Вариативтік компонент Тақырыбы: «Денсаулық әліппесі»


«Иісі арқылы анықта» ойыны



бет6/33
Дата24.08.2023
өлшемі135,93 Kb.
#105553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
«Иісі арқылы анықта» ойыны
Педогог балаларға көзін жұмып, жемісті иісін иіскету арқылы табуды ұсынады.
Адам мұрынмен тыныс алып қана қоймайды, иіс те сезеді. Мұрын – иіс сезу мүшесі.
Адам тыныс алған кезде шаң мен микроб мұрындағы шаш талшықтарына жабысып, залалсызданады. Егер адам ауызбен тыныс алса, ауа өкпеге тазармай түсіп, ауру шақырады.
Түшкіргенде, жөтелегенде міндетті түрде қолорамал пайдалану керек, ауа арқылы сау адамның өкпесіне микроб түсуі мүмкін.
Егер суық тигенде уақытында емделмесе, асқынып, құлақ, өкпе, жүректің ауыруы мүмкін. Ауырмас үшін шынығу қажет.
Қорытынды:
Мұрынды саусақпен, үшкір затпен шұқуға болмайды.
Мұрынға бөгде зат тығуға болмайды
Қатты сіңбіруге, мұрынды тартуға болмайды, бұл құлақ ауруына шалдықтыруы мүмкін.




Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Денсаулық әліппесі»
Тақырыбы: Күн тәртібі.
Мақсаты: Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту.
Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру.
Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту. Ұйқы күн тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінің қалыптастыру.


Оқу қызметінің барысы:
Қодарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педогог өзі бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, од өзіңе қайтып оралады» - деп педагог қорытынды жасайды.
-Таңертеңгелік жаттығу не үшін қажет?
-Омыртқаның қисаюы деген не?
-Омыртқа қисаймау үшін не істеу керек?
-Жалпақтабан дегеніміз не?
-Омыртқаны қисаюынан және жалпақтабандылықтан қандай жаттығу көмектеседі?
-Таңертең тұрған кезде не істейміз?
-Күндіз немен шұғылданамыз?
- Кешке немен шұғылданамыз?
-Түнде не істейміз?
Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан ол да өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтап, арнайы бір өмір салтына бейімделуі керек. Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады. Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі.
Балалар өздерінің көңіл күйлерін белгілейді.
-Күн тәртібін не үшін сақтау қажет?
Ұйқыға уақытында жатып, ерте ояну керек.
Тазалық ережелерін сақтау керек.
Уақытында тамақтану қажет.
Денсаулықта сақтау үшін күн тәртібін орындау қажет.
Қорытынды:
Сен ұйықтап жатқанда кәдімгі оқиға сияқты түс көресің. Шын мәнінде мұндай оқиға өмірде болмайды. Кейде түс қызықты, ал кейде қорқынышты болуы мүмкін. Түстен қорқудың қажеті жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет