Vi халықаралық конференция 1


ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ  САНДЫҚ ҦҒЫМДАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ



Pdf көрінісі
бет7/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54

ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ  САНДЫҚ ҦҒЫМДАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ 

СИПАТЫ 

Р.Ҿ. Досымбекова, М.Б. Салқынбаев 



Әл-Фараби атындағы  ҚазҦУ-дың 1-курс PhD докторанты,050059, Алматы, 

Казахстан 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҦУ. Арабтану және ирантану кафедрасының доценті,  

Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы 

Ежелгі  қытайлықтардың  дҥниетанымын,  наным-сенімін  ырымшылдығын  тек  табиғат 

қҧбылыстарын  тҥсіндіруге  тырысқан  аңыз-ҽңгімелермен  ғана  емес,  оларды  сан  сияқты 

абстракты тҥсініктерден де кҿруге болады.  

Ежелгі қытайлықтар барлық сандарда қҧпия мағына, таным-тҥсінік бар деп есептегендіктен, 

сол  қасиетті  саналған  сандарды  бал  ашу,    алдын  ала  болжау,  наным-сенім  сияқты 

мҽселелерде  ырымдап  қолданатын  болған.  Қытай  жҽне  қазақ  халықтарының  танымында 

ҧлттық-мҽдени сипатқа  ие  болған  «бір»,  «ҥш»,  «жеті»,  «сегіз»,  «тоғыз»,  «қырық»  жҽне  т.б. 

«киелі сандар» бар. Бҧл екі халықтың мҽдениетіне терең бойлап, ҽлемдік ҿркениетте ҿз орны 

бар осы бір сандардың халық санасына киелілік мҽнімен енген. Қасиеттілік сипатымен ҽбден 

сіңісіп алғандығы баршаға белгілі.  

Қытай  тіліндегі  сандардың  ҧлттық-мҽдени  аспектісін  қазақ  тілімен  салғастыра  талдай 

отырып,  екі  халықтың  мҽдениетіндегі  ҧқсастықпен  бірге  материялдық  мҽдениетіне  сай 

ҿзгеше ҧлттық дҥниетанымын да  кҿруге болады.  

Қай ел болсын оның мҽдениетінің бастауы  жазу десек, жазудың бастауы-сан болады. Бҧның 

барлығы да, Қытайдың кҿне дҽуір тарихын, мҽдениетін зерттеген ғалымдардың еңбектерінде 

айтылған. Сан ҽлемі  бірден басталатыны белгілі. Ал бір санының ҧғымдық мҽні – сан жҽне 

иероглиф.  Ол  кҿптеген  істің,  мыңдаған  заттың  бастауы  жҽне  негізі,  мағынасы  шексіз  ҽрі  

қиын.  

Қорыта  айтқанда,  «бір»,  «екі»,  «ҥш»,  «тҿрт»  сандарының  қасиетіне,  киелілігіне,  танымдық 



сипатына  байланысты  қытай  мен  қазақ  халықтарында  жалпы  шығыстық  таным-тҥсінікке 

жататын ортақтық бар секілді. Демек, ежелден аралас-қҧралас келе жатқан кҿрші жатқан екі 

елдің  дҥниетанымында,  философиясында,  мҽдениетінде  мҧндай  жақындықтың  барлығын 

табиғи заңдылық деп қарауға болады.    



Key words: Kazakh-Chinese numerals; national-culture; believes. 

1.Кіріспе 

1.1  В  Ежелгі  қытайлықтардың  дҥниетанымын,  наным-сенімін  ырымшылдығын  тек  табиғат 

қҧбылыстарын  тҥсіндіруге  тырысқан  аңыз-ҽңгімелермен  ғана  емес,  оларды  сан  сияқты 

абстракты тҥсініктерден де кҿруге болады.  

Ежелгі қытайлықтар барлық сандарда қҧпия мағына, таным-тҥсінік бар деп есептегендіктен, 

сол  қасиетті  саналған  сандарды  бал  ашу,    алдын  ала  болжау,  наным-сенім  сияқты 


VI Халықаралық конференция

 

51 



 

мҽселелерде ырымдап қолданатын болған. Мҽселен, ертедегі қытай мҽдениетіне байланысты 

кейбір деректерде «ҥш» саны ғаламдық ҥштікті, яғни аспан, жер, жҽне адам, сонымен қатар 

ҥш жарық кҿзі бар. Олар: кҥн, ай, жҧлдыз, ҥш қарым-қатынас: билеуші, ҽке мен бала, кҥйеуі 

мен ҽйелі арасындағы байланыс жҽне т.б. Ал «бес» саны бақыттылық сипатымен бірге жҽне 

бес  элементті  –  жер,  су,  от,  ағаш,  металды  білдірді.  Қытай  тілілінде  «тоғыз»  санының 

дыбысы мҽңгілікті білдіретін «jiu» иереоглифімен бейнеленгендіктен императордың сҥйікті 

санына  айналған.  Осыған  орай  патша  сарайының  есіктегі  шегелері  кҿлденең  тоғыз,  тігінен 

тоғыз  қатар  қағылатын  болған.  Сарай  баспалдақтарындағы  сатылардың  да    саны  «тоғыз», 

«он  сегіз»,  «жиырма  жеті»,  «сексен  бір»  санды  болып  «тоғыз»  санының  еселенген 

мҿлшерімен сҽйкес келеді. 

1.2  Нумеролог  ғалым  А.И.  Бародин  сандардың  табиғатпен  байланысты  қҧпия  сырларын 

былай  тҧжырымдайды:  «...адамдар  санауды  ҥйреніп,  дерексіз  сандарды  қоса  алатын 

дҽрежеге  жеткен  соң,  қоршаған  ортаның  сандармен  тығыз  байланысты  екенін  байқады. 

Белгілі  бір  кҥндер  ҿткенде  табиғатта  дамудың  жаңа  бір  циклі  басталады.  Дыбыстың 

жоғарылығы  ішектің  ҧзындығымен  анықталады.  Осының  барлығы,  ҽрине,  адамдарды 

сандардың қҧпиялы  мҽні туралы  ойға  жетеледі»,  –  деген пікірді қалыптастырады. Одан ҽрі 

қарай  ғалым  халық  санасындағы  сандық  ырымшылдықтың  мҽні  –  жеке  сандарға  жҧмбақ 

мағына берілуінде деп тҧжырымдайды.  



1.3  Қытай  жəне  қазақ  халықтарының  танымында  ҧлттық-мəдени  сипатқа  ие  болған 

«бір»,  «ҥш»,  «жеті»,  «сегіз»,  «тоғыз»,  «қырық»  жəне  т.б.  «киелі  сандар»  бар.  Бҧл  екі 

халықтың  мҽдениетіне  терең  бойлап,  ҽлемдік  ҿркениетте  ҿз  орны  бар  осы  бір  сандардың 

халық  санасына  киелілік  мҽнімен  енген.  Қасиеттілік  сипатымен  ҽбден  сіңісіп  алғандығы 

баршаға белгілі. Киелі деп таныған сандардың қасиеттілігін бағалаумен қатар, оларды тіпті 

қатты қадірлеп, қҧрметті ҧғымдардың орнына пайдалануды ҥрдіске айналдырған.  

Қытай  халқының  аңыз,  ертегі,  жыр,  дастандарынан  киелі  сандардың  сырын,  ҧғымын, 

олардың  халық  дҥниетанымындағы  алатын  орнын  нақты  мысалдар  арқылы  дҽлелдеуге 

болады.  Сол  арқылы  кҿне  замандағы  қытай  халқының  наным-сенімі  мен  дҥниетанымын 

ашып кҿрсету қиындық туғызбайды.  

Қытай  тіліндегі  сандардың  ҧлттық-мҽдени  аспектісін  қазақ  тілімен  салғастыра  талдай 

отырып,  екі  халықтың  мҽдениетіндегі  ҧқсастықпен  бірге  материялдық  мҽдениетіне  сай 

ҿзгеше ҧлттық дҥниетанымын да  кҿруге болады.  

Мҽселен, «一» «yi», яғни қазақша «бір» ең кіші натурал сан болуымен қатар,  барлық натурал 

сандардың «бірге» қосылу жиынтығының соңғы нҽтижесі ретінде жалпы тҥсінікке ие [1, 108 

б.]. Сол себепті математик ғалымдар «бірді»  барлық санның анасы деп атайды. Қытай халқы 

«бір»  санын    аса  қадір  тҧтқан.  Оны  олардың  «бір»  санына  қатысты  айтылған    мақал-

мҽтелдерінен,  ауыз  ҽдебиетінен  ерекше  орын  алып,  жиі  айтылатындығынан  байқауға 

болады. Айталық, бір адамның немесе  бір заттың қасиетін жоғары  бағалап, айрықша қҧнды 

деп  таныса,  мынадай    мақалдар  айтылады:    егер  дҥниеде  теңдесі  жоқ  кереметті  «Ҽлемде 

біреу»,  «du yi wu er» деп атаса, аса қҧнды затты «Алтыннан да бағалы», «yi ke qian jin» деп 

айтады.  Ал,  бір  адамға    махаббат  сезімі  ҿте  терең  болғанда  немесе  бір  затқа  деген  ынта-

ықыласы  қатты  ауса,  «Махаббаты  ҿте  терең  немесе  қҧлай  сҥю»,  «yi  wang  qing  shen». 

Сонымен  бірге  жҧмысты  ҧқыпты,  ҽрі  ҿте  мҧқият  орындайтын  адамдарға  байланысты 

мынадай мақалдарды шығарған: «Кҿңілі мен ойы бір жерде», «yi xin yi de» жҽне т.б.  



VI Халықаралық конференция

 

52 



 

Қытай халқы  ―бір‖ санын ҽлемдік мҽдениетте  ең назар  аударатын ерекше сан деп санайды. 

Соған  қатысты  «бастау»  «shi»  жҽне  «тҧтас,  барлық»    «quan»,  «xiang  yi  ying»  –  «барлық 

жағдайда», «yi tong» біріктіру, «yi zhi» бірауыздан,  «yi feng chui» «желге ҧшу»,  «yi pan qi» 

«біртҧтас»  ,  «yi  sao  er  kong»  «бір  дегенде  жоқ  қылу»,    «yi  cao  shi  shui  liu»    ҽлемді  су  басу 

деген сияқты тіркестерді кҿптеп келтіруге болады. 

Батыстық  дҥниетанымға  сҽйкес  «бір»  саны  ҿте  қатты  қадірленеді.  Мысалы,  егер  адамның 

туған кҥні айдың бірі кҥні болса, ол адам қайратты, зерек, ойлау қабілеті мықты адам болып 

саналады жҽне ҿзінің ширақтығымен, пысықтығымен танылады. Қытай тіліндегі «бір» санын 

«жҥздің» немесе «мыңның» соңына жалғайтын болсақ, мағынасы тереңдей тҥседі. Оны мына 

мысалдан айқын кҿруге  болады:  «bu bi fa qiu, women you xuduo fangfa keyizuo daode».    Бҧл 

бойынша  кез  келген  қиын  істі  шешудің  жҥздеген,  мыңдаған  тҽсілі,  жолы  бар,  табылады 

деген ҧғымды білдіреді.  

1.4  «Бір»  саны  қытай  дҥниетанымында  қасиетті  сандар  арасында  ерекше  маңызды 

саналады. Демек, философиялық кҿзқараспен қарағанда «бір» саны табиғат заңдылығымен 

жҽне  адамгершілікпен тығыз  байланысты. Бҧл бойыша  адамдар қоршаған ортада  «бірінші» 

болуға ҧмтылады. Аталған мҽселені жай, жеңіл қарауға болмайды. Табиғат пен адамның ара 

қатынасына  терең  зерттеу  жҥргізген  дҧрыс.  Қытай  иероглифтерінің  шығу  тарихына 

байланысты  «бір»  санынан  бастап  қарастыру  мҽселесіне  байланысты  ғалымдар  арасында 

бірауыздылық,  бір  тоқтамға  келушілік  жоқ.  Жалпы  иероглифтерді  зерттеуді  «бір»  санынан 

бастағанда  ой-сананы  психология,  этнология,  ҽлеуметтану  жҽне  математика  салаларымен 

кешенді тҥрде қарастырған жҿн деген пікір басым пікірге ие . 

Қытай жазуы негізінен «бір» санынан бастау алады. Бҧл пікір бойынша «бір» санын ҽр тҥрлі 

қырынан  бейнелей  отырып,  бҥкіл  қытай  иероглифтерін  ҿзгертіп,  жазып  шығуға  болады. 

Яғни, «бір» санын тігінен, кҿлденеңінен, доғалынан жҽне теріс аударып, сонымен қатар бҧл 

санды  ию  арқылы  да  жазуға  болады  яғни,    қытай  тіліндегі  тҿрт  тонның  ҿзгеруімен  сҽйкес 

келеді.  Сонда  қандай  жазу  болмасын  ҿзгеріске  ҧшырайтыны  анық.  Ғалымдардың  пікірі 

бойынша  ҽлем  «бір»  санынан  бастау  алып,  алдымен  бір  ғана  жаратушы  болған  болса, 

кейіннен  сол  жаратушы  екіншіні,  ҥшіншіні,  тҿртіншіні  жаратады  да,  ары  қарай  жалғаса 

береді.  Сҿзіміз  дҽлелді  болу  ҥшін  философ  ғалымдардың  мынадай  ой-тҧжырымдарын 

мысалға  алайық.  Олардың  ойы  бойынша  логикалық  ой  қабілеті  жетік  дамыған  адам  ғана 

жазуды,  сызуды  жақсы  меңгереді жҽне  ҽлемнің  қҧпия  сырларын меңгере  бастайды. Белгілі 

философ,  мҽдениеттанушы  ғалым  Тейлер  «Ежелгі  мҽдениет»  атты  кітабында  ертедегі 

адамдардың дҥниетанымы, жеткен мҽдени биігін саралай келе мынадай тҧжырым жасайды: 

«Олар тек ҿздерін қоршаған дҥниеге кҿз жҥгірте отырып, Адам қандай болу керек? Адамзат 

немен  айналысып,    қандай  іс  істеуі  керек?  деген  сҧрақтарға  жауап  іздеген.  Заттық  

жҥйелерге,  қҧбылысқа    ешқандай  да  кҿңіл  бҿлмей,  тҽуелсіз  болған.  Ал,  қазіргі  заманғы 

адамдар  белгілі бір затқа не  бір жҥйеге тҽуелді деген болды, содан кейін олар сол тҽуелді 

болған дҥниенің сырларын білуге ҧмтылды, – деп белгілі бір сандарға қасиетті беріп, киелі 

санағандығы жайында ой қорытады [2, 106-107].  

Демек,  Дҥниені  жаратушы  кім?  деген    сҧраққа      бҧрынғы  ата-бабаларымыз  қызығып,  кҿп 

кҿңіл  бҿлген.  Киелі  кітаптың  авторлары  бҧл  мҽселені  зерттей  келе,  Жаратушыны  –  кҿзге 

кҿрінетін, ҧстауға болатын, дауысы бар  киелі рух десе,  Қытайдың «Ежелгі діни кітабының» 

авторларының  зерттеуі  бойынша  Жаратушы  ешқандай  кескінсіз,  дыбыссыз  қарапайым 



«dongxi» зат дейді. Осы бір «дауыссыз, кҿзге кҿрінбейтін» заттың атауы  да кҿп, осылардың 

VI Халықаралық конференция

 

53 



 

арасынан      екі  абстрактілі    санның    белгісін  кҿрсететін  «yi»  жҽне  «dayi»  ҥлкен  деген 

мағынаны білдіреді. 

Ежелгі  қытай  ҧлты    ерте  заманнан-ақ  дҥние  пайда    болғаннан  бері    кҿзге  кҿрінетін,  даусы 

естілетін  қҧдайдың  жоқ  екенін    айтады.  Олардың  пікірінше    аспан  мен  жер    бірлескен 

«біртҧтастық»,  «бір»  деп санайды.  Осыдан  біртҧтас ҽлем  екіге  бҿлінеді :жер мен кҿк  осы 

екеуінің  жҧмысының  нҽтижесінде  қалған    заттар  пайда  болған.  Конфуцийдің  еңбектерінде 

де,  жаратушы  қҧдайдың    есімдері  кҿп-ақ.  Қытай  данышпандары  мыңдаған  атаулардан 

қҧралған    табиғаттағы  бар  болмысты  «бір»  санынан  таратады.  Мҧның  ҿзі  осы      саланың  

кҥрделілігін аңғартады. «Бір» санынан бастау алған осынша  кҿп  атауларды жинақтай келіп,  

тҿмендегі    тоғыз  топқа  бҿлінген:  «yi»  иероглифі  –  жеңіл,  оңай  деген  мағынаны,  «xiang» 

иероглифі  –  қҧбылыс,  бейне  дегенді,«taiji»  тайцзи  иероглифі  –  яғни  біріншінің  біріншісі 

дегенді білдіреді.  

Қытай  философиясында:  ҧлы,  ең  бірінші,  Инь  мен  Яньнның  алды,  барлық  табиғат 

қҧбылысының ең бірінші бастауы, «dao» – мораль, этика, оқу, жол деген мағынаны береді. 

«wu»  –  жоқ,  сыз,  сіз  болымсыздығымен  келетін  сҿздер  дегенді  білдіреді.  «Da»  –  ҥлкен,  

мықты,  алып  деген  мағына.  «xuan»  –  сиқырлы,  қҧпия  деген  мағына.  Мҧндағы  «yi»  –  бір, 

бірінші,  тҧтас  деген  мағынада.  «dayi»-  ҥлкен    деген  мағынаны  білдіреді.  Осыдан  «бірді», 

яғни жаратушыдан кейін ҿзге ҽлем, басқа дҥниелер санның эволюциясын бейнелеу арқылы 

дамыған. 

 

 

Берілген суреттегі кескін Инь жəне ян «Yin yang» — кҿне қытай философиясындағы негізгі 



концепциялардың бірі. Қазіргі дҥниетаным бойынша Ян және Ин жоғарғы архетиптер: Ян — 

ақ,  бастапқы  яғни  бірінші,  ер;  Инь —  қара,  кейінгі,  яғни  екінші  ҽйел.  Ондаған  мың  жыл 

бҧрын Қытайда ашылған «Инь мен ян» концепциясы физикалық ойлаудан шыққан. Кейіннен 

дами келе метафизикалық тҥсінікке ие болады. Бҧл тҥсінік бойынша бір зат екіге бҿлінеді: ақ 

жҽне  қара,  оңтҥстік  пен  солтҥстік,  суық  пен  жылы,  ҽйел  мен  еркек.  Демек,  «бір»  қасиетті, 

ҿйткені ол барлық жаратылған дҥниенің анасы. «zhou yi yi xi ci shang» атты кітапта мынадай 

қорытынды    жасалған:  «sheng  sheng»  туудан    «yi»  –  бірден  «taiji»  бірінші  туады,  «taijiyi» 

біріншіден  «liang  yi»  –  екінші  пайда  болады.  «Liang  yi»    –  екіншіден  «se  xiang»–  тҿртінші 

жаратылады.  «sexiang»–  тҿртіншіден  «ba  gua»  –  сегіз,  «bagua»–  сегізден  «daye»-  ҥлкен  іс 

пайда болады, яғни кҿп заттар мен қҧбылыстар дҥниеге келеді. Осы «туудың» барысында 4 

санды  жасырын  білдірді.  Олар:  «бір»,  «екі»,  «тҿрт»,  «сегіз».  Мҧндағы  «taiji»    барлығының 

бастауы  «бірді»,  «liang  yi»  «екіні»,  «se  xiang»–  «тҿртті»,  «ba  gua»  «сегіз»  жақсы  мен 

жаманды  болжайтын,  бҧл  кҿне  қытайдағы  символикалық    таңбалардын  сырын  ашу  кешені 

деген  ҧғымды  білдіреді.  Ал,  «daye»,  «ҥлкен  іс,  ҥлкен  шаруа»  деген  мағынада.  Осы 

қарапайым  тҿрт санда бҥкіл ғарыш, табиғат қҧбылысындағы ҿзгерістер кҿрсетіледі [3, 36]. 


VI Халықаралық конференция

 

54 



 

 Бар  ҽлемнің  шығу  кҿзі  «shengsheng»,  «туудың»  арғы  қайнарынан  келген.  Бҥкіл  ҽлемдегі 

мҽдениет пен діни шығармалардың барлығында ҽлем ҽуелі «бірден»  басталған. 

 Қытай      халқының    дҽстҥрлі  мҽдениетінде  кҥн  мен  тҥнді,  қараңғы  мен  жарықтың  мағынас 



«yin yang»  да «бірден»  басталып, екіге бҿлінеді яғни, аққа жҽне қараға.  

1.5  Қазіргі  кезде  қытай  жастары  жасырын  қҧпия  сөздерді  қолданғанда  да  сандарды 

қалданады, мысалы: «бір» санын «yao» – қалау, қажет ету, ал  «yi» «бір» деген   сҿздермен  

жасырады,  ҿйткені  «бірдің»  дыбысталудағы  бірінші  дыбысы    у-дан    басталғандықтан, 

осындай қолданысқа ие  болған. Бҧған байланысты мынадай мысалдарды келтіруге болады: 

1798  –yi  qi  zou  ba  –  бірге  барайық.  12234  –    yao  ai  ni  san  shi  –  сҿзбе-сҿз  аударсақ,  сені  ҥш 

ғасыр  бойы  сҥйемін,  қалаймын  деген  мағына  береді.  514  –wu  yi  si  –  қызықсыз,  мағынасыз 

дегенді  білдіреді.  881  –bai  bai  ai  –  сау  болыңыз,  хош  болыңыз  мағынасында  жҧмсалады. 

[4,78-79].  

Жоғарыда  келтірілген  мысалдардағы  «бір»  саны  халықтың  ертедегі  наным-сенімі,  ҽдет-

ғҧрып,  дҥниетанымы  негізінде  пайда  болып,  қазіргі  кезде  сол  қасиеттілігін  жоғалтпай 

жалғасып  келеді.  Тіпті,  қолданыс  барысында  халықтың  ҿмірдегі  кейбір  сҿздерді  астарлап 

жеткізу мақсатында қажетті санға айналған.  

Қай ел болсын оның мҽдениетінің бастауы  жазу десек, жазудың бастауы-сан болады. Бҧның 

барлығы да, Қытайдың кҿне дҽуір тарихын, мҽдениетін зерттеген ғалымдардың еңбектерінде 

айтылған. Сан ҽлемі  бірден басталатыны белгілі. Ал бір санының ҧғымдық мҽні – сан жҽне 

иероглиф.  Ол  кҿптеген  істің,  мыңдаған  заттың  бастауы  жҽне  негізі,  мағынасы  шексіз  ҽрі  

қиын. Мысалы: бір тал, бірінші рет, ҽр біреуі, біртҧтас, бҿлуге болмайды, барлығы, жалпы, 

тҥгел т.б.сҿздердің барлығында да осы  «бір»    саны  қолданылады.  Қытай  тіліндегі  бір саны 

қандай да бір қҧбылыстың, тіршіліктің,  ҽлем жаратылысының бастауын білдіреді. Қай тілде 

болсын, бір саны бірлік сҿзінің тҥпкі тҥбірі, адам ҿмірін бастайтын, тіршіліктің бастау кҿзі 

болып саналады.   

Қорыта  айтқанда,  «бір»  саны  қытай  халқының  ҧғымында  қалыптасқан  кҿне  мҽдениет 

қҧбылысы. Бҧл қҧбылыстың қазіргі таңда да қалпын, мағынасын, киелілігін сақтаған, халық 

дҥниетанымындағы  орнын  табиғатқа  жақын  жҥрген  ҽр  халықтың  ҿзіндік  қҧбылысынан 

туындаған тҥсінік деп қарастырған жҿн.  

Енді  қытай  тіліндегі  екі  санын  зарделеуге  тырысып  кҿрейік.  Қытай  тіліндегі  «екі»  саны 

қосылудың,  толықтырудың  символы  болып  табылады.  Дао  ілімінің  ҧғымында  жер  мен 

аспан,  адамзат  ҧрпағын  жалғастыратын  еркек  пен  ҽйелдің  киелі  одағы,  ақ  пен  қара,  жарық 

пен қараңғылық, кҥн мен тҥн, жер шарының тепе-теңдігін сақтап тҧратын екі энергия: «инь» 

мен  «янь»  ҧғымдарын  білдіреді.  Ҿсу  мен  дамудың  белгісі,  12-лік  цикл  бойынша  ҿсіп  келе 

жатқан  ҧрпақ  болып  саналады,  Юпитермен  басқарылады.  Қытай  ҧлты  «екі»  санын  бамбук 

ағашына теңейді. Ҿсу жылдамдығы ҿте тез, қолданылу аясы ҿте кең, «оңай» сҿзінің омонимі.  

1.6  «Екі»  саны  Қытай  мəдениетінде  өзіне  тəн  ерекшелігімен  ерекшеленеді.  Оны  аспан 

мен  жер  екіге  бҿлінгендегі  символы  ретінде  қарайды.  Қытай  мҽдениетінде  адамдар  жҧп 

сандарды ҿте жақсы кҿрген. Осыған қатысты айтылған мынадай сҿздер бар: «er long xi sh», « 

Екі айдаһар бір тас ойнаған», «er quan yue ying», «Екі қҧдықта бір айдың сҽулесі» т.б. Егер 

бҧл  сҿздерді  ҿзгертіп,  «бір  айдаһар  бір  тас  ойнады»,  «Бір  айдың  сҽулесі  бір  қҧдыққа»  дер 

болсақ, ондағы  бҧл  сҿздің  ешқандай  қызығы  болмай қалады . 



VI Халықаралық конференция

 

55 



 

      Екі  санының  кілтіне  зер  салсақ,  екі  бір-бірімен  қиылыспайтын,  параллель  сызылған  екі 

сызық. Бҧл екі сызықты ҽлем екіге бҿлінген, аспан жҽне жер, олар ҿзара қиылыспайды деп 

«екі»  «er»санындағы  екі  сызықты  аспан  мен  жердің  символы  ретінде  қарастырады.  Ал, 

қытай тілінде екімен байланысты айтылған сҿздер ҿте кҿп, мысалы: «екі ҥй», «er jia» бҧл сҿз 

кҿне дҽуірде кең қолданыста болған. Оның мағынасы кіші ҽйелдің ҥйі, яғни тоқалдың ҥйі [5, 

45]. 

«

er  lao», 

«Екі  қария»  бҧл  сҿз  де  кҿне  дҽуірде  кең  қолданылған.  Ҽсіресе  Конфуцийдің 

дҽуірінде,    оның  мағынасы  ата-анаға  деген  қҧрметті  атау  болып  саналған.  «

er  yi», 

«  Екі 


ҽлем», ол-аспан жҽне жер. 

Қытай  халқы  екі  санын  жақсы  кҿреді,  ҽрі  бҧл  санды  «жуық»  сан  деп  есептеп,  ҽрқашанда  

жақсы  іс  жҧбымен  болады  деп  білген.  Сонымен  қатар  қытай  ҧлты    қонаққа  ҿте  ҥлкен  мҽн 

береді. Ҽр жылы мерекелерде туыс-туған, дос-жарандарының ҥйіне қыдырып барады, дҽстҥр 

бойынша  қҧр  қол  баруға  болмайды.  Сҿзсіз  сыйлық,  сҽлемдеме  алып  бару  керек,  ал,  алып 

баратын затының саны сҿзсіз жҧп сан болу керек, ең аз дегенде саны екеу болу керек  жҽне 

ескеретін жағдай, ҥй иесіне  оны шын кҿңіліңмен беруің керек. Егер саны кҿп болып кетсе, 

тартуыңның    саны  ол  жақсы  кҿретін  сан  болса  да,  қарсы  жақ  сені  бҿтен  оймен  ҽкелді  деп 

тҥсінеді.  Мысалы:  арақ  тарту  етсең,  ҽдетте  екі  қҧмыра  болу  керек,  ал  ішпек-жемек  тарту 

етсең,  екі  қораптан  аспауы  қажет.  Егерде  саны  ҥш  болып  кетсе,  онда  қарсы  жақ  сені  қате 

тҥсінеді. Бірақ, қазір Батыс мҽдениетінің ҽсерімен қытайларда сыйлық бергенде біреу немесе 

ҥшеу яғни тақ санға ыңғайластыру ҥрдіс алып келеді.  

 

Адамдар  телефон  номерін,  ҥйленетін  кҥнін,  сағатын  таңдағанда,  ҥнемі  «алты», 



«сегіз»,  санынан  тыс  «екі»  санын  да  кҿп  таңдайды.  Егер  телефон  номерінің  ең  соңында 

«бір»,  «екі»,  «ҥш»  сандары  тҧрса  онда  сҿзсіз  «екі»  санын  талдайды.  Ҥйлену  той  кҥнін 

таңдағанда,  екінші  кҥн,  он  екінші  сан,  жиырма  екінші  сан  осы  кҥндерін  ҥйлену  кҥні  етіп 

таңдап,  заң  бойынша  осы  кҥні  неке  куҽлігін  алады.  Қазір  жҧмысқа  байланысты  ҥйлену 

тойын  демалыс  кҥнге  қарай  бекітеді.  Ҽсіресе  мамырдың  бірі  мен  қазанның  бірі  кҥндерін 

мемлекет  жағынан  бір-бір  апталық  демалыс  кҥні  қылып  бекіткен  соң,  кҿп  адамдар  осы 

кҥндері  арасында  той  жасайтын  болған.  Онда  олар  тек  жҧп  санына  мҽн  берген  емес,  тақ 

санында да той жасаған  

Екі  санымен  ҥш  саны  жҽне  сегіз  саны  бірге  келгенде,  онда  олардың  дыбыстық 

оқылуына байланысты ҿте жақсы мағына білдіреді. Бҧл негізінен Ганконгтықтардың сҿзінен 

шыққан, олар «екі» деген санды оқығанда «

yi», 

«оңай деген» сҿздегі оңай мен жақын оқиды. 

Сондықтан «екі» мен «ҥш» бірге келгенде «

 yi sheng», 

 «оңай ҿмір»деген мағынаны білдіреді. 

«Екі» саны мен «сегіз» саны бірге келгенде «

yi fa», 

 «оңай баю», ал, 23 пен 28 бірге келгенде 

оның мағынасы «

yi  sheng  yi  fa», 

«ҿмірің оңай болып, оңай бай бол» дегенді білдіреді. Егер 

кім телефон нҿмерін осылай алғысы келсе, онда шынымен бақытқа кенелу деп санаған. Ал 

бҧл  сияқты  нҿмірлерге  қол  жеткізу    ҿте  қиын,  ҽдетте  мҧндай  нҿмерлер  ашық  тҥрде 

сатылады, егер осындай нҿмерге қол жеткізгің келсе, онда ақша жҧмсайсың  [6, 40]. 

 

Қытай тіліндегі сҿз тіркестерінде екімен бірге келетін сҿздер де ҿте кҿп. Егер екімен 



сҿз қҧрағысы келсе, адамдар ҥнемі екі атақты адамды бірге қойып сҿз қҧрайды,  ал, ҥш саны 

мен тҿрт саны бҧлай болмайды. 

 Мысалы:  «

er  wang», 

«екі  ваң»  ол  ваң  Ган  мен  оның  ҧлы  Ваң  Чиен,  бҧрыннан  бері  бҧл  екі 

кісіні «екі ваң» деп атап келген. 


VI Халықаралық конференция

 

56 



 

«

er  long», 

«Екі  айдаһар»  Шығыс  Хан  дҽуіріндегі  Чу  Биао  мен  Чу  Чжао.  Ол  екеуі  білімді, 

мықты адамдар болған, сондықтан оларды «Екі айдаһар» деп атаған. «

er lao», 

«Екі қария» Бо 

И мен Лу Шаң осы екі ҥлкен кісіні атаған, кейін келе бҧл сҿз жасы ҥлкен екі кісіні айту ҥшін 

қолданылып отырған.  



«

er Song», 

«екі Сҧң» ол екі адамның фамилиясы бірдей болғанда, екі сҧң деп атаған. Бҧл Сҧң 

дҽуіріндегі кҿп адамдарды атау белгісі т.б.

 

[7, 107]. 



Қытай халқы  екі санын  бір жҧп деп білген. Мысалы: «

yi shuang kuaizi», 

бір жҧп сақбы, «yi 



shuang xie» бір жҧп аяқ киім, «yi shuang jiao» екі аяқ,  «yi shuang wa ze» бір жҧп шҧлық,  «yi 

shuang yan jing» қос жанар, «yi shuang shou» екі қол , «yi shuang shou tao» бір жҧп қолғап, «yi 

shuang  jian»  екі  иық,  «yi  shuang  xing»  бір  жҧп  жҧлдыз,  «yi  shuang  yu»  бір  жҧп  балық,  «yi 

shuang niao» бір жҧп қҧс т.б бҧлардың бҽрі бір-бірімен ҥлкен кішілігі бірдей, тҥсі де бірдей, 

бірі-бірінен  ажырамайтын  нҽрселер,  саны  екеу  болу  керек.  Егерде  екі  санның  орнына  бір 

санын қойсақ, онда олардың беретін мағынасы да ҿзгереді. Мысалы: бір аяқ, бір қол, бір кҿз 

десе,  онда адамдар ойлауы мҥмкін енді  біреуі қайда  деп,  бҧл адамның  денсаулығы  жақсы 

емес, яғни ауру, мҥгедек екен деп тіпті театрдағы  қойылымдарда да болсын, кинода болсын 

жағымсыз  кейіпкерлердің  рҿлін  дене  мҥшесінің  біреуі  кем  болып  ойнайды.  Мысалы:  кҿзі 

соқыр,  бір  қолы  жоқ,  бір  аяғы  жоқ  кейіпкер  ретінде  сомдалады.  Сондықтан  екі  санының 

орнына бір санын алмастырып қоюға болмайды. Сондықтанда адамдар жҧп санды жҽне жҧп 

нҽрселерді  жақсы кҿреді.

 

 



 

Қытай ҧлтының той ҿткізу дҽстҥріне келсек, жаңа той жасаған адамдар «екі» санын 

ҿте жақсы кҿреді. Той жасағанда «xi», «той» деген жазу жазылған екі  қызыл босағалық жазу 

ілінеді.  Бҧл  қытай  халқының дҽстҥрі.  Той жасаған адамға  берген заттардың бҽрі  жҧп, яғни 

екеу  болу  керек.  Ҿздерінің  жаңадан  алған  заттары    да  екеу  болу  керек.  Мысалы:  кҿрпе, 

жастық  секілді  заттар  жҽне  қолдан  тіккен  заттары  да  жҧп  етіп  жасалады:  кестелерге    екі 

ағаш,  екі  гҥл,  екі  қҧс,  егер  айдаһар  тіксе,  онда  оған  қоса  желді  де  бейнелеп  тігу  керек, 

ҿйіткені айдаһармен жел жҧп болады [8, 76]. 

Қытай  тілінде  жақсы  іс  жҧбымен  деп  айтады,  қонақ  шақырғанда    ҥстелдің  ҥстіндегі 

қҧрмалар  жҧп  санмен  болу  керек,  тақ  санмен  болуға  болмайды.  Егер,  қонақ  тамақ  ішіп 

жатқанда  абайсыздан  бір  сақбысын  тҥсіріп  алса,  оған  жҽне    де  бір  сақбы  ҽкеліп  беруге 

болмайды, сҿзсіз жҽне бір жҧп сақбы ҽкеп беру керек. Бҧл қонаққа деген қҧрметті  білдіреді. 

Қорыта  айтқанда,  «бір»  жҽне  «екі» сандарының қасиетіне, киелілігіне, танымдық сипатына 

байланысты  қытай  мен  қазақ  халықтарында  жалпы  шығыстық  таным-тҥсінікке  жататын 

ортақтық  бар  секілді.  Демек,  ежелден  аралас-қҧралас  келе  жатқан  кҿрші  жатқан  екі  елдің 

дҥниетанымында,  философиясында,  мҽдениетінде  мҧндай  жақындықтың  барлығын  табиғи 

заңдылық деп қарауға болады.    

Қытай-қазақ  тілдеріндегі  ҥш  санының  этимологиясы  мен  мағыналық  қырын  ашу,  тілдің 

осындай  сырларына,  тарихына,  тҥп-тҿркініне  бойлау,  танысып,  қҧнды  пікірлер 

қалыптастыру,  оның  ашылмаған  керемет  сырларына  қанығу  осы  сала  бойынша  ғылыммен 

айналысып жҥрген ҽрбір зерттеушіге міндет саналады. Ҽсіресе, тілдегі сан есімдердің сыры 

кҿп,  маңызы  зор,  ҽрі  мейлінше  қызықты  сала  –  сан  есімдер.  Біз  аталған  зерттеу 

жҧмысымызда  қазақ  жҽне  қытай  тіліндегі  сан  есімдеріндегі  ҥш  санының  этимологиясын 

зерделеп, оның халық мҽдениеті мен дҥниетанымынан орын алуын саралаймыз.    



VI Халықаралық конференция

 

57 



 

Қытай  тілінің  қҧпия  сандары  сол  елдің  топырағында  зайырлы  мҽдениет,  діни  мҽдениет, 

бақсылық  мҽдениет,  қытай  мҽдениеті,  аз  ҧлттар  мҽдениеті  сияқты  бір-бірімен  байланысты 

кҿп формалы тҥрде пайда болды. 

Бҧл  мҽдениеттер  ежелгі  Қытайдың  қҧпия  сандарына  терең  ықпал  етіп,  қасиетті  сандардың 

халықтың  дҥниетанымында  ҿзіндік  қасиеті  орын  алып,  тілде,  ҽдебиетте,  саясатта,  ҽскер 

ісінде  ҽр  тҥрлі  сипатта  қолданыла  бастауына  тҥрткі  болды.  Қытайлықтардың  қасиетті 

сандарға  деген  кҿзқарасы  біздің  ойымызша  бірінші  рухани  қажеттіліктен  туып,  кейіннен 

қытай  мҽдениетінен  ҿз  орнын  тауып  ҥлгерді.  Мҽселен,  Даосизм  философиясында  жҽне 

физика, математика сияқты пҽн ілімдерінде де киелі сандар қатарына енді. Ол бір жағынан 

жоғарғы  деңгейдегі  философияны  тҥсіндіреді.  Мысалы:  Даодан  бір  туылады,  бірден  екі 

туылады, екіден ҥш туылады, ҥштен барлығы пайда болады. Екінші жағынан саяси жҥйемен 

де тығыз байланысты. Мысалы: ежелгі заманда Қытай патшасы Ҥй билік қҧрған тҧста ҿзінің 

бағындырған  жерлерін  тоғыз  ҽкімшілікке  бҿліп,  ҿзінің  билігін  дҽлелдеу  ҥшін  тоғыз  «ding» 

жасауды мақсат етуден шыққан. 

Қазақ  тіліндегі  сандардың    ҧлттық-мҽдени  аспектісіне  тоқталсақ,  қазақ  халқында  да 

сҽйкесінше  ҥш,  тҿрт,  бес,  алты,  жеті,  сегіз,  тоғыз,  қырық,  алпыс  екі  секілді  сандар  халық 

санасында ерекше орынға ие. Халқымыз санауды ежелден білсе де, ол сандарға касиеттілік, 

киелілік  рҿлді  тҥрлі  кезеңдерде  берді.  Олардың  киелілену  жолында  қҧбылыстар,  наным-

сенім, салт-дҽстҥрдің атқарған қызметінің жҿні бҿлек.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет