В. С. Виноградов және т б. ғалымдар тұшымды пікірлер айтқан және олар осы



бет10/15
Дата12.12.2022
өлшемі211,43 Kb.
#56584
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ҮЛГІЛЕРІ




Қарастырылатын мәселелер:



  1. Ф.М. Достоевский романдарының түпнұсқасы мен аударма мәтіндеріне салыстырмалы талдау жасау.

  2. Түпнұсқаны аударудағы қолданылған амал-тәсілдер.

  3. Діни лексиканың аударылу ерекшелігі.

  4. Көркем аудармадағы аудармашылық ұстанымдар.



Жетекші ұғымдар мен тірек сөздер: түпнұсқа мәтін, аударма мәтін, нақтылау, жіктеу, ұлғайту, сәйкестік, калькалау, салыстырмалы әдебиеттану, реплика, стиль, диалог, монолог, конверсия, балама, дәлме-дәл аудару, сөзбе- сөз аудару, діни лексика, прагматикалық бейімдеу әдісі.

Ф.М. Достоевскийдің аударылған романдарына қысқаша шолу жасай отырып, бұл аудармалардың өз уақытына сай аудармалар болып табылатынын және олардың әлі салыстырмалы әдебиеттану тарапынан арнайы ғылыми зерттеу нысаны болмағандығын атап өтеміз. Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығы мен оның қазақ тіліне аударылған романдарын жүйелі түрде қарастыру арқылы еліміздегі көркем аударманың даму сипатын анықтауға болады.


«Бишаралар» романының қазақ тілінде қалай шыққанын төмендегі үзінділердің аудармасына көз жүгірту арқылы байқауға болады. Мәселен, Варяның жазған хатынан үзінді келтірейік.
Түпнұсқа мәтін:
«После долгих вступлений и предуведомлений, Анна Федоровна, изобразив в ярких красках наше бедственное положение, сиротство, безнадежность, беспомощность, пригласила нас, как она сама выразилась, у ней приютиться. Матушка благодарила, но долго не решалась, но так как делать было нечего, и иначе распорядиться никак нельзя, то и объяснила наконец Анне Федоровне, что ее предложение мы принимаем с благодарностью» (50, 40-41).
Аударма мәтін:
«Ұзақ сөз, ұзақ беташар әңгімелерден кейін Анна Федоровна біздің жоқшылығымызды, жетім-жесір, сорлы екенімізді баттыйта суреттей келіп, өз сөзімен айтқанда, – үйіме келіп паналаңдар деп шақырды. Шешем рақмет айтты, бірақ ұзақ уақыт ол ұйғарымға келе алмады, алайда әбден бағдарып, амалы таусылғаннан кейін, ақырында оның ұсынысын қабылдайтынымызды Анна Федоровнаға шешем өзі барып айтты» (51, 26).
Аудармашы «после долгих вступлений и предуведомлений» деген сөз тізбектерін «ұзақ сөз, ұзақ беташар әңгімелерден кейін» деген мағынаны дәл
беретін сөздермен жіктеп, ұтымды келтірген. Осы сөйлемдегі «изобразив в ярких красках наше бедственное положение, сиротство, безнадежность, беспомощность» деген тіркестің мағынасын «біздің жоқшылығымызды, жетім- жесір, сорлы екенімізді баттыйта суреттей келіп» деп жатық берген, алайда осы сөйлемдегі әсірелеуді білдіретін орыс тіліндегі «в ярких красках» деген көркем тіркес қазақшасында ауызекі тілде жағымсыздау мағынада қолданылатын
«баттыйта» деген сөзбен берілген. Бұл сөздің орнына «ашық» сөзін қолданса, сөйлемнің стилі сақталған болар еді: «...біздің жоқшылығымызды, жетім-жесір, сорлы екенімізді ашық суреттей келіп...». «Матушка благодарила, но долго не решалась, но так как делать было нечего, и иначе распорядиться никак нельзя, то и объяснила наконец Анне Федоровне, что ее предложение мы принимаем с благодарностью» деген сөйлемнің қазақшасын «Шешем рақмет айтты, бірақ ұзақ уақыт ол ұйғарымға келе алмады, алайда әбден бағдарып, амалы таусылғаннан кейін, ақырында оның ұсынысын қабылдайтынымызды Анна Федоровнаға шешем өзі барып айтты» деп аударуда аудармашы сөйлемнің басындағы «шешем» деген бастауыш сөзді сөйлемнің соңында орынсыз екінші рет қайталап, сөйлемнің сөз саптау нормасынан ауытқиды.
Аударманың кейбір тұстарында бүгінгі таңдағы аударма мәтінге қойылатын талаптарға сай келмейтін сөздерді кездестіруге болады. Мәселен, Макар Девушкиннің Варяға жазған соңғы хатында төмендегідей сөз тізбектері бар.
Түпнұсқа мәтін:
«Нет, я Варенька, встану, я к завтрашнему дню, может быть, выздоровлю, так вот я и встану!.. Я, маточка, под колеса, брошусь, а вас не пущу уезжать! Да, нет, что же это в самом деле такое? По какому праву все это делается? Я с вами уеду; я за каретой вашей побегу, если меня не возьмете, и буду бежать, что есть мочи, покамест дух из меня выйдет» (50, 146-147).
Аударма мәтін:
«... Жо-жо-жоқ, Варенька, мен түрегелем, ертеңге дейін, бәлкім, жазылып та қалармын, сосын түрегелем!.. Жоқ, мен сізді жібермеймін, сәулешім, арба дөңгелегінің астына құлап өлермін онан да! Жо-жо-жоқ, шынында да, бұл не өзі? Қандай право бойынша істеліп отыр осының бәрі? Сізбен бірге мен де кетем, ала кетпесеңіз күймелі арбаңыздың соңынан жүгіре берем, бар пәрменімше, жаным шығып кеткенше жүгірем» (51, 133).
Түпнұсқа мен аударманы салыстыра отырып, аудармашының жазушы стилін сақтап, түпнұсқаға жақын аударғанын көреміз. Алайда «По какому праву все это делается?» деген сөйлемді «Қандай право бойынша істеліп отыр осының бәрі?» деп калькалаған. «Калька – бір тілдегі сөзді, не сөз тіркесін басқа тілге құрылыс қалпын сақтап, дәлме-дәл аудару» (52, 15).
Бұл сөйлемді «Қалайша мұның барлығы осылай болды?» деп интерпретациялау дұрыс деп санаймыз.
Сонымен қатар аударма нұсқада «гувернантка әйел», «будуар», «ловелас»,
«ломбард» деген сөздер сілтеме арқылы түсіндірілсе, «мещанка әйел»,
«фальбала», «титулды советник», «фасон» деген сөздер сілтемесіз, сол
қалпында берілген. Аудармашы бұл сөздердің реалиилерге жататындығын ескеруі керек еді.
С. Талжанов аударманың мақсат-міндетіне қатысты: «Бір елдің түпнұсқаларын өз тіліне аударғанда, аударушы өз әдебиетінің, өз тілінің қамын ойлауы – заңды құбылыс. Оларда ұшырайтын ерекшеліктерді бұлжытпай беру арқылы аударма тілі, әдебиеті байымақ. ...шет тілінен аударғанда оның өз ерекшелігін сақтау арқылы қазақ ұғымын кеңейтетініміз сүттен ақ, айдан анық» (2, 158-159), – деген пікір айтқан. Осы жерде «ерекшелігін» дегенде ол түпнұсқа тілінің стилін, жанрын меңзеген. Осыған орай аудармашы көркем шығарма мәтінімен жұмыс істеуде оның мазмұнын басқа тілдің құралдары арқылы аударуды ғана емес, сонымен қатар басқа тілде көркем туынды жасауды көздеуі тиіс деген тұжырым жасаймыз.
Аударманы түпнұсқамен басынан аяғына дейін салыстыратын болсақ, осы сияқты бірқатар жетістіктер мен кемшіліктерді де кездестіреміз. Аудармадағы жіберілген кемшіліктерді сол кездегі қазақ тілінде кейбір сөздердің қазақша баламасының толық қалыптасып үлгермегендігінен, сондай-ақ аударма өнерінің ұдайы дамуына байланысты деп санаймыз. Аудармашы-зерттеуші Әбен Сатыбалдиев айтқандай: «Заманымыздың алып қарқынына сай қазақтың әдеби тілі жаңа ұғымды бойына мол сіңіріп, аударма мәдениеті өсіп жетілді. Сондықтан бүгінгі күннің талабы ол кездегі аудармаларға лайық келе бермейтіні де кәміл. Сол себепті, көркем аударманың ондай тамаша шыққан туындылары өз дәуірінің құнды ескерткіші болып қала береді де, әр мезгілде жаңа дәуір тұрғысынан жаңа аудармалар туып жатады» (25, 137). Осы пікірмен келісе отырып, Сәйділ Талжановтың «Бишаралар» романы да өз заманына сай аударылған туынды деп есептейміз.
Ф.М. Достоевскийдің «Белые ночи» романы жазушы Дулат Исабековтің аудармасында Жұлдыз» журналының №11санында «Ақ түндер» деген атпен жарық көрген. Романның аудармасындағы кейбір үзінділерді түпнұсқамен салыстырып талдауда аудармашының автордың стилін сақтаудан гөрі, жалпы мазмұнын беруге тырысқанын көреміз. Сондықтан да аударманы еркін шыққан деуге болады.
Түпнұсқа мәтін:
«Я уже сказал, что меня целые три дня мучило беспокойство, покамест я догадался о причине его. И на улице мне было худо (того нет, этого нет, куда делся такой-то?) – да и дома я был сам не свой» (50, 156).
Аударма мәтін:
«Анық қанығына көз жеткізгенімше өзімді үш күн бойы билеп алған белгісіз мазасыздық жайлы әлгінде айтып өттім. Не түзде не үйде береке жоқ (анау жетпейді, мынау жоқ, әне бір зат қайда құрыған дегендей), өзімді өзім билей алатын емеспін» (53, 82).
Түпнұсқаны оқи отырып, кейіпкердің жүйкесіне барлығы ауыр тиіп, қатты мазасызданып отырғандығын байқаймыз. Ал аудармадағы сөйлемде кейіпкердің белгісіз бір ойдың жетегінде жүргендігін және тапшылықтың тауқыметіне тап болғанын байқауға болады. Кейіпкердің осы бір күйін білдіретін «мучило» деген сөздің эмоционалдық мағынасы тура берілмеген. Бұл
жерде орыс тіліндегі «мучило» деген сөздің эмоционалдық мағынасы қазақша
«билеп алған» деген сөздің эмоционалдық мағынасынан өзгеше және салмағы да басым. Сөздікте «мучить»: «азаптау», «қинау» деп берілген. Ал, қазақ тіліндегі «билеп алған» деген сөздің мағынасы «баурап алу» дегенді білдіріп тұр. Аудармада түпнұсқада жоқ «белгісіз» деген сөзді автор жанынан қосқан. Осы сөздің орнына белгісіздіктің мағынасын беретін «бір» деген сөзді қосуға болады. Сол жағдайда аударма былай болып шығады: «Анық қанығына көз жеткізгенімше өзімді үш күн бойы қинаған бір мазасыздық жайлы әлгінде айтып өттім». Ал «И на улице мне было худо... да и дома я был сам не свой» деген сөз тіркестеріндегі «на улице» сөзді аудармашы қазақшада сөзбе-сөз аудармай, «үй» деген сөзбен қосарланып тіркесетін «түз» деген сөзбен беруі үйлесімді әрі орынды, бірақ та осы сөйлемдегі автордың ішкі жан дүниесіндегі эмоционалдық ауыр күйді меңзеп тұрған «худо» деген сөзді тұрмыс-тіршілікке қатысты қолданылатын «береке» деген сөз арқылы беруі сөйлемнің эмоционалдық реңкін әлсіретіп тұр. Эмоциялық мағынадағы «сам не свой» фразеологиялық тіркесінің мағынасын «өзімді өзім билей алатын емеспін» деп, жай тіркестермен аударады. Осы сөйлемді былай деп аударуға болар еді: «Не түзде не үйде жаным жай таппады... өзімді өзім билей алатын емеспін».
Сонымен қатар аударма мәтінде бірқатар сөздердің мағыналары дұрыс берілмеген.
Түпнұсқа мәтін:
«Случись, что я не буду в известный час на том же месте Фонтанки, я уверен, что на него нападет хандра. Вот отчего мы иногда чуть не кланяемся друг с другом, особенно когда оба в хорошем расположении духа» (50, 155).
Аударма мәтін:
«Егер Фонтанка маңындағы үйреншікті жерде белгілі сағатта болмай шықсам, оның қатты кейіп, көңілі пәс тартып қалары сөзсіз. Екеуміздің де көңіл күйіміз көтеріңкі сәтте бір-бірімізге ант берудің аз-ақ алдында қалатынымыз сондықтан» (53, 81).
Бірінші сөйлемде «на том же месте Фонтанки» деген сөзді аудармашы
«Фонтанка маңындағы үйреншікті жерде» деп, «маңындағы», «үйреншікті» деген сөздерді «на том же месте» деген тіркестің мағынасын ашу үшін қолданғаны орынды. Ал «хандра» деген сөздің орыс тіліндегі синонимдері
«скука, тоска, уныние», яғни қазақшада «зерігуді», «көңілсіздікті»
«жабырқауды», «уайым-мұңды» білдіреді. Сондықтан да қазақшада «нападет хандра» дегенді ойды дамыту арқылы «оның қатты кейіп, көңілі пәс тартып қалары сөзсіз» деп аударылуын осы сөздің мағынасын мейлінше толық ашуға талпынудың көрінісі ретінде қабылдауға болады. Демек, аудармашы кейіпкердің көңіл-күйін жай ғана «көңілі жабырқайды» деп аударып қоймай, қазақ тіліндегі сәйкес көркем тіркестермен беруге тырысады. Екінші сөйлемдегі
«кланяемся» деген сөзді аудармашы орыс тіліндегі «клянемся» деген сөзбен шатастырып, «ант беру» деп аударған. «Ант берудің» орысшасы сөздікте:
«клясться», ал «кланяемся» деген қазақшада «иіліп сәлем беруді» білдіреді. Сөздікте «кланяться» деген сөздің аудармасы «иілу», «бас ию», «еңкею» деп берілген. Ал «чуть» деген сөзді «алдында қалатынымыз» деп аудару
шұбалаңқы шыққан. Ал «вот отчего» деп, іс-әрекетінің себебін түсіндіріп өтетін сөздің қазақ тілінде сөйлемнің соңында «сондықтан» деп аяқталуы сөйлемнің интонациялық мағынасын дұрыс жеткізген. Егер осы сөйлемдегі
«ант беру» және «алдында қалатынымыз» деген сөздерді ауыстырса, былай болып шығады: «Екеуміздің де көңіл-күйіміз көтеріңкі сәтте бір-бірімізге иіліп сәлем беруге шақ қалатынымыз сондықтан».
Түпнұсқа мәтін:
«Она была одета в премиленькой желтой шляпке и в кокетливой черной мантильке. «Это девушка, и непременно брюнетка», подумал я» (50, 158).
Аударма мәтін:
«Басына аса жарасымды сары шляпа, үстіне кербез қара мантилька киген.
«Бұл сұлу қыз, және сөз жоқ аққұбаша қыз» - деп ойладым» (53, 84).
Аудармашы бірінші сөйлемдегі «она» деген жіктік есімдігін алдыңғы сөйлемде кездесетіндіктен, қазақ тіліндегі баяндаудың тәртібін бұзбау үшін қайталамайды. Ал екінші сөйлемдегі «Это девушка» деген тіркесті «бұл сұлу қыз» деп, өз жанынан «сұлу» деген сөзді қосып, әсірелей түседі. Ал «брюнетка» деген сөзге келсек, бұл сөздің мағынасы сөздікте «қараторы» дегенді білдіреді. Бұл жерде автор «брюнетка» деген сөздің аудармасын дұрыс бермей, керісінше
«аққұбаша» деп аударған.
«Ақ түндер» романының аудармасындағы осындай азды-көпті кемшіліктерді қоспағанда, жалпы аударма мәтіннің көркемдік деңгейінің жоғары екендігін де атап өту керек.
«Қылмыс пен жаза» романының аудармасын түпнұсқамен салыстыра талдайтын болсақ, аударма мәтінде сәтті аударылған тұстар мен қатар сәтсіз аударылған сөздерді, олқылықтарды кездестіруге болады.
Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығында диалогтың маңызы ерекше. Диалог арқылы жазушы кейіпкерлердің түсінігін, ой-сезімін, көзқарасын, мінез-құлқын танытып, оның іс-әрекетіне алғышарт болады. Мәселен, романда процентке ақша беруші кемпір мен Родион Раскольниковтың арасында болған диалогты алып, қазақша нұсқасымен салыстырайық.
Түпнұсқа мәтін:
«– Что угодно? – строго произнесла старушонка, войдя в комнату и по- прежнему становясь прямо перед ним, чтобы глядеть ему прямо в лицо.

  • Заклад принес вот-с! – И он вынул из кармана старые плоские серебряные часы. На оборотной дощечке их был изображен глобус. Цепочка была стальная.

  • Да ведь и прежнему закладу срок. Еще третьего дня месяц как минул.

  • Я вам проценты еще за месяц внесу; потерпите.

  • А в том моя добрая воля, батюшка, терпеть или вещь вашу теперь же продать.

  • Много ль за часы-то, Алена Ивановна?

  • А с пустяками ходишь, батюшка, ничего, почитай, не стоит. За колечко вам прошлый раз два билетика внесла, а оно и купить-то его новое у ювелира за полтора рубля можно.

  • Рубля-то четыре дайте, я выкуплю, отцовские. Я скоро деньги получу.

  • Полтора рубля-с и процент вперед, коли хотите-с.

  • Полтора рубля! – вскрикнул молодой человек» (54,135). Аударма мәтін:

«Бөлмеге ере кіріп, жігіттің бетіне тура қарау үшін, тағы да манағыдай қарсы алдына тұра қалды да:

  • Нендей шаруамен келдіңіз? – деді кемпір, қатал дауыспен.

  • Заклад әкелдім, міне! – Сөйтті де, қалтасынан ескі жұқа күміс сағатын шығарды. Сағаттың сыртқы қақпағына глобустың суреті салынған. Болаттан шынжыр бауы бар.

  • Бұрынғы закладтың да мерзімі өтті ғой. Бір ай толғанына бүгін міне үш

күн. бе.



  • Мен әлі бір айдың процентін де төлеймін; шыдай тұрыңыз.

  • Жә, о жағы менің еркім, әкем, шыдаймын ба, әлде қазір-ақ сатып жіберем




  • Сағатым қанша тұрар екен, Алена Ивановна?

  • Түкке тұрғысыз нәрсе ғой, әкем-ау, ештеңе тұра да қоймас бәлкім. Өткен

жолы сақинаңызға екі билет бергенмін, ал оның жаңасының өзін зергерден сом жарымға сатып алуға болады.

    • Төрт сом беріңіз. Кейін ақшасын төлеп қайтарып алам. Әкемдікі еді.

Жуырда ақша да келіп қала ма деп тұрмын.

    • Сом жарым, және, ол аз болса, процентін алдан төлейсіз.

    • Сом жарым! – деді жігіт, дауысы қаттырақ шығып» (34, 10 – 11).

Диалогтың түпнұсқасы мен аудармасын салыстыра оқитын болсақ, бірқатар олқылықтарды байқауға болады. Мәселен, орыс тіліндегі «заклад» деген сөз аударылмай сол күйінде берілген, ал бұл сөздің қазақ тіліндегі аудармасы сөздікте: «аманат», «кепілзат» дегенді білдіреді. Түпнұсқадағы
«полтора рубля» дегенді аудармашы қазақшада шорқақ тілмен «сом жарым» деп аударған. Өйткені орыс тіліндегі «полтора» деген қазақшада «бір жарым» дегенді білдіреді, сондай-ақ қазақ тілінде анықтауыш сөз зат есімнің алдында қолданылып, «бір жарым сом» деп айтылады. Сол сияқты «Полтора рубля-с и процент вперед, коли хотите-с» деген сөйлемде «Сом жарым, және, ол аз болса, процентін алдан төлейсіз» деп аударған. Бұл жерде және басқа да сөйлемдерде аудармашы «вперед» деген сөзді «алдан» деп аударған. Қазақ тілінде «алдан» деген сөз жоқ, оның орнына «алдын» немесе «алдын ала» деген сөздерді қолдануы қажет еді. Бұл репликаны біз былай аударған болар едік: «Бір жарым сом және, керек болса, процентін алдын төлейсіз».
Әдебиетшілер «Нақұрыстың» аудармасын жыл қорытындысы бойынша үздік аударма ретінде бағалаған. Шынында да, аудармашы автордың шығармаларымен терең танысып, оның шығармашылық бағыт-бағдарын айқын аңғарып, романның стильдік көркемдік құндылығын сақтаған. Аудармадағы мәтіннің түпнұсқаға сай дәлдікпен берілуі, стильдік, ырғақтық, интонациялық ерекшеліктерінің сақталуы Н. Сыздықовтың аударма саласында машықтанғанын танытады. Аудармашы табиғат көріністерін, адам портретін, ішкі сырларын, көңіл-күйін түпнұсқаға жақын және шеберлікпен береді. Осы айтылған ой-пікірлерді нақты мысалдармен дәйектей кетсек.

Түпнұсқа мәтін:
«В конце ноября, в оттепель, часов в девять утра, поезд Петербургско- Варшавской железной дороги на всех парах подходил к Петербургу. Было так сыро и туманно, что насилу рассвело; в десяти шагах, вправо и влево от дороги, трудно было разглядеть хоть что-нибудь из окон вагона. Из пассажиров были и возвращавшиеся из-за границы, но более были наполнены отделения для третьего класса, и все людом мелким и деловым, не из очень далека. Все, как водится, устали, у всех отяжелели за ночь глаза, все назяблись, все лица были бледно-желтые, под цвет тумана» (55, 29).
Аударма мәтін:
«Петербург – Варшава темір жолымен жүйткіген поезд қарашаның аяқ кезіндегі жылымық күндердің бірінде, таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында, Петербургке таяп қалған еді. Сілбіреген қою тұманнан таң әрең білінгендей, вагон терезесінен қарағанда оңнан да, солдан да он адымнан ары ештеңені ажыратып болар емес. Жолаушылар арасында шетелден оралушылар да бар еді, әсіресе үшінші класты вагондарда халық ығы-жығы, мұндағылар ұсақ-түйек кәсіппен жүрген кілең осы маңның можан томпайлары. Жолдың аты жол емес пе, бәрі шаршап-шалдыққан, түні бойы кірпік ілмегесін көздері кіртиген, қабақтары салыңқы, бәрі де қалтырап тоңған, даладағы бозаң-сұрғылт тұмандай реңсіз жүздері жадау» (56, 6).
Егер аударма мәтінді түпнұсқасымен салыстырсақ, аудармашының пейзаж суреттерін шебер аударғанын көреміз. Мәселен, аудармашының түпнұсқадағы
«в оттепель» деген сөзді «жылымық күндердің бірінде» деп тәржімалаған. Осы сөзді аудармашы «жылымық күні» деудің орнына «жылымық күндердің бірінде» деп нақтылау әдісін қолдануы, бір жағынан, қазақ тіліндегі оқиға желісін баяндаудың қалыптасқан формасын көрсетсе, екіншіден, сол маусымдағы күн райының ұдайы жылымық болмайтынын, яғни оқта-текте болатын жылы «күндердің бірі» екендігін меңзеп тұр. «Было так сыро и туманно, что насилу рассвело» дегенді «сілбіреген қою тұманнан таң әрең білінгендей» деген балама сөздер арқылы күн райының қазақшада қолданылатын сәйкес сипаттамасын тауып, түпнұсқаның сөз саптау, бейнелеу әдістерін де қазақ тілінде бұлжытпай, әдемі жеткізе білген. Осы жерде де аудармашы қазақ тілінің бай сөз қорын, оралымды тіркестерін орынды да ұтымды қолданған. «Из пассажиров были и возвращавшиеся из-за границы, но более были наполнены отделения для третьего класса, и все людом мелким и деловым, не из очень далека» деген сөйлемді қазақшаға «Жолаушылар арасында шетелден оралушылар да бар еді, әсіресе үшінші класты вагондарда халық ығы-жығы, мұндағылар ұсақ-түйек кәсіппен жүрген кілең осы маңның можан томпайлары» деп аударған. Аудармашы Ф.М. Достоевскийге тән күрделі, тосын сөз құрылымын қазақ тілінде шебер қиыстыра білген. Аудармадағы сөйлем құрылымы мен мазмұны сақталған, сонымен қатар сөйлемнің стилистикалық шырайы да бұзылмаған. «Все, как водится, устали, у всех отяжелели за ночь глаза, все назяблись, все лица были бледно-желтые, под цвет тумана» деген соңғы сөйлем қазақшаға «Жолдың аты жол емес пе, бәрі шаршап-шалдыққан, түні бойы кірпік ілмегесін көздері кіртиген, қабақтары
салыңқы, бәрі де қалтырап тоңған, даладағы бозаң-сұрғылт тұмандай реңсіз жүздері жадау» деп аударылған.
Түпнұсқа мен қазақша нұсқасын салыстырсақ, түпнұсқаға қарағанда, аударма мәтін көлемдірек шыққан. Бұл жерде түпнұсқадағы «как водится» дегенді аудармашы қазақ тілінде жол жүргенде айтылатын «жолдың аты жол емес пе» деген тілдік қалыпты қолданып, интерпретациялайды. Әрі қарай да аудармашы түпнұсқадағы әрбір сөзге мән бере отырып, қазақ тілінде сәйкес әрі жатық аударуға тырысады.
Ф.М. Достоевский өз шығармаларында кейіпкердің келбетіне аса мән беріп, оның ерекше белгілерін көрсетуге тырысады. Мәселен, романның басында князь Мышкинге төмендегідей сипаттама беріледі.
Түпнұсқа мәтін:
«Обладатель плаща с капюшоном был молодой человек, тоже лет двадцати шести или двадцати семи, роста немного повыше среднего, очень белокур, густоволос, со впалыми щеками и с легонькою, востренькою, почти совершенно белою бородкой. Глаза его были большие, голубые и пристальные; во взгляде их было что-то тихое, но тяжелое, что-то полное того странного выражения, по которому некоторые угадывают с первого взгляда в субъекте падучую болезнь. Лицо молодого человека, было, впрочем, приятное, тонкое и сухое, но бесцветное, а теперь даже досиня иззябшее» (55, 30).
Аударма мәтін:
«Жалбағайлы плащтың иесі жасы жиырма алты, жиырма жетілер шамасындағы, сұңғақтау келген, аққұба, қалың шашты, жағы суалған, сирек, ақселеу сақалды жігіт еді. Үлкен көк көздерімен қадала қарайды; жанарында мүләйімсіген, зілдей, таңқаларлық бірдеңе бар; мұндайлардың тұнжыраған көздерін көргенде кейбіреулер мына байғұстың ұстамалы ауруы жоқ па екен деп іштей күдіктеніп та қалады. Әйтсе де, жігіттің қуқыл тартқан, жұқалаң, сүйкімді бет-жүзі, суық сорған соң, онан сайын бозарып кеткен» (56, 7).
Аудармашы Ф.М. Достоевскийдің кейіпкер портретін суреттеуде қолданған сөздерінің орын тәртібін сақтап, соған қоса олардың мағынасын сәйкес сөздермен жеткізген. Бірінші сөйлемдегі «обладатель плаща с капюшоном» дегенді аудармашы «жалбағайлы плащтың иесі» деп, яғни
«капюшон» деген сөзді қазақтың мағынасы көмескіленген, ер адамдар киетін сәйкес бас киім түрінің атауымен берген. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
«жалбағай» деген сөзді былайша түсіндіреді: 1. «Еркектердің жеңіл бас киімі, далбағай». 2. «Жауын-шашыннан, ыстық пен шаңнан, желден қорғану үшін сырт киімдердің өзіне қоса тігілген тымақ». Осы орайда Ә. Сатыбалдиев аудармада тіліміздің бар байлығы толық іске асырылуы керектігіне мән беріп,
««Архаизм» деп үркіп жүрген көне сөздеріміздің көбі жазушылар мен журналистердің шабытын шақырып, желпіне, асқақтата, әсірелендіре еселеп, нығарлап айтқысы келген кездерде қолданылдатын құралы. ...ондай сөздерді батыл қолданып, қайта олардың көнеріп, ескіруіне жол бермеуге тырысуымыз керек» (17, 267), - деп жазған. Ғалымның осы пікірін қолдай отырып, орыс тіліндегі әлі де болса, қазақша аудармасы табылмай жүрген «капюшон» сөзінің
бір нұсқасы ретінде осы аудармадағы «жалбағайлы» деген төл баламасын ұсынуға болады.
Әрі қарай түпнұсқадағы портрет суреттеулері аудармада да қазақша баламасымен орын тәртіптері бұзылмай, тізбектеледі. Осы мәнмәтіндегі «роста немного повыше среднего» дегенді аудармашы «сұңғақтау келген», деп, қазақта ұзын бойлыға қатысты берілетін сипаттама арқылы, «со впалыми щеками» дегенді қазақ тіліндегі бет-әлпетті білдіретін «жағы суалған» деген сәйкес тіркеспен бергені ұтымды шыққан, ал «с легонькою, востренькою, почти совершенно белою бородкой» дегенді қазақшаға «сирек, ақселеу сақалды» деп, негізгі ойды ықшамдайды. Егер тура аударатын болса, қазақша мәтін сіресіп, мағынасыз болып шығатын еді. Сондықтан да аудармашы компрессия (ықшамдау) әдісімен тіркестің жалпы мағынасын қазақ тілінде сақалға қатысты айтылатын «сирек, ақселеу сақалды» деген балама орынды тіркеспен жеткізеді.
Сол сияқты келесі сөйлемде де аудармашы автордың негізгі ойын, яғни кейіпкерді суреттеуде оның ішкі жан дүниесіндегі ауытқуды жеткізуге көбірек көңіл бөледі. «Глаза его были большие, голубые и пристальные» деген біртұтас ойды «Үлкен көк көздерімен қадала қарайды» деп, «пристальные» деген анықтаушы сөзді қазақ тілінде «қадала қарайды» деген етістікпен аударады.
«Лицо молодого человека, было, впрочем, приятное, тонкое и сухое, но бесцветное, а теперь даже досиня иззябшее» деген соңғы сөйлемді аудармашы
«Әйтсе де, жігіттің қуқыл тартқан, жұқалаң, сүйкімді бет-жүзі, суық сорған соң, онан сайын бозарып кеткен» деп, түпнұсқадағы кейбір сөздердің орын тәртібін өзгертіп, қазақ тілінде жатық шығуына көбірек мән береді. Мәселен, орыс тіліндегі «впрочем» деген қыстырма сөзді аудармада сөйлемнің басында
«Әйтсе де» деп аударуы ойдың жүйелі берілуіне ықпал етеді, ал орысшасында бірыңғай анықтауыштардың ішінде бірінші аталатын «приятное» деген сөз қазақшасында «сүйкімді» деп бірыңғай анықтауыштардың соңында осы ойды дәл беру мақсатында «бет-жүзі» деген сөзбен тіркесіп беріледі. Түпнұсқадағы
«но бесцветное» деген анықтауыш аудармада қалдырылып кеткен. Бұл жерде алдындағы «қуқыл тартқан» деген анықтауыштың мағынасы «бесцветный» деген сөздің де мағынасын білдіреді, сондай-ақ осы сөзді қазақ тіліне аударудың өзі оғаш болып шығар еді, өйткені қазақ тілінде бет-жүзі «түссіз» деген сипаттама берілмейді.
Cонымен қатар, аудармашы романды аударуда компрессия (ықшамдау) әдісімен қатар, қазақ оқырманына түсінікті әрі көркем тілмен жеткізу үшін қазақша нұсқасында өз тарапынан сөздер қосқан.
Түпнұсқа мәтін:
«Записка было очевидно написана наскоро:
«Сегодня решится моя судьба, вы знаете каким образом. Сегодня я должен буду дать свое слово безвозвратно. Я не имею никаких прав на ваше участие, не смею иметь никаких надежд; но когда-то вы выговорили одно слово, одно только слово, и это слово озарило всю черную ночь моей жизни и стало для меня маяком» (55, 111).
Аударма мәтін:
«Хат, тегінде, атүсті жазылса керек:
«Бүгін менің тағдырым шешілмек, оның қалайша шешілерін сіз білесіз де. Бүгін мен өзімнің ақырғы сөзімді айтуға тиістімін. Сізден жанашырлық тілеуге менің ешқандай правом жоқ, ондай үміт артуға батылым да жетпейді; бірақ бір кезде сіздің аузыңыздан жалғыз ауыз сөз, тек жалғыз-ақ ауыз сөз шыққаны бар еді, сонда өмірімнің қаратүнек түнінің түндігі серпіліп, күннің нұрлы шапағы түскендей сезініп едім, сіз менің аспандағы жұлдызым болып едіңіз» (56, 89).
Түпнұсқа мен аударманы салыстырғанда, аударма мәтіні түпнұсқа мәтінге қарағанда, көлемді шыққан. Аудармашы түпнұсқаның шеңберінен шықпай отырып, оның көркемдік-эмоционалдық әсерін жеткізеді. Бірінші, екінші сөйлемдерді аудармада да сәйкес сөздермен сөйлемнің формасына дейін дәл келтірген. «Я не имею никаких прав на ваше участие, не смею иметь никаких надежд» деген сөйлемді аударуда «участие» дегенді «жанашырлық» деп тапқырлықпен аудара білген, екінші рет қайталанатын «никаких» деген сөзді
«ондай» деген сөзбен беруі қазақша нұсқадағы шұбалаңқылықтың алдын алу болып табылады; «но когда-то вы выговорили одно слово, одно только слово, и это слово озарило всю черную ночь моей жизни и стало для меня маяком» деген сөйлемді аудармашы «бірақ бір кезде сіздің аузыңыздан жалғыз ауыз сөз, тек жалғыз-ақ ауыз сөз шыққаны бар еді, сонда өмірімнің қаратүнек түнінің түндігі серпіліп, күннің нұрлы шапағы түскендей сезініп едім, сіз менің аспандағы жұлдызым болып едіңіз» деп, сөздердің мағынасын ашу үшін өз тарпынан сөздер қосқан. Бұл аударманың қазақшасында көркем әрі жатық шығуына ықпал еткен. Бұл жерде қазақ тілінде бір сөзбен жеткізу мүмкін емес
«выговорили» дегенді «аузыңыздан ... шыққаны бар еді» деп, ал «озарило всю черную ночь моей жизни» дегенді қазақ тіліне «өмірімнің қаратүнек түнінің түндігі серпіліп, күннің нұрлы шапағы түскендей сезініп едім» деп, көркем тіркестерді үйлесімді қолдану арқылы аударады. Осы орайда «черную ночь» деген тіркестің мағынасын «қаратүнек түнінің түндігі», «озарило» деген сөздің мағынасын «күннің шапағы түскендей» деген тіркестермен аша түскен. Бұл жерде мәтіннің көркемдігін арттыру мақсатында аудармашының өз тарапынан сөздер қосуы сөйлемнің мағынасына нұқсан келтірмеген деп санаймыз. Ал
«стало для меня маяком» деген теңеу тіркесті қазақ тілінде «аспандағы жұлдызым болып едіңіз» деген балама теңеу тіркестермен берілген, өйткені қазақ тілінде түпнұсқадағы сөздердің тура мағынасымен «маған шамшырақ болып едіңіз» десек, сөйлемнің көркемдік күші әлсіреп, әрбір теңеу сөз сұрықсыз болып шығар еді.
Осы арада «Нақұрыс» романының да негізінен диалогтардан тұратындығын атап өту қажет. Мәселен, Епанчиндердің үйіне алғаш ат басын тіреген кездегі князь Мышкин мен қызметшінің арасында болған сұқбатқа көз жіберейік.
Түпнұсқа мәтін:
«– Здесь у вас в комнатах теплее, чем за границей зимой, – заметил князь, – а вот там зато на улицах теплее нашего, а в домах зимой – так русскому человеку и жить с непривычки нельзя.

    • Не топят?

    • Да, да и дома устроены иначе, то есть печи и окна.

    • Гм! А долго вы изволили ездить?

    • Да четыре года. Впрочем, я все на одном почти месте сидел, в деревне.

    • Отвыкли от нашего-то?

    • И это правда. Верите ли, дивлюсь на себя как говорить по-русски не забыл. Вот с вами говорю теперь, а сам думаю: «А ведь я хорошо говорю». Я, может, потому так много и говорю. Право, со вчерашнего дня все говорить по- русски хочется» (55, 40).

Аударма мәтін:
«– Бөлмелеріңіз қандай жылы еді, ал шет елде қыстыгүні арқаңнан аяз өтеді, – деді князь, – бірақ ол жоқта дала біздегіден гөрі жылырақ, онда қыста үйдің іші ит байласа тұрғысыз болады – ондайға үйренбеген біздей орысқа қиын-ақ екен.

    • Сонда, немене, от жақпай ма?

    • Иә, иә және де үйлері өзгеше салынған, яки пеші мен терезелерін айтам.

    • Ћм, көп болдыңыз ба онда?

    • Төрт жыл. Ылғи бір жерде, деревняда тұрдым.

    • Ел-жұрттан тосырқап қалған жоқсыз ба әйтеуір?

    • Бұл айтқаның да шындық. Нансаңыз, орысша сөйлеуді неғып ұмытпағаныма қайран қаламын. Міне сізбен әңгімелескенде ішімнен: «Мен өзі тәп-тәуір сөйлейді екенмін ғой» деп ойлап отырмын. Менің көп сөйлейтінім, бәлки, сондықтан болар. Иә, кешеден бері тек орысша сөйлескім келеді» (56, 24).

Аудармашы князь бен қызметшінің әрбір сөзі мен интонациясын, түпнұсқа мәтіннің стилін аударма мәтінде де дәлме-дәл аударған. Князьдің мінезіндегі биязылық пен тазалықты оның диалогтағы ағынан жарылған сөздерінен де аңғаруға болады. Аударма мәтінде кейіпкердің образы тең дәрежедегі тілдік құралдар арқылы қазақ тілінің сөз саптау нормасына нұқсан тигізбей, дұрыс әрі жатық тілмен жеткізіліп тұр. Түпнұсқадағы бірінші сөйлемді салыстырып қарайық: «Здесь у вас в комнатах теплее, чем за границей зимой, – заметил князь, – а вот там зато на улицах теплее нашего, а в домах зимой – так русскому человеку и жить с непривычки нельзя» деген сөйлемді қазақшада аудармашы төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібін сақтап, «Бөлмелеріңіз қандай жылы еді, ал шет елде қыстыгүні арқаңнан аяз өтеді, – деді князь, – бірақ ол жоқта дала біздегіден гөрі жылырақ, онда қыста үйдің іші ит байласа тұрғысыз болады – ондайға үйренбеген біздей орысқа қиын-ақ екен» деп аударған. Осы сөйлемдегі
«жить с непривычки нельзя» деген тіркес қазақ тіліндегі мағынасы сәйкес «ит байласа тұрғысыз» деген фразеологиялық тұрақты тіркеспен берілген. Бұл аударма мәтіннің көркемдік дәрежесін арттырмаса, еш кемітпеген. «Верите ли» деген түпнұсқа мәтіндегі қыстырма сөз, аударма мәтінде де сөйлемнің басында
«Нансаңыз» деп берілуі қазақ және орыс тілдері арасында сөз саптау нормасының өзара ауыс-түйісуінің көрінісі болып табылады. Романдағы диалогтың қазақ тіліндегі аудармасы да түпнұсқа мәтінге сәйкес, коммуникативтік мағынасы сақталып аударылған.
«Ағайынды Карамазовтар» – Ф.М. Достоевскийдің мазмұны жағынан бай, күрделі романы. Романда қаламгердің жинақтаған бүкіл ой-арманы, жазушылық тәжірибесі шебер ұштасқан. Бұл Достоевский өмірінің соңғы жылдарындағы дүниетанымдық көзқарасын толық көрсететін қорытынды шығарма. Жазушы шығармашылығының шыңы болып есептелетін «Ағайынды Карамазовтар» романында көрініс табатын философиялық мәселелердің ауқымы кең. Романда Ф.М. Достоевскийді өмір бойы мазалаған сұрақтар жаңа серпінге ие болды, дін арқылы қоғамға әсер ету мәселесі айқын көтерілді.
Романда Иван Карамазовтың тұла-бойы құпияға толы. Ол бөгде отбасында томаға-тұйық болып өсті және өз қабілеттерін ерте тани бастады. Алеша трактирьде оған Дмитрийдің айтқан сөзін айтып, былай дейді: «Иван – могила. Я говорю про тебя: Иван – загадка». Шынында да Иванның іс-әрекеті түсініксіз және екі жақты: атеист бола отырып, ол қоғамның құрылымы туралы еңбек жазады; әкесіне отбасылық тартысты шешуде Зосим пірәдардан көмек сұрауын айтады, Зосим пірәдардың батасын алып, қолын сүйеді. Оның санасы дінге сену мен сенбеудің арасында қиналады.
«Ағайынды Карамазовтар» романын оқи отырып, Иванның портрет суреттеуін сирек кездестіреміз. Мысалы, оны автор ішкі жан әлемі арқылы суреттейді. Оның ойынша, оқырман осындай ой-пікірі бар, осылайша әрекет ететін және сөйлейтін адамның портреті қандай болуы керектігін өзі табуы тиіс. Барлық уақытта қажетті детальдар пайда болады. Олардың екі түрлі қыры бар. Бір жағынан оған төмендегідей сипаттамаға ие.
Түпнұсқа мәтін:
«…молодой, молоденький, славный мальчик» (57, 212), «… улыбнулся вдруг Иван, совсем как молоденький кроткий мальчик» (57, 218).
Аударма мәтін:
«…сондай жап-жас, уыздай, әп-әдемі, балғын бала» (31, 291), «…Иван кенеттен момақан сәбише күлімсіреді» (31, 299), екінші қыры:
Түпнұсқа мәтін:
«Кто взглянул бы на его лицо, тот наверно заключил бы, что засмеялся он вовсе не оттого, что было так весело» (57, 252), «Почему-то заприметил вдруг, что брат Иван идет как-то раскачиваясь, и что правое плечо, если сзади глядеть, кажется ниже левого» (57, 243).
Аударма мәтін:
«Иван Федоровичтің бетіне қараған кісі ол мәз болғасын күліп бара жатпаған шығар деп ойлар еді» (31, 343), «Иванның бір түрлі шайқала басып бара жатқанын, артынан қарағанда, оның оң иығы сол иығынан төмен секілді көрінентінін Алеша енді ғана байқады» (31, 332).
Иванның портретіне қатысты қысқаша суреттеулердің біріншісінде автор бір қарағанда қалдыратын әсерді суреттейді. Аудармашы автордың Иванға берген бірінші суреттеуінде «…молодой, молоденький, славный мальчик» деген сөйлемді қазақшасында «…сондай жап-жас, уыздай, әп-әдемі, балғын бала» деп, түпнұсқадағы бірыңғай анықтауыш сөздерге «сондай», «әп-әдемі» деген сөздерді қосады. Бұл аударманың экспрессивтік бояуы мен қатар мағынасын бұрмаламай, керісінше аудармадағы сөздермен іштей толық үйлесім
тапқан деп айтуға болады. Келесі сөйлемнің аудармасында аудармашы түпнұсқадағы Иванның мінезіндегі бір көріністі, сөйлемдегі авторлық интонацияны ешбір ауытқусыз, дәл береді. Иванның екінші қырын суреттеуде жазушы оның ішкі жан дүниесіндегі өзгерістен хабар беріп тұр. Осы арада аудармашы «тот наверно заключил бы, что засмеялся он вовсе не оттого, что было так весело» деген сөйлемнің бөлігін «ол мәз болғасын күліп бара жатпаған шығар деп ойлар еді» деп аударуда «весело» деген сөзді «көңілді» деудің орнына «мәз болу» деген сөзбен аударған, ал «засмеялся» деген бір сөзді
«күліп бара жатпаған шығар» деп, қосымша «қозғалыс» мағынасын жүктейді, осы тұста аударма тілі кішігірім шұбалаңқылыққа ұшыраған. Осы бір сөйлемді:
«Иван Федоровичтің бетіне қараған кісі оның мәз болғандықтан, күлмегенін байқаған болар еді», деп аударсақ дұрыс болар еді.
«Почему-то заприметил вдруг, что брат Иван идет как-то раскачиваясь, и что правое плечо, если сзади глядеть, кажется ниже левого» деген автордың сипаттамасында Иванның қозғалысындағы ерекшелік кездейсоқ емес, бұл оның ішкі рухани құлазуынан хабар береді және Алешаның Иванға деген жанашырлық сезімін түсіндіреді. Жазушы шығармасының поэтикасы оның шығармасының стилімен байланысты: бұл жерде автордың өз кейіпкеріне беретін тосын сипаттамасын айтуға болады. Иванның осы халін аудармашы
«Иванның бір түрлі шайқала басып бара жатқанын, артынан қарағанда, оның оң иығы сол иығынан төмен секілді көрінентінін Алеша енді ғана байқады» деп, түпнұсқа мәтіннің түпкі ойын берген. Бұл жерде аудармашы аударма мәтіннің қазақ тіліне жатық шығуы үшін «почему-то» деген сөзді қалдырып кетсе,
«вдруг» деген сөзді семантикалық ауыстыру әдісі арқылы қазақ тіліне «енді ғана» деп аударған. Жалпы, түпнұсқаның түпкі ойы мен мағынасы сақталған деп айта аламыз.
Романда ағайындының бірі – атеист, Құдайға сенбейтін дінбұзар, екіншісі – фанатик, ал үшіншісі – таусылмас күшке ие болашақ ұрпақ, жаңа адам. Бұл мінездеме олардың идеялық ұстанымына қарай берілген. Сонымен қатар, романның кейіпкерлері Інжілдегі образдарға тым ұқсас келеді. Мәселен, Иван Құдайға сенбейтін Фоманың образын елестетеді. Ол «шынайы өмірдің қайнар көзін» жоғалтқан, «өркениет кезеңінде» өмір сүруші атеист адам. Романның соңында оның сана-сезімінде жарықшақ пайда болады. Ол Фома сияқты Құдайды аузына алмайды, бірақ та оның кінәсін мойындауға баруы өкінудің рухани символын білдіреді. Романдағы кейіпкерлер портреттерінің символикалық маңызы зор. Жазушы романдағы кейіпкерлердің бейнесін христиандық діни образ-символдарды қолдану арқылы аша түседі. «Символ – әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне» (52, 299). Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу қате, ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді. Шығармаға сыршыл сипат береді.
Тараулардың бірінде Федор Павлович төмендегідей суреттеледі. Түпнұсқа мәтін:
«Припомнив это теперь, он тихо и злобно усмехнулся в минутном раздумье. Глаза его сверкнули и даже губы затряслись» (57, 84).
Аударма мәтін:
«Осы жауабын есіне алған ол бір сәтке ойға батып тұрып, ақырын, зілмен мырс етті. Жанары алақ-жұлақ етіп, тіпті еріндері дірілдеп кетті» (31, 124).
Соломонның кітабындағы әзәзілдің образын білдіретін осы бейнені аудармашы қазақшада өзгертіңкіреп, дәл бермеген. Біздің ойымызша, қазақша бейнесі орысшаға қарағанда анағұрлым жұмсақ шыққан. Орысшадағы сөз тіркестерінен кейіпкердің бойындағы ызалылықты, кекшілдікті аңғаруға болады. Ал қазақша нұсқасында ренжіген немесе «жанары алақ-жұлақ етіп» деген тіркестен қорыққан адамның бейнесін елестетеміз. «Алақ-жұлақ» деген сөздің орнына «жарқ етіп» етіп деген сөзді қолдану түпнұсақадағы бейнелеу сөзіне жақын шығар еді деп ойлаймыз: «Жанары жарқ етіп, тіпті еріндері дірілдеп кетті».
Ф.М. Достоевский өз кейіпкерлерінің сыртқы кескін-келбетін бір рет суреттеп өтіп қана қоймай, оларға бірнеше рет қайта оралады.
Түпнұсқа мәтін:
«Физиономия его представляла к тому времени что-то резко свидетельствовавшее о характеристике и сущности всей прожитой им жизни. Кроме длинных и мясистых мешочков под маленькими его глазами, вечно наглыми, подозрительными и насмешливыми, кроме множества глубоких морщинок на его маленьком, но жирненьком личике, к острому подбородку его подвешивался еще большой кадык, мясистый и продолговатый как кошелек, что придавало ему какой-то отвратительно-сладострастный вид. Прибавьте к тому плотоядный, длинный рот, с пухлыми губами, из-под которых виднелись маленькие обломки черных, почти истлевших зубов. Он брызгался слюной каждый раз, когда начинал говорить. Впрочем и сам он любил шутить над своим лицом, хотя, кажется, оставался им доволен. Особенно указывал он на свой нос, не очень большой, но очень тонкий, с сильно-выдающеюся горбиной:
«настоящий римский», говорил он, «вместе с кадыком настоящая физиономия древнего римского патриция времен упадка» (57, 26).
Аударма мәтін:
«Оның өткен өмірінің бар сыр-сипаты мен мән-мағынасы енді сықпытынан анық сезілетін болған. Дәйім шүбәлана әрі мысқылдай қарайтын, арсыз жіпсік көздерінің астындағы күлтеленген, етті, қалталар мен қушыған, шиқандай бетіндегі әжімдердің терең шимайына сүйір иегінің астындағы жұдырықтай, сопақ жұтқыншағы келіп қосылғанда оны бір түрлі жеркенішті, құныққыш залым етіп көрсететін. Енді осыған қоса қызылшыл, далба ауызды, көнтек еріндердің ар жағынан мұжылып бітуге айналған қап-қара тістерінің кішкентай түбірлері жылтылдап тұратынын елестетіп көріңізші. Сөйлегенде пошымына өкпесі жоқ секілді болғанмен, өзін-өзі келемеждеуді жек көрмейтін. Ол әсіресе өзінің онша үлкен де емес, бірақ өте жұқалтаң, тым дөңестеу мұрынын көп айтатын: «Нағыз римдік мұрын емес пе, оған мына жұдырықтай жұтқыншақ қосылғанда құлдырау дәуіріндегі ежелгі римдік ақсүйектің келісті келбеті шықпай ма? – дейтін ол» (31, 48).
Аудармашы Федор Карамазовтың осы портретін қазақ тілінде де түпнұсқаға сәйкес жағымсыз реңкті сөздермен суреттеген, контекстегі түпкі ойды сақтаған. Сонымен қатар жекелеген сөздерді аударуда өзіндік шеберлігін танытқан. Мәселен, «физиономия» деген сөз екі рет беріледі, бірінші жағдайда аудармашы «сықпыт» деп аударса, «физиономия древнего римского патриция» деген келесі тіркесте «ежелгі римдік ақсүйектің келісті келбеті» деп контекстке қарай аударады. «Впрочем и сам он любил шутить над своим лицом, хотя, кажется, оставался им доволен» деген сөйлемді «Сөйлегенде пошымына өкпесі жоқ секілді болғанмен, өзін-өзі келемеждеуді жек көрмейтін» деп прагматикалық деңгей бойынша, яғни түпнұсқаны сол күйінде емес, тек сол сәтте айтпақшы түпкі ойын ғана берген. Бұл жерде «лицо» деген сөзді «бет- әлпет» деп калька жасамай, әдеби тілде жиі қолданылатын «пошым» деген сөзбен береді. «Особенно указывал он на свой нос, не очень большой, но очень тонкий, с сильно-выдающеюся горбиной: «настоящий римский», говорил он,
«вместе с кадыком настоящая физиономия древнего римского патриция времен упадка» деген соңғы сөйлемді аударуда да аудармашы «Ол әсіресе өзінің онша үлкен де емес, бірақ өте жұқалтаң, тым дөңестеу мұрынын көп айтатын: «Нағыз римдік мұрын емес пе, оған мына жұдырықтай жұтқыншақ қосылғанда құлдырау дәуіріндегі ежелгі римдік ақсүйектің келісті келбеті шықпай ма? – дейтін ол» деп түпнұсқадағы эквиваленттілікті сақтау үшін, түпнұсқадағы әрбір сөздің орнын қазақшада дұрыс беруге ұмтылады.
Кейіпкердің сыртқы бет-әлпеті мен ішкі әлемінің үйлесімді бірлікте суреттеп, оның жеке-даралығына аса мән беру – әлемдік әдебиетте монологиялық образдар қатарын құрайды. «Ағайынды Карамазовтарда» Алеша Карамазовтың образы монологиялық образға жатады. Алеша Карамазов – Федор Карамазовтың үшінші ұлы, Дмитрий Карамазов пен Иван Карамазовтың, Смердяковтың бауыры. Автордың алғысөзінде Алеша Карамазов оқырманға басты кейіпкер деп таныстырылады: «Басты роман – екіншісі, онда кейіпкерімнің осы біздің замандағы, дәл қазіргі кезеңдегі қызметі әңгіме болады. Бірінші романдағы оқиға осыдан он үш жыл бұрын өткен, ол кейіпкерімнің балаң жігіт шағының бір сәті ғана болғандықтан, оны тіпті роман деудің өзі қиын» (31, 27). Енді автордың Алешаға берген портрет сипаттамасына тоқталайық.
Түпнұсқа мәтін:
«Может быть кто из читателей подумает, что мой молодой человек был болезненная, экстазная, бедно развитая натура, бледный мечтатель, чахлый и испитой человечек. Напротив, Алеша был в то время статный, краснощекий, со светлым взором, пышущий здоровьем девятнадцатилетний подросток. Он был в то время даже очень красив собою, строен, средне-высокого роста, темно-рус, с правильным, хотя несколько удлиненным овалом лица, с блестящими темно- серыми широко расставленными глазами, весьма задумчивый и по-видимому весьма спокойный. Скажут, может быть, что красные щеки не мешают ни фанатизму, ни мистицизму; а мне так кажется, что Алеша был даже больше, чем кто-нибудь, реалистом» (57, 28).
Аударма мәтін:
«Бәлкім, оқырмандардың ішінен біреу-міреу менің бұл жігітімді ауру- сырқаулы, тым еліккіш, оған қоса жетесіз, құрғақ қиялшыл, жүдеубас, шілбиген біреу шығар деп ойлап қалар. Жоқ, Алеша бұл кезде сымбатты, екі беті нарттай, жанары жайдары он тоғыз жасар сабаудай бозбала болатын. Бойы сұңғақтау, шашы қоңыр сары, сәл ат жақтылау бет-жүзі қияпатты, ашық қоңырсұр көздері алшақ, өте ойшаң және мінезі аса байсалды көрінген балаң жігіт онда тіпті өте сұлу көрінетін, бәлкім, беті нарттай болса қайтейік, фанатик немесе мистик болуға оның қандай бөгеті бар дер: ал меніңше, Алеша тіпті кімнен болса да көбірек реалист секілді» (31, 51).
Түпнұсқада автордың Алешаға берген сипаттамасы оның шынайы бейнесімен керемет үйлесім тауып, біртұтас, айқын әсер тудыратындығын айтсақ, аудармашы да осы әсерді қазақ оқырманына дәлме-дәл жеткізе білген. Аудармашы Алешаны суреттеудегі әрбір сөзге мән беріп, олардың баламасын беруге тырысады. Осы орайда түпнұсқадағы бейнелі сипаттау сөздер қазақ тілінде де мағынасы бұзылмай әдемі балама сөздермен және тіркестермен беріледі. Мәселен: «экстазный» – «тым еліккіш», «бледно развитая натура» –
«оған қоса жетесіз», «бледный мечтатель» – «құрғақ қиялшыл», «чахлый и испитой человечек» – «жүдеубас, шілбиген біреу», «статный» – «сымбатты»,
«краснощекий» – «беті нарттай», «со светлым взором» – «жанары жайдары»,
«несколько удлиненным овалом лица» – «бет-жүзі қияпатты», «с блестящими темно-серыми широко расставленными глазами» – «ашық қоңырсұр көздері алшақ». Ал, адамның сыртқы келбетін суреттеуге қатысты айтылатын
«пышущий здоровьем» фразеологиялық тұрақты тіркесті аудармашы қазақ тіліндегі «сабаудай» деген теңеу сөзбен берген. Осы балама сөздер арқылы аудармашы портрет аудармасының шырайын келтірген десе болады.
Жазушының «Ағайынды Карамазовтар» романы да пейзаждық көріністерге бай емес. Романда жыл мезгілінің белгілерін, сол күннің ауа-райын көрсететін пейзаждық белгілер шашыраңқы және табиғаттан немесе қоршаған кеңістіктен ортақ әсер қалдыруға тырысады.
Романның «Әйелжандылар» атты үшінші кітабында мынадай пейзаждық көрініс бар.
Түпнұсқа мәтін:
«Сад был величиной с десятину или немногим более, но обсажен деревьями лишь кругом, вдоль по всем четырем заборам, яблонями, кленом, липой, березой. Середина сада была пустая, под лужайкой, на которой накашивалось в лето несколько пудов сена» (57, 112).
Аударма мәтін:
«Бақтың көлемі бір десятина немесе одан сәл көбірек болып қалар, бірақ алма ағашы, үйеңкі, жөке ағашы, қайың тек айнала қоршаған шарбақты бойлай ғана отырғызылған. Ортасы ашық көгал, жазда одан бірер шөмеле шөп алынатын» (31, 144).
Осы пейзаждың аудармасында тәржімашы орыстың төл «десятина» деген сөзін, яғни реалииді толықтай транслитерациялау тәсілімен берген. Бұл ұлттық колориттің сақталуына ықпал етеді. Сондай-ақ, аудармашы түпнұсқаға сай
болатын баламаларды тауып қолданған: «несколько пудов сена» дегенді қазақша «бірер шөмеле шөп» деген балама сөз орамдарымен шебер аударған.
Романдағы табиғат суреті кейіпкерлердің көңіл-күйін күшейтіп, белгілі бір реңк береді. «Тағы бір сыр ашылып қалды» деген тарауда Митя мен Алешаның арасындағы әңгімеде қоршаған ортаға, табиғатқа жол-жөнекей тағы да қысқа сілтеме жасалады.
Түпнұсқа мәтін:
«Посмотри на ночь: видишь, какая мрачная ночь, облака-то, ветер какой поднялся!» (57, 144).
Аударма мәтін:
«Өзің мына қараңғы түнге қарашы: көресің бе, көзге түртсе көргісіз аспан, бұлт, жел көтерілген!» (31, 203).
Бұл жерде түпнұсқа мәтін мен аударма мәтінді салыстырар болсақ, аудармашы түпнұсқа мәтіннің үтір-нүктесіне дейін дәл беріліп, түпнұсқадағы көңіл-күй сақталған және оның мағынасы да тура аударылған. Осы тұста
«мрачная» деген сөзді мағыналас «көзге түртсе көргісіз» деген фразеологиялық тұрақты тіркеспен берген.
«Черт. Кошмар Ивана Федоровича» («Сайтан. Елеспен егес») бөлімі – романдағы ең күрделі бөлім, ол Достоевскийдің замандас сынында қарама- қайшылықты пікірлер тудырды. Кеңестік әдебиеттануда атап өтілгендей, Достоевскийдің шығармашылығында сайтанның образы өз қожайынының идеяларын бойына сіңірген екінші сыңардың (двойник) қызметін атқарады.
Сайтанның пайда болуы – өз теориялық қалауына шатасқан және өз теориясының адамгершілікке жатпайтын қырын сезген Иванның санасының екіге жарылу шегі. Иванның сайтанмен арасында болған диалог, М.М. Бахтиннің пікірі бойынша, Иванның жан дүниесінде екі дауыстың айтысы ретінде оның ішкі монологын құрайды.
Түпнұсқа мәтін:
« – Ни одной минуты не принимаю тебя за реальную правду, – как-то яростно даже вскричал Иван. – Ты ложь, ты болезнь моя, ты призрак. Я только не знаю, чем тебя истребить, и вижу, что некоторое время надобно прострадать. Ты моя галлюцинация. Ты воплощение меня самого, только одной впрочем моей стороны... моих мыслей и чувств, только самых гадких и глупых. С этой стороны ты мог бы быть даже мне любопытен, если бы только мне было время с тобой возиться...
... – Я хоть и твоя галлюцинация, но, как и в кошмаре, я говорю вещи оригинальные, какие тебе до сих пор в голову не приходили, так что уже вовсе не повторяю твоих мыслей, а между тем я только твой кошмар и больше ничего» (57, 576 – 577).
Аударма мәтін:
«– Сені бір минөт те нақты шындыққа балап қабылдамаймын, – деді ызамен айқайлап жіберген Иван. – Сен жалғансың, жоқсың, сен менің сырқатымсың, сен тек елессің. Әттең сенің қараңды қалай өшірудің амалын таба алмай қор болып отырғаным, сондықтан сенен біраз уақыт жапа шегетін шығармын. Сен менің галлюцинациямсың, жай елес бірдеңесің. Сен менің
елесімсің, әйтсе де, тек бір жағымның ғана... менің ой-пікірлерім мен сезімдерімнің ең жаман жағының елесісің, Егер менің сенімен осылай әуреленіп отыруға уақытым болса, онда бұл жағынан сен маған тіпті қызғылықты да болар едің-ау...
... – Мен сенің көз алдыңдағы елес қана болсам да, бастығырылған кезіңдегідей, осыған дейін тіпті сенің қаперіңе де кірмеген ғажап ойларды айтамын, сондықтан сенің ойыңдағыны қайталайды деп қалма, оның бер жағында мен сенің басыңдағы тек елес қанамын, бар болғаны осы» (31, 762 – 765).
Аударма мәтінде түпнұсқаның мазмұны қазақ тіліне сәйкес аударылған. Аудармашы ондағы әрбір сөзді мүлт жібермей дәл аударған. Сонымен қатар, аудармашы адам баласының психикалық нерв жүйесінің әлсіреп-қажыған сәттерінде елес көріп, жиі дәрменсіздікке тап болатын құбылысты зерттеп, осы сәтті қазақша мәтінде де дұрыс көрсете білген. Мәселен, «Я хоть и твоя галлюцинация, но, как и в кошмаре» деген сөйлемді «Мен сенің көз алдыңдағы елес қана болсам да, бастығырылған кезіңдегідей» деп аударып, яғни «кошмар» деген сөздің мағынасын .... «бастығырылған» деп дұрыс ашып қолданған деп ойлаймыз. Түпнұсқадағы «призрак», «воплощение», «галлюцинация» деген сөздердің мағыналары қазақша контексте «елес» деген сөзді ғана білдіретіндіктен, «галлюцинация» деген сөз сол қалпында аударылмай берілген. Түпнұсқадағы Иванның ішкі жан дүниесіндегі арпалыс сезім аударма мәтінде сәйкес тілдік құралдармен дұрыс берілген.
«Ағайынды Карамазовтар» романының басты мақсаты – дін арқылы қоғамға әсер ету. Г.С. Померанц: «... оның кейіпкерлерінің тәубеге келуінде өзінің тәубеге келуі естіледі. Бұл – елестетіп көруден өзін ұстап тұра алмайтын тәжірибешінің тәубеге келуі» (58, 381-382), – деп жазады. Бұл, әсіресе, жазушының соңғы романына көбірек қатысты. Достоевскийдің ойынша, әлемдегі әділетсіздіктерді діннің таза жолы ғана өзгертеді. Құдайға құлшылық ету, оның рахымын сұрау – романда кейіпкерлердің жиі кездесетін монологтары мен диалогтары. Алеша монастырлық өмірді таңдайды, ол үшін діннің таза жолы ғана адамның жанын тіршіліктің қатыгездігінен, қараңғылығынан құтқара алады.
Түпнұсқа мәтін:
«… Смятение души его прошло «Господи, помилуй их всех, давешних, сохрани их, несчастных и бурных, и направь. У тебя пути: ими же всеми путями спаси их. Ты любовь, ты всем пошлешь и радость!» – бормотал крестясь, засыпая безмятежным сном, Алеша» (57, 150).
Аударма мәтін:
«...О тәңірім, бағанағылардың бәріне жар бола гөр. Барлығы бір өзіңнің қолыңда: бәрін бәле-жаладан өзің құтқара гөр, бақытсыз, албырт жандарға рақымың түсіп, өзің дұрыс жолға сала гөр. Махаббат та бір өзіңсің, баршаны қуанышқа бөлейтін де бір өзің!» деп күбірлеп құдайдан тілек тілеп шоқынған Алеша қаннен-қаперсіз ұйықтап кетті» (31, 211).
Түпнұсқадағы орысша діни лексика қазақшада «жар бола гөр», «бәле- жаладан өзің құтқара гөр», «рақымың түсіп», «дұрыс жолға сала гөр» деген
сәйкес сөздермен берілген. Бұл сөздер қазақ тілінде қалыптасқан діни тақырыптағы тұрақты тіркестердің үлгілері болып табылады. Осы үлгілерді шебер қолдану монологтың шынайылығын арттырған.
Жазушы романда адам баласы басына іс түскенде, дәрменсіз күй кешіп, Құдайды естеріне алатындығын психологиялық шеберлікпен суреттейді. Ф.М. Достоевскйидің пікірінше, Құдайға деген сенім тағдырдың тәлкегіне тап болғанда берік демеу бола алады. Мәселен, «Мен келе жатырмын» атты бөлімде Митяның қиын-қыстау сәтіндегі ішкі монологы беріледі.
Түпнұсқа мәтін:
«Господи, прими меня во всем моем беззаконии, но не суди меня. Пропусти мимо без суда Твоего... Не суди, потому что я сам осудил себя; не суди, потому что люблю тебя, Господи! Мерзок сам, а люблю Тебя: во ад пошлешь, и там любить буду, и оттуда буду кричать, что люблю Тебя во веки веков... Но дай и мне долюбить... здесь, теперь долюбить, всего пять часов до горячего луча твоего... Ибо люблю царицу души моей» (57, 373).
Аударма мәтін:
«Сотанақтаған біреу болсам да, бетімнен қақпашы, жасаған ием, тек жазаламашы. Мені сотыңа салмай өткізіп жіберші... Тек соттай көрмеші, өйткені мен өзімді-өзім соттағам; соттай көрмеші деп жалынатыным – мен сені жақсы көрем ғой, жасаған ием! Оңбаған болсам да, сені сүйемін: тіпті дозаққа салсаң да мейлің, бәрібір сені сонда да жақсы көремін және сені мәңгі-бақиға сүйемін деп жар салып жатамын... Алайда, менің де махаббатымды тауысуыма мұршамды келтір, – осында, тап қазір құмарымды қандырып болайыншы, нұрлы сәулең алаулап шыққанша бес сағат қана ғашығымның қасында болайыншы... Неге десең, жаным сүйген падишама қалай құмартпаймын. Мен оны сүйемін және сүймей тұра алмаймын» (31, 502).
Түпнұсқа мен аударманы салыстыра көз жүгіртсек, аударма сәтті шыққан. Өйткені, қазақ тіліндегі әрбір сөз бен сөз тіркесі анық, мағыналары жинақы, нақты, түпнұсқа мәтіннің мағынасына сәйкес берілген. «Господи, прими меня во всем моем беззаконии, но не суди меня» деген бірініші сөйлемдегі «во всем моем беззаконии» деген сөзді аудармашы «сотанақтаған біреу болсам да» деп, түпнұсқадағы түпкі ойды сақтай отырып, қазақ тілінің сөз саптау ерекшелігіне сәйкестендіре еркін аударады. Қазақ тілінде байырғы сөздердің қатарындағы
«сотанақ» деген сөз «сотқар, бұзық» деген мағынаны білдіретіндіктен, сөйлемде орынды қолданылған деуге негіз бар. Аудармашы Митяның ішкі монологын қазақ тіліне еркін аударма арқылы жеткізген. «Пропусти мимо без суда Твоего» деген сөйлемді «Мені сотыңа салмай өткізіп жіберші» деп прагматикалық бейімдей отырып аударған. Ал, «Но дай и мне долюбить... здесь, теперь долюбить, всего пять часов до горячего луча твоего» деген сөйлемді «Алайда, менің де махаббатымды тауысуыма мұршамды келтір, – осында, тап қазір құмарымды қандырып болайыншы, нұрлы сәулең алаулап шыққанша бес сағат қана ғашығымның қасында болайыншы...» деп, «дай» дегенді «мұршамды келтір», «долюбить» дегенді «махабаттымды тауысуымы», екіншісінде «құмарымды қандырып болайыншы» деп семантикалық ауыстырулар арқылы еркін аударған. «Ибо люблю царицу души моей» деген
қысқа әрі нұсқа сөйлемді «Неге десең, жаным сүйген падишама қалай құмартпаймын» деп интерпретациялайды. Осылайша аударма мәтін түпнұсқаға қарағанда көлемді болып шыққан.
Романда кейіпкерлердің қиналған, сынақ кезінде жүректен шыққан
«шынайы» сөзі айтылады.
Түпнұсқа мәтін:
«Что мне сказать, господа присяжные! Суд мой пришел, слышу десницу Божию на себе. Конец беспутному человеку! Но как Богу исповедуюсь, и вам говорю: «В крови отца моего – нет, не виновен!» ...Коли пощадите, коль отпустите – помолюсь за вас. Лучшим стану, слово даю, перед Богом его даю. А коль осудите – сам сломаю над головой моей шпагу, а сломав, поцелую обломки!» (57, 673).
Аударма мәтін:
«Присяжный мырзалар, сөйлегенде не дейін! Үкім шығатын сәт туды білем, тәңірімнің қолы иығыма тигенін сезіп тұрмын. Бұзық кісінің тағдыры осылай бітпек қой! Бірақ Құдайдың алдында ант етіп, сіздерге былай демекпін:
«Әкемнің қанына мен кінәлы емеспін!» ...Егер маған жанашырлық білдіріп, босатып жіберсеңіздер – қалған өміріме сіздердің тілектеріңді тілеп өтер едім. Енді түзелемін деп ант етемін, Құдайдың алдында ант етемін. Ал соттасаңыздар

  • сапымды төбеме қойып бырт еткіземін де, екі бөлек сынығын сүйемін!» (31, 894).

Митяның сот алдындағы монологынан тағдырға мойынсұнған, жығылған адамды көреміз. Жазушы адам баласының қиналған сәтте жасаған кінәлары үшін Құдайға тәубе етіп, ағынан жарылуын психологиялық шеберлікпен берген. Митяның сөздері арқылы оның бүкіл ішкі бітімін, эмоциялық сезім- күйін, ақылы мен арман-тілегін тұтас көрсеткен. Оның әр сөзін аудармашы мұқият қарап, кейіпкер мінездемесіне сай қазақша сөйлетіп, бар қасиетін ашып береді. Бұл аудармашының шеберлігі десек болады. Осы орайда белгілі орыс лингвисті, аударма теоретигі В.Н. Комиссаровтың ой-тұжырымдары жасаған талдауларымызға тірек бола алады: «Мәтін коммуникативтік әлеуеті оның сөздерін құрайтын тұтас мазмұнынан неше есе көп күрделі құрылымдық және мазмұндық тұстастықты білдіреді. Аудармашы өзі жасайтын аударма мәтіннің аталған тұтастығын қабылдай білуі тиіс» (12, 54). Ғалымның жасаған ой- тұжырымына сәйкес аудармашы түпнұсқадағы айтылған ойды тұтас қабылдай білген және тілдік құралдар арқылы ондағы автордың діни мазмұнды сөздерін қазақ оқырманының қабылдауына жатық етіп, бейімдей отырып аударған. Сондықтан да аударма түпнұсқаға қарағанда едәуір көлемді шыққан.
Сонымен қатар, аудармашының түпнұсқадағы «господа присяжные» деген қаратпа сөздегі «присяжный» реалии сөзін қазақ тіліне орыс тіліндегі қалпында толықтай транслитерациялау тәсілі арқылы тәржімалауы аударма мәтінде оқиғаның тарихи сипатын, түпнұсқаның ұлттық колоритін сақтауға септігін тигізген. Сөздікте бұл сөзге мынадай түсініктеме берген: «Присяжный - Выборное лицо, привлекающееся на определенное время для участия в разбирательстве судебных дел; присяжный заседатель».
«Коли пощадите, коль отпустите – помолюсь за вас» деген сөйлем қазақшаға «Егер маған жанашырлық білдіріп, босатып жіберсеңіздер – қалған өміріме сіздердің тілектеріңді тілеп өтер едім» деп аударған. Бұл жерде аудармашы «помолюсь за вас» дегенді «қалған өміріме сіздердің тілектеріңізді тілеп өтер едім» деп, жанынан «қалған өміріме» деген сөз бен қосымша эмоционалдық мағына үстемелей ойды дамыту арқылы еркін аударған. Бұл сөйлемді сол қалпында: «Егер жанашырлық білдіріп, босатып жіберсеңіздер – сіздер үшін сиынатын едім», деп аударар едік. «А коль осудите – сам сломаю над головой моей шпагу, а сломав, поцелую обломки!» деген сөйлемде «сам сломаю над головой моей шпагу» деген кейіпкердің сөзінде автордың бейнелеп отырған кезеңіндегі дворяндар арасында кездесетін рәсім көрніс тапқан. Яғни, шпага дворяндардың ең айрықша белгісі болып табылған. Дворяндық лауазымнан (титул) айыру куәгерлердің көз алдында шпаганы сындыру рәсімі арқылы өткен. Осы жерде Митя өзінің жүрекжарды сөзінде сотталатын болса, өзі-ақ дворяндық лауазымынан бас тартатынын жасырмайды. Осы сөйлемді аудармашы «Ал соттасаңыздар – сапымды төбеме қойып бырт еткіземін де, екі бөлек сынығын сүйемін!» деп аударған. Аудармашы «шапага» деген сөзді
«сап» деп қазақ тіліне бейімдеп, қазақ тіліндегі мағынасы жақын тілдік бірлікпен берген, ал «сломаю» деген сөзді «сындырамын» деудің орнына
«бырт еткіземін» деп аударған. Осы тұста аудармашы «шпага» сөзін реалии ретінде аудармай қалдырғаны дұрыс деп санаймыз, өйткені осылай бейімдеп аударуда түпнұсқаның стильдік және семантикалық ерекшелігі сақталмаған. Егер осыны ескеретін болсақ, осы сөйлемнің аударма былай болып шығар еді:
«Ал соттасаңыздар – шпагамды төбеме қойып сындырамын да, екі бөлек сынығын сүйемін!»
Ф.М. Достоевский шығармаларының көпшілігінде кейіпкерлерінің түс көруіне жүгінеді. Оның кейіпкерлерінің түстері өңіндегі болып жатқан сияқты шындыққа жақын десе болады. Жазушының кейіпкерлерінің түстері көбінше дағдарыстық түстер болып табылады, яғни олар адам тағдарындағы бетбұрысты білдіріп, оның өзі мен әлем туралы көзқарасын түбегейлі өзгертеді. Достоевский үшін түс көру – жеке тұлғаны рухани үйлесім мен ақиқатқа апаратын жол. Жылаған сәби туралы түсті Митя өміріндегі ең маңызды күнінде көреді.
Түпнұсқа мәтін:
«– Что они плачут? Чего они плачут? – спрашивает, лихо пролетая мимо них, Митя.
– Дите, – отвечает ему ямщик, – дите плачет. – И поражает Митю то, что он сказал по-своему, по-мужичьи: «дите», а не «дитя». И ему нравится, что мужик сказал «дите»: жалости будто больше.

  • Да отчего оно плачет? – домогается, как глупый, Митя. – Почему ручки голенькие, почему его не закутают?

  • А иззябло дите, померзла одежонка, вот и не греет.

  • Да почему это так? Почему? – все не отстает глупый Митя.

  • А бедные, погорелые, хлебушка нетути, на погорелое место просят.

  • Нет, нет, – все будто еще не понимает Митя, – ты скажи: почему это стоят погорелые матери, почему они не обнимаются, не целуются, почему не поют песен радостных, почему они почернели так от черной беды, почему не кормят дите?» (57, 456).

Аударма мәтін:
«– Аналар неге жылайды? Олардың жылағаны несі? – деп сұрады Митя, жиналған топтың жанынан құйындатып өтіп бара жатқанда.

  • Сәби ғой жылаған, сәби, – деп жауап берді оған жәмшік. – Оның өзінше, мұжықша, «бала» демей, «сәби» дегеніне Митя қайран қалды. Мұжықтың

«сәби» дегені оның жанына жағып барады: олай десе, аяныштырақ болады.

  • Неліктен жылайды екен, а? – зердесіз адамша, Митя қайталап сұрады. – Бейшараның қолын неге бос жіберген, неге қымтамаған?

  • Жаурап қалған ғой, үстінде жылу ұстарлық лыпаса болмаса қайтсін сәби бейшара.

  • Неге олай? Мұның себебі не? – зердесіз Митя одан тағы қайталап сұрады.

  • Себебі, жұт алған, өртке ұшыраған, аш-жалаңаш, сосын қайыр-садақа сұрамағанда қайтеді.

  • Жоқ, жоқ, – дейді Митя әлі де түкке түсінбегендей, – сен мынаны айт: ол әйелдердің үй-жайы өртеніп, жұтап қалуының себебі не, адамдар неліктен кедей болады, сәби неге емшекке жарымайды, мына жапан түз қайдан пайда болды, әлгі әйелдер неге бір-бірімен құшақтасып, неліктен сүйіспейді, бірлесіп шаттық әнін шырқамайды, қара бәледен олар неге қарайып кеткен, сәбиін неге емізбейді?» (31, 610-611).

Бұл түс – аян түс, сонымен қатар бұл түс – адамзат қайғысына жаны ашитын адамның түсі. Митя өз басына іс түсіп, өмірі астан-кестен болған, еркіндігіне қол сұғылған тұста мұның барлығын ұмытқандай, мұның қасында оған өз қайғысы түкке де тұрғысыз. Әрдайым санасында жүрген жылаған сәбидің образы ол үшін адамзат қасіретінің символы болып табылады. Егер Иванның санасында сәби мен адамзат жеке ұғым ретінде болса, ал Митяның басқаша ойлайды: Сәбилердің көз жасын тудыратын әлеуметтік зорлық- зомбылыққа қарсы наразы болу 19 ғасырдағы гуманистік философияның іргетасы болып табылады. Достоевскийдің кейіпкерлері қайғы-қасірет шегу арқылы қайта өмірге келеді. Әрине, мұның астарында діни мән-мағына жатыр. Түпнұсқада автордың баланы орысша фольклорлық «дите» деп ерекше атауы жанашырлық сезімін күшейтуді мақсат тұтқан. Осы сөзді қазақшалауда аудармашы қазақ тілінде әдеби стильде қолданылатын «сәби» сөзін алған. Өйткені қазақ тілінде «сәби» сөзі де құлаққа нәзік, жағымды естіледі, әрі балаға тән тазалықты білдіріп, оған деген жанашырлық сезім тудырады. Сол себепті де аудармашы осы сөзді таңдаған болуы мүмкін. Түпнұсқа мен оның аудармасын салыстырып қарасақ, аударма мәтінде мұжық пен Митяның арасындағы диалогтың мазмұны мен автордың ойы толық сақталып, сәйкес тілдік бірліктермен берілген. Аудармашы контекстің түпкі ойын сақтап аударған. Мәселен, «глупый Митя» деген автордың сөзін тура «ақымақ» деп аудармай,
«зердесіз Митя» деп аударуда контекстке қарай сөз ойнақылығын қосқан. Ал,
«Почему ручки голенькие, почему его не закутают?» деген сөйлемді
«Бейшараның қолын неге бос жіберген, неге қымтамаған?», деп аударуда
«ручки голенькие» деген сөзді «қолын бос жіберген» деп, яғни құндақтағы сәби балаға қатысты айтылатын сөздермен қазақ тілінде контекстегі ойға сәйкес дұрыс берген деп ойлаймыз. Сол сияқты «А иззябло дите, померзла одежонка, вот и не греет» деген сөйлемді «Жаурап қалған ғой, үстінде жылу ұстарлық лыпаса болмаса қайтсін сәби бейшара», деп аударуда да аудармашы түпнұсқаны қазақ тіліне тура аударып, сөздерді сірестірмеу үшін ондағы жалпы ойды көркем тілмен беруге ұмтылған. «А бедные, погорелые, хлебушка нетути, на погорелое место просят» деген сөйлемді «Себебі, жұт алған, өртке ұшыраған, аш-жалаңаш, сосын қайыр-садақа сұрамағанда қайтеді», деп еркін аударады. Аудармашы жазушының күрделі, тосын сөздерін қазақ тілінде контекстің түпкі ойын сақтай отырып, түсінікті беруге тырысқан. Осы диалогта аудармашы еркін аударма тәсілін қолдану арқылы түпнұсқаның мазмұны мен түпкі ойын қазақ тілінде дұрыс берген десе болады.
Романда кейіпкерлердің түстері маңызды рөл атқарады. Түс кейіпкердің құпия, жасырын тұстарын ашып көрсетеді. Жазушы түстерді кейіпкердің өз талқысына салады, немесе кейіпкер үшін өзі түсіндіруге тырысады.
Аудармашы автордың түпнұсқада айтқысы келген ойларын дөп тауып, жазу машығы мен кейіпкерлерді сөйлету дағдысын қазақшада дәлме-дәл жеткізе білуі үшін үлкен шеберлік пен қатар жазушының шығармашылығының зерттеушісі болу қажет деп ойлаймыз. Жоғарыда келтірілген монологтар мен диалогтардың түпнұсқасы мен аудармасын талдай отырып, жазушының шығармаларындағы монологтар, диалогтар мен олардың аудармаларынан ішкі және сыртқы үйлесімділік пен үндестікті көруге болады. Аудармашыға тұңғиық терең жазушының шығармасындағы монологтар мен диалогтардың түпкі төркінін дұрыс түсініп, ондағы сөз бен сөйлемдердің эквиваленттерін (баламаларын) нақты тауып үйлестіру оңайға соқпағаны көрініп тұр. Мұны кейбір монологтар мен диалогтарда кездесетін кішігірім ауытқулардан да байқауға болады.
Нияз Сыздықов қазақ тілінің бай сөздік қорындағы сөздер мен тіркестерді орынды қолданудан мүлт кетпеген. Соның ішінде, атап айтсақ, орыс тіліндегі діни лексиканы құрайтын сөздер мен тіркестер және олардың аудармалары қазақ тілінде де мағынасы дұрыс келетін, сәйкес сөздермен аударылған. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, аудармашы романдағы діни лексиканы аударуда прагматикалық бейімдеу әдістеріне жүгінген.
Мәселен:
Господи – жасаған ием, Құдай тағала помилуй – жар бола гөр
старец – пірәдар царица небесная – көк тәңірі
праведник – тақуа ересь – күпірлік
мученик – дін жолында азап шегуші послушник – мүрит святые отшельники – қасиетті диуаналар ад – дозақ
благославлять – пәтиқасын беру воистине кающийся – шын опынған
ХХ ғасырдың 50 – 80 жылдары қазақ тіліне тәржімаланған «Бишаралар»,
«Ақ түндер», «Қылмыс пен жаза, «Нақұрыс», «Ағайынды Карамазовтар»
романдарының түпнұсқасы мен аударма мәтіндеріне салыстырмалы талдау жасау негізінде отандық аударматану теориясы мен практикасының даму үдерісін айқындауға болады.
Аудармашы қазақ тіліне тән бейнелі-образды теңеу сөз бен сөз тіркестерін қолдану арқылы түпнұсқаға сай өзіндік аудармашылық стиль жасаған деп айтуға болады. Осы ретте ол классикалық туындының тарихи колоритін беру үшін көбінше жиі қолданылмайтын, мағынасы көмескіленген, ертедегі ақын- жазушылардың әдеби шығармаларында кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне басымдық танытады. Осы сөздердің романдағы орысша нұсқасы мен аудармадағы қазақша нұсқасын кесте түрінде берсек.

Орысша нұсқасы Аудармасы Жағымды


немесе жағымсыз реңкі
физиономия сықпыт жағымсыз
физиономия келбет жағымды
молоденький уыздай жас жағымды
полные губы көнтек ерін жағымсыз
лицо пошымы жағымсыз
экстазный тым еліккіш жағымсыз бледный мечтатель құрғақ қиялшыл жағымсыз

пышущий здоровьем
сабаудай жағымды

тонкие губы қаймыжықтай ерін жағымды привлекательный қияпатты жағымды
бледное лицо қуаң жүзді жағымды

бледножелтое лицо қуқыл-сарғыштау
жүзі
смиренная тағдырға мойынсұнған
жағымды

-


сильный әлуетті жағымды
физическая сила әлуеттілік жағымды
старец пірәдар -

как бы две блестящие точки
жылтыраған екі - түйме секілді

малого роста өте тапал жағымсыз

здоровое, широкое и румяное лицо
торсиған, жалпақ және нарттай жүзі
жағымсыз

огромная шапка дағарадай сеңсең -
бөрік
молодой қылшылдаған -

скопческое, сухое лицо
әтектің
бетіндей, қуарған беті
жағымсыз

с самого первого взгляда
салған жерден -

вялый сүлесоқ -
скула шықшыт жағымсыз

точно вырезанные из мрамора
бейне мәрмәр тастан - мүсінделгендей қолдары

с гемороидальным лицом
несколько пудов
көтеу жүзді жағымсыз

бірер шөмеле шөп -



сена
острый ветер үскірік жел -

свежая и тихая до неподвижности ночь
косые лучи заходящего солнца
қимылсыз тынық, самал түн
батар күннің қиғаш сәулесі
жағымды жағымды

длинные косые лучи көлбей түскен
нұрлы шапақ
жағымды

яхонтовое небо жақұттай аспан жағымды Слякоть көксалпақ -
крупные звезды баданадай - жұлдыздар
чистое небо ашық аспан -

ветер «сухой и острый»

жел
«ызғырықты, өткір» -



сухой снег қырбық қар
теплая, светлая ночь май тоңғысыз,
сүттей жарық түн

жағымды


Романдағы портрет пен пейзаж бейнелеу құралдарын аударуда аудармашы генерализация, компрессия (ықшамдау), қосу, түсіріп айту, интерпретациялау, семантикалық ауыстыру, нақтылау, еркін аудару тәсілдерін (трансформацияларын) қолданған.
Сонымен қатар, романдағы портрет пен пейзаж суреттеулерін аударуда аудармашының қазақ тіліндегі бай сөз қорын орынды қолдана білгендігін атап өту қажет. Қорыта айтсақ, Нияз Сыздықовтың аудармашылық шеберлігін, ізденісі мен тапқырлығын оның қазақ тілінің бай синонимдік қатарын ұтқыр қолдана білуімен ұштасқан деп айта аламыз.
Кез келген автордың шығармаларының өзге тілде адекватты қабылдануы үшін аудармашының алдында, ең алдымен, оның дара стилін сол тілде қайта жаңғырту міндеті тұрады. Осы тұрғыда түпнұсқаны адекватты қабылдауды қалыптастыратын аудармашылық әдіс-тәсілдерді зерттеу ерекше маңызға ие екендігін атап өткен жөн. Сондықтан да Ф.М. Достоевский шығармаларының түпнұсқалары мен аударма мәтіндерін талдауда оның поэтикасын беру үшін қажетті сәйкес тілдік құралдарды іздестіру мәселесіне назар аударамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет