10. Шығармашылық тапсырма. Оқытушы жұқпалы ауру тараған жағдайдағы жеке бас қауіпсіздігі ережелерін
құрастыруды сұрайды.
Мүмкін болатын жауаптардың тізімі:
Азық-түлік тағамдарын жылумен өңдеу, ыдыс-аяқтарды тұрмыстық химия
препараттарымен жуып, жақсылап шаю керек;
Тамақ алдында және дәретханаға барып-келген соң қолды жуу;
Жеміс-жидектерді қайнаған сумен жуу;
Суық тиіп ауырған науқасқа жеке ыдыс-аяқ беру және оны залалсыздандырушы
ерітінділермен жуып тұру керек;
Медицина қызметкерлерінің иммунизация туралы ұсыныстарын уақтылы орындап
тұру қажет (екпе, анатоксин егу және т.б.);
Арнайы рұқсатнамасыз мекен-жайды тастап кетуге болмайды;
Мақта-дәкелік таңғыш тағып жүру;
Күн сайын мекемені залалсыздандырушы ерітінділермен тазалап тұру;
Қайнаған суды ғана ішу керек.
Қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерінің алдын алу шараларын жеке атап өтсек: Ауа. Үнемі желдетіп тұру режимін сақтаңыз. Оқу орындарында, тұрғын үйлерінде
ауаның кварцтануы болады.
Жабық мекемелердегі іс-шараларға баруды шектеңіз (цирк, кинотеатр, дискотека).
Жұқпаның нақты белгілері бар адамнан кем дегенде 1 метр қашықта болыңыз.
Топырақ.Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз. Жұмыстан кейін, көшедегі ойыннан соң,
дәретханадан шыққан соң, тамақтанар алдында үнемі қолыңызды жуыңыз.
Бұл өткір ішек сүзегінен, вирустық инфекциялардан, паразитті және жұқпалы тері
ауруларынан сақтанудың алтын ережесі. Су. Ішуге тек тексерілген су ғана жарамды. Ашық су қоймаларынан, бұлақтан және
құдықтардан су ішу санитарлық талаптарға сай емес және ішуге жарамсыз деп есептеледі.
Азық-түлік тағамдары.Азық-түліктің сақталу ережесі мен мерзімін қатаң сақтаңыз.
Сатып алған кезде сапа сертификатын талап етіңіз. Рұқсат етілмеген сауда орындарынан
азық-түлік алмаңыз.