Ватдпуды,, I! ҚАлижан бекхожин вибяйЗ?й



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата08.01.2017
өлшемі6,23 Mb.
#1394
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

342

Алды  бір  мереке  ғой,

Осындайда,

Әзілдің  шертілетін  сырнайлары.



Тұлпарға  үйір  келер  ат  болар  тай,

Тай  едім  жыр  соңында  аттаған  жай. 

Н азары   ауды  маған.

Қуандым  мен, 

Ежелгі  үмітімді  ақтағандай.

— Ұлымын  сізге  мәлім  Нұрғожаның, 

А зы рақ  әкемшілеп  жыр  жазамын. 

Ж ы ры м   бар  сұңқар  жайлы...

Үяламын,

Оқуға  олқы  ма  деп  сыр —  ажарын.

— Ж ы р   болса  оқы,  бала,  абдырама! 

Мұндайда  шіркін  сабыр  таптыра  ма? 

Шынымен  қысылдым  мен.

Тай  қадамын, 

Арғымақ  менсіне  ме,  ж ақты р а  ма?

Қызарып  кетті  білем  құлақ-шекем, 

Уа  қандай  қиын  сынақ,  ауыр  сәт  ең?! 



Б о зд ақ  жыр,  еске  сақта!

Бұл  сағатты,

Алдымда  отыр  ұстаз —

ақын  Сәкен...

Арнап  ем  өзімізге  бұл  дастанды,

— Оқи  бер!

Сонда  былай  жыр  басталды...

3 4 3


III

...Дауыл  күз...

Теңіздей  көк  буырқанған,

Сұр  бұлт,  ақ  көбігін  бүркіп  ауған. 

Аспанның  селебесі  ж а р қ   еткенде, 

Саңқылдап  сұңқар  ұшты  бұлғыр  таудап.

Бұлттардың  бұлан-талан  әлегінде, 

Толқындай  топырласқан  бәле  мүлде. 

Құзғындар,  қарақұстар  майдан  құрған, 

Құстардың  еркін  ж айсаң  әлемінде.

Л ашындар,  бозторғайлар  шырылдаған, 

Алапат  аспан  асты  сүргін  ғалам. 

Шыңынан  Қөкшетаудың  қан  сорғалап, 

' 

Киядан  балапандар  құлдыраған,

Көк  дауыл  соқты  қатты,  құз  құлар  ма? 

Айналды  найза  тастар

мұзды  қарға.

Қанаты  наж ағайдай  қызыл  сұңқар, 

Шүйіліп  шыға  келді  құзғындарға.

Керемет  тегеурін  бар  топшысында,

Сондай  күш  болған  емес  көк  құсында. 

Қарпып  тез,  қасқырға  тең  қияқтыны, 

Қиядан  домалатып  атты  суға.

Құрсаулы  қа м ал д а й   кек  қара  тұман, 

Сайысқан  сұр  тұмсықтар  қанаты  қан, 

Сұңқарды  қ а м ал а д ы   қым-қияда,

Мұз  қатып  кірпігінен  қар  атылған.

Қылыштай  ақ  қанатын  сермеді  де, 

Талайын  сұңқар  қысты  шеңгеліне.

3 4 4


Құлады  қанды  ауыздар  Бурабайға, 

Тулады  толқын  сыймай  шеңберіне.

Қайнады  құс  майданы  қиын  шыңда, 

Қияқтар  оңайлықпен  қиылсын  ба? 

Топшысы  ж а р а л ан ға н   сұңқарымды, 

Қоршады  сұмдар  таудың  қуысында.

Қапыда  түсті  сері  темір  торға,

Сұр  жендет  құзғын  отыр  қорып  сонда. 

Сыңсыды  аққу-қазбен  көліндегі, 

Қөкшетау  —  сұңқарларға  төркін  орда.

Ж оқтады   сол  сұңқарды  бұлбұлдары, 

Ащы  еді  торғайдың  да  мұңлы  зары. 

Қенеттен  қызыл  тудай  күн  жарқырап, 

Қ ара  бұлт  ғайып  болды  жылжып  әрі.

Ж айнад ы   көк  те,  шың  да,

ш алқар  сай  да, 

Шырқайтын  сонау  көкке  сұңқар  қайда? 

Тағы  да  зарлы  бұлбұл,

шула  құстар, 

Қас-қыран  сұңқарымды  құтқармай  ма?

IV

Бітті  жыр.



Тер  жосыды  маңдайымнан, 

Терелік  болар  екен  қандай  бұған? 

Алдында

Ж а с   баладай  жаутаңдадым, 



Өлеңге,

Сол  кісіге  бардай  кінәм.

Ол  тұрды.

Ойға  сірә  батты  білем,

Алыста  Алатау  тұр  көк  тіреген.

3 4 5


Ұшты  ма  қанаттылар

Құздан  сонау,

Тоятты  алғыс  көзі  тапты  неден?

Білдім  бе,  не  керемет  тұр  есінде?

Тайғақ  жол,  тар  өткелдің  күресі  ме? 

Қөзіне  көрінді  ме,

Сұңқар  сынды,

Түскені  тан  жауының  түрмесіне.

Айналып  Алатаудан  ол  қарады,

А зырақ  сүстанғандай  өр  қабағы.

Қиялын  қозғады  ма,

Әлде,  әлгі 

Сұңқарды  құзғындардың  торлағаны.

«Сұңқарды  лайы қ  емес  бұлай  жырлау, 

Ж ырыңның  бейнелері  буалдырлау. 

Жігітім,  қанж ар  болсын  албырт  жырың, 

Үзіілсін  көк  еркесін  буған  бұғау.

Өрен  жыр  өзегіңнен  тусын  кекке,— 

Сұңқарды  шығар  тордан,

Мүскін  етпе. 

Ақындай  сері  құс  қой  Сұңқар  шіркін, 

Ш арықтат.

Еркін  өзі  жүрсін  көкте!

Өлеңде  өлім  —  қайғы  үн  қатпасын, 

Сұлудай  өмір  ғана  бұлғақтасын. 

М адақта


Аспан  сынды  кең  өмірді, 

Ж ырыңның  ағыт  содан  бұлақ  басын.

Бұл  заман  сендерге —

Қең  бақ  тәрізді. 

О йласақ  біздер  сонау  жортқан  ізді —

3 4 6


Өлеқнен  тіпті  қиын.

Қатал  тағдыр,

Айдады  қарсы  ж ауған  оққа  бізді.

Разымын  тар  жол,  тайғақ  тағдырыма, 

Бөленді  дарқан  далам  б ақ  нұрына. 

Альбатрос  секілді  болсам  шіркін, 

Теніздей  тебіренген  тап  жырына.

Сүй,  жігіт!

Толқындаған  дәуір  сазын,

Ж ы рла  сен,

М ахаббаттың  тауып  назын.

Ал  өзім  ж азбақш ым ын  дастан  етіп, 

Ж анғы рған  дүниенің  дауылпазын.

Ж ы ры м да  жалындайды  өмір  ғана, 

Өйткені  мәңгі  тірі  Ленин  дана!

Лениниің  туын  ұстап  шықтық  өрге, 

Нөсерде,

аязда  да,

дауылда  да.

Дәтім  ж оқ  ж азб ай  соны  іркілуге, 

Ленинмен  жүрегімнің  кілті  бірге.

Ант  еткем  қөсем  қайтыс  болған  күні, 

Тамшы  ж а с   қалды  қатып  кірпігімде...»

...Есімде  қалды  мәңгі  сол  бір  кезең,

Ол  тұрды

Құзға  қарап   терезеден,

Сол  бір  сәт  ұмыт  болды  отырғандар, 

Ойында  ақты  білем  терең  өзен.

Әзілқой  қонағы  да  тіл  қатпады, 

Сейлесе  балқыр  едім  тыңдап  тағы.

347


Ж ұп ард ай  жұтып  әлгі  лебіздерін, 

Қозгалдым,

Тамырымның  тулап  қаны.

Мен  кеттім.

Қетті  сыны  қиялымда,

Бұзуға  ойын  әлде  қимадым  ба?

Д ариға,  білмедім  ғой,

Соңғы  ш ақ  деп,

Қарап  көп  қанбадым-ау  дидарына...

V

«Сұңқардың  түлегіндей  самға  жырым, 



Тындырдым  жыр  көгінен  с аң лақ  үнін. 

Бағымда  бұлбұл  құстар  ән  шырқаса, 

Қосыл,  тіл,  сандуғаштай  сайра  бүгін!»—

Деп  солай  өлеңімді  бастадым  да, 

Кірістім  таңсәріде  дастаныма.

Алдымда  жыр  серісі  Сәкен  тұрды, 

Пернесін  балаң  жырдың  басқанымда.

Па,  шіркін,  қандай  қы зық  албырт  жасың! 

Күн  сайын  делебеңді  жаңғыртасың. 

Ж ал ы ғу,  еріну  жоқ,  ж асу  да  жоқ,

Ж еті  рет  асқандайсың  тау  қырқасын.

I

Б асқадай  шықпасам  Да  шарлап  ерге, 



Асықтым  алдағы ға  сонда  мен  Де.

Басым  ақ  болса-дағы

Тағдыр  әлі, 

Ш алдыртпа  өлеңімді  шал  дегенге.

Ж орра  боп  ал м асақ  та

Ж үл д е   жырдан,

348


Елгезек  болатынбыз  жырға  жылдам. 

Қарам ай  ж арқылы на,  бедеріне, 

Іздермен  бұрын  басқан  жыр  ағылған.

Тұлпардай  тай  жүрмей  ме  шылауында, 

Түспедік  ағалардың  сынауына.

Мүмкін  сол  мініміз  де...

Б ір а қ   өстік, 

Уақыттың  ж ауап  қатып  сұрауына.

Сиынып  сонау  ж анға  әуелі  мен,

Сол  тұстың  ағындадым  әуенімен.

Аз  күнде  дастан  бітті

Асықтым  да, 

Сұңқарға  шарықтаттым  әуені  кең.

Ол  кезде  ал ш ақ   емес  өрісім  де,

Б ір а қ   та  албырт  болсаң  сен  ісіңе! 

Тәуекел!


Қеттім  тағы  тағылым  күтіп, 

Өлеңнің  өр  кеуделі  серісіне.

Ол  өзге,  өзгелерден  құзырлы  жан, 

Сұңқар  ол —

Қеңді  шолған  тұғырынан. 

Қазымыр  құзғын  емес.

Там  күзетіп, 

Бұтаға  торғай  қонса  тыжырынған.

Маркстің  көшесімен  келемін  мен, 

Ж ал ы н д ап   ж а ң а   ж а зға н   өлеңіммен. 

Алдымнан  ақ  маңдайлы  ақын  аға, 

Ж а р қ   етер,

Әулие  жыр  әлемінен...

349


V I

Күдері  көңілімнің  күрт  үзілді,

Аспанда  буралардай  бүлт  тізілді. 

Ж а ң а ғы   күн  шуағы  жоғалды  да,

Суық  жел  соға  қалды  бүркіп  зілді.

Ж ал б ы р ап  қ ара  шашым  жүгірдім  мен, 

Үрейлі  ж апы рақты ң  сыбырымен. 

Бөгелдім,

үй  алдында  түр  селкілдеп, 

Бәйтерек


Нендей  сұмдық  сырды  білген?

Сол  үйге

Ол  да  мендей  қарап  төнген, 

Қаптаулы  терезелер  қ ара  тормен. 

Сұңғақ  бой  көрінбеді.

Стол  бос  тұр,— 

Сұңқар  ж оқ  тұғырында  қанат  керген.

Есіз  бе,

Үйде  сірә  кісі  бар  ма?

Құс  қайда  ән  шырқаған  осы  маңда? 

Ш уылдап  қара  ағаштар,

Ж е л   шақырып, 

Сусылдап  жатыр  жерге  түсіп  алма.

Үй  үнсіз.

Көшкен  жұрттай  оты  сөнген, 

Ж а п ы р а қ   ж ағаласы п  жатыр  желмен. 

Кұшақтап  нәрестесін  бебеу  қағып, 

Түбінде  қу  қайыңның  отыр  жеңгем.

Бұлттардың  ауған  әлде  елесімен, 

Апыр-ау,  адастым  ба  мен  есімнен?

350


Қимадым  ж ам анатка.

Дір  еттім  тек 

Қас  қа н ж а р   қадалғандай  өңешімнен.

Ж ү м б а қ   сыр...

Ж азылм айтын  жүмыр  қандай? 

Аңырдым,  арнамнан  жыр  бүрылғандай. 

Ж а п ы р а қ   тамшы  ұшты  кірпігімнен, 

Жырымның  бәйтерегі  жығылғандай.

Суық  сөз

Ж а р қ ы л д а ға н   жасындай  тап, 

Ашыл  тез,

Қең  аспаным,  жасыл  байтақ! 

Сұңқарым  әлде  көкке  ұшты  ма  екен?— 

Ағаштар  дүр  сілкінді  басын  шайқап...

Д а р и ға ,  жетпедім  бе  арманыма,

Өзіне  осы  жырды  арнадым  да,— 

Алдынан  өтпедім-ау...

Б о зд ақ  жырым, 

Қ алайш а  шалдығады  зарға,  мұңға.

Бітпеді-ау,  ж ы рлап  түгел

Ол  Ленинді, 

Сол  нұрға  бөлейінші  елеңімді.

Маркстің  көшесімен  кеттім  үнсіз, 

Б атқандай  үнсіз  ойға  әлем  күллі...

VII

Ж ы рымнан  ау л ақ  жүрші  аза-қайғы, 



Тыныш  түн.

Қім  ақынды  мазалайды? 

Қеремет!

Торға  түскен  сол  Сұңқарым, 

Ж етелеп  жерге  түсті  ңажағайды.

351


Қызық  ж оқ  қанаттыға  көктен  өзге,

Сірә,  ол  шүйілгендей  кекті  кез  бе?

Не  ғажап?

Ж а й   ұстаған  әлгі  Сұңқар, 

Қарасам,

Сәкен  болып  кетті  лезде.

Астында  асау  тұлпар  сұстанады,

Апыр-ау  .құрымап  па  дұшпан  әлі? 

Н а ж а ға й   емес  екен.

Қырмызы  ту,

Қолына  айбар  етіп  ұстағаны.

Ж өнелді  тұлпарымен  тартып  әрі, 

Майданға  бастап  жұртын  артындағы.

Қан  шалған  үзеңгісін  қанж ы ғада 

Қ алам   мен  қылыш  қатар  жарқылдады.

Қешегі  айдын  жүзді  ақын  Сәкен,

Б ұл  күнде  мұнша  неге  ашынды  екен? 

Ж аси   ма  сырлы  сабаз,  сынық  сөзі,

От  тисе,  ал ау   атар  асылға  тең.

Сол  бір  ш ақ  қасіретке  батқан  дала, 

Ақынға  өш  емес  пе  ж а т   пен  ж ал а? 

Саңқылдап  ащы  даусы

Ақын  Сәкен,

Шеруін  тартты  тура  Ақмолаға.

Бұл  неткен  таусылмайтын  тасқын  адам? 

Астында  Қызыл  тудың  басты  қадам. 

Ж аңғыртып  түнек  басқан  Ақмоланы, 

Қөшесін  кернеді  жыр  тасқындаған.

«Намысы  бар  нашардың  балалары,

Неше  мың  жыл  қор  болған  бабаларың,

Жолдастар!

3 5 2


Сансыз  нашар  бірігіп  салдық  ойран,

Сол  наш ардың  ж алғы з  біз  паналары,

Ж олдастар!

Кедей  ұлы  жігерлен,

Бірігіп  ойран  салып  қал!

Қызыл  тулы  майданда,

Бостандықты  алып  қал!»1

Тұра  ма  ақын  даусы  жалын  атпай,

Д ал ан ы   жөнелді  жыр  жарып  оқтай.

Сол  жырды  айтып  шықты  ереуілге,

Ауылын  ж а у   торлаған  жарлы-жақпай.

Көрінді  аясы  кең  аңғал  алаң,

Қызыл  ту  айналасын  алқалаған.

Мінбер  тұр  жұлдыз  жанып  маңдайында, 

Қасында  халы қ  шуЛап  анталаған.

— Революңия  дабылын  қоста,  қорға! 

М айданға  аттанамыз  тосқан  алда!

Мінбеге  Сәкен  шықты  көзі  жайнап, 

Лениннің  күн  келбетін  ұстап  қолға.

— Жойылсын  алаш орда  —  ақ  бандылар, 

Құрысын  ескілікті  баққан  қулар!

Ж асасы н  Ленин  жолы  —  коммунизм, 

Әлемге  қызыл  арай  атқан  тулар!

«Құрысын  озбыр  біткен,  тәңірсінген, 

Торлаған  сұңқарларды  темір  сыммен! 

Жойылсын  сүр  ж ы ландар,  ж а л а   тілдер, 

Жасасын,  ж арқы н  дүние,  ерісі  кең!

1

  Сәкен  өлеңінен.

12  Қ. 

Бекхожин, 



II  т. 

353


Ұшырып  апарды  ма  жел  қан ат  жыр?

Сол  жерге  қалай  жеттім  —

Ғ аж ап  тағдыр!

— Сағынтып,  Сәкен  аға,

Қайда  жүрсіз?— 

Жетімдей  жүртыңызда  жыр  жоқтап  жүр.

—  Қолчактың  ж а ң а   шықтым  түрмесінен, 

Сонау  бір  тар  жолым  ғой  бүл  кешірген. 

Сендерге  қалсын  жырым...

Сүңқар  болып, 

Ұшамын  сонау  көкке  көл-көсір  кең.

Жендеттің  шеңгелінде  шырмалғанша, 

Сүңгнін  түпсіз  көкке  қырандарша. 

Ж аны м ды   табарсыңдар,

Ж ырларымнан, 

Қүпия  күй  сандықта  сырлар  қалса.

Ш ырқаймын  Ленин  жырын  аспанымда, 

Созылар  мәңгілікке  дастаным  да!.. 

Үсынды  маған  Ленин  портретін,

Қасына  ж ақы н  қад ам   басқанымда.

Уа,  құдірет?!

Ақ  қанатын  қалды  жайып, 

Әи-сәтте  көз  алдымнан  болды  ғайып.

— Тоқтаңыз,  Сәкен  аға!..—

деп,  дір  еттім, 

Ояндым  ұйқымнан  сол  таңғажайып... 

Япыр-ау,  бұл  неткен  түс!

Үқтым  нені?

Тағы  да  неткен  «Тар  жол» —

Тұтқын  тегі?

Қөрді  ғой  осы  түсті  қайран  сабаз,

Та«  сол  түн  сұп-сұр  үйде  түкпірдегі.

Иықтап  ойлар  мең-зең  басымдағы, 

Ж а с а у р ап   жұмық  көзім  ашылмады.



3 5 4

|


—  Сәкен деп  зарландың  ғой...

Мұның  не?—  деп, 

Қадалды  қа р а   шұбар  қасымдағы.

—  Түс  көрсең  түн  қатпай  ма,

Адасып  ой,

Ол  басқа  —  Сәкен  деген  нағашым  ғой.

— Ж о қ ,  айттың  сол  Сәкенді...

Біз  білеміз, 

Тегінде,  Сәкен  үшін  налаеың  ғой...»

Мұндайда  салғыласпау салтымыз  да,

Ауыр  ғой,  шәк  келтірсе  парқымызға. 

Ш ырмаған  Сәкендерді

Мысық  қа р а  

Сындылар  жүрмеді  ме  артымызда?

Бізді  де  ж а қ а т т а ға н   зәбір-жала,

Сондайда  сүйеніштің  ары  ғана.

Тұ-рдым  да  қарап  қалдым  —

Ленин  өзі 

Тұр  екен  күлімсіреп  қабырғада.

VIII


Қазір  мен  қалғыдым  ба,  ояумын  ба? 

Несіне  күбірлеймін  баяу  мұнда?

Қоңыр  үй,

Ж ады раш ы ,  ақын  келді,

Сыбаға  алып  жы рдан  аяулыңа.

Бірімін,  сыр  сазыңа  жүзгендердің,

Бұл  жерге

Сәкен  басқан  ізбен  келдім. 

Құжырам,  ашшы  маған  есігіңді,

Соғылсын  қабы рғаңа  еөзбен  белгіЫ



12* 

3 5 5

Кетпеген  көкейімнен  арман  едің, 

Көктем  ғой  баяғыдан  бар  ма  лебің? 

Сұңқарым  Алатаудан  саңқылдаса, 

Аяңда  тебіренсін  ардагерім!

Ақынның  аңқылдатқан  көңіл-күйін, 

Бұл  күнде  көнеріпсің  қоңыр  үйім. 

Ж ырыммен  сені  шыңға  орнатайын, 

Тұлғаңды  тасадан  бұл  көру  қиын.

Сәкеннің  рухы  бірақ  қия  —  қырда, 

Сұңқардың  қылш ылдаған  қияғында. 

Ән-күйдің  ордасында  Көкшетауда, 

Өзімдей  ақындардың  қиялында.

Тұлпардың  тауда  ж ортқан  желісінде, 

З а у л а ғ ан   экспресс  рельсінде,

Болаттай  бұлшық  еті  бедерленген, 

Кендегі  заводтағы  ер  ісінде.

Халқымның  ауызында,  жүрегінде, 

Жырымен жаңғырығып  жүр  елімде. 

Әлі  де  «Альбатрос»  қан ат  қаққан, 

Теңіздей  толқындаған  бұл  өмірге.

Ие,  солай,

Б ір а қ   маған  қалдырылсын, 

Тартуды  әкелдім  ғой  қазір  түсін  . 

Төріңе  оралады  ақын  сабаз,

Ертең  той.

Тойға  үйім  әзірмісің?

Куә  қып  қоңыр  үйді  жы рларыма, 

Осылай  ойға  жүзіп  тұрғанымда. 

Трамвай  келе  қалды  кең  көшемен, 

Күй  шертіп  экспресс  ырғағында.

356


Тартты  да  жүрегімді  таныс  әуен, 

Ж өнелдім  трамвайға  ж абыса  мен.

Көтеріп  ішіндегі  ж а с   бауырлар,

Рельспен  зымырады  ж ары са  өлеқ.

«Советстан,  біздің  стан,  совстан,

Экспресс,  талм а  екпінді  шабыстан.

Гуле  жүріп,

Дымы  қүрып,

Қалсын  ұлып,

Ескі  ж ал ған   арттан  қалм ай  жабысқані»



М Е Н І Ң   М Е К Е Н Д Е С Т Е Р І М

П оэм адаи   фрагменттер 

А гроном  аңызы

1

Сонырқап  қаз  оралмай  ма, 



Балапан  боп  өскен  көлге? 

Қелдім  мен  де  орақ  айда, 

Балалы ғы м   көшкен  белге.

Сол  баяғы  «Терең  сор»  ма, 

Аулым  ауып,  ұмыт  қалған? 

Мекен  едің  керең  сонда, 

Өзегің  сор,  уыттанған.

Б ір а қ   өзім  жүгіріп  ем,

Нуға  балап  шаңдағыңды. 

Көрдім  көктей  қиыры  кең, 

Сенің  ж үрдай  жан-жағыңды.

Ызғындаса  ығыр  желің,

Ш аң  бүркесе  кер  беліңді. 

Іздеп  гүлді  жүгірмедім, 

Иіскедім  кермегіңді.

Ж ы лд ар   үзап  жүрдім  аулақ, 

Ж азы ғы нан  құлазыған. 

Ж асарайы н  бір  күн  аунап, 

Белің  болса,  гүл  ж азылған?

Каңбағыңды  ж ел  аунатқан, 

Көлшігіңді,  сағым  күлген, 

Ш ақатыңды,  бұзау  баққан 

Ж а с   баладай  сағындым  мен.

358


Сағынышым  сағыздай  боп, 

Созылған  көп  күндер  өтті. 

Күндер  өтті  аңыздай  көп,

Т алай  түзді  гүл  бөлепті...

Ұшқан  ұям,  бетегеңе,

Қ ұш ақ  жайдым  қуандым  да. 

Ж өнел  мені  жетеле  де, 

Көлбеңдесе  ну  алдымда...

Баяғы д ан  аспан,  күн  де, 

Баяғыдай  шағыл,  тымық.

Б ір а қ  қырым,  басқа  мүлде,

Тұр  егінге  шалқып  тұнып.

Ж а я у   тарттым  сол  бір  ж а қ қ а , 

Сипаладым  дән  желегін. 

Осынау  бір  қу  алқапта,

Кеткен  еді  дәнге  кегім.

Онда  сағым  арасынан, 

Ж ы лты р аған  сар  бауырсақ, 

Әкем  сорлы  аласұрған,

Әлек  салып  сол  ауыр  шақ.

Естіп  келем  қандай  үнді, 

Ж а ң ғы р т қа н   кім  қыр  алысын? 

Ж ы р ға   қосып  комбайнды, 

Шерткен  жастар  қуанышын.

Бидай  мүлгіп  бүлың  белде, 

Ерлер  қостың  қасында  жүр. 

Ж о р ы қ   алда,  бүгін  әлде,

Сабан  тойдың  басы  ма  бұл?

Қырман  төрін  шыр  айналып, 

Биші  қыздар  бұлаңдады.

359


Құйқылжытқан  сырнайды  алып, 

Орыс,  қ а з а қ   ұландары.

Сәлем,  ж а ң а   жерлестерім, 

Шығанымды  сүйіп  келген.

Тарт  тамырын,  тербет  өрін,

Ж ұ т   уызын,  иіп  берген!

Танысайын  —  тумасымын,

Бұл түкпірдің ұмыт  бұрын. 

Өздеріңмен  құрдас  үнім,

Енсін  топқа  жігіт  жырым.



2

— Сергеймісің!

Сөзді  термей, 

Құшақтастық,  қол  алыстык.

Сол  құшагы  сездіргендей, 

Сағынышын  маған  ыстық.

Танысып  ек,  ж а т   түкпірде, 

Ж а р а л ы   да,  сол  өндір  жас. 

Госпитальда  ж атты қ  бірге,

Аға  сержант  болды  сырлас.

Майдан  шеккен  сол  бір  күнле. 

Ш ыққан  талай  от  қамалдан. 

Ж а у д ы   соққан  сел  —  дүркінде, 

Аяғына  оқ  қадалған.

Әлсіз  жатты  төсегінде,

Қиналысы  ауыр  еді.

Кейде  кетіп  есі  мүлде,

Әрең  дамыл  тауып  еді.

360


Қ ақсаған да  сынған  аяқ,

Ж ігіт  қатты  безілдеді.

Түнде  талай  тұрдым  аяп, 

Ыңырсыды,  көз  ілмеді.

Қейде  бір  сәт  дамыл  тауып,

Қөзін  жұмса,  күбірледі.

Қүбірледі  ауық,  ауық,

Құрмаш,  Қүрмаш!  Ж үгір!—  деді.

Білмедім  мен,  досы  қандай?

Есінен  сол  кетпей  қойған.

Түсінде де  ашынғандай,

Алабұртып  отты  майдан.

Гипс  матап  есіл  өрен,

З а р   болды  бір  көсілгенге.

Ж инап  еді  есін  әрёң,

Жіліншігі  кесілгенде.

Ер  екен  деп  қалдым  сонда, 

Бейнетіне  тура  төзген,

Ж ы л д а м   т а я қ   алып  қолға,

А яқ  басты  протезбен.

Ақсай  басып  албырт  жігіт, 

‘Гақсіретін  елемеді.

Ж аны нда  тек  ж арқы н  үміт,

Әуесі  тек  өлең  еді.

Ж ы ры   ж ы лдам   ақпаса  да,

Ол  қиялмен  есе  білді. 

Таңдандырды  ж а т қ а   соға,

Айтып  ылғи  Есенинді.

Үйір  болды  ол  менімен,

Өткіздік  көп  жыр  кеңесін.

361


Өткен  майдан  дүрмегінен, 

Аңыз  шертті  іргелееім.

Аққан  қан  да  аяғынан, 

Ұмытылды,  жерге  сіңді. 

Ұмытпады,  аяды  да,

Менің  сол  бір  жерлесімді.

Құрмаш  ылғи  жүрді  есінде, 

Екеуі  бір  майдан  кешкен.

Мен  құштар  ем,  жерлесіме, 

Ж асы м да  бір  ойнап  өскен.

Айтты  Сергей  сонда  маған, 

Деп,—  досымды  жұтты  майдан. 

Білмей  қалдым,  тор  қамаған, 

Соңғы  даусы  шықты  қайдан?

Екі  солдат  кірген  бірге, 

Айқасуға  соңғы  бір  шақ. 

Бү.рын  бірге жүрген  түнде, 

Бүркеп  талай  жалын  бұршақ.

О қ  кезеніп  жүгіріпті,

Екі  боздақ  қатар  алға.

Сергей  кенет  жығылыпты, 

Оқпен  бойын  матағанда.

3

Ертіп  мені  ол  келеді, 



Адырдағы  ақ  шатырға.

Күн  де  солай  дөңгеледі,

Артып  иек  ақш а  қырға.

Артта  жастар  сыңқылдасқан, 

Алда  —  дәнді  тізген  белең.

362


Сол  досыммен,  сылтып  басқан, 

Өткен  бұлдыр  ізбен  келем.

Б асқан  ізден  бала  шақта, 

Елестеді  үнсіз  ғана.

Сөнген  оттар  жер  ошақта, 

Көшкен  ел  мен  тілсіз  дала...

Үңілдім  мен  іздеріме,

Ж а с   ойнақпен  еске  келген.

Ол  қ арады  дүз-беліне,

Ақ  бидаймен  кестеленген.

Мен  разымын  айналама, 

Осынау  жер-бесігім  деп.

Ол  қуанды,  айдалаға —

Еккен  мынау  несібім,—  деп.

Қ арап  солай  жымиды  да,

Ол  бастады  әңгімесін:

—  Келдім  өзім  бұл  қиырға, 

Сүйіп  қырдың  кең  белесін.

Кеп  болды  сен  көрмегелі, 

Шекті  жы лдам   ж ы лдар  сапар. 

Б аяғы дай  көрме 

мені; 


Болдым  мдне,  қырма  сақал.

Ал  өзің  ше?  Ерте  емес  пе? 

Ш аш ың  неге  боз  қыраудай? 

Ойлап  жырды  ерте-кеште, 

Сарылдың  ба,  сөз  құралмай?

Б ір а қ   мейлі,  ақын  үшін,

Сөз  бе  бурыл  шаш  дегенің? 

Болса  ж а с қ а   ж ақы н  ісің, 

Ж ы л ы   тисе  ж а с қ а   лебің.

363


Иә,  маған  жыр  конбады, 

Ақынсынып  б аққан  едім. 

Тартты  шулар  қырмандағы, 

Ауды  қырға  бақ-тілегім.

«Буып  шерге  құр  кеудемді, 

Соғам  кімді  балдағыммен? 

Көктей  көріп  күрең  белді, 

Ж ер  қызметін  таңдадым  мен.

Оқып  сырын  топырақтың, 

Көктем  болса  аласүрдым. 

Оқтар  жы ртқан  атыраптың, 

Өңіріне  дән  өсірдім...»

*  *  *

«Майдандағы  үндей  бізге, 



Ж етіп  даусы  партияның,— 

Ж е л   басынған  дүлей дүзге, 

Дедім  бір  күн,— тарт,  қиялым.

Сол  бір  дауыс  жаңғырықты, 

Отанымның  кеңісінде. 

Ж ау ғанд ай  тап жаңбыр  құтты, 

Егіндікке  —  ел  ісіне!

Теңізге  де  сүңгір  адам, 

Асылдарын  теремін  деп. 

Айдын  д а л а   сырлы  маған, 

Теңізден  де  тереңірек.

Көзім  бар  да,  қолым  бар  да, 

Сылтау  ма  сол  кем  аяғым? 

Келдім  сылтып  қалы ң қарда 

Ж азы ғы на  кең  аяның.

364


Қ а з а қ   жерін  келдім  аңсап,

Қияны  бар  теңіз  сынды.

Ж етті  маған  желі  алшақ,

Өзің  айтқан  лебіз  сынды.

Айтқандайын  бұл  түкпірге, 

Қелдім  күшпен  әрең зорға.

Үйді  күдік  бұлтын  мүлде,

Құнар  ж о қ   деп  «Терең  сорда».

Апаты  бар  әлек  сор  деп, 

Баяғысын  тосып  алға,

Талай  әкім  шенеп  сөйлеп, 

Ж олатпады   осы  маңға.

Өзің  айтқан  кереметін,

Қызық  көріп,  көнбей  келдім. 

Ж ұрты   безген  жердің  бетін, 

Тұйық  ж а тқ а н   кендей  көрдім.

Құйын  ғана  бебеу  шертіп, 

Қүлазыған  түл  қыратқа, 

Өрендерді  келдім  ертіп,

Өң  беруге  топыраққа.

Қелсек  мұнда,  елсіз  түкпір,

Өзің  керген  ж алғы з  мола. 

Ж ы м -ж ы р т  жапан,  үнсіздік  құр, 

Мекендеген  байғүз  ғана.

Түнерген  Сор,  жер  ызғарлы, 

Қарап  бізге  түйді  қабақ. 

Ж ағасы на,  ш ала  қарлы, 

Ж аб ды қтард ы   үйдік  қалап.

Болған  да  ж о қ  л аш ы қ  баста, 

Сыз  төсеніп,  жел  жамылдық.

365


Күмбезіміз  —  аш ық  а-спан, 

Б ұлт  та  бізге  болды  түндік.

Ж ерді  тіліп  белестегі, 

Топырағын  иіскедім.

М аған  қырдан  елестеді, 

Толықсыған  ырыс  —  егін.

Көрер  едің  көк  нөсерде, 

Өршеленген  ерендерді. 

Трактормен  өктеп  өрге, 

Ж аңғыртқанын  керең  белді.

Қуанар  ең  келбетіне,

Қожыр  қырың  кестеленсе. 

Р а қаттан ам   бейнетіме,

Сол  қиын  ш ақ  еске  келсе...

Керсең  тұңғыш  борозданы, 

Несібеңнің  бастауындай. 

Қуанар  ең  қағаздағы , 

Басталға'н  тың  дастанындай.

Ақын  болсам  соның  бәрін, 

Ж ы р л а р   едім  ертегідей.

Сол  кұндердің  кәп  сырларын. 

Шерм'ендемін,  шерте  білмей.

Трактордың  арт  жағында, 

Ееімде  көп  жүгіргенім. 

Маңдайымның  қатпарында, 

Сызулы  тұр  жырым  меищ.

Ж ы рлайсың  ба?  Сұра,  сырды, 

Жігіттерден  жер  түлеткен. 

Өлеңдерді,  терең  сырлы, 

Ш ығандарға  шертіп  өткен.

886


Сұра  соны  туысыңнан,

Мұнда  қайта  көшіп  келген. 

Аман  сақтап  қыр  қысыпан, 

Қойды  б аққан  Әшімдерден.

Сұра,  ж а ң а   жерлесіңнен,

Қ а л а   салған  тұл  дүзіңе. 

Сортаң  тері  жерге  сіңген,

Ж а з   елеңді,  жұрт  ізіне!»

Сүртіп  терін  маңдайынан, 

Сергей  енді  шылым  шекті. 

Сонау  қостың  маңайынан,— 

Әншіл  жастың  шуы  жетті.

Іздедім  мен  үндерінен, 

Дастанымның  нәшін  ж аңа. 

Айналамда  тұр  керілген,

Ақ  бидайдай  жасыл  дала...

*  *

Ақша  қырдан  күн де  асты,



А қ  шатыр  да  жақындады. 

Сергей  неге  жылдам  басты, 

Ынтығы  не  шатырдағы?

Қарап  едім,  ол  күлімдеп,

Ж ү зі  тағы  арайландьт.

Тоқтады  да  тез  күбірлеп,

Ақ  шатырға  қарай  қалды.

— Ех,  сырласым,  м ақталар  ем, 

М аған  айдай  нұрын  жайеа. 

Тіиті  содан  бақ  табар  ем, 

Ағытса  тек  сырын  Айша?!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет