«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет10/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

«Репродуктивті денсаулық» түсінігі «репродукция» (латынның reproduction 
сөзі - жаңғыру, яғни табиғаттың қалауымен бала табу мүмкіндігі) сөзінен алынған. 
Репродуктивті денсаулықбұл тек аурулардың жоқтығы ғана емес, сондай-ақ, 
ұрпақ жаңғырту мен отбасы үндестігін қоса алғанда, репродуктивті жүйеге 


11 
қатысты физикалық, психикалық және әлеуметтік толық саулықтың да болуы 
жайындағы барлық мәселелер. 
Кез-келген тірі жанның тіршілік етуі тек ұрпақ ауыстыру мен жаңғырту 
арқылы ғана болуы мүмкін. Бұл жерде адамды айтпай кету мүмкін емес. Адамзат 
тарихы үздіксіз ұрпақ алмастырумен сипатталып келеді.
Егер барлық тіршілік иелерінің жаңғыруы мен ұрпақ ауыстыруы биологиялық 
бағдарламалардың негізіне және сыртқы жағдайларға тәуелді болса, онда ақылмен 
үлестелген адам биологиялық бағдарламалардың жүзеге асуына әсер етуі мүмкін, 
яғни, қоғамның әлеуметтік талаптарын ескере отырып, туылуды ғана қамтамасыз 
етіп қоймай, ұрпаққа қажетті тәрбиені де қамтамасыз ете отырып, жаңғырту 
жүйесін басқарады. 
Ер адамдар мен әйел адамдар осындай мәселелерден хабардар болуға және 
жүктілік пен босанудың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін, денсаулық сақтау 
саласының көрсететін қызметтеріне қолжетімділікпен қатар, экономикалық 
тұрғыдан лайықты, тиімді, қауіпсіз ақпараттарға қол жеткізуге және олардың 
қалауы бойынша туылуды реттеу әдісіне де тең құқылы. 
Репродуктивті кезең – ағзаның физиологиялық мүмкіндіктері тұрғысынан 
баланың туылуы мүмкін болатын 15 пен 49 жас аралығы. Дегенмен, дені сау 
баланың туылуы көбіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайға, психологиялық 
кемелденуге, материалдық мүмкіндіктерге байланысты екендігі сөзсіз.
БДҰ-ның анықтауы бойынша, сексуалды денсаулықбұл ауру-сырқаудан
жұмысқа жарамсыздықтан, зорлықтан және т.б. зиянды әдеттерден аулақ, 
сексуалды мінез-құлық пен жауапкершілікті қарым-қатынас және де жақсы 
сексуалды дамуды қоса алғандағы репродуктивті денсаулықтың бір бөлігі. Басқаша 
айтқанда, бұл сексуалдылыққа байланысты физикалық, эмоциялы, ақыл-ой және 
әлеуметтік саулықтың ахуалы. Сексуалдық денсаулық - жыныстық қатынастар мен 
сексуалдылыққа құрметпен және дұрыс қараумен, сонымен қатар, зорлық пен 
шеттетушіліктен, күштеуден еркін болатын, қауіпсіз жыныстық өмірдің болуын
талап етеді. Сексуалды денсаулықты қолдау және оған қол жеткізу - адамдарға тән 
«сексуалдық құқықты» құрметтеу, сақтау және қорғаумен тығыз байланысты. 
Сексуалды денсаулық – 2004 жылы БДҰ-ның Бүкіләлемдік денсаулық сақтау 
ассамблеясының сессиясында қабылданған репродуктивті денсаулық саласындағы 
БДҰ-ның ғаламдық Стратегиясының бес басымды аспектілерінің бірі болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет