«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет12/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   125
өтетін 
оқытушының шағын-дәрісі. 
Демогра́фия — халықтың жаңғыруының заңдылықтары туралы ілім
сонымен қатар, оның әрекетінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, табиғат 
жағдайларына, көшіп-қонуына байланысты, олардың санын, аймақтық орналасуын 
және халықтық құрамын, құрамының өзгеруін, себептерін және сол өзгерістердің 
салдарын зерттейтін, сондай-ақ, оны жақсартудың жолдарын ұсынатын ғылым. 
 
Демографияның өзінің нақты белгіленген зерттеу нысаны бар – ол халық. 
Демография халықтың санын, аумақтық орналасуын және құрамын
заңдылықтарын, сонымен қатар, олардың әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, 
географиялық факторлардың негізінде өзгеруін де зерттейді.
Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі 
болып табылады. Әрбір адам мен қоғамның репродуктивті денсаулығының деңгейі 
біздің еліміздегі халықтың жаңғыруына толығымен әсер ете отырып, 
демографиялық жағдайды анықтайды. Бұл өз бағытында адамның репродуктивті 
денсаулығы мен бүкіл қоғамның жалпылама жағдайының кешенді қорытындысы 
болып табылады. 
 
Демографиялық жағдай — бұл халықтың белгілі бір мезгілдегі немесе белгілі бір 
аймақтағы қандай да бір уақыт кезеңіндегі даму үрдістері мен ахуалы. 
Халық жиынтығындағы өзгерісті халық қозғалысы құрайды. 
 
Халық қозғалысы деген не? 
Әдетте халық қозғалысын үш топқа бөледі: 

табиғи 
Некелесуден, ажырасудан, туылудан, өлім-жітімнен тұрады. Осыларды 
зерттеу демографияның ерекше үрдісі болып табылады. 

механикалық (көші-қон) 


13 
Бұл халықтың барлық аймақтық қоныс аударуының жиынтығы және ол 
халықтың маятникті және маусымдық жылжымалылығын, тығыздығын, 
орналасуын анықтайды. 

әлеуметтік
Адамдардың бір әлеуметтік топтан екіншісіне ауысуы. Қозғалыстың бұл 
түрі халықтың әлеуметтік құрылымының ұдайылығын анықтайды. Дәл атап 
айтқанда, осы халықтың жаңғыруы мен әлеуметтік құрылымдағы 
өзгерістерінің өзара қатынасын демография зерттейді. 
«Табиғи» немесе «биологиялық»
тұрғын халықтың болмысы, туылуы мен өлім-жітім нәтижесіндегі ұрпақ 
ауыстыру үрдісі кезінде тұрақты, өзін-өзі жаңартып отыруға қабілеттілігінен 
көрінеді. Бұл үздіксіз үрдіс халықтың қайта жаңғыруы деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет