Вариативтік компонент Тақырыбы: «Денсаулық әліппесі»



бет3/33
Дата24.08.2023
өлшемі135,93 Kb.
#105553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Денсаулық әліппесі»
Тақырыбы: Денсаулық
Мақсаты:«Денсаулық» деген сөз – «денеңнің саулығы» деген мағынаны білдіреді.
Ендеше, «Денсаулық – зор байлық!» деп халқымыз айтқандай, оны ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір-біріне ең алдымен денсаулық тілейтінің себебі, міне осында.

Оқу қызметінің барысы:
Педогог балалардан ауырып тұрған (басы, тамағы) және дені сау, көңілді адамды бейнелеуді ұсынады.
-Сендерге қайсысы көбірек ұнады – ауырған адам ба, әлде денсаулығы мықты адам ба?
Ғалымдар қазір адамның ауырмай өмір сүруіне, денсаулығының мықты болуына, оны қорғауға қалай көмектесуге болатыны жөнінде ойлануда.
Валеология – денсаулық туралы арнайы ғылым.
Педогог «валеология» сөзінің құпиясын ашады. «Валео» - латынша «сау бол», ал «логос» - ғылым деген сөзден шыққан.
Валеология – денсаулық туралы ғылым, ол балаларды ақылды, көңілді, дені сау болып өсуге баулиды. Ең бастысы, ол ауырмай, салауатты өмір сүруге үйретеді.

-Су мен сабын – нағыз досың. Сен қолыңды сабындағанда на пайда болады?


-Қолымызда сабын көпіршігі пайда болды. Әр көпіршік қолымыздағы кірді кетіреді, ал су оларды жуады.
Практикалық әрекет.
-Қолды қалай тазалап жуу керек?
Қолымыздағы сабынды алып, оны сулап сабындаймыз. Сабынды орнына қойып, қолды уқалаймыз, сол кезде «сабын қолғабы» пайда болады. Таза сумен көпіршікті жуып кетіріп, қолымызды сүлгімен жақсылап сүртеміз.
Педогог балаларға қалай сабындап жуғанын,сүлгімен тазалап сүрткенін қимылмен көрсетуді ұсынады.
- Қорытынды:
Әр адамда жеке басының тазалығына арналған заттары болуы шарт: сүлгі, тіс щеткасы, тарақ, қолорамалы, т.б.
Балалар щеңберге жиналып, күлімдеп, бәрі бірге ғажайып сөздерді қайталап қоштасады.
Сау бол!

Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Денсаулық әліппесі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет