«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет106/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

3. Рөлдік ойын. 
Төменде келтірілген көрініс, ЖЖБЖ мен АИТВ-ға шалдығудың қаупін талқылауға 
тамаша мүмкіндік береді. Оқытушы 4 еріктінің шығуын өтініп, оларды екеуден екі топқа 
бөледі. Әр жұп бір жағдайды алып, оны ойнап шығады. Қалған қатысушылар оларды 
бақылап, рөлдік ойын соңында жағдайды талқылайды. 
1. Сіздің бір құрбыңыз, жігіті біраз уақыт қолданып жүрген есірткіні пайдаланып 
көрмекші болады. Бұл жігіт айтқан, есірткі тамаша сезім шақырып, ол 
отбасындағы және мектептегі барлық мәселелерді ұмытасың деген. Сіз қалай 
әрекет жасайсыз? Не ойлайсыз? Құрбыңызға не айтасыз? Не істейсіз? 
2. Сіздің досыңыз, кеште болып, алкогольді сусындар татқаны, сонда кездескен 
әйелдермен жыныстық қатынаста болғаны туралы айтып мақтанды. Ол осы түні 
болған оқиғаларды түгел білмейтінін айтты. Осындай ұқсас жағдайлар әр аптаның 
соңында бола береді. Сіз оған не айтасыз? 
14. Сабақтардың қорытындысын шығару. 
Сабақ соңында оқытушы қорытынды шығарып, оқушылардан сабақтың қай бөлігінің 
қызығырақ болғандығын сұрайды. 
Содан кейін оқытушы алынған жауаптарды түйіндеп, жалпы қорытынды шығарады: 
ЖЖБЖ-дан қорғанудың ең сенімді тәсілі ретсіз жыныстық қатынастардан толықтай аулақ 
болу. Сексуалды серіктеспен байланыс кезіндегі жұқтырудың алдын алу үшін міндетті 
түрде контрацепция құралдарын пайдалану керек және жеке гигиена ережелерін сақтау 
қажет.
Модуль 6. 
Бойжеткендер мен бозбалалардың репродуктивті денсаулығын сақтау (4 сағат) 
Сабақ 6.2. Жауапты тәртіп. АИТВ және адам құқығы. (2 сағат). 
Мақсаты: 
Оқушылар санасында репродуктивті денсаулықты сақтауға көмектесетін, АИТВ-мен өмір 
сүретін адамдарға толерантты және жағымды көзқарас қалыптастыру. 
Міндеттері: 
- Жауапты мінез-құлық түсініктемесінің мағынасын ашу. 
- Стигма (таңба) және дискриминация (шеттеушілік) түсініктемелерінің мағынасын 
ашу. 
- Жыныстық қатынасқа түсу жауапкершілігін қалыптастыру.
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқығымен таныстыру. 


116 
- Жеке басының, айналасындағылардың, туыстары мен достарының қауіпсіздігіне 
жауапты көзқарас қалыптастыру. 
- Өз мінез-құлқын саналы басқару қабілетін қалыптастыру.
- Жыныстық қатынасты бастауды саналы түрде кейінге шегеру ақылға сыйымды 
балама екеніне көз жеткізуге көмектесу, «жоқ» деуді үйрету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет