В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет85/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

1. Сабырлылық. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» деген. Қандай қиын жағдай болмасын, сабырлылық танытып, қиыншылықты бірлесіп жеңуге тырысу керек.
2. Мейірімділік. Жылы сөз жан жылытар, ал қатыгездік екі жанды алшақтатып, жек көруге алып келеді.
3. Сырласа білу.
4. Түсіністік. Белгілі бір мәселені шешуде ашуға емес, түсіністікке жүгінген дұрыс. Ол – барлық мәселелерді шешудің кілті.
5. Қаржылық мәселелер. Жасыратыны жоқ, ұрыс-керістің көбі осы ақшамен байланысты болып жатады, тіпті кейбір отбасылар ажырасуға дейін барады. Сондықтан ақшаны қайда жұмсайтындарыңызды, керек-жарақты түгендеу сияқты сұрақтарды ерлі-зайыптылар бірлесіп шешкені дұрыс. «Менің ақшам», «менің айлығым» деген ұғым отбасында мүлде болмауы тиіс.
6. Сыйластық. Сыйластық сүйіспеншілікке алып келеді, ал сүйіспеншілік – бақытты отбасы болудың кепілі.
7. Еркіндік. Әр адам – жеке тұлға. Сондықтан жұбайлар отбасылық мәселелерге байланып қалмай, өзін-өзі жеке тұлға ретінде дамытуға, көңілі қалаған іспен айналысуға құқылы. Бұл жерде еркіндік деген әркім өз білгенін істеуге болады екен деген сөз емес. Керісінше, бір-біріне қолдау көрсетіп, рухани дамуына мән беру керек деген сөз.
8. Алға мақсат қою. Әрбір іске жақсы ниетпен кірісу, жоспарлар жасау, балаларға жайлы өмір сыйлау – ата-ананың басты міндеттерінің бірі. 
(https://alashainasy.kz/interested/ulgl-otbasyi-boluga-8-kenes-74400/)


Бір ауыз сөз

Бір қарттың үлкен отбасы болыпты. Онда ешбір кикілжің, түсініспеушілік, тіпті, ыдыс-аяқтың сылдыры естілмейді екен. Хан қартты шақырып алып: «Отбасындағы татулықтың сыры неде? Мына қағазға жазып бер», - деп бұйырыпты. Қарт қағазды алып, шұқшиып ұзақ жазуға кірісіпті. Парақ аяқталған соң, ханға ұсынған екен. Хан парақты алып оқиды да, таң-тамаша кейіппен қартқа қарапты. Ол парақта бір-ақ сөз 100 рет жазылған екен, ол сөз – түсіністік екен…




Бесік жыры

Бесік жыры сәбидің дұрыс жетілуіне әсер етеді. Сәби үшін ана сүтінің маңызы қандай болса, бесік жыры да дәл сондай маңызды. Сәбидің миы жақсы даму үшін, бесік жырынан артық тиімді нәрсе жоқ. 


1916 жылы психоневрология институтының ғалымы, академик Владимир Бехтерев: «Балалардағы невроз ауруының алдын алу үшін бесік жырын тыңдату керек» деген тұжырым айтқан. Ал психолог Виталий Леутиннің айтуынша, бесік жырын тыңдау сәбидің ми қыртыстарының дұрыс дамуына әсер етеді.
2001 жылы Ресейдің Тюмень қаласының ғалымдары ұзақ мерзімді тәжірибе жүргізеді. Олар жастары шамалас бірнеше сәбиді іріктеп алып, екі топқа бөліп бақылайды. Алғашқы топтағы сәбилер анасынан тұрақты түрде бесік жырын ғана тыңдайды. Ал екінші топтағылар әртүрлі әуендер тыңдайды. Алты ай мерзімнен соң бөбектердің ми қыртыстары тексеріледі. Нәтижесінде бесік жырын тыңдамаған балалардың миындағы нейрон жасушалары баяу дамып, ойлау қабілеті бәсеңдегені байқалады.
Мамандар бесік жырын баланы емізгеннен кейін күніне 2-3 рет айтуға кеңес береді, ал оның ұзақтығы 10 минуттай болуы тиіс. Бесік жырын 3 жасқа дейін тоқтатпай айтқан дұрыс. Сәби тәтті ұйқыға кеткеннен кейін де бес минут бойы үзбей айтса, пайдасы көп.
Нәресте барлық ақпаратты есту арқылы қабылдайды. Сондықтан сәбиге бар мейірім, махаббатты жеткізудің бірден-бір жолы бесік жырын айту екен.
(Амангүл Ермекқызы. http://mazhab.kz/)


Бәсіре

Қазақ халқы – ежелден салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа бай халықтың бірі. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыздың астарында ұрпақ тәрбиесі жатыр. Мәселен, шаңыраққа тұлымды ұл келсе, бабаларымыз сол күні туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атайтын болған. Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүріміздің бірі осы – бәсіре.


Бәсіре – ер бала ат жалын тартып мінуге жараған кезде ата-анасының немесе нағашыларының мінгізетін тайы. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қылып өсіреді. Бұл дәстүрдің тәрбиелік мәні зор. Меншігіне тиген тайын бала өзі күтіп, баптап жүріп өзіне үлкен жауапкершілік артылғанын сезініп, шаруаға бейімделеді. Яғни, есейе келе бәсіресі бар баланың малға деген ықыласы артып, пейілі түзу болады. Сондай-ақ бәсіре дәстүрі бала денсаулығын да шыңдап, физикалық тұрғыдан мықты болып өсіп-жетілуіне септігін тигізеді. Кішкентайынан ат үстінде отырып, буынын бекітіп, дене тұлғасын түзейді.
Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны ешкімге мінуге бермейді, сатпайды. Бастысы, оны сойып жемейді.
Ал енді бәсіре сыйдың салмағы – баланы жастайынан еңбекке баулудың бірден-бір жолы. Еншісіне тиген тайды баптап-өсіру бала үшін де қызықты. Сыйға тартқан бәсіресі – өсіп келе жатқан жеткіншекті болашаққа, жақсы күндерге апаратын көлігі, қанаты болсын деген жақсы ырымы. «Бәйгеге салса жүлдесі, додаға түссе қайраты, тойға барса мақтанышы, жауға шапса сенімді серігі, әрі қаруы болсын» дейтін ұлы тілегі.
(Г.Әбдіханиқызы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет