38
жаттықтырады. Оқушы үй тапсырмасы ретінде өткен тақырыптарды қайталамаса, үй тапсырмасын
орындамаса, есеп шығармаса, белгілі нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Оқушы бұл пәнді тиімді меңгеру
үшін, оқытылатын материалға қызығуы, есеп шығарудан рахаттануы тиіс. Математикалық есептердің
тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Жаңартылған білім
мазмұны бойынша математика сабағын жүргізгенде әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек.
Математика пәні нәтижелі болу үшін:
· Әдіс-тәсілдердің тиімді таңдалуы;
· Сабақтан алған әсері оқуға қызығушылығын және білімге деген
сұранысты арттыруы;
· Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы
жұмыстарының нәтижелілігі;
· Жұмыс барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату, әр оқушыға сенім білдіру;
Математика сабағындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарымның
негізгі бағыты осындай теориялар мен оқыту мен оқуды жақсартудың жолдарына негізделген. Сындарлы
оқытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып әрбір сабағымды сыни ойлана отырып, оқушылардың
білімінің қалыптасуына ықпал ететін әдістерді қолданып өтуімнің нәтижесінде, оқушыларым
айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Олар, ортақ проблеманы шешуде бірлесіп жұмыс істей алды, әдіс-
тәсілдерді қолданып, ойлау дағдыларын, оны жеткізу дағдылары қалыптасты. Бір сөзбен айтқанда
математика пәнінің мұғалімдері көп әдісті білуге тырысуы керек. «Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе
есебінде қолдануы керек »,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру
мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек деп ойлаймын. Өз пәнін сүйетін ұстаз ғана, өз ісінің шебері
болып қана қоймай, жоғары жетістіктерге жететініне сеніммен қараймын. Қорыта айтқанда, аталмыш
бағдарламаның мәні, баланың функциональды сауаттылығын қалыптастыру қажет. «Білімді болу деген
сөздің мағынасы- белгісіз нәрсені ашуға, қабілетті болу» -деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болса, ол
ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты
тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады. Ал
математиканың дамуына адамзат тіршілігінің дамуының басқа да түрлерін тарихтың дамуын, өндірістік
қатынастармен өндірістік күштердің дамуы, мәдени тарихпен, техника, физика,астрономия, маханика,
философия тарихымен де тығыз байланысты.
Демек, математиканың дамуына жетілдіріп, толықтырып, математика мен математикалық
теориялардың, идеялардың дамуы емес- сол кездегі халықтың тұрмыс тіршілігінің деңгейіне сәйкес,
білімнің дамуы зор ықпал етеді. Ал білімнің оқыту процесімен тығыз байланыстылығы мәлім. Сонымен
қатар қоғам үшін де, математиканың рөлі ерекше, себебі әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді
қолданбаса ғылыми – прогрестің болуы мүмкін емес. Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды
қолдану ғана емес, ғылыми мен техникалық дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік
жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа идеялар айтатын, математикалық сауаты жоғары мамандар
дайындау қажет.Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім
оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білу қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге
құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін
қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Бұл
технологиялардың біразы осы жылы нақты жүйеде қалыптастырылып, еңгізіліп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: