«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет13/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   125
Қауымдастық (популяция) — өзін-өзі жаңғыртуға қабілетті елдің немесе аймақ 
тұрғындарының жалпы жиынтығы.
Халық санының тұрақты өсуі 2002 жылы басталды, Қазақстан Республикасының 
Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, 2013 жылы халық саны 
межені 17 млн. адамға аттап өтті, ал 2008 жылы Қазақстан халқы 15,5 млн. адамды 
құрады. Бұл 5 жылда халық санының өсуін 1,5 млн. адам құрағандығын көрсетеді. 
Серпін бойынша өлім-жітім коэффициенті төмендеуде, ҚР халқының өмір сүру 
ұзақтығы артуда, туылу саны артып келеді – мұның бәрі демографиялық 
жағдайдың көрсеткіштері болып табылады. 
Бірақ, көптеген еуропалық елдерде туылу санының төмендеуі, өлім-жітімнің 
артуы, еңбекке қабілетті халық санының қысқаруы, халықтың денсаулығының 
төмендеуі мен олардың қартаюы – демографиялық жағдайда өсудің кемуі 
(депопуляция) деген құбылыспен сипатталады, яғни, ұлттық масштабта халық 
санының қысқаруы. Өткен ғасырдың 90 жылдарының басында Қазақстанда туылу 
саны төмендеп депопуляцияға бет алысы тіркелді, бұған экономикалық және 
әлеуметтік мәселелер, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі себепші болған

Келесі жылдары туылу серпінінің жағымды баяу өсуі байқалды.
Халықтың туылу деңгейінің төмендігі мен жалпы өлім-жітім деңгейінің артуы - 
ұлттың дамуы мен сақталуының болашағын анықтайтын жалпыұлттық дәрежеде 
денсаулық пен өмір сүру ұзақтығының мәселесін алға тартады.
Халықтың саны репродуктивті денсаулық деңгейіне тікелей тәуелді. 
Қазақстандағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын әлемдік қауымдастық үшін 
экономиканың тұрақсыздығы, әр түрлі әлеуметтік-экономикалық факторлар мен 
бедеулікке себеп болатын дағдарыстық құбылыстар призмасы арқылы қарастыру 
қажет. Аталған факторлар халықтың репродуктивті денсаулығына айтарлықтай 
әсерін тигізе отырып, халықтың жаңғыру үдерісін төмендетуі мүмкін. Туылу мен 
өлім-жітім көрсеткіші - халықтың репродуктивті денсаулығына әсер ететін 
маңызды параметрлер. Соңғы жылдары Қазақстанда туылу деңгейінің 1000 әйелге 
шаққанда 22,53-ке дейін артып отырғандығы байқалады. 
Халықтың репродуктивті денсаулығының жағдайы күтілудегі өмір сүру 
ұзақтығының көрсеткішіне тікелей әсер етеді. Экономикалық жағдайлар, сапалы 
медициналық көмектің қолжетімділігінің төмендеуі, әлеуметтік мінез-құлықтың 
өзгеруі және басқа да жағдайлар бұл көрсеткішті айтарлықтай төмендетті. 2010 
жылы туылу кезеңі бойынша өмір сүру ұзақтығы жобамен 68,41 жасты құрады. 
Шын мәнінде, бұл көрсеткіш 2009 жылы да болған - 68,60 жас, 2000 жылы туылу 
кезеңі бойынша, болжамдағы өмір сұру ұзақтығы 65,5 жасты құрады. 


14 
Жалпы құрылым бойынша, Қазақстанда халықтың өлім-жітімін қан айналым, 
тыныс алу, жаңа өспелер (ісіктер) жүйесінің аурулары, сонымен қатар, оқыс 
жағдайлар, улану, жарақаттар сияқты жағдайлар құрайды. 
Демографиялық даму мәселелерін біз отбасылық-демографиялық саясат 
тұрғысынан қарастырамыз: отбасы институты мен отбасылық-некелік 
қатынастарды нығайту, халықтың демографиялық өсу мәселелері, отбасы мен неке 
құндылықтарын насихаттау, ана мен бала өмірін қорғау, еркектер мен әйелдердің 
репродуктивті денсаулығына қамқорлық көрсету және т.б.
Қазақстанда, статистика мәліметтері бойынша, отбасы саны 4,3 млн. дейін өсті, 
бірақ, отбасының орташа шамасы 3,5 адамға дейін төмендеп кетті. Қазіргі заманғы 
есептемелерге сәйкес, халықтың минималды жаңғыруы үшін ең қолайлы нұсқа - 
бір әйелге 2,7 баланы құрайды. Осы жағдайда, репродуктивті денсаулықтың рөлі 
туылудың жағдайы мен алғышарты ретінде айтарлықтай өседі. Отбасы деңгейінде 
репродуктивті денсаулықты жақсарту - отбасылық-некелік қатынастар мен 
ажырасудың тұрақсыздығына әкелетін және отбасылық кикілжіңге жиі әкеліп 
соқтыратын бедеулік және жоспарсыз жүктіліктің болуы сияқты ауыр 
жағдайлардың санын азайтады. 
Қоғамның негізі ретінде отбасының мәртебесін көтеру, некелік-отбасылық 
қатынастарды нығайту, отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау, дені сау 
балаларды өмірге әкелу, олардың тағдырына жауапкершілікпен қарау – елдің 
демографиялық дамуының алғышарттарының бірі болып табылады.
Мықты демографиялық саясат елдің ұлттық қауіпсіздігінің жетекші 
басымдылықтарының дәрежесіне қойылды. Демографиялық даму экономиканың 
өсуіне, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуіне және мемлекеттік қауіпсіздікке 
тікелей әсер етеді.
Осылайша, Қазақстан Республикасында жалпы алғанда демографиялық 
өзгерістердің жағымды беталыстары бар (туылудың артуы, өлім-жітім 
көрсеткішінің тұрақтануы). Алайда, кейбір жағымды өзгерістерге қарамастан 
әйелдердің репродуктивті денсаулығы, ана мен бала өмірін қорғауды ұйымдастыру 
төменгі деңгейде қалып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет