«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


түрде осындай жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап



Pdf көрінісі
бет35/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   125
түрде осындай жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап 
шығыңыз. 
2. Айгүл мен Ермек бірнеше айдан бері кездесіп жүр. Олар 16 жаста. Олар бір-бірін 
жақсы көреді, келешекте үйленбекші. Ермек Айгүлге жыныстық қатынасты 
бастауды ұсынады. Айгүл неке тойына дейін аса жақындықты қаламайды. Ермек 
оны үгіттеуге тырысады: «Біз бәрібір үйленеміз ғой. Неге осыны қазір жасамасқа?». 
Ертең Ермектің туылған күні, Айгүл ол тағы өз айтқанын орындатпақшы болады деп 
ойлайды. 
5 минуттың ішінде бойжеткен не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған 
түрде осындай жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап 
шығыңыз. 
3. Әмина досының кешінде кідіріп қалады. Кеш болды, көліктер енді жүрмейді. Досы 
оның үйінде қалуды ұсынады. Ол ішімдік ішіп алғаннан, бара бара табанды бола 
бастайды. Ол Әминаны қорқыта бастайды. 
5 минуттың ішінде бойжеткен не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған 
түрде осындай жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап 
шығыңыз. 


39 
4. Сергей досының туылған күніне келді, көңілді көпшілік жиналды, бейтаныс жастар 
да көп екен. Жігіттердің біреуі Сергейге келіп есірткі ұсынды. Бұған дейін Сергей 
есірткі татып көрмеген. 
5 минуттың ішінде оның не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған түрде осындай 
жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап шығыңыз. 
Талқылап болғаннан кейін, топтарға нәтижелерді жинақтап және таныстыратын 
көшбасшы таңдап алуды ұсыныңыз. Оқытушы басқа топтардағы қатысушылардан 
жауаптарға түсініктемелер беріп, өз ұсыныстарын беруді сұрауына болады. 
Жаттығу соңында оқытушы қорытынды жасап, талқылауға мына сұрақтарды 
ұсынады: 

Қандай да бір жол таңдау неге байланысты? 

Таңдауға не әсер етуі мүмкін? 

Жағдайларға ең тиімді нұсқа қайсысы болады? 

Өзіңе ең қажетті деген шешімді қабылдау үшін не істеуге болады?

Бас тарту жағдайында қандай мінез-құлық жиі кездеседі? 
Оқытушы қауіп деңгейін шындыққа жататындай бағалау қажет екенін, жыныстық 
зорлықты болдырмауды, кез-келген жағдайда қырағылықты жоғалтпауға оқушылардың 
назарын аудартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет