8-775-233-72-57 134 кезікпесе, тезірек қарыздан құтылатынымды жет-
кіздім. Қалғандарының бәрі алғыс айтып, ісімнің
жемісті болуына тілектестік білдірді.
Енді ай аяқталғанша менің қарыздарым төрт кү-
міс тиынға жуық азайды, бұған қоса, менде ешкім-
нің де сұрауға қақысы жоқ екі күміс тиын қалған
еді. Менің жүрегімді қысқан салмақ жеңілдеп, ең-
сем көтеріле бастады.
Міне, тағы да ай толды. Мен барымды салып еңбек
еттім, бірақ табысым артпады. Мен аз ғана түйе сатып
алып, бар болғаны он бір күміс тиын пайда таптым.
Әйелім екеуміз өз уәдемізде тұру үшін жаңа киім
алудан бас тартып, дастарқанға қойылар жеміс-жи-
декті азайттық. Табысымның оннан бір бөлігін бөліп
алып, оннан жеті бөлікке күн көре білдік. Қарыздың
аз бөлігін қайтарсам да, Акмардың маған риза бол-
ған кейпін көріп, қайран қалдым. Биреджиктің де
көңілі толды. Алкахад болса, маған дүрсе қоя берді,
бірақ мен оған алғысы келмесе, ақшаны кері қайта-
руды ұсынғанымда, ол басылып қалды. Басқалары
әр кездегідей бұл жолы да ризашылық танытты.
Бүгін де аспанда толған ай қалқып барады. Менің
кеудемді қуаныш кернейді. Бағыма қарай, жарамды
түйелер сатып алудың сәті түсіп, менің табысым қы-
рық екі күміс тиынды құрады. Бұл айда әйелім екеу-
міз зәру болған киімдерге қол жеткіздік. Сонымен
бірге бұл айда тамағымыз жақсарып, мәзірімізге мал
мен құс еті қосылды.
Сегізден аса күміс тиын қарызды төлеуге кетті.
Бұл жолы тіпті Алкахад та қабағын шытпады.