«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет83/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

52. Топтық пікірсайыс. 
Оқытушы оқушылар талқылауы үшін бір жағдайды ұсынады. 
Қызы анасымен құпия бөлісті – оған сыныптасы ұнап қалыпты, ол да қызды 
ұнатады екен. Бүгін олар мектептен қайтқанда, бала оның портфелін үйге дейін көтеріп 
келіпті. Кешкі тамақ уақытында анасы бұл оқиғаны әкесі мен әжесіне айта бастады. Қыз 
қызарып кетіп, көзіне жас толып, басқа бөлмеге қаша жөнелді. Анасы сол уақытта 
артынан барып, не болғанын сұрады. Қызы оны құпиясын айтып қойғаны үшін айыптай 
бастады. Анасы қызынан кешірім сұрап, оны тыныштандырды да бірге бөлмеге қайтып 
оралды. 
Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді: 
- Анасыныкі неге дұрыс болмады? 
- Анасы қызының қандай құқығын бұзды? 
Жеке өмір деген не? 
Мектептегі жеке өмір туралы мысал келтіріңіздер. (мысалы, сенің портфелің, сенің 
заттарың және т.б.) 
Қорытынды: Жеке өмірге қол сұқпау құқығы бірнеше құқықтар жиынтығынан тұрады. 
Оны тастардың үйіндісімен салыстыруға болады – олар үлкен немесе кіші болуы мүмкін, 
олардың біразы бөлініп, біразы қосылып қалуы мүмкін. Бірақ адамды өмірінің қол 
сұғылмайтын бөліктеріне байланысты құқығынан айыру, тіпті қоғамдық қорғау үшін де 
еске түсіруге болады, егер тасты біртіндеп тасый берсе, тастардың үйіндісі де елеусіз 
жоғалып кетеді. 
Дербес өмірге қол сұқпаушылық жеке өмір сияқты отбасылық өмірді де еске түсіреді. 
Жеке өмірдің элементтері: бедел, стиль, тұрмыс салты, қажеттіліктер, бейімділіктер, 
әуестену және т.б. 
Отбасылық өмірдің элементтері: жұбайлық қарым-қатынас, отбасылық құқық, отбасылық 
міндеттер, отбасындағы тәртіп, балалармен қарым-қатынас, отбасылық дәстүрлер мен 
мерекелер. 
Осыған байланысты, дербес өмір – бұл адамның өзі қаламаса, ешкімді кіргізбеуі тиіс 
кеңістік. 


95 
53. Топтық жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды үш топқа бөліп, келесі жағдайларды талқылауды ұсынады. 
Бір қыз күнделік арнады. Бір күні ол күнделікті өткен күзде Астана қаласына барғандары 
туралы құрбы қыздарына оқып беру үшін сыныпқа алып келді. Күнделіктің бар екендігі 
байқаусызда тағы бір сыныптас қызы біліп қойды. Ол тағы бір қызды көндіріп, екеуі 
Сәния деп аталатын қыздың сөмкесінен жайлап ұрлап алды. Күнделіктің жоғалғандығы 
көп ұзамай байқалды, бірақ кімнің алғаны белгісіз. Басқа күні сабаққа келген Сәния екі 
сыныптас қызының бір партада отырып алып, құпия түрде бірдеме көріп отырғанын 
байқады. Кейін сыныптың барлығы жиналған соң, бір қыз қатты дауыспен мынаны 
хабарлады: барлығың тыңдаңдар, біздің Сәния түрі Джастин Биберге ұқсайтын тамаша 
математик ханзаданы армандайды екен. 
Сұрақтар: Бұл хат сізді қандай сезімге бөледі? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет