Ватдпуды,, I! ҚАлижан бекхожин вибяйЗ?й



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата08.01.2017
өлшемі6,23 Mb.
#1394
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

МАҢЫРАК,  М АРҚА СҚАСЫ

(Шығыс 

Қ азакстан  облы- 

сындағы  Зай сан   ауданы ,  «Ос- 

вобож ден и е»  колхозынын,  атак- 

ты  шопаны  С ейітқамза  М әзба- 

евқа  ар н ал ды ),

I

Аққан  бір  жыр  екен  деп  тау  бұлағын, 



Тағы  да  өлеңДетіп  жаңғырамын. 

Келгенде  Асан  ата  маңайыңа,

Сен  неге  мұнарлы  тау,  маңырадың?

Арыған  Асан  сонда  аңырап  кеп,

Атыңды  қойған  екен  М аңы рақ  деп. 

Кеткенде  ата  сорлы  іздерінен,

Өріпті  қой  толқындай  жам ырап  көп.

Қозыдай  қойтастары  қозғалыпты,

Қай  ж а қ қ а   қалың  отар  қоздап  ықты? 

Асан  жоқ,  артынан  ел  аңырғанда, 

Соңынан  сорлы  шалдың  сөз  қалыпты.

Солай  бір  аңыздатып  айтқан  заман, 

Түнеріп  талай  әке  қайғы-ызадан.

Әлде  сол  аңыз  шіркін  болды  ма  шын, 

Естиік  енді  шопан  Сейітқамзадан.

II

Отырмыз  ой  жүгіртіп  М аңы раққа, 



Қойлар  жүр  қаздай  сыңсып  бауыр  ж ақта. 

Секірген  атан  тастан  серкелердің 

Ұксайды  мүйіздері  ш аңыраққа.

ібб


Қасымда  аты  ж ұртқа  мәлім  адам, 

М ақтайды  қойлы  таудың  маңын  маған. 

Түстейді  қош қар  түктес  тоқтыларын, 

М ай  басып  жам бастарын  мамырлаған.

Қой  үшін  біткендей  бір  қүт  жеріне, 

М ақтайды  қойларының  түктерін  де. 

Қарайды  костюміме  әлде  соны 

Қойынық  түктерінен  тіккені  ме?

Несіне  қарап   маған  тесілесің?

ІПопан  дос,  сыр  білмесең  кешіресің. 

Қөгеннен  ағыт  сырды,  мен  жаяйын, 

Б а қ қ а н   сен  елдің  мынау  несібесін.

III

Есінде  сонау  жылғы  сұп-сұр  көктем, 



Әке  жоқ,  сұрапылға  сүңгіп  кеткен... 

Шешесі  қой  қайырса,  қалтырайды, 

Соңында  қозы  бала,  суық  өткен.

Болса  д а  майдан  алыс  М аңырақтан, 

Сүм  соғыс  талай  үйді  қаңыратқан. 

Ш айқасқа  шопан  кетіп,  қойшы  шеше, 

Қозыдай  жетімегін  маңыратқан.

Ж а с   б ала  ерте  батып  ойға,  мүңға,

Ж ү р   еді  шешесімен  қой  маңында... 

Қөктемгі  селебеде  ж а л ғы з  қозы, 

Қалыпты  М аңырақтың  қойнауында.

Б а л а   жоқ,  ана  сорлы  аңдамапты,

Қай  ж а қ т а   қалдырды  сол  қолғанатты? 

Үйіріп  қорасына  қойды  тастап, 

Қ айтадан  кезіп  кетті  сол  алапты.

167


Сел  жаңбыр,  қозғалатын  зорға  адам, 

Қойнауда  қозы  жатып  қорғалаған, 

Құшақтап  алды  соны  аяды  да,

Сол  бала,  мойнынан  су  сорғалаған.

Бүкеңдеп  келе  жатыр  колхозына, 

Өзіндей  дірілдеген  сол  қозы  да.

Шешесі  көріп  оны  қуанғаннан 

Ш амасы  келмей  қалды  қол  созуға.

Б аласы,  —  мынау  жетім қозы,— дейді,— 

Аядым  ж ау таңд аған  көзін,  —  дейді. 

Ж абысты,  құш ақтап  ем  бауырыма, 

Б ағайы н  бұл  қозыны  өзім,  —  дейді.

Мүсіркеп  баласының  сөзін  ана,

Қарады   ұлына  да,

қозыға  да,

Екеуі  бірдей  екен,  қайтып  бағар,

Өзі  де  Сейтешімнің  қозы  —  бала.

Сол  бала  болмай  бірақ  енші  алыпты, 

Төлдерге  ж а ң а   туған  ен  салыпты. 

Атанып  Сейіт  Сақпан  колхозында,

Қойы  мен  қозыларын  тең  бағыпты.

Қозымен  өзі  бірге  ер  жетіпті,

Қойларын  құзға  талай  ерлетіпті.

Депті  оны:

—  М аңырақты ң  марқасқасы ,—

Тауға  емес,  қой  осындай  ерге  бітті.

IV

Толы  ғой,  таңғаж айып  сыр  әмірде,



Сол  қойшы  отыр  енді  Қремльде.

168

Съезге жиырма  үшінші  делегат ол,

Сыйы  көп  сақтап  келген  жүрегінде.

Ой  толқып  тұла  бойга  тыным  бермей, 

Отыр  ма  сөйлесуге  тілі  келмей?

Қарайды  ж иналғанга  жаны   шалқып, 

Әкесі  бүгін  қайта  тірілгендей.

Қеремет  кеудесінде  ой  тулады, 

Қойшының  құлпырмасын  қайтып  жаны? 

Ағысы  келешектің  айтылғанда,

Сөйленді  қойшы  жайы,  қой  туралы.

Партия  барлап  елдің  нелер  күшін, 

Қерсетті  дүниенің  келер  ісін.

Қиялдап  сол  жиыннан  шолды  шопан, 

Өзінің  қой  мыңғырған  кең  өрісін.

Қазір  ол  сол  өрісте,  М аңырақта,

Қойлар  жүр қаздай  сыңсып бауыр ж ақта. 

Отыр  ол  шалқып  тауда  бағыбандай,

Миуасын  бөлегендей  тау-бұлаққа...



КҮЗЕТШ І

Атақты  әнш і-композитор 

Ж а я у   М ұсаға  ескерткішім.

I

Құздар  ж оқ  қарағанды   елеңдеткен, 



Д ал -дал   боп,  бет-бетімен  белең  кеткен. 

Д ал б ан ы ң   адырында,  Ақшоқыда 

Бір  шал  ж үр  ж орға  мініп  өлеңдеткен.

Таң  атса  тау  бүйірін  дүбірлеген,

Осы  қарт  қырды  оятқан  жырыменен. 

Айғайы  болмаса  да  аңыраған,

Лебіне  шәп-шоқылар  дірілдеген.

Совхоздың  күзетшісі  —  әнші  бұл  жан, 

Еседі  ертелі-кеш  даусы  қырдан.

Өлеңі  жонды  кезіп  ж орғаласа,

Алдында  алтын  басты  дән  шұлғыған.

Б а қ с а   да  ақ  бидайлы  адырларын,

Білер  ж ұрт  күзетшінің  ән  құмарын. 

М алшы  мен  егіншілер  керсе  оны, 

Асығыс  басады  екен  адымдарын.

Ш ал  әні  сызылса  да  баяу  маңға, 

Алыстан  аңсап  ж ұтқан  Баянаула. 

Үндері  ж у сағанда  іңір  түсіп,

Қеледі  бейітке  бір  аялдауға.

Аңшы  ол,  ән  ұшырған  қыр-далаға,

Несі  бар  ж апандағы   қу  молада? 

Ошақтан  қал ған  жұртта  үйіндідей, 

Меңіреу  көрде  мынау  сыр  бола  ма?!


Түнеріп  ж а т қ а н   таудың  жотасында, 

Олдс  бұл  әулие  бір  атасы  ма?

I Іемесе  ж алғы зы   ма,  ж астай  өлген, 

Күбірі  —  жоқтауы  ма,  батасы  ма?

...Үстінде  Ақшоқының  алты  тасы, 

Ііасында  —  қуарған  бір  аттың  басы. 

Адырда  ж аты р  мәйіт,  күзетші  тұр, 

Ж ал б ы р ап  көр  қасында  аққу  шашы.

Айтқаны  аят  емес,  өлең  екен,

Күзетші  б асқалардан  ала-бетен.

Кім  бұл  деп,  келіп  едік  Д а л б а   тауға, 

Кездестік  өлеңшімен  д а л а д а   кең.

II

Ж иынға  кештегі  бұл,  қырмандағы, 



Ж иналды  малшы,  диқан  бұл  маңдағы, 

Тыңдайды  сырлы  жырын  күзетшінің, 

Әншіл  ел  —  Малғозының  үландары.

Иіріп  алқап  толы  алса  дәнін,

Игі  жұрт  іздемей  ме  аңсағанын?

Әлде  бұл  әдеті  ме  Д а л б а   таудың,

Кеш  болса  шалқытатын  ән  самалын?

Елгезек  еріп  біздің  қолқамы зға,

Отыр  шал  айтып  өлең  ортамызда. 

Шоқытып  Ақшоқыдан  ән  бастаса, 

Дауысы  жөнеледі  жорта  құзға.

('>алты  бар  күзетшінің  бұрынғыдан, 

/Іапасы  тапсырғандай  жырын  бұған, 

Агытып  айтып  әнін  соның  ғана,

Сонау  бір  өр  әншінің  сырын  қуған.

171


«Ол  өзі  ән  мен  жырдың  а ққан   селі, 

Баянның  майталманы,  ақын,  сері. 

Шоқ  шашып  Ш ормандарға  әуезімен, 

Сөзінің  ж а р қы л д аған   а қ   семсері.

Ж ы ры нда  ж арлы   ж ан ға  аяу  туса,

От  пён  сот  мейлі  оған,  таяу   тұрса, 

Қияда  қар  сабалап,  жел  шақырған, 

Қырандай  қайсар  еді  Ж а я у   Мұса.

Сабаздың  кең  кеудесін  көрдім  өзім, 

Сүйемін  серілігін,  ер  мінезін.

Қүшімді  таудай  менің  әні  тербеп, 

Қасына  ж а с   күнімнен  ердім  өзім».

Есіне  алып  солай  ж а қс ы   жасын,

Әнді  шал  былғаңдатып  ақшыл  басын 

Билетті  пернелерде  саусақтарын, 

Ж а яу д ы ң   арқыратып  «Ақсисасын».

«Ж аным а  батқандықтап  ашынамын, 

Мен  неге  ж аяум ын  деп  басыламын? 

Малым  ж оқ  Шорман  айдап  алатұғын, 

Зорлығын  Мұстапаның  паш  қыламын».

Шошытып  Шорман  аулын  ұйқысынан, 

Өр  Ж а я у   ән  ш ырқаған  түу  тұсынан. 

Қасында  сонда  осы  ақ  бас  әнші,

Ер  екен,  ерген  оған  жылқышыдан.

III

Қүзетші  әншіміздің  аты  Сымақ, 



Өнермен  өскен  екен  бағын  сынап. 

Б алуан  аты  шулы,  мыңды  ж ы ққан,

Бір  кёзде  жігіт  болды  жапы  шуақ.

172


Жаоынан  топты  жарып  сері  жүрген, 

Ж үлде  алып  әнші,  ақын  серігімен. 

Күресте  қүдіретті  Сымекеңді’

Кореку,  Б аянаул а  бәрі  білген.

Болса  да  елдің  асқан  балуаны, 

Ж аяуд ы ң   арбагандай  ару  әні.

Сымекең  сүйіп 

оі

Л

і

 

ж а с   кезіиен,

Опіне  әлі  күнге  табынады.

Қайран  қарт  серпіледі  Ж а я у   десе, 

Аузынан  жанып  шығып  аяу  неше, 

Аттыдай  ащы  жырын  шырқап  кейде, 

Ж а яу д ай   кейде  мүңын  баяу  есе.

Ж аяумен  өткен  дулы  нелер  кеші, 

Көкке  өрлеп  көңілінің  көлеңкесі. 

Күзетші  көтеріліп  үшырады,

Аспанға  «Көгершінді»  ән  еркесі.

Осылай  әні  желдей  еседі  де,

Ойыңды  желдетеді  кешегіге. 

Ж айраңдап  көз  алдыңда  Ж а я у   Мүса, 

Ән  шырқап  Ақшоқыдан  көшеді  де.

Ж елдіріп  Ж асы б айға  ол  жетеді, 

Ақбетке  даусын  тағы  өрлетеді. 

Ж аяуды ң  желден  жүйрік  әндерімен, 

Онші  қар т  естігенді  тербетеді.

Кейде  ол  дауылдатып  қы зған  әнін, 

Баянның  басады  екен  мырзаларын. 

Наз  төгіп  кейде  әзіл  айтып  Ж а я у , 

Сымақтан  күтеді  екен  қыз  хабарын.

Соны  айтса  бүлкілдейді  кеңірдегі, 

Іңкәрі  шертілгендей  көңілдегі.

1 7 3


Соны  айтса  күлімдейді  кемпірлер  де, 

Ж аяуд ы ң  бір  кездегі  келіндері.

IV

Отырмыз  шалды  тыцдап  кенен  белде, 



Сүйсіпіп  сонау  өткен  кемецгерге. 

Алкаптан  күйін  қоскан  комбайндар, 

Ұқсайды  айдындағы  кемелерге.

Алдымыз  ақш а  бидай,  алтын  алап, 

Ж а я у д ы ң   әні  соған  жатыр  тарап. 

Қүзетші  айналасын  әнмен  шолып,

Іркіліп  Ақшоқыға  қалды  қарап.

Қөр  жатыр  Ақшоқының  етегінде,

Қеш  болса  қырдан  соған  жетеміп  де. 

Ж ырлаймын  эуендерін  ж атқан   жанның, 

Ж үріп  ем  соның  талай  жетегінде.

Өр  еді  Ақшоқыдай  тұлғасы  да,

Ән  еді  мұрасы  да,  дұғасы  да.

«Үстінен  қабірімнің  ән  кетпесін»,— 

Деген  ол,  әнші  мендей  тумасына.

Ер  Ж а я у   кетті  мәңгі  тұрағына,

Сол  сезі  қалды  менің  құлағымда.

Бездім  мен балуандықтан,  қартайдым  ғой, 

Ж аяу д ы ң  әні  болды  мұрадым  да.

Басынан  ж а з   өтемін,  күз  өтемін,

Ән  шырқап  жүргенім  ж оқ  дүзде  тегіп. 

Елімніц  несібесін  қоримын  да,

Ж аяу д ы ц қабірін  де  күзетемін.

Басында  өлеңдетіп  сол  моланың,

Оцаша  күбірлеймін,  толғанамын.

174


І аскүмбез  ориатса  ғой  қабіріне,

Лрдақты  ұлы  еді  ғой  ол  даланың.

Қабірін  ж аты р  басып  бес  түйір  тас, 

Атының  бас  сүйегі  ж а тқ а н   қу  бас.

Деп  еді:  «Біткен  маған  ж ал ғы з  аттың, 

Ііасын  қой  қабіріме  болсын  сырлас».

I'р  еді  құғын  көрген  өрлігінен,

Қуғынды  сұм  заманда  көрді  кімнен? 

ІІІідері  Ш ормандардың  шалынғанда, 

Лсау  ж ан  үзген  талай  ерлігімен.

Деген  ол:  «Уа,  дариға,  күнім  туса, 

Лтанам  қаш қын  емес,  ақын  Мұса».— 

Қөзінше  Шорман  қирап,  елді  сабаз, 

Майданның  жеңіс  тапқан  батырынша.

Ұқсаса  Баян  әннің  күймесіне,

Ж а я у ға   Ж асыбайы  тиесі  де.

Белгі  ғой  күмбез  тауы  Ж асыбайдың, 

Әндердің  әулиедей  иесіне?

'Гауымда  ж ар қы раған   асыл  едің, 

Даусыңмен  дауылды  д а  басып  едің. 

Д ариға,  қартайдым  ғой,  қабіріңе 

Арқалап  асыл  тасты  тасыр  едім...»

Қарады  ж астар ға  шал  тербелді  де,

Сол  бір  сәт  Ақшоқыдан  ж ел  келді  ме? 

Қалың  ж а с   кетті  шырқап  «Ақсисаны», 

Тербелтіп  әуенімен  өр  белді  де.

Ж а с   біткен  жам ыратты  Ж а я у   әнін, 

Әнші  шал,  енді  неге  баяуладың?

Әкетем  айтқаныңды  ж ы рға  тізіп, 

Арманын  Ақшрқының  баяндадың...



17 5

БЕТГІАҚДАЛА  Е Л Е С Т Е Р І

I

Қуырылған  ж алын  атып, 

Қүла  ж апан  күм  өрінен 

Қеле  ж аты р  дауылдатып, 

Машнналы  бір  керуен.

Қөшкен  шығар  керуендер, 

Қүңіреніп  бүрынғыда.

Ескен  шығар  шерумен  жел 

Қегін  артып  қүйын  қүмға...

Машнналы  бұл  керуен 

Айдап  өзі  енді  желді, 

Әкеледі  алыс  жерден 

Москвалық  инженерді.

Ж а с   инженер  жан-жағына 

Келе  жаты р  оймен  қарап. 

Ж ан-ж ағы нда,  жолдарында 

Құм  сусыған  құйынды  алап.

Қапырық  шөл,  ызың  шулы 

Қүн  аптаған  ж алы н  ұрып. 

Кәрген  талай жүргіншіні 

Ж абы рқаты п,  жалындырып.

Ж а с   инженер  огыр  жайнап, 

Кәрінгендей  ғаж ап  аймақ. 

Қиял  ұшып,  қырды  бойлап, 

Ж а с   киіктей  салып  ойнақ.

Оған  д ала  таң-тамаша 

Теңіздей  бір  толқын  атқан.

176


Елестейді  ж а л т   қараса,

Сел  дария  шалқып  аққан.

Белгі  қадап  бұлың  белге, 

Кейде  салып  істік  бұрғы. 

Түсе  қалып  кейде  жерге, 

Уыстайды  ыстық  құмды.

Сергек  шофер  бір  жолдасы 

Киіп-жарып  ж ота  белді,

Бір  жолдасы  керуен-басы  — 

Қарт  бақташы  Атагелді.

Қарт  бақташы  жүзі  нұрлы, 

Қ аб а  сақал,  биік  қаб ақ, 

Қеле  ж аты р  шолып  құмды, 

Өр  қабағы н  түйіп  қарап.

Өтіп  еді  елу  жасы 

Елбең  қағып  осы  қүмда. 

Талай  жортқан  ол  бақташы 

Осы  құмның  асуында.

I

Таныс  өткен  төбелері,



Мал  отарын  өзі  бастап. 

Есінде  өлген  түйелері,

Құмға  бұлдыр  ізін  тастап.

Қейде  ж а я у   жүріп  тіпті, 

Тапқан  жолды  тас  боранда. 

Сол  қария  бұл  жорықты 

Келе  жаты р  бастап  алға.

Сеңсең  беркін  кейде  сілкіп, 

Күлімдейді  инженерге: 

«Мына  арада  сусын  жұтып, 

Ж аты п  едік  әне  жерде.

1 7 7


Мына  ар ада  соқыр  құдық 

Болушы  еді,  жоғалыпты. 

Мына  белдіқ  құмын  қуып, 

Қурайларын  жел  алыпты...

Ж а л ы п   тұтеп  бұл  белесте, 

М алдарымыз  көп  қырылған. 

Бұл  бір  бетпақ  құм  емес  пе, 

Өзектерін  от  қуырған?!» —

Инженерге  айтып  соны,

Қарт  бақташы  күрсінеді. 

Маңдайында  —  құмның  соры, 

Ж үзінде  де  —  құм  сілемі.

«Ж оқ  қарня,  қайғырмаңыз, 

Сұр  зам ан  ғой  ол  кешегі. 

Құмнан  кекті  қайырамыз, 

ПІөлдің  зары  мәңгі  өшеді.

Сайрандайсыз  ертең  әлі 

Бұл  жапанның  жайлауында. 

Ж айы л ад ы   ерде  малы,

Қолхоз  қонып  жан-жағына...

Солай,  солай...»  деп,  инженер 

Алға  қ ар ап   күлім  қақты. 

Ш алдың  алыгі  бойын  жігер, 

Құмды  шолыгі  келе  жатты.

II

Алдарында  сұрғылт  тәбе, 



Артында  ойнап  құйын  қалды, 

Атагелді  шошып  неге,

Сол  төбені  ойына  алды!

178


'Гоқтайық,  —  деп,  осы  араға, 

Шал  қолыи  бір  сілтеп  еді,— 

Инженер  де  түсе  қала, 

Ііұрғылады  сұр  төбені.

Атып  жатыр  Атагелді, 

Топырақты  терең  ордан, 

Ііұрқыратып  жота-белді  — 

Ііатқан  өзі  белуардан.

Ііолушы  еді  осы  құмның 

Драсында  ж алғы з  құдық,

Қарт  бақташы  талай  бұрын 

Түнеп  өткен  қаңғып  жүріп.

ІІІыға  ма  деп  сол  бір  құдық, 

Қазыгі  жатыр  құмды  опырып. 

Қопарылып  бұрық-бұрық, 

Қеткендей  бір  құйын  тұрып.

Самай  терін  сүртіп  қана,

ІІІал  тағы  да  ойға  кетті: 

«Қүйігің  көп  қырсық  дала, 

Талай-талай  қайғың  өтті.

Түсті-ау  еске  құмның  тағы 

Өткендегі  сұм  елесі. 

Баққаным ыз  байдың  малы, 

Болдық  ж а п а н   сүмелегі.

ИІалшық  та  ж оқ  осы  дүзге,

Мал  шығандап  келгем  қуып. 

Ж а л гы з  ғана  сусын  бізге, 

Болып  еді  бұл  қу  құдық.

Ж атты қ  түиеп...  Таң  алдында, 

Құйын  дауыл  көтерілді.



179

Тас  бұрқасын  тарап  қырға, 

Төбелерді  түтіп  ұрды.

Үдей  соқты  дауыл  үш  күн, 

Бет-бетімен  малым  ықты. 

Өзім  құлап,  талып  түстім, 

Құдық  беті  жабылыпты.

Өзегімді  шел  қуырып,

Ж а п а н   дүзде  ж аттым   талып. 

Қ ара  топан  шаңы  буып,

Қөрге  тірі  баттым  анық.

Тек  бір  малшы  іздеп  келіп, 

Тірі  тауып  алды  мені...

Шөл  дауылдың  тізбектеліп 

Тұр  кеудемде  әлі  кегі.

Содаи  бері  сұр  төбеге, 

Сұрлана  мен  қарауш ы   едім. 

Басса  екен  деп  су-селебе,

Бұл  даланы ң  боран,  шөлін...»

Ойлап  кетті  ж а с   инженер... 

Қезіне  оның  елестеді:

Орман,  сулы,  жасыл  ну  жер 

Осы  меңіреу  белестегі.

Осы  құмды  әткен  жарып, 

Қ аналдардың толқыны  есті. 

Тасқыц  сумен  оты  жанып, 

Ж а п а н   дүзде  туған  СЭС-ті.

Айтып  соны  күлімдеді, 

Қасындағы  қарияға, 

Жүрегінің  түбіндегі,

Ш алқып  сыры  әр  қияға.



180

«Құмда  туған  құрылыстың, 

Ж олдары нда  ізім  қалып, 

Қолымдағы  бір  уыс  құм, 

Қышы  болса  тез  қаланып,—

Яки  мына  топырақтан, 

Торқаланып  толқыса  егін, 

Ж об ал ар ы м   толып  ж атқан, 

Ұнап  ж ұртқа,  тапса  сенім,—

Яки  қазған  мына  белден 

Шықса  б ұлақ  шулай  ағып, 

Малшы  қ а з а қ   сусап  келген, 

Ж ұтса  суын  шөлі  қанып,—

Сөйтсе  шіркін...»—

Дейді  ішінен,

Ж а с   инженер  москвалық, 

Ж а л ы н   шығып  ж ас  түсінен, 

ІИаттығындай  достың  анық.

Сергіп  соған  Атагелді, 

Ж ұлқы нады   қайланы  ұрып, 

Қопарғандай  жота-белді, 

Ж а тқ ан д а й   бір  майдан  құрып.


АТА  МЕН  АТАН

Тыңда,  бөбек,  жырымды, 

Бұл  бір  аңыз  бүгінгі. 

Ертегі  ме,  бұл  рас  па?— 

Түсін,  жырмен  сырлас  та!

А қш атаудан  аулақта,

Өзені  ж оқ  ж ан-ж ақта, 

Ж а т қ а н   еді  құлазып,

Күн  қуырган  бір  жазық.

Елсіз  ж апан  айнала, 

Алысында  бар  қала.

Сол  қ а л а ғ а   қырдағы, 

Белдерді  асып  құмдағы, 

Мініп  алып  атанды,

Ата  Қылыш  аттанды.

Атан  әрең  аттады,

Тең-тең  етіп  мақтаны. 

Алдынан  қ ұ м .ж е л   ессе, 

Теңселеді  кемеше.

Қабағынан  шаң  борап, 

Аңы зақ  жел  алды  орап.

Сары  атан  маң  басып, 

Ш удаларын  шаң  басып, 

Келе  ж аты р  мұңайып, 

Кермеді  бір  тыңайып.

Қалты рады  жаиуар, 

Керінбеді  ауылдар,

Сейтіп  шаршап  жүргенде, 

Шөге  қалды  бір  жерге.

182


Ата  зекіп:  «Жүр»,  —  деді, 

Атан  бірақ  жүрмеді.

Тас  түйілді  қабағы,

Ш алға  ашумен  қарады.

Шал  үмтылды  үрғалы, 

Түйе  қорқып  түрмады. 

Аузы-мүрны  бүрқылдап, 

Сөйлеп  қалды  мыңқылдап!

«Неге  үрасың,  үрма  сен, 

Арызымды  тыңда  сен!

Сені  арқалап  он  жылдай, 

Ж үріп  келем  бір  тынбай.

М ақта,  жүнді  тасыдым, 

Талай  қырдан  асырдым. 

Теңдеп  тартып  жүгімді, 

Талыс  белім  бүгілді.

Талай  күн  су  татпадым, 

Шөлге  мені  қақтадың. 

Торсықтағы  сарқынды 

Өзің  іштің,  таусылды.

Д а р и яға   барып  қайт,

Бір  торсық  су  алып  қайт. 

Су  болмаса  жатамын, 

Ж аты п  мәңгі  қатамын».

Атан  айтты  осыны,

Ата  байғұс  шошыды. 

Қолына  алып  торсықты, 

Д ар и я  іздеп  ол  шықты.

Ш ал  жүгірді,  жүгірді,

Белі  талып  бүгілді.

183


Қу  жапанды  кезді  кеп,

Әлі  бірақ  өзен  жоқ.

Тағы,  тағы  жүгірді,

Бір  белге  кеп  жығылды. 

Ата  байғүс  шөліркеп, 

Қалды  жатып  қүм  бүркеп.

Бір  төбеде  түйесі,

Бір  тәбеде  иесі.

Бір-біріне  қосылмай, 

Ж а тт ы   талып  осылай.

Қанша  жатты  —  кім  білді, 

Ж а л ғ ы з  ғана  құм  білді, 

Сонда  желмен  ж арысқан, 

Айғай  шықты  алыстан:

«Ей,  атажан,  түр  жылдам, 

Су  шалқыды  сүр  қүмнан!» 

ІІІал  тұра  қап  қараса, 

Д а л а   неткен  тамаша!

С ар д ал аға  салып  шу,

Келе  ж аты р  ағып  су. 

Арқыраған  д ария,—

Таң  қалып  тұр  қария!

Ата  шапшаң  жүгірді, 

Барып  суды  сімірді. 

Торсығын  да  толтырып, 

Кетпек  еді  шал  түрып.

Тағы  қатты  үн  шықты: 

«Таста  деді  торсықты,

Сен  үшін  біз  қария, 

Ағыздық  сел-дария.



184

Асып  талай  асудан,

Д әл  түйенің  қасынан,

Су  ағады,  қараңыз,

Гүл  жайнады  далақыз...»

Ата  көрді  ерлерді,

Қопарған  қүм  белдерді.

Әр  төбенің  қасында, 

Ойнақтайды  машина.

Қөріп  соны  шал  кетті, 

Түйесіне  кеп  жетті.

Қелсе,  атан  алдында 

Ағып  жаты р  дария.

Суға  қанып  шалқиып,

Атаны  түр  маңқиып. 

«Шалым,  енді  мін»,  —  деді, 

Мінгізді  де  гуледі.

Қезіп  ата  даланы,

Ж а ң а   қырға  қарады.

Су  толқындап  белестен,

Сар  ж а зы қ қ а   гүл  өскен.

Су  ж айы лған  ал қапта 

Ж а й қ а л а д ы   ақ  мақта. 

М иуалар  кеп  тізілген 

Мелдір  моншақ  жүзіммен.

Танымастай  болыпты,

Ж а ң а   ка л а   қоныпты, 

Қешелерін  гүл  белеп, 

Гуілдейді  кебелек.

Орман,  сүлу  бүл  аймақ, 

Бүлбүл  қүстар  түр  сайрап.



185

Ж а с   б алал ар  гүл  жайнап, 

Ж а с   боталар  жүр  ойнап.

Ж а зы қ т а   ән  шырқалып,

Ж ер  жаңғыртып  жүр  халық. 

Таңғажайып  қы зы қ  іс,

Қырда  қызу  қүрылыс.

Ж а п а н   жатты  жаңғырып, 

Атан  тұрды  аңырып.

Ата  ж үзі  күлімдеп,

Сөйлеп  кетті  күбірлеп:

«Советтің  бүл  адамы,

Гүл  ж айнатқан  даланы.

Қүм  құйынды  көшірді,

Қырға  жеміс  өсірді.

Отанның  ер  үлдары,

Қандай  ғаж ап  сырлары!»— 

Ата  солай  жырлады,

Ж а с   бөбектер  тыңдады!..



ПОЭМ АЛАР

(1955— 1970)

Т Ү РЛ А У Л Ы   Т А Ғ Д Ы Р



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет