«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет107/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Түйінді түсініктер: жауапты қауіпсіз мінез-құлық, толерантты қарым-қатынас, стигма 
және дискриминация, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқығы. 
Сабақ жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс, шағын топпен жұмыс, пікірталас, 
щығармашылық тапсырма, рөлдік ойындар, синквейндер құрастыру. 
Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магнитті тақта); флипчартты қағаз; маркерлер;
мультимедиапроектор; талас пікірлер жазылған 4 парақ; анкеталар; «ашық сыр 
парақтары»; жағдай тақырыптары жазылған карточкалар. 
Сабақ барысы 
1. Оқытушы кіріспе сөзінде сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. 
2. Жаттығу. Менің үміттерім. 
Оқытушы оқушылардан осы сабақта нені білгісі келетінін анықтап алады. Әр оқушы 
өз үміттері туралы айтады. 
«Үміт ағашын», «үміт себетін» немесе «үміт гүлшоғын» жасауға болады. Ол үшін 
тақтаға гүлшоқтың, себеттің немесе ағаштың жобасы салынады, оған балалар осы 
сабақтан нені күтетіндері туралы жазылған түрлі-түсті стикерлер (сәйкесінше гүлдер, 
жемістер, жапырақтар) жапсырылады. 
3. «Талас пікірлер» ойыны. 
Алдын ала дайындалған 4 парақ қағаздың әр қайсысында келесідей пікірлер 
жазылған: «Толық келісемін», «Келісемін, бірақ түсініктерімен», «Толықтай 
келіспеймін», «Білмеймін, сенімді емеспін» - бөлменің төрт қабырғасына бекітіледі. 
Оқытушы АИТВ мәселесіне байланысты талас пікірлерді оқып шығады. Әрбір 
пікір оқылып болған соң оқушылар өз көзқарастары бейнеленген парақтардың жанына 
барып тұруы тиіс. 
Оқушылардан неге дәл осы пікірді таңдағаны туралы түсіндіріліп айту өтініледі. 
Әртүрлі көзқарастарды тыңдап болған соң оқушылар өзіне лайықты деген пікірлерді 
таңдауға рұқсат беріледі, сәйкес пікірлер жазылған параққа өтеді. 
Талас ой-пікірлер: 
1. АИТВ-мен ауыратын балалар балабақша мен мектептерге баруға болмайды. 
2. АИТВ-мен ауыратын адамдарды қоғамнан оқшаулау керек. 
3. Ер адамдар мен ер балалар АИТВ туралы қосымша мағлұмат алуға мұқтаж емес, 
бұған тек қыздар мен әйелдер мұқтаж. 
4. АИТВ-мен ауыратын адамдарды жұмыстан шығаруға болмайды. 
Талқылау: 

Осы сұрақтар бойынша ой өрбіткенде қандай сезімдерге бөлендіңіз? 

Қатысушылар алдында өз көзқарасыңызды айтып беру оңай болды ма, әсіресе 
сіз шағын топта болып қалғаныңызда?

Өз көзқарасыңызды өзгерту оңай болды ма? 
Осыдан кейін істелінген жұмыс бойынша қорытынды жасалады. Ол үшін 
оқушылар осы жаттығу қандай сезімдерге бөлегені туралы «Ашық сыр парақтарын» 
толтыру қажет. 


117 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет