94
инфекция мен қан ағу қаупіне байланысты етеккір күндерінде де жыныстық қатынастан
бас тарта тұрған дұрыс.
Төсемелерді пайдаланып болғаннан кейін оларды өртеп жіберу керек немесе газетке орап
қоқыс шелекке тастау қажет. Мұны ұқыпты түрде істеу қажет. Интимді заттардың бөтен
адамдардың көзіне түсуі жағымсыз әсер етеді.
Іш киімнің сапасына көңіл бөлу керек, етеккір күндерінде және басқа уақытта да капрон
немесе нейлоннан жасалған іш киімдерді кимген жөн, бұл әсіресе суық, ылғалды күндері
зиян. Мақтадан жасалған, тоқылған іш киімдерді қолданған жөн.
Бойжеткенге етеккір күнтізбесін жүргізген дұрыс,
оған етеккір келген мерзімді, оның
ұзақтығын және қан ағу көлемі туралы (шамалы, көп, өте көп) деректерді енгізіп отыру
керек. Сонымен қатар, етеккірдегі ауырсынулар мен оның қарқындылығын да белгілеп
қойған жөн.
Етеккір аяқталған соң қыз жыныстық мүшесін күту ережелерін сақтап, күніне
екі рет
қолды жуып алған соң жылы сумен сабындап жуып отыру қажет. Іш киім күн сайын
ауыстырылып тұруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: