Басқару шешімдерін қабылдау психологиясы Басқарушылық (ұйымдық) шешім түсінігі. Шешім қабылдау басқарушылық іс-әрекеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде. Психологиядағы шешім қабылдаудың әртүрлі бағыттары.
Басқару шешімдерінің типологиясы. Басқару шешімдерінің түрлері: шешім қабылдау субъектісі мен объектісі бойынша; қолдану мерзімі бойынша; шешілетін міндеттер сипаты бойынша; күрделілігі бойынша; шешім қабылдау деңгейі бойынша; қайталау жиілігі бойынша; жаңашылдық деңгейі бойынша; шешімдерді әзірлеу тәсілі бойынша. Тиімді басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру. Басқару шешімдерінің кезеңдері. Басқару шешімдеріне қойылатын талаптар. Басқару шешімдерінің нәтижелерін болжау.
Басқарудың мотивациялық аспектілері Басқару психологиясындағы мотивация түсінігі. Еңбек іс-әрекетін мотивациялау мәселесіндегі теориялық-әдіснамалық бағыттар. Мотивация теориялары және олардың сипаттамалары. Мазмұндық (А. Маслоу, Д. Мак-Клеланд, Ф. Герцберг, Ф. Тейлор, Д. Мак-Грегор, Оучи теориялары). Процессуалдық (В. Врумның күтулер теориясы, әділдік теориясы). Мотивацияның түрлері, типтері және деңгейлері. Еңбек мотивациясын басқару. Қызметкерлердің ынтасын арттыру және еңбек өнімділігін арттыру әдістерінің жүйесі. Мотивация және өзін-өзі ынталандыру. Мотивациялық стратегиялар мен әдістер. Тұлғаның мотивациялық профилі.
Тұлға және ұйымдағы іскерлік мансапты ұйымдастыру «Мансаптың» әлеуметтік-психологиялық түсінігі. Мансап туралы ойлар эволюциясы. Мансаптың түрлері мен кезеңдері. Мансаптық мақсат қою және мансаптық жоспарлау. Мансаптың негізгі модельдері және стратегиялары. Мансаптық жетістіктердің критерийлері және факторлары. Мансаптың гендерлік аспектілері.
Мансаптық менеджмент технологиясы. Мансаптық өзін-өзі басқару. Тұлғаның мансаптық таланттарын диагностикалау және дамыту. Мансаптық өсу технологиясы және тұлғаның мансаптық әлеуетін бағалау. Жас маманның мансабы. Мансаптық жоспарлаудың алғашқы кезеңдеріндегі мансаптық дағдарыстар және оларды жеңу технологиялары. Жас мамандардың мансабын қолдаудағы жоғары оқу орнының рөлі. Тұлғаның мансабын басқаруды психологиялық қамтамасыз ету.