Вестник ПГУ №1, 2010
106
Түйіндеме
Мақалада тілдің паремиологиялық қорының әртүрлі мәселелері
және әлемдеге мақал-мәтелдерді және мақалдардағы архетиптерді
әр халық тілдік ой-санасына байланысты қабылдауы зерттелінген.
Негізгі сөздер: паремиология, мақал-мәтел, архетип, ұлттык,
тілдің ой-санасы, халық.
Resume
This article is based on the different aspects of parameological funds
of the language, the world views in proverbs and arshitypes of the language
realization of ethnic in it.
Rey words: paremiology, proverbs, saying, arshityres, the language
realization, ethnic.
ƏОЖ 81’1
ҚАЗАҚ ТАНЫМЫНДАҒЫ
«УАҚЫТ» КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ
ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Б. Молдағали
Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар қ.
Тіл мен ойлау, тіл мен таным бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл
білімінің дәстүрлі, «таза», тілдік жеке ғылым саласы шеңберінде зерттеу
мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма-когнитивті лингвистика,
онымен сабақтас этнолингвистика, псхолингвистика, социолингвистикамен
т.б. байланысуы қажет. Осы байланыстар арқылы тіл білімінде адам санасы
қалай құрылған, адам дүниені қалай таниды, қабылданған мәліметтер қалай
танымға айналады, ментальдық кеңістіктер қалай жасалады деген сұрақтарға
жауапты тілдің терең құрылымдарын зерттеу арқылы анықталған. Демек, бұл
мәселелер этнолингвистикалық аспектіде - В.Гумбольдт, Ф.Баос, Э.Сепир,
Б.Уроф, А.Потебня, Н.Толстой, Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов т.б.; псхолингвистика
тұрғыда - К.Юнг, А.Н.Леонтьев, А.Шахнарович т.б.; лингвомәдениет танымдық
сипатта - Э.Тейлор, Э.Маркарян, Ю.Лотман, Ю.С.Степанов, Н.Д.Арутюнова,
Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров т.б. ғылымдардың, ғылыми зерттеу еңбектерінде
философиялық, психологиялық, этностық, лингвистикалық теорияларының
жүйесі дүниені тұтас танудың теориясы шеңберінде тіл қызметінің когнитивтік
негіздерін айқындап, сипаттаған.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
107
Бүгінгі таңда тіл білімінде өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық
та, жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген әлеуметтік
лингвистика, психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика,
іспеттес этнолингвистика да «этностаным» мен «тілтаным» ғылымының
ортақ мәселесі шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала.
Алайда этнолингвистика идеясын әр қырынан және әр деңгейде қарастырып
келе жатқан ғалымдардың (мәселен, В.Ф. Гумбольд, В. Вунт, Г. Шухард, Ф. де
Соссюр, Бодуэн де Куртене т.б.) өздері де о бастан-ақ, этнолингвистиканың
«Этнос пен этнос тілі» негізінде қалыптасқан толық мойындаса да, олардың
өзара қатыстылығы мен үйлесімін айқындауға келгенде пікір тоғыстығы әр
жақты болады. Олай дейтініміз, проф. Ж.А. Манкеева: «Этнолингвистика-
тілді мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметіндегі және
дамуындағы тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың
өзара әсерін қарастыратын тіл білімінің саласы» [1, 55б.] –деп, мәдениет пен
этнопсихологиямен байланыстырыла қарастырылатын тіл білімінің саласы
ретінде көрсетеді. Ал акад. Ә. Кайдар: «Этнолингвистика – этнос болмысын
оның тілі арқылы танып білу мақсатында туындаған лингвистиканың жаңа
да дербес бір саласы», - дейді [1, 8б.]. Ғалым Ә. Қайдар этнолингвистиканы
тілмен байланыстырады да, «Этностың басы өткен сан ғасырлық даму жолы,
оның белгілері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар
арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде жетуі мүмкін.
Бірақ бұлардың бәрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана. Оның шын мәнісіндегі
даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге
қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, киер киім мен ішер тамақтың,
тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той-
томалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері
ретінде ғана, яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-
мәтел арқылы ғана бізге жету мүмкін» екендігін айтады [2, 34б.].
Демек, тіл арқылы жеткен көненің көзі, тарихи қатпарлар сырын ашу
–этнолингвистика саласына тиселі.
Жалпы тіл біліміндегі этнолингвистикаға шолу жасап, жеке сала
ретіндегі негіздерін анықтаған - профессор М.М. Копыленко. Ғалым
М.М. Копыленконың пайымдауынша, «этнолингвистика» термині ғылым
әлемінде ең алғаш шетел ғалымы Б. Уорфтың идеясы негізінде этнография
мен социология ғылымдарының аралығынан туындаған болып табылады.
Ал, бұл идея Э. Сепирдің тіл фактілерін этнос мәдениеті мен жеке тұлға
тұрғысынан қарастыратын теориясымен сәйкес болғандықтан, ғылымда
«Сепир - Уорф болжамы» деген атпен де белгілі болып келді [3, 16б.].
Қазақ этнолингвистикасына қатысты мәселелермен акд. Ә.Т. Қайдар
бастаған этнолингвистика ғылымының төңірегінде ғылыми мектеп
қалыптасқандығын атап кету орынды.
Вестник ПГУ №1, 2010
108
Қазақ танымында қалыптасқан, бейнелі тәсілмен дүниеге келген «уақыт»
категориясы әр халықтың өмір тіршілігіне, әдет-ғұрыпына, дүниетанымына
байланысты қалыптасқан. «Уақыт» категориясын этнолингвистикалық тұрғыдан
зерттеу ұлттық ерекшелігін, әдет-ғұрпын, қайталанбас қасиетін танып білуге,
этимологиялық, семантикалық, құрылымдық жағынан ерекше қасиеттерін ашуға
мүмкіндік береді. Мәселен, дүниеде барлық нәрсенің басталуы мен аяқталу мерізімі
бар. Адам баласы әр уақыттың шектерін шамамен немесе нақты біледі. Бірақ,
адамзат баласы өз өмірінің шегі еш уақытта білген емес. Және де білмейді де. Бұл
шындық. Бұл адам танымындағы абстактілік ұғым. Демек, уақыт мәселесі өзі
сияқты шегі жоқ мәңгілік мәселе. Уақыт - бұл абстракт ұғым. Соған қарамастан
уақыт адамның сезімі мен қарым-қатынас жасаушысының себепкері. Уақыттың
өткен-кеткені шексіз, түзу және қайтарымсыз жылжиды. Дүниежүзі халқының
уақыт цикілін елестетуі, сипаттауы тіпті оның аяқталуы да әр түрлі. Мәселен, уақыт
– мерзім, сағат, өмірдің өту уақыты, арыға барсақ, халық мекені, тұрмыс тіршілігі,
тарихы, діні-ділімен байланысы. Уақыттың көз ілеспес жылдамдығын, оны босқа
өткізіп, өмірді өксітпеуді, алтын мезетті пайдалы іске арнауды уағыздайтын «уақыт
–білгенге қазына, білмегенге – быламық» және «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық,
ерте тұрған еркектің ырысы артық» мақал-мәтелдері уақытты ұтымды пайдаланып,
тынбай еңбек етсең, мол қазынаға кенелесің деген ұғымды білдіре отырып, уақытпен
байланысты туындаған тілдік бірліктер.
Айталық, «уақыт тапшы» бірлігін алсақ, уақыттың шектеулігін
есептейміз, ол «уақыт өтпей» деген бірлігін уақыттың алдында дәрменсіз
сезіну, ал «уақыт тауып» деген бірлікте адам өзінің уақыттан күштірек
сезінетінін көрінеді. Бұдан уақыттың шегінің бар екенін көруге болады.
Әлемнің тілдік бейнесіндегі адам танымының табиғи заңдылығы: Уақыт
шеңберіндегі (айлық жыл, жыл мезгілдері) тәулік шеңбері және апта шеңбер,
Күн мен айдың жылжуы қатысады.
Көшпелі қазақ халқы жаз жайлауда, күз күзекте, қыс қыстауда бірден-бірге
көшіп-қонып жүргенде уақыт мерзіміне қатысты, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне
лайық өз өлшемдері болған. Мәселен, ол замандарда секунд, минут, сағат, күн, ай,
жыл деген ұғым атауы болмағанымен, оларды дене мүшелері және тағы басқа өлшем
бірліктері арқылы шамалап, болжай білген. Мысалы, секунд ұғымын былай деп
шамалап айтқан: Қас қағым, көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында т.б.
деген дене мүшелерінің қимыл-қозғалысы арқылы секунд ұғымын айнытпай дәл
білдірсе, минутты білдіретін өлшемнің орнына «сүт пісірім» (яғни сүт піскенше
өтетін уақытты айтады) деген немесе «ет пісірім; ет қайнатым; ет асым; ас пісірім»,
«шай қайнатым» деген минут пен сағатты білдіретін фразеологиялық тіркестерге
айналған тілдік бірліктерді қолдану арқылы өлшем атауларын бейнелеген.
Философ-ғалым М.Орынбеков ежелгі қазақтар үшін уақыт ұғымы
алғашқыда күн мен түн ауысуын сезіну, аңшылық мерзімін түсінумен
байланысты болғандығын, сонымен қатар, олар үшін жыл, кезең, уақыт
ұғымдарының мәні болмағандығын айтады [4, 101 б].
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
109
Мал шаруашылығымен байланысты көптеген уақытты білдіретін бие
сауым «биені сауғанда өтетін минуттың шамасын білдіреді, шамамен 30-35
минуттық уақыт», сиыр сауым «сиырды сауап біткенге дейінгі уақыт шамамен
15-20 минут», мал өргенде «таң ертең малдарды өріске айдайтын уақыт» деген
өлшемдер этнос тілінде қалыптасқан. Тіпті көшпелі өмірдегі тұрмысымен тығыз
байланысты киіз үйдің өзі уақыт категориясын көрсете білген. Айталық, киіз
үйдің шеңберлі болуы, оның әр орнының өзі халықтың жылсанағы бойынша жыл
қайырумен тікелей байланысты. Бұл жөнінде философ-ғалым Т. Ғабитовтың [5]
еңбегінде кеңірек баяндалады. Ал, А. Ока өз еңбегінде киіз үй уығымен уақытты
белгілегендігі туралы былай дейді: «... Осылай ағашы үнемделген, қолданым
мерзімі ұзарған, сапалы және мал-шаруашылығы үшін ыңғайлы үйдің түрі
пайда болды. Әсіресе, уықтың тік болуы үйді күн сағатымен үйлестірді. Уықты
күн сағаты ретінде пайдалану мүмкіндігінің тууымен уық дамуының үшінші
сатысы басталды... Моңғолдардың ерте кезде түзу уықтың ұшын керітіп белгілеуі,
оны жасыл бояумен бояуы, бұл халықта күн сағатының жақсы дамығандығын
көрсетеді. Яғни, күн сәулесінің уық ұшынан кереге басына дейін ауысу сәті,
сол күндегі мерзімді дәлме-дәл өлшеуге көмектескен. Ал қазақтар арасында
уақытты есептеу көбіне шаңырақтан түскен күннің жүрген жолымен есептеген
[6, 161 б.] – деп жазған.
Ислам діні кіргеннен кейін діни тұрғыға байланысты айтылатын,
уақытты білдіретін өлшемдер қалыптасты. Ол өлшемдер күні бүгінге дейін
діни ұстанымдарда, яғни намаз оқу, ораза ұстау т.б. қатысты қолданылады.
Мысалы, Бес уақыт намаз: таң (Бамдат) (таң қылаң бере таң намазын оқитын
кез), күннің еңкейген мезгілін бесін (бесін намазын оқитын кез) деп атаған,
екінді (түс ауып, күн батуға жақындаған мезгіл, бесін мен ақшам арасы),
Ақшам (күн еңкейіп, ұясына кіруге таяған кез), Құптан (түн уақыты), ораза
ұстау: ауыз ашар кез (күн ұясына кіргеннен кейінгі уақыт), сәресі (таңғы
уақыт, шамамен сағат 4-5 арасы) т.б. деп күн уақыттарын бөліп қарайды.
Қазіргі кезде көнеленіп, архаизмге (пассив сөзге) айналған бұл сөздердің
бәрі де дін, намаз оқитын адамдары үшін уақыт категориясының өлшемдері
болып есептеледі.
Қөк(аспан), жер үсті және жер асты әлемі деп бөлген қазақ
дүниетанымындағы аспан әлеміндегі денелерінің әрбір қимыл-қозғалысын
көшпелі жұрт жақсы білген. Сол арқылы тәулік бойындағы таң, күн, түн
мезгілдерін айнытпай, дәл және болжамды шамамен ажыратып отырған.
Мәселен, таң мезгілін Үркер туа, Үркер жерге түспей, Шолпан туғанда деп
анықтап, сол мезетте туылған сәбилеріне (қыз балаларға) Шолпан деп ат
қоюы, сонымен қатар қазіргі кезде таңғы теле-бағдарламалардың өзінде
де «Таң шолпан» деп аталуының өзі де соның айғағы. Ал, аспан денелерін
жақсы ажырата білмеген жұрт, көбінесе таңның қалай атуын көзбен, я елеспен
мөлшерлеген. Және сол арқылы тілде көптеген фразалық таң рауандап
Вестник ПГУ №1, 2010
110
атқанда, алаң-елеңде, таң қылаң бере, таң сібірлей, таң арайлана, құлқын
сәріде, таң сыз бергенде т.б. тіркестер қалыптасқан.
Күн шыққандағы уақыт мерзімі күннің қимыл-қозғалысы арқылы өлшенген.
Мысалы, күн шығар алдында, күн шыға келгенде, сәскеде, шабдар сәскеде, сәске
түсте, күн еңкейгенде, күн ұясына кіргенде (отырғанда), күн батқанда т.б.
Күн ұясына кіргеннен кейін енді түн мезгілі басталады. Мұны да халық
бірнеше кезеңге бөліп қараған: екі кештің арасы, алагөбеде, ел орынға отыра,
көз байлана, қас қарая, ымырт жабыла, апақ-сапақта, іңірде, жеті қараңғы
түнде, қас қарайған кезде, т.б
Халық тәуліктегі уақыт мерзімін қалай жақсы ажыратса, жыл мезгілдерін де
жете тани білген. Бір жылды, ең алдымен көктем, жаз, күз, қыс деп төрт маусымға
бөліп, онан соң әр маусымды іштей бірнеше кезеңге бөліп қараған. Мұнымен
қоса, маусымның өзіне тән тіршілік көрінісімен де уақытты бейнелей білген.
Мәселен, жазды: жаз шыға «жаз шыққанда», жаз ортасында «жаз мезгілінің
ортасында, яғни шілде айы», қырық күншілік шілдеде «жазда қырық күн шілде
дегеніміз жаздың ең ыстық сәті, ол маусым айының жиырма бесінде кіреді де
тамыз айының бесінде шығады, осыған байланысты қырық күн шілде деген:
сол аралықты білдіре отырып өлшем түрінде қолданылып кеткен», жаз бойы
«бүкіл жаздағы үш ай бойы», пішен шауып жатқанда «қысқы малдардың шөбін
жазда жинайды, сол себептен жаз мезгілінде шөп жинайтын сәтті білдіреді», ала
жаздай «жаздың үш айында білдіреді».
Уақыт категориясының этнолингвистикасын құрауға қазақи танымның,
ұлттың болмысын, әлеуметтік-экономикалық тұрмысын, рухани мәдениетінің
ерекшеліктерін көрсететін мынадай күрделі атаулар қатысады: он екі сәт,
үш бунақ, бес қонақ және т.б.
Он екі сәт – «ұзақ мерзім» дегенді білдіреді [7, 18б.]. Мысалы, -О,
бұл қой әлі ет болғанша мың бір әлем он екі сәт. Мұнан қашан әкетеді? Ет
комбинатына апарған күні қабылдай қоя ма, жоқ па? (Нұқасым Қазыбеков.
Хат. – Жұлдыз, 1986, 127 б), - деген әңгіменің үзіндісінде он екі сәт күрделі
атауы мың бір әлем тіркесімен бірге ұзақ мерзім деген сөзді білдіріп тұр.
Бұл жерде аталған күрделі сөз үстірт мағынада қолданылса, он екі сәт
сөзінің байырғы нақты мағынасын екінің бірі біле бермейді, сондықтан
оның шын мәнінде білдірген тілдік мағынасы астырт мағынаға жатады.
Осы мағынаны Н.Уәлиев былай анықтайды: «Қазақтың халық календарын
зерттеуші ғалымдарымыздың бірі – М.Ысқақов кейбір түркі халықтары,
оның ішінде ұйғырлар тәулікті он екі шаққа (сағат) бөлген деген Ұлықбектің
мағұлыматына назар аударады (М.Ысқақов. Халық календары. 1980, 220-
бет). Тәулікті он екі шаққа бөліп, оны он екі жыл атауымен атау монғол
халықтарында да бар: 1) хулгана цаг – тышқан шақ, 2) ухер цаг – сиыр шақ,
3) бар цаг – барыс шақ, 4) туулай цаг – қоян шақ, 5) луу цаг – ұлу шақ, 6)
моғай цаг – жылан шақ, 7) морин цаг – жылқы шақ, 8) хонин цаг – қой шақ,
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
111
9) бичин цаг – мешін шақ, 10) тахиа цаг – тауық шақ, 11) ноой цаг – ит шақ,
12) гахай цаг – доңыз шақ [8б.].
Үш бунақ. Қазақтарда және тағы да басқа түркілерде бір жылды үшке
бөліп қарастырумен туындаған уақыт ұғымы. Сонымен қатар, шаруашылыққа
байланысты туындаған уақыт ұғымы. Есепшілер шаруашылылықты ауа-
райымен сабақтастырып жүргізу үшін бір жылды 120 күннен тұратын үш
бунаққа бөлген. Үш бунақтың алғашқысы бас бунақты шаруалардың тілінде
қара қатқақ деп те атайды. Орта бунақта шөп қуаты басына шығады. Аяқ
бунақ қазанның тоғызынан ақпанның тоғызына дейінгі уақыт. Малшылар
бұл мерзімде «күйек шешіп», жылқыны тебінге түсіреді.
Бес қонақ. Жаз бен күз мезгілі арасында болатын ызғырық, суық күн. Бес
қонақ күрделі атауы тоғау есебіне байланысты: бірінші қонақ 31 наурызда,
қазіргі күнтізбе бойынша 21 сәуір – көктем мейрамы, еңбек мерекесі; екінші
қонақ 31 мамыр, қазіргі 22 маусым-жаз мерекесі; үшінші қонақ 31 маусым,
қазіргі 22 шілде – ақын, өнер, парасат күні; төртінші қонақ 31 шілде, қазір
22 тамыз – тіл мерекесі және ұлттық дәстүр күні; бесінші қонақ 31 тамыз,
қазіргі 22 қыркүйек – күз мейрамы, сабантой [7, 21б.].
Бес күндік пәни – шектеулі ғұмыр дегенді білдіреді. «Бес күндік» деген
«қысқа» мағынасында жұмсалып, жалған дүние, адамның жарық дүниеге
келіп, о дүниеге аттану аралығында уақыт өлшемін білдіреді. Бір жағынан
бұл күрделі атау «дін» концептісіне «діни уақыт» өлшемі ұғымына да келеді.
Сондай-ақ, бес уақыт намаз деген сияқты бес санымен келетін өлшем бірліктері
де қазақ халқының лингвомәдени танымын білдірсе керек. Ай атауларында:
«көкек» - құстардың оралу уақыты, «мамыр» - жаңару кезеңі, «отамалы» - мал
барынша тойынды, «қазан» - шөптің таусылуы, «қаңтар» - күннің қысқарылуы,
қаңтарылуы деген сияқты уақытпен байланысты халық танымы байқалады.
Сонымен, уақыт категориясына жеті күндік апта, төрт апталық ай, он екі
айлық жыл және он екі жылдық мүшел циклдары кірді. Бір цикл айналымына
сыймайтын оқиғаларға уақыттың «тірі хронология» стилі қолданылды.
Қорытындылай келе, кез келген атау қажеттілік болған соң пайда болады.
Тіл - атаулардан құралады. Бірақ әрбір тіл қандай да бір ұлттың ғана тілі
болатындықтан, оның әрбір атауы мен әрбір этнолингвистикалық сипаты
сол ұлттың ділін танытып, белгілі бір қажеттілігін өтейді. Сондай-ақ, сол
бірлік арқылы беріліп тұрған ақпаратқа халық өз тәжірибесі арқылы көз
жеткізген, оның заңдылығын таныған, ашқан және мойындаған. Сондықтан
да, «уақыт» категориясының этнолингвистикалық атауы әлі де болса, толық
зерттеуді қажет ететіні сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық
негіздері. – Алматы: Жібек жолы, 2008.-356 б.
Вестник ПГУ №1, 2010
112
2. Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері: Актуальный вопросы
казахского языка. – Алматы: Ана тілі, 1998. - 304 б.
3. Копыленко М.М. Основы этнолингвистика. – Алматы :Евразия, 1995. - с 16
4. Орынбеков М.С. Ежелгі халықтың дүниетанымы. – Алматы: Ғылым,
1998. - 126 б.
5. Философия: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық/
Құрастырған Т. Ғабитов. – Алматы: Раритет, 2004. - 392 б.
6. Ока А. Қазақтың киіз үйінің негізгі бөлігі – уық.// Б.Әбілқасымұлының
70 жылдығына арнайы ұйымдастырылған ғылыми теориялық конференция
материалдары. – Алматы: Арыс, 2001. - 159-163 б.
7. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. - Алматы: Мектеп, 1984. -107 б.
8. Базылхан Б. Монғолша – қазақша сөздік. Улан батор – Өлгий, 1984. -
880 б.
Резюме
В статье рассматривается то, как раздел этнолингвистики,
который изучает тайны древности и страницы истории, дошедшие
через язык, пишет о казахах, а так же как определяет единицу
времени в понимании кочевого казахского народа.
Resume
In this article is considered that, how branch of Linguistics, which
studies ancient mysteries and pages of history, endured through language,
writes about Kazahk, and in the same way defines unit of time in apprecia-
tion of nomadic Kazahk nation.
УДК 801. 8
КОМУЛЬСКИЙ ЦИКЛ ИСТОРИЧЕСКИХ ДАСТАНОВ
Г.М. Молотова
Институт востоковедения Комитета науки МОН РК,
г. Алматы
Богатый фонд фольклорного материала хранится в Восточном
Туркестане, частью которого является комульский цикл исторических
дастанов. Комульский цикл дастанов включает в себя две группы текстов: 1)
дастаны, повествующие о событиях XVII-XVIII вв., 2) дастаны, о событиях
первой четверти ХХ века. Единство двух групп произведений реализуется
через объединение вокруг центра, которым выступает место событий.
Характерно, что образование цикла произведений устного народного
Достарыңызбен бөлісу: |