39
4. Сергей досының туылған күніне келді, көңілді көпшілік жиналды, бейтаныс жастар
да көп екен. Жігіттердің біреуі Сергейге келіп есірткі ұсынды. Бұған дейін Сергей
есірткі татып көрмеген.
5 минуттың ішінде оның не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған түрде осындай
жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап шығыңыз.
Талқылап
болғаннан кейін, топтарға нәтижелерді жинақтап және таныстыратын
көшбасшы таңдап алуды ұсыныңыз. Оқытушы басқа
топтардағы қатысушылардан
жауаптарға түсініктемелер беріп, өз ұсыныстарын беруді сұрауына болады.
Жаттығу соңында оқытушы қорытынды жасап,
талқылауға мына сұрақтарды
ұсынады:
•
Қандай да бір жол таңдау неге байланысты?
•
Таңдауға не әсер етуі мүмкін?
•
Жағдайларға ең тиімді нұсқа қайсысы болады?
•
Өзіңе ең қажетті деген шешімді қабылдау үшін не істеуге болады?
•
Бас тарту жағдайында қандай мінез-құлық жиі кездеседі?
Оқытушы қауіп деңгейін шындыққа жататындай бағалау қажет екенін, жыныстық
зорлықты болдырмауды, кез-келген жағдайда қырағылықты
жоғалтпауға оқушылардың
назарын аудартады.
Достарыңызбен бөлісу: