42
2. Тыныс жолдарының
жұқпалары - тұмау, қызылша, қызамық, туберкулез және т.б.
3. Қан жұқпалары – безгек, бөртпе сүзек, оба, сары ылаң және т.б.
4. Сыртқы қабат жұқпалары – қышыма, делбе (столбняк) және т.б.
Бұл аурулардың ортақ белгілері бар:
•
Температураның көтерілуі
•
Қалтырау
•
Дененің қалжырағандығы
•
Бас ауруы
•
Жөтел
•
Түшкіру
•
Мұрын ағу
•
Құсу
•
Сұйық нәжіс
•
Іштің ауыруы
•
Бөртпе
Бұл белгілердің барлығы аурудың белгілі бір кезеңінде білінеді.
Жұқпалы ауруларға келесідей
аурудың даму кезеңдері тән
:
•
Инкубациялық (жабық)
•
Бастапқы
•
Аурудың негізгі белгілерінің
біліну кезеңі
•
Аурудың белгілерінің басылуы кезеңі (сауығу)
Әр түрлі кезеңдердегі аурулардың өтуін толығырақ қарастырайық.
−
Инкубациялық немесе жабық кезең - жұқтырылған сәттен бастап алғашқы
белгілердің пайда болуына дейінгі уақыт, бірнеше сағаттардан бастап (тамақтан улануда)
бірнеше жылдарға дейін созылады (құтыру кезінде).
−
Бастапқы кезең әлсіздікпен, дімкәстікпен білінеді (қалтырау, температура,
жүрек айну, бас ауру), бірнеше тәулікке созылады және нақты бір ауруға көрсетілмейді.
−
Негізгі белгідердің біліну кезеңі деп аталу себебі –
тек сол ауруға сипатты
белгілер пайда болады. Бұл кезең егер адам ағзасы ауру қоздырғыштарымен күресе алса,
сауығып кетеді немесе басқа жағдайда қайтыс болады.
−
Ауру белгілерінің басылу кезеңі негізгі белгілердің жоғалуымен сипатталады.
Ағзаның ауру бұзған функциялары толық қалпына келтірілгеннен кейін ғана ағзаның
сауығу әрекеті басталады. Егер бұл жағдай орындалмаса, онда ағза толық сауықпаған
болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: