«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


 «Жұқпалы аурулар, олардың белгілері және берілу жолдары» атты



Pdf көрінісі
бет38/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

5. «Жұқпалы аурулар, олардың белгілері және берілу жолдары» атты 
оқытушының мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін 
шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн. 
Жұқпалы ауру деген не? Бұл сұраққа жауап беруден алдын жұқпа түсінігіне анықтама 
берейік. 
Жұқпа – бұл ағзада жұқпалы ауруды дамытатын, бактерияларды тасымалдайтын 
және микроағзалардың өлуіне әкеліп соғатын ауру тарататын микроағзалардың ағзаға 
енуі мен көбеюі. 
Жұқпа дәлірек айтқанда, бұл аурулардың ерекше тобының негізіне жататын - жұқпалы 
аурулардың осы терминмен анықталатын процессі.
Жұқпалы аурулар – бұл анықталған, тірі қоздырғыштармен: ауру тарататын 
бактериялар, қарапайым саңырауқұлақтардан туындайтын және ауру ағзадан сау ағзаға 
берілетін, жаппай таралуға қабілетті ерекше аурудың тобы. 
Біз қоздырғыштар туралы не білеміз? 
Бактериялар – бұл таяқша (іш сүзегінің қоздырғышы), шар (стрептококтар, 
стафилококтар), ирек жіп тәріздес (спирилла), бүктелген таяқша сияқты (тырысқақ 
вибрион) формаларын иемденетін біржасушалы микроағзалар. 
Вирустар – электронды микроскоппен ғана көрінетін кішкентай бөліктер 
(саңырауқұлақша қоздырғыштары, табиғи шешек, қызылша, АИТВ-індеті). 
Саңырауқұлақшалар – микоздардың, таз ауруының қоздырғыштары және т.б. 
Сырқаттың зардабы, белгілері және нәтижесі көп жағдайда адамның ағзасына, 
оның физиологиялық ерекшеліктеріне, иммундық жүйесіне байланысты. Салауатты өмір 
салтын ұстанатын адамдар, жұқпалы аурулармен аз зақымданады және оны жеңіл 
қабылдайды. 
Кейде жұқпалар тез таралып, сау ағзаны зақымдайды, сонымен сол жердегі 
аурудың кемістігін арттыра түседі. Мұндай таралу эпидемия (індет) деп аталады.
Басқаша айтқанда, эпидемия - бұл әдеттегі ауру деңгейінен айтарлықтай басым 
түсетін және жұқпалардың ортақ көзімен байланысты, бір атаулы инфекциялық 
аурулардың жаппай таралуы. 
Бірнеше елді немесе құрлықты қамтитын эпидемия пандемия деп аталады.
Адамның негізгі жұқпалы ауруларының классификациясын қарастырайық.
4 түрі бар: 
1. Ішек жұқпасы – бұған вирусты А гепатиті, дизентерия, холера, ботулизм және т.б. 
жатады. 


42 
2. Тыныс жолдарының жұқпалары - тұмау, қызылша, қызамық, туберкулез және т.б.
3. Қан жұқпалары – безгек, бөртпе сүзек, оба, сары ылаң және т.б. 
4. Сыртқы қабат жұқпалары – қышыма, делбе (столбняк) және т.б.
Бұл аурулардың ортақ белгілері бар:

Температураның көтерілуі 

Қалтырау 

Дененің қалжырағандығы 

Бас ауруы 

Жөтел 

Түшкіру 

Мұрын ағу 

Құсу 

Сұйық нәжіс

Іштің ауыруы 

Бөртпе 
Бұл белгілердің барлығы аурудың белгілі бір кезеңінде білінеді.
Жұқпалы ауруларға келесідей аурудың даму кезеңдері тән

Инкубациялық (жабық) 

Бастапқы 

Аурудың негізгі белгілерінің біліну кезеңі 

Аурудың белгілерінің басылуы кезеңі (сауығу) 
Әр түрлі кезеңдердегі аурулардың өтуін толығырақ қарастырайық.

Инкубациялық немесе жабық кезең - жұқтырылған сәттен бастап алғашқы 
белгілердің пайда болуына дейінгі уақыт, бірнеше сағаттардан бастап (тамақтан улануда) 
бірнеше жылдарға дейін созылады (құтыру кезінде).

Бастапқы кезең әлсіздікпен, дімкәстікпен білінеді (қалтырау, температура, 
жүрек айну, бас ауру), бірнеше тәулікке созылады және нақты бір ауруға көрсетілмейді.

Негізгі белгідердің біліну кезеңі деп аталу себебі – тек сол ауруға сипатты 
белгілер пайда болады. Бұл кезең егер адам ағзасы ауру қоздырғыштарымен күресе алса, 
сауығып кетеді немесе басқа жағдайда қайтыс болады.

Ауру белгілерінің басылу кезеңі негізгі белгілердің жоғалуымен сипатталады. 
Ағзаның ауру бұзған функциялары толық қалпына келтірілгеннен кейін ғана ағзаның 
сауығу әрекеті басталады. Егер бұл жағдай орындалмаса, онда ағза толық сауықпаған 
болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет