«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет16/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   125
Гормондардың негізгі қызметтері: 
- Ағзаның ішкі ортасын қалыпты деңгейде ұстауға ықпал ету; 
- Зат алмасу процестеріне қатысу
- Ағзаның өсуі мен дамуын реттеу. 
Гормондар, шын мәнінде адам ағзасының «есіктерін» ашып-жабатын «кілтке» 
ұқсайды. 
Ішкі секреция бездерінің қызметі ұзаққа созылатын процестерді реттеуде маңызды 
рөл атқарады, олар: зат алмасу, өсу, ақыл-ой және физикалық, жыныстық даму
ағзаның ішкі және сыртқы ортаның өзгерісіне бейімделуі, өте маңызды болып 
табылатын физиологиялық көрсеткіштердің (гомеостаздың) тұрақтылығын 
қамтамасыз ету, сонымен бірге ағзаның күйзеліске қарсы әсері де бар.
Сонымен, адамның эндокриндік жүйесі – әртүрлі органдар мен тканьдарда
орталық жүйке жүйесінде орналасқан ішкі секреция бездер жүйесі. Ағзаның реттеу 
жүйесінің ең бір маңызды бөлшегі болып табылады. Реттеу әсерін эндокриндік 
жүйе гормондар арқылы жүзеге асырады. Олар (гормондар) жоғары белсенділікке 
ие (өсу, даму, көбею, бейімделу, мінез-құлық сияқты ағзаның өсу процесін 
қамтамасыз етеді).
Ішкі секреция бездерінің ағзада орналасуы. 
 
Гипоталамус – гипоталамус 
Щитовидная железа – қалқанша без 
Надпочечники – бүйрекбез
Поджелудочная железа – ұйқы безі 
Яички – аталық безі 


17 
Эндокриндік жүйенің орталық үзбесі гипоталамус пен гипофиз болып табылады. 
Эндокриндік жүйенің перифериялық үзбесіқалқанша без, бүйрек безінің 
қабығы, сонымен қатар аналық без бен аталық без және ұйқы безінің b-
клеткалар аралығы. 
Эндокриндік жүйеде гипоталамо-гипофизарлық жүйе маңызды орын алады. 
Гипоталамус гипофизге ынталандыру немесе тежеу әсерін тигізеді. Гипофиз 
гормондары арқылы гипоталамус ішкі секрецияның перифериялық бездерінің 
қызметін реттейді. Мысалы, гипофиздің тиреотропты гормоны (ТТГ) тітіркенді 
делік, ал соңғысы өз кезегінде тиреоидты гормондардың безімен секрецияны 
тітіркендіреді. Осыған байланысты бірыңғай функционалды жүйе туралы айту 
керек: гипоталамус-гипофиз-қалқанша без, гипоталамус-гипофиз-ұйқы без, т.с.с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет