«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет105/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

1. Ұжымдық жұмыс.
Оқытушы алдын ала дайындалған бірінші және үшінші бағандарға мәліметтер 
жазылған дайын кестені экранға шығарады. Оқушыларға қандай ауру түрі екендігін табу 
және екінші бағанға ЖЖБЖ-ның атауларын жазу тапсырылады.
Қашан? 
(жұқтырғаннан 
кейін қанша 
уақытта?) 
Не? 
Қалай білінеді? 
7–10 күн 
Гонорея 
Шірікті бөлінулер, қызару, зәр шығару кезінде жиі болатын 
ауырсынулар 
Трихомоноз 
Арнайы иімі бар бөлінулер, қышу 
3–4 апта 
Мерез 
(Сифилис) 
Жара (шанкр), лимфотүйіндердің үлкеюі, дене 
температурасының көтерілуі, бөртпе 
 
Бірнеше күн – 2–
3 ай 
Герпес 
Қызару – көпіршіктер – ауыру мен ашу арқылы болатын 
эрозия 
1 ай – 15 жыл 
АИТВ-
жұқпасы, 
ЖИТС 
Бастапқы сатысында – ӨРА (ОРЗ) белгілері, ЖИТС 
сатысында - пневмония, ісік, тұрақты ашытқы-
саңырауқұлақтар, туберкулез 
2 апта – 1 ай 
Хламидиоз 
Білінбейтін әйнек тәріздес шығындылар, сондықтан 
оларды ешкім байқамайды. 
2. «Тәуекел театры» жаттығуы. 
Бұл жаттығу алдын ала картоннан дайындалған, тақтаға ілінген адам бейнелерін 
пайдалану арқылы жүргізіледі. Жаттығуды өткізу үшін қағаздан адам бейнелерін жасап 
алу керек (қыздар мен ұлдар: бір беті ақ, ал қарама-қарсы беті қызыл болады). 
Бір заманда Дина мен Тима атты екі жас болған екен. Бір күні олар кездесіп, бір-бірін 
ұнатып қалыпты. Бейнелер тақтаға ілінеді. 
Оларда бұрын нағыз махаббат сияқты шынайы және сенімді қатынас болмаған екен. 
Бұрын әрқайсысында болып өткен жайттар, екеуі үшін ешқандай маңызы жоқ екен. Бұл 
кездейсоқ кездесулер, шынайы емес қатынастар, және олары тым көп емес екен. 
Динада бір қысқа ғана жазғы роман болған екен. Ал Тима бұрын 2 қызбен жақын қарым-
қатынаста болған екен. 
Динаның бұрынғы жігітінің жүретін қызы көп, тіпті ұшқалақ болған екен. Ал Тиманың 
бұрынғы қыздарының бірі жеңіл жүрісті екен. Сол үшін олар ажырасып кетіпті. Екінші 
қызы басқа қалаға көшіп кеткендіктен, біз оның қанша жігіті болғанын біле алмаймыз. 


115 
Егер бұл сызбаны ары қарай сыза берсек, біз айтқан адамдар, басты кейіпкерлермен 
таныс емес, Тима және Дина жайлы естімеген де шығар. Неге біз оларды есімізге алдық? 
Себебі осы адамдардың бірі АИТВ-жұқпасына шалдыққан (бейненің қызыл түсін бұрып 
қояды), және онымен жақын қатынаста болған әрбір адам зақымдалуы және жұқпаны 
өзінің серіктесіне беруі мүмкін (барлық бейнелердің қызыл түсі бұрылып қойылады). 
Сондықтан, ең жақын адамымызбен де қорғанышсыз жыныстық қатынасқа түскенде біз 
тәуекелге барамыз, себебі бір уақытта оның бұрынғы серіктестерімен де қатынасқа 
түсеміз. 
Бұл қорқынышты көрінуі мүмкін. Бірақ, вирусқа кімді зақымдаса да бәрібір, өйткені онда 
адамгершілік жоқ. Сонымен қатар, сызбада көрсетілгендердің қайсысы жұқпа 
жұқтырғанын біз білмейміз. Мұндай «тосын сый» кез келген адамның өмірі мен 
махаббатын талқандауы мүмкін. 
Бақытымызға орай, бұл тек ойдан шығарылған оқиға. Бірақ ол кез келгеніміздің 
басымызға келуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет