Вариативтік компонент Тақырыбы: «Денсаулық әліппесі»



бет7/33
Дата24.08.2023
өлшемі135,93 Kb.
#105553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Денсаулық әліппесі»
Тақырыбы: «Бақыттымын»
Мақсаты: Күні бойы шаршаған адам денесі үшін ұйқы қолайлы жағдай туғызады. Оның ағзасы демалады. Түнде адам қозғалыста болады, яғни басын бұрады және қол-аяқтарын қозғалтады. Тіпті адам ұйықтап жатқаның өзінде денесі қозғалмауы мүмкін емес, жататын төсек орны аса жұмсақ та, қатты да болмауы керек. Қатты төсек бұлшықет пен сүйекке батады, сондықтан бұлшықет демалмайды, ал сүйектер ауырып қалады.


Оқу қызметінің барысы:
Күні бойы секіру, жүгіру, ойнау, сөйлесу, күлуден ағза шаршайды. Ал ұйықтағанда дене демалады, жаңа күш жинайды.
Адам бойын ұйқысыздық билесе, ол алаңғасыр, ұмытшақ болып, көңіл күйі нашарлап, басы ауырып, жұмысқа зауқы болмай, есте сақтау қабілеті төмендеп, тіпті кейде есінен танып та қалады. Ал егер өз уақытынан көп ұйықтаса да күні бойы көңілсіз, босаң күйде жүреді. Егер адам жақсы ұйықтаса, ұйқыдан тұрғанда көзі күлімдеп, көңіл күйі жоғарылап, өзін өте сергек сезінеді.
Кез келген адам үшін жас талғамайтын өмірлік қажеттілің. Жаңа туған нәресте тәулігіне 22 сағатқа дейін, ал ересек адам орта мөлшермен 8 сағатты ұйқымен өткізеді екен. Ересек адам балаларға қарағанда едәуір аз ұйықтайды. Ұйқы-күн тәртібінің құрамды бөлігі.
Педогог балалардың ұйықтар алдында жеке бастың тазалық ережелерін сақтау: жуыну, тісін тазалау, сонымен қатар ойыншықтары мен кітаптарын жинау керектігін айтып, әңгіме жүргізеді.


Сергіту сәті.
Ұйқыдан оянып, асығып тез тұрма.
Ке-рі-ліп, бойыңды жаз, анаңа күлкі сыйла!
Терезе-есікті ашқанда,
Үйіңді, бөлмеңді толтырсын таза ауа!
Қортынды.
Ұйқы – адам өміріне аса қажет, ұйқысыз өмір сүру мүмкін емес.
Барлық балалар мен үлкендер күн тәртібін сақтағандары жөн.
Адам – табиғаттың бір бөлігі, ол табиғатты сүюге, қорғауға, қамқорлық жасай білуге міндетті.
Балалар шеңбер құрып, бір-біріне күлімсіреп қарап, жақсылық, денсаулық тілейді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет