялық табиғаты. XXI ғасырдағы басқару психологиясы дамуының негізгі бағыттары. Еңбек психологиясының бөлігі ретінде басқару психологиясы. Басқару психологиясының менеджментпен, басқару теориясымен, экономикамен, ұйымдардың әлеуметтануымен мазмұнды байланысы. Басқа да аралас психологиялық бағыттармен басқару психологиясының мазмұнды байланыстары (әлеуметтік психология, тұлға психология, даму психологиясы, ұйымдастырушылық психология, жарнама психологиясы және т.б.).


Басқару психологиясының даму тарихы
«Ғылыми менеджменттің классикалық теориясының» (20-шы ғасырдың басы - 20-шы жылдардың соңы) пайда болуы және дамуы. Ғылыми басқару мектебі (1885-1920). Ф. Тейлордың «Ғылыми басқару принциптері». Басқару іс-әрекетінің мектептері: Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебі (Ф. Тейлор, П. И. Корженцев, А.К. Гостев және т.б.). Әкімшіліктік мектеп немесе классикалық менеджмент мектебі (1920-1950). А. Файл - басқару психологиясының негізін қалаушы. «Адами қатынастар» мектебі (1930-1950). Әлеуметтік адам түсінігі (Э. Мэйо, Ч. Барнард, М. Фоллетт). Адами ресурстар тұжырымдамасы (Д. Maк-Грегор, Д. Лайкерт). Ұйымды басқарудағы психологиялық бағыт (П. Друкер, В. Зигерт, Л. Ланг, М. Вудкок және т.б.)


Басқару психологиясының теориялық және әдіснамалық негіздері
Басқарудағы әдіснамалық бағыттар: үрдістік, жүйелік, жағдайлық. Психологиялық ғылыми теориялардың негізгі бағыттары аясындағы басқару: психоаналитикалық, бихевиористік және гуманистік. Басқару психологиясының қазіргі жағдайы, зерттеудің негізгі мәселелері мен бағыттары. Басқару психологиясының принциптері және әдістері. Басқарудың негізгі сипаттамалары. Құқықтық тенденция түсінігі. Басқару субъектісін қалыптастыру заңдары, іс-әрекетті ұйымдастыру заңдары, әлеуметтік әсер ету заңдары. Басқару психологиясының негізгі түсініктері: ұйым, тұлға, топ, мінез-құлық, қарым-қатынас, басқару, басшылық, көшбасшылық, билік, басқарушылық іс-әрекет, басқару қатынастары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет