Вариативтік компонент Тақырыбы: «Денсаулық әліппесі»



бет5/33
Дата24.08.2023
өлшемі135,93 Kb.
#105553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Оқу қызметінің барысы:
Балалар екі-екіден тұрып, бір-бірінің арқасына массаж жасап, омыртқаларын саусақпен басып көру барысында өздері талдау жасайды.
Егер ұзақ отырсаң, арқаң талады.
Массаж қан жүгіртеді.
Балаларға осыдан соң «Омыртқа дегеніміз – адам ағзасының тірегі, денеге түскен салмақтың бәрін өзіне алады» деген түсінік беріледі.
Ортаға өз еркімен бір бала шығып, топқа омыртқасын көрсетеді, ал балалар оны суреттейді: «тік, түзу, омыртқа сызығы арқаның ортасымен өтеді».
Балалар Әліппе-дәптерде берілген суреттерді салыстырып, омыртқасы қисайған баланы көрсетеді.
Педогог балаларға омыртқаның қисаюы – сколиоз ауруына әкеп соқтыратынын түсіндіреді. Сколиоз ауруы туралы ерте жастан ата-аналарды, дәрігерлер баланың өз жүрісіне, дене бітіміне, омыртқа құрылымына көңіл бөлу керектігі туралы ескерті өте маңызды.
Денсаулығының мықты болсын десең, таңертеңгі дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен шұғылдан.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Педогог балалармен бірге омыртқаның негізгі көмекшісі табан екенін, оның жүріс кезінде үлкен рөл атқаратынын талқылайды.
Балалар суреттен дұрыс табан суретін және дәрігермен бірге қағазға бастыру арқылы алдын ала дайындаған өз табандарын салыстырып көреді.
Қорытынды:
Табан пішінінің бұзылуы «жалпақтабан» ауруына әкеп соқтырады. Бұндай ауруға жол бермес үшін Дәріген Салауат табанға арналған жаттығулар жасауды ұсынады.




Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Денсаулық әліппесі»
Тақырыбы: Тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар
Мақсаты: Педогог балаларға терең тыныс алып, тыныс шығаруды ұсынады. Адам өкпемен тыныс алады. Тыныс алған кезде өкпеге өмірге қажетті ауа барады.

Оқу қызметінің барысы:
Педогог балаларға жарғақ қапшық тарататып беріп, алдымен оған ауа үрлеуді, содан кейін ауаны сорып алуды ұсынады.
Ауаны жұтқан кезде, өкпе қапшық секілді кеңейеді, ауаны шығарғанда қалпына келеді.
Жұмбақ
Түсі бар көрінбейтін,
Біртұтас бөлінбейтін,
Тынысы ол тіршіліктің,
Ешқашан жерінбейтін. (Ауа)
Ауа мұрын, ауыз арқылы кіреді. Педогог балаларға мұрынды және ауыздарын жабуды ұсынады. Не байқалды?
Балалар өздерінің не сезінгендерін талқылайды.
Тәулік бойы адам ауаны жұтып, оны сыртқа шығарады, яғни тыныс алады. Адамдармен қатар жануарларда, өсімдіктер де ауамен тыныс алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет