|
367
Тәкаппарсып бұлқынбайды,
Сөйлесуге кезіккенде.
Ж ы л ы жүзбен құп тыңдайды,
Сыршыл өзі — нәзік пенде.
Б ір а қ өзі сырға берік,
Өз бетінше үн қатпайды.
Өмірінен дерек теріп,
Сұрағанды үнатпайды.
Қ ал ар едің сен құмартып,
Бетіндегі шұңғыл меңге.
Б а л а қыздай ішін тартып,
Сықылықтап шын күлгенде.
Құрбыларын шенеп сөйлеп,
Күліп қатты, қызған топта.
Киіп ерсі ш олақ кейлек,
Ш олтаңдаған қыздар ж оқ па?
Қоңыр да емес өзгелердей,
Мұның жүзі аққұбаша.
Сызылады сөзге келмей,
Сездірмейді, жақтырмаса.
Болса мейлі әйел езі,
Назды бірақ ол қыздардан.
Қазір тіпті жайнар кезі,
Асқан ж а ң а отыздардан...
Саған сырын айтар бәлкім,
Тумасы ғой маң даланың.
Ж а р ы қайда? Неге салқын?
Білмей соны таң қаламын.
Өкінішпен қ а т қ а ғ ж ан ба?
Аузы күйіп арамзадан?
368
Өзін ж а р ғ а сақтаған ба.—
Не, майданнан оралмаған?
Әлде жары болды ма опат,
Қайғылы ма күйігінен?
Сөнгені ме сол махаббат,
Шешіледі түйін кімнен?
Үміткердей баққа дайын,
Не ақым бар өткенінде?
Қелді мұнда, айтқандайын,
Айша ж азды ң көктемінде.
Ж а й емес ол, білімпаз жан,
М аған орай мақсаты да.
Нәр іздейтін құм мен саздан,
Аспаптар көп а қ шатырда.
Ол шығады таңсәріде,
Еңістерге жапа-ж алғы з.
Үмытқан ж ан кеңсені де,
Құзыры тек — сар жапан дүз.
Жүгіреді әр төбеге,
Уыстайды топырағын.
Басын шайқап әлденеге,
Қейде ұ за қ отырады.
Әлде сорға, әлде баққа,
Осынау әйел келді бізге?
Мінді тағып әр бұйратқа,
Жүгіреді желді дүзде.
Қеліп кейде егістікке,
Мені тіпті мұңайтады.
«Мынадан мол жеміс күтпе,
Бұл қуаң жер, құмайттағы».
13 Ң. Еекхожин, I I т.
369
«Өңі тозған мына дүзді,
Өңдесе ғой мннералмен».
Сөйлегенде мінеп бізді,
Д әлел таппай қиналам мен.
Ж ер сиқырын баяндаған,
Картасы бар, айна сынды.
Сол сырлары аян маған,
Дәлелдері ойға сіңді.
З а я бейнет, қүр қиялың,
Топыраққа телміргенің.
Шын қадірін химияның,
Е м —дәріге тең білмедім.
«Шіркін мынау шаң дүзіме,
Көлкітсе ғой нөсерді көп.
Сонда қалың дән тізіле,
Көк құрақтай өсер гулеп.
Тамшы тамбай, табынамыз,
•
Кейбір ж а з д а қарап кекке.
Дәрменсіздей тарыламыз,
Кетсе солай талап текке...
Ех, шіркін, сол, космонавтар,
Ж аңбыр бұлтын қуа келсе,
Кеңдігін де аспан ақтар,
Ж ерге нұрын құя берсе.
Әзілім ғой, көкте нем бар?
Әлекпін ғой жер ісімен,
Сусын келмей, бұл тебең зар,
Аққан анау Ертісіңнен.
Б ір а қ мұндай сыр қ аж ет пе?
Ақын құмар Айшаларға.
370
Ж ы р л а соны, казір жет те,
Толғана жүр, жайш а барма!
Өлең-жырдың ол бөбегі,
Сырлары бар біз үқпаған.
Тыңда жаның тербеледі,
Тың аңыздай қызық саған.
Бейуақытта, күңгірт кешке,
Б арады да «Терең сорға»,
Көз тіккендей бір елеске,
Отырғанын көрем сонда.
Қарайды да сол көлшікке,
Күрсінеді Айша неге?
Сүйіктісі сор кешіп пе?
Сол қайғысын жайш а деме!
Менде жыр жоқ, мен эшейін,
Ж ер тырпағыш түрен сынды...
Айша айтса, түнге шейін,
Тыңдар едің терең сырды.
Өскен екен қныр ж а қт а,
Келген шығар қимай елді.
Әлдекімге бұйырмақ па,
Қарындасың, бндай өңді?
Әлдекімге кім қияды?
Қелем соған шатырдағы,
Ж ы р етсін деп химняны,
Қос басына шақырғалы...
13*
«Терең сор» сыры
1
Тып-тыныш кеш, жел жусап,
Көл толқынын жиырды.
Жерлестерім ән шырқап,
Ж а р қ а б а қ қ а жиылды.
Жіктемессің айырып,
Бәрі бірдей көрікті.
Ш ашын келте қайырып,
Тракторшы келіпгі.
Қарасаң бір саңлақ,
Сылаң қа қ қ а н сауыншы,
Күміс қоңырау саңғырап,
Ш ыққанда наз дауысы.
Отыр алда балташы,
Қүрылыстың шебері.
Қандай әсем, байқашы,
Тас ұйлердің бедері?!
Бірі келген Тамбовтан,
Бірі таулы Оралдан.
Жиналыпты жан-жақтан,
Туыстарым оралған.
Келіпті мал басынан,
Ж әкең қар г та жиынға,
Өтіп талай асудан,
Жүрген басқа қиырда.
Отыр талай көшкендер,
Бұрын құтсыз қоныстан.
372
Ш артарапта өскендер,
Көп жұлдыздай тоғысқан.
Солар үшін жырымды,
Отырмын мен күбірлеп.
Күй сыбырлап бұрынғы,
Өрлеп ж а ң а дүбір кеп.
Сергей қайда қарады,
Ж ұртты мұнда шақырған?
Кұліп еді қабағы,
Айша шықты шатырдан.
— Жігіттер, тез тыныңдар,
Д амылдасы н қыр-қия.
Сендерге тың сыры бар,
Келе жатыр — химия.
Ол да жердің сіңілісі,
Аты — Айша біліңдер.
Тыңдағы бұл тың кісі,
Бауыр тартар бұлың бел.
Ш ашу етіп алдынан,
Кыр моншағын жайса да,
Мынау дәндер шалқыған,
Кем көрікді Айшаға.
Сонша молға дәмелі
Айтар өзі дәлелін .
Таныстырсын әуелі
Ақынға сөз беремін...
2
Дәнсіз онда боз белім,
Дүзге бұзау бағамын.
373
Онда мен де өзгемін,
Зыр
жүгірген баламын.
Сор басында шағын жұрт,
М алдары да азғана.
Т артқан бәрін сар үміт;
Иен мекен, жаз, дала.
Ауыл деген атағы,
Ж инал ғандар әр жерден.
Әр қаланың жатағы,
Әр кәсіппен әлденген.
Онда соны білдім бе?
«Терең сорға» мәз едім.
ЬІрыс бардай түгінде,
Ж а й р а ң д аға н ж аз елім.
Бағып малын, ж алаңдап,
Ж ерден тағы дәметті.
Ж о саланды алаң жақ,
Серік ағай дән екті.
Бәсеке ғой бәрі де,
Бұрқыратты шаңдақты.
Кестелі жер керіле,
Әдіптеді жан-жақты.
Сол ж а з менің жадымда,
Аулымыз дән өсірген,
Ж елге, күнге, жалынға,
Кетті зая несібем...
Өктеді жел мамырда,
Құйындады топырақ.
Асыр болды дауылға,
Дән себілген атырап.
374
Серік ағай әбігер,
Ж е р ісіне белсенген.
«Ақтамай ма кәрі жер,
Бейнетін де ел сенген?»
Ж а с анасы емізген,
Айша онда нәресте...
«Ақ бөпешім» дегізген,
Сәби қалпы әлі есте.
Әкесін сол кездегі
Кеюсіз бір көрмедік.
Айша бірақ сезбеді,
Бесігінде тербеліп.
Қ арап сонау егіске,
Қ а р а бұлттай түнерді.
Құйын тулап еңісте,
Д ән себілген құм ерді...
«Терең сордан» осындай,
Басталды бір ж а з алды.
Тамшы ж о қ көз жасындай,
Аспан неге сазарды?
* * *
...Қектімін сол шілдеге,
Баяны да бар ұзақ.
Алау тиіп сүлдеме,
Аптап еді аңызақ.
Өртелді ме күн кезі,
Кірпіктері ұшқындап?
Түтеп көктің күмбезі,
Ж алы ндады түстік жақ.
375
Аспан қырдай қурылды,
Көрінбеді меңдей бұлт.
Қарғап өрттей қу күнді,
Сапырылды сеңдей жұрт.
Ж ұ р т құдайға бас ұрып,
Көкке қарап аңырды.
Серік ағай ашынып,
Сөкті тура тәңірді.
Кеуіп жердің таңдағы,
Солды бидай көктеген.
Түкірік нәр тамбады,
Тарылды бұл, көк неден?
Келді бір күн күрт індет,
Қойға тиді топалаң.
Ұшты сиыр дүркіндеп,
Бұтадай, тез отаған.
Кеткендей бір ж а л а п өрт,
Айналаны, алшақты.
Елге тиіп оба-дерт,
Талай жанды жамсатты...
Үмыттым ғой, көбін мен,
Б ір а қ сол күн есімде.
Найза төнді көгімнен,
Түс ауа, не, бесінде.
Қайы рды қ біз бұзауды,
Алыс қырдан асырға.
Қызық көрдім ұзауды,
Құрмаш болса қасымда.
Түсі қызыл, сүйір тік,
Көкте жүзген құйыршық.
376
О к ж ы ландай иріліп,
Атты кенет шиыршық.
Қарауытты булығып,
Сағым басқан сар алап.
Қызык көріп жүгірдік,
Санымызды сабалап.
Айналды тез дауылға,
Боратып күм құйынды.
Біздің момын ауылға,
Қ ара пәле түйілді.
Ауыл біткен у да шу,
Айғай шығып әр шеттен.
Құдайдан деп бұл ашу,
Ж албары нған, зар шеккен.
Иірілген зіл кара,
Басатындай еңсеңнен,
Болатындай зілзәлә,
Қиіз үйлер теңселген.
Жүгірдім мен үйіме,
Шошыдым да ойбайдан.
Шешем қақсап бүйірде,
Әкем мүлгіп кол жайған.
Үрейлендім үйімнен,
Ш айқалып тұр шаңырақ.
Уық біткен иілген, ,
Сынатындай қақырап.
Құрым түндік желпілдеп,
Д ауы л ұрған сабалап.
Қереғелер селкілдеп,
Саңғырады сағанак.
377
Қ ар а сұмдық астында,
Қалш ылдады ауыл тек.
Шын албасты басты ма,
Құтырды ма дауыл — көк?
Әкеден сәл ұрланып,
Ж а б ы қ т ан мен қарадым.
От құйрығы тұр жанып,
А йдаһардай қараның.
Уа ғаламат, уа құдай,
Қетті ме көк шатынап?
Әлгі қ ара бомбыдай,
Қөлге тұсті шатырлап!
Астан-кестен айнала,
Қөп лаш ықтар домалап,
Тұмандалды сай, дала,
Қ ара ж алы н қамалап.
Қелге қарай ұштым мен,
Көруге сол ойранды.
Бу бұрқылдап ұстінен,
Көл зығырдай қайнады.
Есі кеткен ж ұрт мұнда,
Азан-қазан, жүр жылап.
Ж о ға л ға н үн жұртында,
Тұрды Серік тұнжырап.
Асау аспан ашуын,
Бұрқап, оқтай құм атып,
Кетіпті қу лашығын,
«Терең сорға» құлатып.
Айша жатты шырылдап,
Үй жұртында, жөргекте.
378
Ана қайда? Сыр ұрлап,
Түнеріп тұр жер, көк те...
Ж елбауы на шырмалып,
Ш ықпай сорлы далаға,
Үймен дауыл бірге алып,
Сорға батты ана да...
Серік ағай жүгірді,
Шыр айналып көл басын.
Көлге қарап бүгілді,
Ж оғалты п ж ан жолдасын.
— Ауылымызды аунатқан,
Мынау сірә албасгы?!—
Деп гулесіп жан-жақтан,
Ж елді сөздер жалғасты.
Сөйледі Әбіш молдекең,
Кек сақалы селкілдеп.
«Күнәсі кеп бұл мекен,
Кеттің бәрің еркіндеп.
Құдай ж о қ деп есірді,
Ж а с та р әбдән бұзылды.
Серік бастап кесірді,
Ж осал ад ы дүзімді.
Одан-бұдан байыдың,
Зекетсіз мал ліиналды.
А ллаға көп айыбың,
Үмыттыңдар иманды...
Бұлттай кезген аспанды,
Болатын бір мұғаллақ,
«Терең сорға» тасталды,
Құдай соны бұғаулап.
379
Айдаһардай басы бар,
Ж а л м а р әлі талайды.
Бұл қоныстан қашыңдар,
Қанды көлі қарайды.
Құрмалдығын беріңдер,
Сауап тілеп тәңірден.
Қетем, маған еріңдер,
Құтсыз мынау еңірден!»
* * *
Серік ағай бір ғана,
Тәңірге бас имеген.
Мынау Сордай сұрлана,
Қарап көлге күйреген.
Айналды д а бірнеше
Іздеп Сордан жұбайын,
Қесір көкпен тілдесе,
Қоса тілдеп құдайын,
Қете барды бейуақта,
Алып қолға бөбегін.
Қетті содан қай ж а қ қ а ,
Естімедік бебеуін.
Сұмдық деген сез өктеп,
Қарсы шықты бұған кім?
Сөйлеген тек безектеп,
Біздің Уақит мұғалім.
Оның сөзін тыңдай ма,
Үрейлі жұрт, үріккен.
Не ж а зд ы қ деп құдайға?
Қ арап көкке күдікпен.
380
Пәле төніп аулыма,
Түкпірдегі керең сол,
Әр тар апқа ауды да,
Қарай қалды «Терең сор»...
3
Абыржыды қалың жас,
Қарап көлге, Айшаға.
Сөз бастады қарындас,
Қөлге мұңын жайса да.
Өткенді көп қумады,
Өткенін көп қозғама!
Айтты езі туралы,
Үзақ емес, азғана.
Тағдырын сол бұрынғы,
Мен де келте қайырам.
Құтқарып тез жырымды,
Сүрдей қатқан қайғыдан...
Сонау шетте ш арқ үрып,
Күйін ж а ң а түзеткен.
Әке бір күн алқынып,
Қайтыс бопты сүзектен.
Қалды қызы бестегі,
Бөтен ана бақты ма?
Айша еркін өспеді,
Сор жетімдік батты да.
Қызды солай шет қалған,
Максим көрші аяды.
Жетімекке детдомнан,
Тапты ж'ылы аяны.
381
Өсті Айша, сол пана
Бесігіндей тербетіп.
Қуды жылды қыз бала,
Қөк шынардай ер жетіп.
Болды жылы мекені,
Сібірдегі зор қала.
Мектеп — өмір жетегі,
Оқу — арман, сол ғана.
Қызық жылдар ВУЗ-дагы,
Өтті қызық көктемдей.
Құлаш ұрды қыз-дағы,
Оқу — терең өткелдей.
Ұстаздары баулыған,
Тең болыпты әкеге.
Үшырыпты баурынан,
Ғылымдық бір мекеме.
Өзі тілеп Сібірден,
Қелді мынау мекенге.
Б ір ақ өткен сырын мен,
Түгел баян етем бе?
Бар шығар бір мұңы да,
Бар да шығар арманы.
Толқын сынды ғұмырда,
Аттай ма дәл арнаны.
Ж ы рдай ма бір тізбегі,
Өмірдің көп ырғағы.
Қінәлі ме қыз тегі,
Алданыстың құрбапы.
Сол ма шіркеу бетіне,
Қім белгілер күйемен?
382
Мейлі соған бекіне,
Айрылысыпты күйеуден.
Сырласканда мен кеше,
«Адасыппын» деп калды.
Айыпты кім ендеше?
Дегенімде тоқталды.
Сынап оны кінәлап,
Өкінішке жүзбеді.
Кей әйелше сыналап,
Қылмысты да тізбеді.
Әлде қозғау ауыр ма?
Ж үректегі жараны?
Ж о қ па сірә дауы да,
Түйілмеді қабағы.
Сонысын мен ашпадым,
Алдымдағы жиынға,
Оймен шолып аспанын,
Ол қарагі тұр қиырға.
Ол сөйлеп тұр ж а ға д а,
Айналанын тың бәрі.
Дәндер жусап далада,
Жерлестерім тыңдады.
«Мені желі тербеген,
Бесігімде, құндакта,
Туған мынау кер белең,
Шақырды ма бұл ж а ққа ?
Әйтеуір мен құмармын,
Құмына да, көгіне.
Білмей қайтып тынармын,
Анашымның кегіне?
383
Әлде көктен тасталған,
Метеор ма, жасын ба?
Ж айды тартқан аспаннан,
Кел де сірә, асыл ма?
Ж ұ м б а қ сынды сор бейне,
Б ір ақ бұл ма, мәселе?
Кызық па сол Сергейге,
Сортаңға дән өсе ме?
Еміренбес қыр-қия,
Еңістерін тілгенмен.
Тыңдаңыздар химия,
Не тілейді Тың белден?»
Сейлеп кетті осылай,
Әр белге ой жүгіртіп,
Басқан
ізге қосылмай,
Өзінше бір тың жыртып.
Айдай ж айнап ж ағад а,
Айша тұрды күлімдеп.
Айтылған сыр бағана,
Келді маған күбірлеп.
Құтсыз қоныс керең сол,
Ауған ауыл, бәрі есте:
Ж ай д ы ж ұтқан «Терең сор»,
Ж ы лап ж а тқ ан нәресте...
Д ән жорығы
Ойларымды жусатып,
Шықтым ерте дең аса.
Көк теңізге ұқсатып,
Ж үздім қырды оңаша.
384
Қандай ғажап маңайым,
Толқын түсті торғындай.
Түнық жырмен бағайын,
Толықсысын тор бидай.
М аң төбенің астында,
Мотор күйі шертілді.
Дүркіндеген тасқын ба?
Сол күй алды еркімді.
Үкілі бас дәндерім,
Билегенше орақпен,—
Қелбетіңе кең жерім,
Қуанамын қарап мен.
Көркіңнен жыр іздедім,
Дән самалын аңсадым.
Керілсінші Қызбелім,
Мөлдіретіп моншағын.
Дүзді жеке кезуді,
Қаладым мен таңертең.
Ж етектёді өзімді,
Ж ы рым менің, ж ан еркем.
Комбайн жүр кемеше,
Селді жарып аққандай:
Тап алдымнан жел есе,
Қауыз үшты ақ қардай.
Желбіреп ақ шәлісі,
Рульде қыз қасқиған.
Қомбайнның шалғысы,
Үстарадай шаш қиған.
Сусылдайды маржандай,
Күймедегі алтын дән.
385
Мұрынымды жарғандай.
Нанның исі аңқыған.
Әулие нан, ғазиз нан!
Сені күнге теңер ем,
Ж а т с а жерде ж алғы з дән,
Бас иіп мен терер ем!
Сенде өмір нәрі бар,
Сәулесі бар күннің де.
Туысымның тері бар,
Иісі бар гүлдің де.
Молшылықтың қорындай,
Отаныма сый — дәнім,—
Деп қалған бір орылмай,
М асақты мен сипадым.
Тұрдым солай. Сол бір кез,
Айғай шықты артымнан.
«— Ей тоқта сен, бұрыл тез
Қисық басқан антүрған.—
Сергей екен ашулы,
Даусы шықты жаңғырып:
— Қырса солай шашыңды,
Шекеңде ж а л қалдырып.
Сокырмысың, мұның не?
Ж ерге шашып моншақты?
Ендеше жұл қолыңмен,
Мына қалған масақты.
Үста тура бетіңді,
Ж ерге бір дән қалғызба!»-
Деп Сергейім зекіді,
Қомбайншы сары қызға,
386
Қандай
қыз бұл мүләйім,
Үятын да аңдадым.
Үнсіз ғана мұңайып,
Ж ұл д ы қалған дән жалын.
— Ж айш ы лы қта ж ұ м с ақ ең,
Досым неге түйілдің?
Қыз бала ғой, мұнша сен,
Неге қатты бұйырдың?
— Қайтер ең сен, шашылса,
Әр төбеге несібең?
Аяққа дән басылса,
Ақ теріңмен өсірген?
Сонау қырдан келдім мен,
Терге батып ақсаңдап.
М асақтар көп селдиген,
Орған белде, ақ таңдақ.
Ж а қ с ы ғой ж ай сөзіңді,
Осы қызың ескерсе.
Тапсырмаға төзімді,
Тәртіп керек әскерше.
Сергей сорып шылымын,
Егіндікке қарады.
Азсынды ма шығымын,
Түйілгендей қабағы.
Сергей басын шайқады,
Әлденеге күрсініп.
— Айша не деп айтады,
Соған сағым тұр сынып.
Топырағының нәрі көп,
Құнарлы бел деп едім,
387
Тыңайтпай-ақ дәрілеп,
Дәнге мұны бөледім.
Табалайды бұл үшін,
Айша тағы білемін.
Үмітімнің бұрысын,
Аян етті бұл егін.
«Берері мол жер екен,
Бабын неге таппадың?
Болсын қайдан берекең,
Топырағын бақпадың».
Айша солай мінеді,
Ж ұ р т көзінше әлгінде,
Аямады, жүрегі
М ұқатуға әлді ме?
Қазір тағы келер де,
Дәнді көрер уыстагі,
Сөзін нықтап дәлелге,
Дәмесі бар ұрыспақ.
Ойладым ба өткенде,
Химияның мол емін?
Мәз болып дән сепкенге,
Қеңейттім ғой көлемін.
Өкпелі жер өзінше,
Сыйға қарай сыбаға.
Айшаның тек көзінше,
Бұл мінімді сынама.
Мінегенге мәз Айша,
Дей ме мені бас ұрсын.
Менің парқым азайса,
Өз мерейін асырсын.
388
Ұмытты ма туысың,
Айтшы соны Айшаға:
«Махаббатсыз тұл ісің,
Кұн шуағын жайса да»,—
Деген екен бір ақын,
Шықты ма сол есінен.
Жүрегімді бұратын,
Сондай сөзге шешілем...»
Басталған сол әзілмен,
Дөңнен төмен аттадық.'
Сергей солай сезілген,
Сырын саяз ақтарып.
Алдымыздан, ақ қырдан,
Айғай шықты — Сергейлеп!
Айша екен шақырған,
Шеттен қолын сермей кеп.
— Тағы да дау басталды,
Шақырыгі тұр шаңдаққа.
Бұзып біздің жоспарды,
Күздік ж ы ргпақ сол ж а қка .
Химияның әмірі,
Құдіретті десе де,
Солған мәңгі тамыры,
Т улаққа дән есе ме?
Ырзамын ғой дәлелге,
Айтса болды жөнімен.
Менікі жөн дегенге,
Үнсіз қалай жеңілем?
Д а у не керек жыршыға?
Ж елдірте бер өлеңді.
389
Ж ібер мені бұл сынға,—
Деп Сергейім жөнелді...
%
%
Өзім жеке тербелдім,
Көтерілген еңсеммен.
Көк теңізге тең көрдім,
Көгі бидайды теңселген.
Крейсердей жузіп жүр,
Комбайндар жайсаңда,
Сен де жырым қызып бір
Қанатыңды жай, самға!
Өлшемедім өлеңмен,
Мөлдір дәннің мөлшерін.
Өзім туган белеңнен,
Өр сенімді елшедім.
Емеспін ғой санақшы,
Бидай басын қаттаған.
Ж ы ры м а кеп сарапшы —
Содан қалай ақталам?
Қиын ғой жыр асуы,
Қиялап көп жығылдым.
Қыраулап бұл басымды,
Құзға неге жүгірдім?
Тракторшы болсамшы,
Күйді шерткен темірмен?
Не қой бағып қалсамшы,
Ж айлауы ны ң төрі кең?
Сөзді бақтым, жыр еттім
Кінә менің өзімде.
390
Лүпілдерін жүректің,
Жауаптымын сезуге.
Ойлап
соны жөнедім,
Сарша қыздың ізімен. «.
Ерді бірге өлеңім,
Дән секілді тізілген.
Қарамаппын кәгіме,
Кәкжиекке сүйенген.
Ашық кәкті тегінде,
Ақ пейілдей сүйем мен.
Әлгінде күн шагыл да,
Шілдедей сол баяғы.
Егін сүңгіп сағымға,
Кең аспандай аялы.
Бүзау баққан белесім,
Толықсып түр бидайға.
Сонау кездің елесін,
Ескересің мүндайда.
Ескі мола белгі де,
Осы белді асқанда,
Өткен еске келді де,
Қ арай қалдым аспанға.
Кенет кәкті жапты бүлт,
Шөлдеді ме күн сірә?
Ж ел де соқты аптығып,
Ж ер мен көкті қусыра.
«Терең сордың» сыртынан,
Ж а р к етті тез нажағай.
Сүлу және сыры таң,
Табиғаттың ғажабы-ай!
391
Ж ауы п ра қа т өзіме,
Құйындап тез өте көр!
Елестеді көзіме,
Баяғы сол метеор.
Кұн еді тап осындай,
Қуарған дүз, осы маң.
Көктен түскен тосын жай,
Дүркіреп жұрт шошыған.
Қазір құтты мекенге,
Күлімдейді күн, ай да.
Қазір кәрі Ж әкең де,
Еңкеймейді құдайға.
Айдаһар ж о қ көгімде,
Ж о қ жүзімде қорқыныш.
Күркіре көк, керілме,
Ж ы р тыңдасын жер тыныш!
Төк нұрыңды себеле,
Ж олам асы н шаң қырға.
Ж ұпары на кенеле,
Кеуде тостым жаңбырға.
Суға шылқып келіп ем,
Шомылсын деп кәрі жүз,
Алдымда тұр кейіген,
Комбайншы сары қыз.
«— Білмей көктің болжауын,
Бастатқан кім орақты?
Ж а у ғой бізге бұл жауын,
Дүркін істі таратты.
Тілегенде тамбады,
Қ ара енді бүлігін.
392
Шірітпек қой жондағы
Бидайымның бұрымын.
Зерттесейші әуені,
Осы жерде бір- кісі.
Әлденеге әуейі,
Бізге келген білгіші.
Сергей әуре күн ұзак,
Әйелменен әлгі бір.
Кетті екеуі тым ұзап,
Мұнда иесіз қалды қыр.
Ж а у ы н міне, селдеді,
Д оғары лды комбайн,
Машинасы келмеді,
Су болуға дән дайын.
Ұрысуды біледі,
М аған бейне балаша.
Сынаса да күледі,
Айша тура қараса»,—
Деп тарылды сарша қыз,
Күндеуі ме, өші ме?
Сыр білсек те қанша біз,
Ш абанбыз ғой шешімге.
Ойламадым қыз назын,
Ж аңбы р үшін ұялдым.
Ж аңбы р іздеп қызғаным,
Қиянаты қиялдың.
Сулана ма мынау дән,
Егін за л ал тарта ма?
Мезгілсіз сел бүл жауған,
Ж аусайш ы тек арқама.
393
Ал Сергей ше? Ол зәуде,
Д а у айтып тұр Айшаға.
Қыздың сөзін болж ау де,
Қызғанса да қаншама.
Ойлап соны көз тіктім,
Солар жүрген шаңдаққа.
(Қадалыпты қыз тіпті,
Қарш ығадай сол ж аққа.)
Ұялып ем жауыннан,
Енді араға түс ақтап.
Сергейім жүр дау қуған,
Айшамызды құшақтап.
Алғыс айтар ер жігіт,
Қыз ж аураса несерге.
Қ ұш аққа енер өр үміт,
Қыз қары сқақ десең де.
Сәті ме бір сондайдың,
Айырмадым сонысын.
Достықтарын қолдаймын,
Сүйінемін сол үшін.
Қөріп соны сары қызым,
Сұрланды да бұлтиды.
Қызғаныштан бар ма ызың,
Бетке неге бұлт үйді?
Мейлі шешер ездері,
Шын махаббат дарысын.
Осынау шұғыл кездегі,
Толғандым мен дән үшін.
|
|
|