Vi халықаралық конференция 1



Pdf көрінісі
бет34/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54

Литература 

Д. Дюришин. Теория сравнительного изучения литературы (с. 109). Москва: 1979. 

Соз зергерлерi (30 – 68). Алматы: 1996. 

Р. Бердiбаев. Гулистаннiн булбулдары (35 – 71). Алматы: 1970. 

Р. Бердiбаев. Достыќ кемеанде (36 – 69).  Алматы: 1976.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


VI Халықаралық конференция

 

284 



 

Ж. АЙМАУЫТОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК 

ИДЕЯСЫ 

Ҿмірхан Ҽбдиманҧлы, 



Әл-Фараби атындағы Қазақ ҧлттық университеті журналистика факультетінің деканы, 

филология ғылымдарының докторы, профессор 

Abstract 

This article examines the impact of era of awakening on Zhusipbek Aymauytov 's creativity  

era  of  awakening,  that  is  the  beginning  of  the  twentieth  century  Kazakh  literature.  During  this 

period, examines the impact of the relationship between intellectuals Alash on formation of social 

and political views, and Zhusipbek Aymauytov 's creativity and career. 

ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегінде  роман  секілді  ірі  эпикалық  кҿркем  дҥние  жазуға 

кіріскен  қазақ  сҿз  ҿнері  зергерлерінің  арасында  Жҥсіпбек  Аймауытовтың  алатын  орны 

ерекше. Бҧл жанрға ҽдебиетімізде тҧңғыш  тҥрен салған Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз 

Жамалы»,  оған  ілесе  шыққан  Спандияр  Кҿбеевтің  «Қалың  малы»,  Сҧлтанмахмҧт 

Торайғыровтың  «Қамар  сҧлуы»    ҽйел  теңдігін,  жеке  бас  бостандығы  тақырыбын  кҿтерсе, 

Жҥсіпбек  Аймауытов  ҿз  романдарында  адам  тағдырын  ел  тағдырымен  бірлікте    алып,  

қоғамдық  ортаның  саяси-ҽлеуметтік  ахуалымен  тығыз  байланыста  суреттейді.    Біз 

қарастырғалы  отырған  Жҥсіпбек  Аймауытовтың  «Қартқожа»  жҽне  «Ақбілек»  атты 

туындылары  қазақ классикалық романының  тҿлбасына  саналады.  Егер аңдап  қарар болсақ, 

олардың  қай-қайсыннан  да  тҽуелсіздік  идеясының  кҿрінісін  тану  қиын  емес.  Ҿткені 

олардағы  оқиға  ҿрбуінің  тынысы  адам  еркіндігінің  болмысымен  тығыз  байланысты  болып 

келеді. Енді оларды осы ҧстаным тҧрғысынан жеке-жеке талдап  кҿрелік.   

Жазушының  алғашқы  кҥрделі  шығармасы  –  ―Қартқожа‖  романы.  Роман  1926  жылы 

басылып шықты. Бҧл – кеңестік дҽуірдегі алғашқы қазақ романы болуымен бірге, ХХ ғасыр 

басындағы  осы  тҧрғыдағы  талпыныстардың  жалғасы  ретінде,  роман  жазуға  деген  жаңа  бір 

серпіліс ҽкелген шығарма. 

Ҽдебиетші  ғалым  Д.  Ысқақҧлы  бҧл  роман  туралы:  «Шығарманың  кҿркемдік-

идеялық қыртыстары қалың» [1, 129 б.], – десе, соның бір астары, тағыда қайталап айтамыз, 

тҽуелсіздік  идеясын  кҿтеруде  жатыр.    ―Қартқожа‖  романы  –  автор  қиялынан  емес,  болған 

оқиғаның  негізінде  жазылған  дҥние.  Ж.  Аймауытов  ҿмір  шындығынан  алынған  оқиғалар 

жҥйесін  кҿркемдік  қиялмен  ҧштастыра  отырып,  дҽуір  келбетін  ашатын  кҿлемді  туынды 

жасай білген. 

 Романның  бас  кейіпкерінің  тҥп  тҧлғасы  –  ҿмірде  болған,  ҧзақ  жылдар  ҧстаздық 

қызмет  етіп,  кейін  репрессияға  ҧшыраған  Қартқожа  Жананҧлы  Тоғанбаев  деген  ардақты 

азамат. 


Жазушы ХІХ ғасырдың соңында дҥниеге келіп, ХХ ғасыр басында еңбекке араласып, 

кеңестік дҽуірдің алғашқы кезеңінде жаңа қҧрылысқа белсене араласқан қарапайым адамның 

қоғамдағы  орнына  айрықша  назар  аударады.  Мақсат  –  қоғамдағы  ҿзгерістерді  қарапайым 

адамның кҿзқарасы, таным-білігі, қабылдауы арқылы кҿрсету. 

 ―Қартқожа‖  –  реалистік  шығарма.  Онда  жоқтан  бар  жасау  жоқ.  Оқиғаның  ҿрісі  ҿмір 

шындығынан нҽр алып жатады. Бір кезде молда алдында отырған бҧйығы қара бала ҿсе келе, 

сол  кездегі  қазақ  қоғамында  болған  тарихи  оқиғаларға  араласып,  ерекше  кҿзге  тҥспесе  де, 

кҿрген-білгенінен ҿзінше ой тҥйеді. Бҧл оның азамат ретінде қалыптасуына ҽсер етеді. 



VI Халықаралық конференция

 

285 



 

 Бала  кҥндегі  жетімдік,  мҽнсіз  молда  оқуы,  1916  жылғы  кҿтеріліске  қатысу,  солдатқа 

алыну,  жаңа  оқудың  есігін  ашып,  ҧстаз  болу,  міне,  Қартқожа  ҿткен  ҿмір  жолы  осы.  Оның 

ҽрбір  кезеңінде  ешбір  алып-жҧлып  бара  жатқан  ерекшелігімен  кҿзге  тҥспейтін  кейіпкерін 

автор бір ғана  жылт еткен іс-ҽрекет, мінез-қҧлық қҧбылысы  арқылы  даралап отырады. Сол 

арқылы оның ҿзіне ғана тҽн болмысы танылып-ақ қалады.  

Мҽселен,  молда  алдынан  сабақ  алып  жҥрген  кҿп  шуылдақ  арасында  Қартқожа  еш 

ерекшеленбейді,  қайта  солардың  кҿбінен  тҿмен  сияқты,  бірақ  оны  сҥйкімді  ететін  момын 

баланың  оқуға  деген  қҧштарлығы.  Ҿзгелерді  елең  қылмай,  сабаққа  беріліп  отыратын 

шыдамдылығы 

«Қартқожаны  жуассынып,  басынып  балалар  ҥстінен  тҥспейтін.  Шайнап-шайнап 

домалақтаған  қағазбен  атып,  ҽйтпесе:  «Мынаны  қарашы»  –  деп  мҧрнынан  тҥртіп  қалып, 

болмаса  маңдайын  ҿлшеп,  мазақтай  беретін.  Қатқожа  оларды  артық  елең  қылмайтын,  ең 

ашуланғанда  ғана:  ―Қой  деймін,  жындымысың  ҿзің‖  деп  сабағын  оқи  беретін.  Ҿзге  бала 

алақтап,  ойнап,  сабақ  оқыған  болып,  ҿтірік  ыңылдап,  болса  бірдеңемен  алданып,  сарылып 

отырғанда,  Қартқожа  жалықпай,  қағазын  шҧқылап,  ―Қҧл  ағузіден‖  шығып,  ―Бірінҽлнасқа‖ 

тҥсіп,  екі-ҥш  кҥнде  ―Уҽсуаҽс  ҽл  ханастарға‖  да  барып,  қалатын.  ...Осылайша  жазы-қысы 

оқып, баспа тҥркі жазба танып, хат жазатын болды.» 

 Жҽбір  кҿріп  ҿскен  момақанның  кҿзін  ашқан  оқуға  деген  қҧштарлық  екенін  жазушы 

осылайша қарапайым ғана суреттей отырып жеткізеді. Келешектен ҥміт ҥзбейтін, қоғамдағы 

ҿз  орнын табуға  талаптанған талапкердің ҿмір жолы  қиын  болғанымен, сол қиындықтарды 

жеңуге ҧмтылдыратын да, жеңдіретін де ішкі тінінің мықтылығымен, жан дҥниедегі бҧйығы 

жатқан бҧла кҥштің қуаты. Оқуға деген қҧштарлық еркіндікке деген ҧмтылысқа жол ашады. 

Ал еркіндіктің тҽуелсіздік ҧғымымен ҧштасып жатары шындық. 

Жазушы  Қартқожаның  тек  сабақ  жаттап  ғана  жҥрген  жас  еместігін,  болашақ  тағдыр 

талқысына  тҥскен  тҧста  ҿзінің  таным-тҥйсігі  арқылы  тура  жолды  таба  алған    кейіпкерін 

―оятқан‖  оқу  екендігін,    оны  ҽрқилы  жағдайға  қатысты  ҿзіндік  ой  қортындыларын  кҿрсету 

арқылы  бейнелей  отырып    береді.  Автор  суреттеуіндегі  бас  кейіпкердің  ―Телміріп  терең 

ойдың соңынан ерер‖ сҽттері осының нақты белгісі. ―Қайсыбірін айтарсың қорлық-зорлығы 

толып  жатыр.  Осының  бҽрі  Қартқожаны  ойландырды,  жанын  кейітті:  ―Ҽттең  менің 

кедейлігім-ау!  Ҽйтпесе  солардың  менен  ақылы  артық  па?  Зейіні  артық  па?  Артық  болса, 

малы артық. Дҥние шіркін-ай! Кегімді алатын да кҥн болар ма екен!..‖ деп, ішінен зығыры 

қайнап жҥрді. Ол онымен тҧрсын. Жалғыз ҿз басы ма? Кҥштілер ҽкесіне  де зорлық етпеді 

ме? Мақымет бай ҥйлерінің бір қҧнан ҿгізін қарызға алып, неше сҧраса да ол бермей қойды. 

Мақымет болыспен қҧда: оған шамасы қалай келсін? Оның ҥстінен кімге шақсын. ... Болыс, 

тілмаш, ауылнай шабарман дегендерді, тағы тҥрлі ―адам‖ болған ―атқа мінерлерді‖ Қартқожа 

зорлықшыл, жалмауыз, жан алғыш деп ҧғушы еді.‖  

 Біз  бҧдан  кҿргенін  кҿңіліне  тоқып,  одан  ой  қорыта  бастаған  балаң  жігітті  танимыз. 

Туындыгер болашақ саралы оқиғалар тҧсында саналы ҽрекеттер жасайтын Қартқожа сынды 

кейіпкерін азаматтық тҧлғаға осылайша сатылай отырып жеткізеді.   

Қартқожа  1916  жылғы  оқиғалар  кезінде  ҿсіп-жетіліп  адами,  адамгершілік 

қасиеттерімен  ерекшелене  тҥседі.  Оқуға  деген  арманын  ҥзген  осынау  зҧлмат  оқиғаның 

тҧсында ол ҿмірдің қат-қабат қҧбылысын терең таниды. Мҧның ішіндегі ең бастысы, таптық 

қайшылықтың,  ҽділетсіздіктің  қайдан  шығарын  тҥйсінуі  болатын.  1916  жылғы,  солдатқа 

алынуы, ондағы ҽскер ҿмірі балаң бозбаланы шынықтыра тҥседі. Ол енді ақ-қараны айырар 

дҽрежеге  жетеді.  Елге  келіп,  сол  баяғы  кҥй  тағы  алдынан  шыққанда,  ҽділетсіздікке  қарсы 



VI Халықаралық конференция

 

286 



 

кҥресуге  ҽрекет  жасайды.  Біз  бҧдан  біз  тҽуелсіздік  жолындағы  кҥреске  дайын  азаматты 

кҿреміз.  

 Оның  ендігі  тҥйгені  –  ҽділеттің  жеңісін  ҽкелер  майданда  ең  мықты  қару  білім 

екендігі.  Мҧны  автор  кейіпкерінің  ішкі  толғанысы  арқылы  береді:  ―Кедейден  береке 

шықпасын  білген  соң,  Қартқожа  енді  басқа  шара  іздеді.  Ойлаған  сайын  Андрейдің  сҿздері 

есіне тҥседі. 

―- Рас-ақ, Андрей оқу оқы деп еді-ау! Оқысаң ақыңды ешкім жей алмайды деп еді-ау! 

Оқуға  бҧрыннан  қҧмар  едім  ғой...  Енді  даланың,  қаланың  жайын  ҽбден  біліп  алдым.  Мен 

сияқты  оқыған  жігіттер  қала-қалада  кҿрінеді.  Енді  оқуға  кетсем  қайтер  екен?  ...Қой  мен 

оқиын! 

Ҥйіне жеткенше ойлағаны осы болды?‖. 



Қартқожа ҧзақ толғаныстан соң, осындай нақты шешімге келеді. Бҧл жаңа жолға бет 

бҧрудың  басы  еді.  Қаншама  қиындықтарды  басынан  кешірсе  де,  ол  алған  бетінен  қайтпай, 

ақыры  білігі  мен  білімі  бар  азаматқа  айналады.    Аңсаған  білімге  қол  жеткізу  –  алғашқы, 

жеңіс биігі болатын. 

Білім нҧрынан кҿкірек кҿзі ашылған  Қартқожа енді  кҥрес жолына шығады. Ҽлді мен 

ҽлсіздің,  бай  мен  кедейдің  тартысы  тҧсында  екінші  жақтың  жақтасына  айналады.  Оның 

алған білім арқылы ҿмірден тҥйген, таныған шындығы осы. Бір кездегі момын Қартқожаны 

таптық кҥреске араластырған ҿмір тҽжірибесі мен білім сҽулесі.  

Автордың  ҿз  кейіпкерін  осынау  жолға  ҧзақ  дайындықпен  ҽкелуінің  кҿркемдік 

шындығы, ҽрі нанымды, ҽрі дҽлелді. Қартқожа секілді қарапайым адамның бірте-бірте ҥлкен 

азаматтық  істерге  араласуының  сенімді  шығуы,  жазушының  ҿз  кейіпкерін  жан-жақты  аша 

білуінде.  Сондықтан да  ―Қартқожа‖ сынды реалистік туындының  ҿмір шындығынан ойып 

алынған  кҿркемдік  шындығы  аса  нанымды.  Шағын  кҿлемді  шығармада  замана  шындығы, 

уақыт бедері менмҧндалап,  айқын танылып тҧр. Ҿйткені қаламгер ҿз  тақырыбын  ҿте  жетік 

біледі.  

Уақыт  пен  кезеңнің  уысында  сығылған  кер  заманның  болмысы                                    Ж. 

Аймауытов  санасында  сурет  болып  жатталып,  кҿкірегінде  кҿркем  дҥние  болып  піскен-ді. 

Ҿйткені  шығармадағы  Қартқожа  ҿткен  ҿмір  жолын  жазушы  Жҥсіпбекте  шиырлаған. 

Сондықтанда  шығарманың  бас  кейіпкері  Қартқожа  бейнесі  –  тҥптҧлға  Қартқожаның    ғана 

бейнесі  емес,  уақыт  ҧстынындағы  ―қартқожалар‖  мен  ―жҥсіпбектердің‖  ҿмірінен  алынған 

оқиғалар мен мінез-қҧлық сипаттарды бойына жинақтаған типтік бейне.  

Бҧл туралы  жазушының ҿзі былай дейді:   ―Қартқожада‖  підия алатын бала  молданы 

оқысақ, ол – ҿзім. Қартқожаның ҽке-шешесін кҿрсек, ол – ҿз ҽке-шешем‖. Яғни жазушы кҿз 

кҿрген,  бастан  ҿткерген  оқиғаларды  екшей-елей  отыра,  кейіпкер    ҿмірін  сҿз  ҿнерінің 

шарттарына  сай    кҿркем  қиял  арқылы  қиюластырып  ҽкетеді.  Сҿйтіп  кҿркемдік  шындығы 

кҿңілге  кҥдік  ҧялатпас  туынды  жасап  шығады.  Шығарманың  шынайы  шыншылдығының 

мҽні де осында жатыр. 

Романдағы  Қартқожа  ғана  емес,  оны  қоршаған  кейіпкерлер  де  ҿз  орнын  тауып  тҧр. 

Ҽкесі Жҧман, ағасы Тҧңғышбай Қартқожаның ҿзіне тҽн мінез-қҧлқын ашуда, адами қасиетін 

танып білуде белгілі қызмет атқарады.  



VI Халықаралық конференция

 

287 



 

Қартқожаның  оқуға  деген  қҧштарлығын  арттыруда,  азамат  болып  қалыптасуында 

оқыған жас Жҥністің елеулі орны бар. Солдатта жҥріп дос болған Андрейдің де оның саяси 

кҿзқарасының қалыптасуындағы еңбегі аз емес.  

Жалпы,  Жҥсіпбек  Аймауытовтың  «Қартқожа»  романы  –  революцияның  алды-арты 

тҧсындағы  қазақ  қоғамындағы  ҿзгерістер  келбетін  келісті  суреттеп,  дҽуір  шындығын  бас 

кейіпкердің  ҿмір  жолы  арқылы  жан-жақты  ашқан  роман.  ―Қартқожа‖    романы  –  Жҥсіпбек 

Аймауытовтың осы кең кҿлемді жанрдағы алғашқы тҽжірибесі, соған қарамастан жазушы ҿз 

туындысын жанрға қойылар талап деңгейінен шығара алған деуге толық негіз бар.    

Жҥсіпбек  Аймауытовтың  қазақ  прозасын  ҥлкен  бір  белеске  кҿтерген  кҥрделі 

шығармасы  –  «Ақбілек»  романы.  Бҧл  романдағы  жазушы  мақсаты  ―Қартқожадан‖  мҥлде 

бҿлек.  Автор  қазақ  қызы  киліккен  қасіретті  кҿрсету  арқылы  аласапыран  тҧстың  озбырлық 

бейнесін  ашады.  Оны  сол  нҽубеттен,  тағдыр  талқысынан  қҧтқарған  жаңа  ҿмір  салтымен 

бірге  кейіпкер  бойына  жинақталған  ерік-жігер  қҧдіреті  екендігі  романда  айрықша 

ақындалған.  Ҧланғайыр  уақыт  пен  жалпақ  кеңістікте  тағдырдың  тар  қапасына  қамалған 

Ақбілек  қасіретін  оның  ҿзін  қоршаған  ортаның  қыспағына  іштей  қарсылығы  мен  адами 

кҥресін автор психологиялық талдау арқылы кейпкер жан дҥниесіне бойлай отырып ашады. 

Осынау қос ғасыр тоғысындағы қазақ қоғамы болмысын қазақ қызының қиын да қорлықты 

ҿмір сҽті арқылы танытуға бағытталған романның арпалыс пен кҥрестен тҧрар ҿмір кҥйінің 

тиегін ағытуы қалай десеңізші!!!  

 ―Ақбілек‖  романынан  ілкі  кҿзге  шалынатын  Жҥсіпбек  Аймауытов  қаламына  тҽн  бір 

белгі  –  ақынжандылықпен  кҧбылта  жазар  қалам  жҥйріктігі.  Бҧл  стиль  оның  кейінгі 

жазушылық  шеберлігінің  айқындауышына  айналды  десек  те  болады.  Қаламгер  ырғақты 

ҧйқас ҥлгісімен тҿгіліп тҥскен жолдар арқылы оқырманды ҽ, дегенде-ақ, ҿзіне еріксіз баурай 

жҿнеледі.  Қаламы  жҥйрік  жампозды  ҿзіне  сҿз  берелік:    ―Ҿскеменнің  аржағында, 

Бҧқтырманың  оң  жағында  ҽлемге  аян  Алтай  бар.  Сол  Алтайдың  кҥнгейінен  қҧбыла  жаққа 

қҧлай аққан, қҧлай ағып Ертіс тҥскен, кҥз кҥзеткен Кҥршім бар.  

Алтай,  Кҥршім  не  заманнан  қалың  найман  мекені.  Сол  Алтай  мен  сол  Кҥршімнің 

қысы  қыспақ,  жазы  самал.  Кҥні  жылт  етсе,  тҿрт  тҥлік  мал  қарағайлы  қарт  Алтайдың  қақ 

басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы марқакҿлі, Марқакҿлді алқалаған  – ақ 

ауылды Алтай елі‖. 

 Иҽ, шығарма тҿгіліп тҥскен шҧрайлы тіл ҿрнектеген Алтай табиғатының таңғажайып 

сҧлу  суретіне  оқырманды  осылайша    тамсантады.  Сҿйтіп  жазушы  тебірене  жазған  сҧлу 

Алтай,  сол  Алтайды  мекен  қылған  сҧлу  арулар    тағдыры  кімді  болса  да  қызықтырып,  

шытырманды оқиғалар иіріміне, тылсым сырлы сезімдер тереңіне тарта жҿнеледі.      

Роман  басты-басты-тҿрт  бҿлімнен  тҧрады.  Алғашқы  бҿлім  Ақбілектің  ақтар  қолына 

тҥсіп,  одан  қҧтылып  шығуын  баяндаса,  келесі  бҿлімде  Ақбілектің  атастырған  Алла 

бҧйыртып,  жҧрт  ҧйғағарған  жігіті  Бекболаттың  жаралану  жайы,  емделуі,  болашақта 

Ақбілектің  жолы  тҥсетін  қала  жайы  сҿз  болады.  Одан  кейінгі  бҿлімде  Ақбілек  елге 

оралғаннан  соңғы  ауыл  кҥйі,  кҥйеу  жігітімен  тағдыр  қосуы,  Бекболаттың  суыну  жайы, 

ҽкесінің  тҿсек  жаңғыртуы,  Қарамҧрттан  жҥкті  болып  қалған  Ақбілектің  психологиялық 

қиналысы суреттеледі. Тҿртінші бҿлім жаңа жолға бет алған Ақбілек ҿмірін ҿрнектейді. 

Романның  қҧрылымдық  жҥйесі  Ж.  Аймауытов  шеберлігінің  бір  ерекшелігі  ретінде 

танылады. Автор бірде баяндай отырып кейіпкерін сҿйлетіп, шешуі қиын жҧмбақтың сырын 



VI Халықаралық конференция

 

288 



 

тарқатса,  енді  бірде  тыңнан  қосылған  жаңа  сарынды  сюжет  дамуының  жаңа  бір  белесіне 

айналдырып  жібереді.  Оның  бҽрі  бас  кейіпкер  Ақбілектің  тартысты    тағдырының  ҥш 

кезеңімен  жымдасып  кеткен  бҥтіндік  табады.  Сондықтан  шығарманың  жалпы  даму 

желісінде бірде-бір оқшау оқиға, қисынын таппай тҧрған тосын сюжеттер жоқ. 

Жалпы  Ж.  Аймауытовтың  ―Абілек‖  романында  кер  заманның  ең  бір  қҧбылмалы 

тҧсында  сынға  тҥскен  қазақ  қызының  жігер-қайраты  мен  ақыл-парасаты  арқасында  ҿз 

ортасынан  озып  шығып,  биік  қоғамдық  сатыға  кҿтерілуі  кҿркем  бейнеленген.  Осындай 

тақырыпта роман жазу идеясы  Ж. Аймауытовқа  ―Қартқожа‖ романын жазу ҥстінде тҥскен 

болуы  керек.  Алғашқы  романның  ―Бет  тҥзелді‖  тарауы:  «Ақтың  ҽскері  басқан  жерге 

шегіртке жайлағандай, бҥйе тигендей болды. Желтау маңында бір ауылды қалпымен қырып 

кетіпті.  Жарылқаптау  ішіне  босып  кеткен  бір  қора  қатын-қыздардың  ҥстінен  тҥсіп,  ойына 

келгенін істепті. Қаржаста пҽленше байдың далаға тыққан жасау-мҥлкін ҿртеп кетіпті», – деп 

басталмай ма?.. Бҧл Қартқожа да, Жҥсіпбектің ҿзі де куҽ болған жайттар.  

Романның  бас  кейіпкері  Ақбілек  –  ҽке-шешесінің  кҿзінің  ағы  мен  қарасындай  ерке 

ҿскен,  ажарына  ақылы  сай  елге  сыйлы  ару.  Жазушының  Ақбілек  портретін  сомдауы  да 

сонша сырлы: ―Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі – жас тҥлегі, айы-кҥні – сҧлу қызы, алтын 

сырға, кҥміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ кҿйлегін кҿлеңдетіп...‖. Ал енді жазушы 

кейіпкер портретін шығарманың ҿн бойындағы салмақ-сапасына, оқиғалар желісін дамытуға 

орай тҥрлендіріп отырады. 

Орыс  ортасынан  оралғаннан  кейінгі  Ақбілектің  мінезделуін  жазушы  Бекболаттың 

кҿзқарасы  арқылы  танытады:  ―...  алғаш  барып  кҿргендегі  оның  тҥрі  қандай  еді!  Маңдайы 

қасқиып,  мойны  қаздиып,  кҿзі  мҿлдіреп,  ерні  ҥлбіреп,  ҥріп  ауызға  салғандай  жҧтынып, 

сҥйріктей  еді-ау!  Тал  бойында  бір  міні  жоқ,  жаңа  шығып  келе  жатқан  сҥйріктей  еді! 

Шашбауын  сылдыр  еткізіп,  сып  етіп  тҥре  келгені,  тізесімен  ақ  кҿйлегін  серпе  тастап, 

аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, тысқарыда жҥріп, жеңгесімен сыбырлап сҿйлесіп, 

дауысы кҥмістей сыңғырлап, тҽп-тҽтті кҥлгені; ҽнтек жылмиып келіп, шай жасап, ҿп-ҿтірік 

сызылғансып,  ҥш  саусағының  ҧшымен  шын-аяқ  ҽпергені,  салалы  қою  кірпігін  салмақпен 

қағып,  анда-санда  кҿз  астымен  бір  қарап  қалғаны;...  ―Қош  болыңыз‖  дегенде,  кҿзін  жалт 

еткізіп, басын ҽнтек изеп, артынан қарап қалғаны, –  бҽрі-бҽрі сондағыдай сайрап кҿз алдыңа 

келеді‖. 

Міне  бҧл  бір  кездегі  бақыттың  бесігінде  тербелген  Ақбілектің  сҥйген  жігіт  кҿзімен 

бедерленген  сҧлу  суреті.  Автор  бҧдан  кейінгі  оқиғалар  дамуында  Ақбілектің  портретіне 

біртіндеп  жаңа  қажетті  сипаттарды  қосып  отырады.  Сол  арқылы  біз  Ақбілектің  мінездеме 

суреттерімен толығырақ таныса тҥсеміз. Сондықтан да біз Ақбілекті қашан да болса, қандай 

бір  жағдайда  болмасын  соншалықты  бір  жылықпен  қабылдаймыз.  Ол  романдағы  қат-қабат 

оқиғалар тҧсында ҽр кезде-ақ сезіліп тҧрады. 

 Кейіпкердің  жан-дҥниесі  ҿз  басынан  ҿткерген  қиындығы  мен  қияметі  жетерлік 

оқиғалар  ҥстінде  ашылады.  Ақбілек  қасіреті  жалғыз  оның  ғана  емес,  зобалаңды  заманда 

бастарына  қара  бҧлт  ҥйірілген,  тағдыр  талқысына  тҥскен  қазақ  қыз-келіншектерінің  ортақ 

қасіреті болатын.  

Уақыт  куҽгері  Жҥсіпбектің  жҥрегіне  ақ  ҽскерінің  осындай  айуандық    қылықтары 

жазылмас  жара  салған-ды.  Уақыт  ҿте  келе,  кҿрген  мен  тҥйгеннің  пісіп-жетілген  кҿркемдік 

болмысы суреткер қолына қалам алдырды. 



VI Халықаралық конференция

 

289 



 

 Осы  тҧста  ―Қартқожа‖  романына  тағы  бір  қайырылған  орынды.  Жазушы  романның 

―Қҧлақ  естігенді  кҿз  кҿрді  тарауында‖  қай-қайсыда  қазақ  ауылын  аямаған  азамат  соғысы 

жылдарындағы ақ-қызылдың айуандығын былайша сипаттайды: ―Бҧл ауылды да ҽскер қамап 

жатыр  екен.  Айғай-ҧйғай  жҥгіріс.  Ат,  арба,  қазақ,  желке,  мылтық  дҥмі,  ыңқыл,  ойбай. 

Қҧшақта – киіз-кілем, жасау – қолдарда. Сақина, шашбау, орысшалау, кҥлкі... Ана ҥй жақтан 

мылтық  тарс  етті.  Қартқожа  қалбаң-қҧлбаң,  қамыт,  доға,  ―қорадан  қора‖,  шошақ  ҥйде  ҥш 

солдат, ортасында, жабу ҥстінде жас қатын... зҽресі ҧшты.  

Қартқожаны лаушы қылып алып жҥрді. Мҧнда келген ҽскердің сілемі екен, кҿбі алда, 

артына кҿз жеткізсіз. Ҿңкей жҥкті арба, зеңбірек, пулемет, азық, жасау, қару артып, тізіліп, 

салтатылары  шабуылдап,  жер  қайыстырып  кетіп  барады.  Қартқожаны  кҿп  ҽскерге  қоса 

тастап, 15 шақты солдат тағы да шауып кетті. Ҥрей ҧшты... Иығында шені, сымбатты ҽпесер 

солқылдақ арбада  қазақтың сҧлу қызын қҧшақтап қос  боз  атпен Қартқожаның қасынан ҿте 

шықты. Қартқожаға тҥскен қыздың кҿзі жыпылықтап кетті.  

Қаракҥшке қҧрбан болған сорлы!  Заманың ҽлде не болады?  

Екінші ауылға жеткенде Қартқожаны босатты. Қҧлақ естігенді кҿз кҿрді...‖.  

Мінеки,  Жҥсіпбектей  жазушының  кҿз  кҿргеннен  кҿркем  туынды  жасауға  деген 

ҧмтылысы  сол  кезде  басталған.  Бҧл  шығарма  –  жазушы  кҿкірегінде  ҧзақ  піскен,  қайнауы 

ҽбден  қаныққан  ізденістің  жемісі.  Автор  Ақбілек  қасіреті  арқылы  зҧлмат  жылдар  халық 

басына  тҿндірген  қасіретті  ашуға  ҧмтылады.  Ары  тапталған  ардақтаған  ару  тағдыры  – 

қҧлдықтың қҧрдымына бет алған  ҧлт тағдырының символы іспетті.       

Ҧлтымыздың  тҽрбиелік,  салт-дҽстҥрлік  ҧғым-танымы  тҧрғысынан  алғанда,  Ақбілек 

тап болған жайт – адам тҿзгісіз қасірет!.. 

 Бірақ  айуан  мінездес    қаракҥштің  дҥлей  соққысына  қарсы  тҽні  таза,  жаны  пҽк,  ары 

аппақ сҥттей нҽзік қыз қалай кҥреспек, не айла етпек?!.. Жазушы қолға тҥскеннен соңғы есін 

жиған  тҧста  Ақбілек  алдына  осындай  сҧрақ  тартады.    Суреткер  сол  сҽттегі  Ақбілек  жан-

дҥниесіндегі  қиналысты,  жҥйкеге  ауыр  салмақ  артқан  кҥйзелісті  кейіпкердің  ішкі  ҽлемінің 

астарын аша отырып бейнелі жеткізеді: «Ҿңі-тҥсі екенін біле алмай, кҿзі алас ҧрып, қостың 

ішін сипай сҥзіп шықты да, тҥндегі оқиға есіне тҥскенде, қайнап шыққан бҧлақтың кҿзіндей, 

жасы  мҿлтілдеп,  жылап  ағып  қоя  берді.  Саңғал  киізден  сығалап,  аңғал  шуақ  Ақбілектің 

бетіне  тҥсіп,  жайраңдаса  да,  телегей  аққан  жасын  қҧрғатуға  септігі  болған  жоқ;  жанын 

жанышқан  қараңғылық  жарық  дҥниені  аңсатты,  ҽйтседе  жарық  сҽуледен  кҿзін  біржола 

жҧмбады,  қҧтылмасына  кҿзі  жеткен  соң,  тым  болмаса  мына  саусылдаған  сары  қолдың 

ішінен бір сытылып, даланы бір кҿргісі келді. 

Тҿрт  қҧбыладан  бірдей  ҥстіне  тҿніп  тҧрған  ақар-шақар  тауларға  да,  тауға  біткен 

ҥйірім-ҥйірім  сабалақ  жҥнді  орманға  да,  тау  басында  қалықтап  жҥрген  бҥркітке  де,  тауға 

тырмыса жайылып жатқан қҧмырысқадай жылқыға да, қостан аулағырақ ҿзен қҧлай шыққан 

шоқ-шоқ бҧтаға  да Ақбілектің кҿзі тоқтап тҧра алмай, сырғанап келіп, жерошақ басындағы 

қазақтың қара  қҧманына,  қара  астауға, шырық шҿмішіне  тоқтады. Орыстың қолына  тҥскен 

ҽлдекімнің шҿміші екен? Сорлы шҿміш! Мен де сенің сыңарың ғой дегендей, мҧңдасқандай, 

кҿзіне тағы жас алды». 


VI Халықаралық конференция

 

290 



 

 Жазушы  адам  жан  дҥниесінің  қыр-сырына  қалай  бойлайды  десеңізші!  Кеше  ғана 

―Мамырбайдың  Ақбілегі‖  атанып ―ақ кҿйлегін кҿлеңдетіп‖  жҥрген кҥндер де,  кҿз жанарын 

ҧрлайтын  кҿріністер  де  енді  оған  жат,  сҧрықсыз,  керісінше,  жайда  кҿңіл  тоқтамайтын 

қарапайым  ғана  заттар  қандай  ыстық  кҿрінеді  Ақбілекке!  Ҿйткені  жансыз  болса  да  олар  – 

туған  жҧрттың  кҿзіндей  жҽдігерлер.  Ақбілекпен  олардың  тағдыры  бір  іспетті.  Олардың 

ҿзіндей  һарамның  қолжаулығына  айналған  мҧңдастардай  кҿзіне  оттай  басылуының  сыры 

осында. Жазушы осыны қалт жібермей, тасқа басқан маржандай мҿлдіретіп жеткізеді.   

Ақтардың  қолына  тҥсіп,  орыс  ҽскерлерінің  қорлығына  ҧшырап,  ауылына  оралу  – 

кҥнҽсіз  де  пҽк  қыз  ҥшін  ҿте  ауыр  масқара  іс.  Міне,  осы  сҽттегі  Ақбілектің  іштен  тынуын, 

ҿзімен-ҿзі  арпалысуын,  шешімге  келуін  автор  психологиялық  талдау  арқылы  танытады. 

―Ақбілек ҽкесінің оңашада бір ауыз тіл қатпағанына қапа болды. Ол тҥгілі ҽкесі Ақбілектен 

оңаша қалудан  қашатын тҽрізді. Ҽкесі мен екеуінің арасын қара мысық кесіп ҿткендей, бір 

ҿткелдің  тҥскенін  Ақбілектің  жҥрегі  сезеді.  Ҽкесінің  қабағы  қашан  жадырар  екен,  қашан 

жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?.. деп сарылып, сарғайып кҥтеді; ҽкесінің кҿзі тҥсер 

ме  екен  деп,  жансыз  аңдып  та  отырады.  Бір  қараса  қайғысы  жеңілдейтіндей,  бақытты 

болатындай кҿреді. Сонда да ҽкесі кҿз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің ҿлімінен мынау 

қатты батты‖.  

Жазушы  ҽке  мен  бала  арасындағы  қатынас  арқылы  Ақбілек  тағдырының  қиынды 

қырларының  сан  салалы  қыртыстарын  ашады.  Жаны  нҽзік,  болмысы  берік  қыз  бен  ойы 

бҧзық жҧрттың арасындағы ой алшақтықтың адам аспас асуының биігі осылай алынады.    

Ақбілек  қарапайым  қазақ  қызы  болғанымен,  оның  ең  басты  ерекше  қасиеті  – 

сезімталдығы.  Оны  кҿп  қиындықтан  қҧтқарған  да  осы  сезімталдық.  Ол  ең  алдымен, 

Қарамҧрт  офицермен  қарым-қатынасы  кезінде  анық  сезіледі.  Алғаш  кҿргеннен  – 

қоштасқанға дейінгі аралықтағы іс-ҽрекет, ішкі қҧбылыстан біз осы қасиетті анық танимыз.  

Жазушы  жаны  жаралы,  кҿңілі  қаралы  қыздың  ҿмір  мен  ҿлім  кҥресі  сҽтінде  ішкі 

тҥйсікті  арпалысын  терең  тебіреніспен  жеткізеді.    ―Алды-арты  тҧйық,  қараңғылық,  не 

болары белгісіз... Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сҧлу... Ол елден асты: қазақ тҧрсын, атағын 

орыс  естіп,  іздеп  келіп,  алып  қашты...  Орыс  біткен  бҧған  бола  қырқысты.  Кім  біледі,  тірі 

болса  ҥмітсіз  сайтан.  Ҿз  еркімен  келіп  отырған  жоқ,  қара  кҥшке  тағдырға  не  шара? 

Жамандығынан  мҧндай  болған  жоқ...  Ақбілекті  кім  жазғыра  алады?  Малына,  жанына  ие 

болып  отырған  қай  қазақ  бар?  Азар  болса,  жазықсыз  қҧрбан  болып  жатқан  кҿп 

қорғансыздың, кҿп сорлының бірі шығар. 

Ойдан ой қуып, басы даң боп, шапанының етігіндегі май тамғанға қарап отырғанында, 

тым-тырыс кҥте қалған қарамҧрттың ыстық қолы қолына келіп тиді. Ақбілек қабағын ауыр 

бір қағып, ―менде не ерік бар?..‖ дегендей, терең қасіретпен оның бетіне қарады. Қара мҧрт 

тілмҽшіне  иек  қағып  шығарып  жіберді  де,  Ақбілектің  қолын  ҿзіне  тартып,  ерніне  апарды. 

Ақбілек қасарысқан жоқ‖.  

Жауыздық  пен  қатігездік  шегіне  жетіп  тҧрған  ортаға  тҥскен  «тағы»  қыздың 

тағдырына арашашы болған қарамҧрт қан жылаған жҥректің тҥнегін тҥрген сезімнің ақ сҽуле 

шуағы  еді.  Ол  тағдыр  тҽлкегіне  ҧшыраған  кыздың    соңғы  ҥміті,  жантҥршігерлік  ортадағы 

қорқыныш пен ҥрейді сезімге жеңдірген тірегі де. 



VI Халықаралық конференция

 

291 



 

Екіншіден,  барша  қиындыққа  тҿзе  білген  Ақбілек  –  батыл  да  шешімшіл  қыз.  Оны 

атып кетуге бекінген Қарамҧрттың оғынан қҧтқарған да осы батылдық. ―Алтыатарын алып, 

Ақбілекке  кезене  бергенде,  Ақбілек  шаңқ  етіп,  безілдеп  кезеулі  мылтыққа  қарсы  жҥгірді. 

Қарамҧрттың кезенген қолы сылқ етті. Алты атары жерге тҥсіп кетті‖. 

 Қорлық  атты  қаратҥнектің  қҧрсауынан  ерікті  билеген  ерке    сезім  қҧтқарған  қыздың 

ажалға  қарсы  шабуы,  осынау  шын  махаббаттың  қҧдіретіне  сенгендік  еді.    Жҥрегінде 

қатігездіктен  қуат  алған  қанішерлік  пен  пҽк  сезімнің  тылсым  кҥші  қатар  арбасқан    қату 

қабақ,  қанды  қол  орыс  офицері  қыз  жанарынан  осыны  ҧқты,  ҧқты  да  аз  уақыт  болса  да 

алданышына ғана емес, шынайы махаббатына айналған аруды ҿлімге қия алмады. 

 Ақбілек табиғатындағы бҧл қасиеттің психологиялық дҽлелін жазушы оның қараңғы 

тҥндегі  қамаған  қасқырмен  арпалысынан  да  аңғартады.  Кейіпкердің  қорқынышын  ақылға 

жеңдірген  де  осы  батылдық  болатын.  Ҿмір  мен  ҿлім  арпалысқан  осы  бір  сҽтте  жазушы 

кейіпкер психологиясына терең бойлап, ол тҧрғыдағы оқырман танымын бекіте тҥседі. 

 Мҧндағы 

автор  қолданған  ҽдістің  бірі,  шығармашылығының  ерекшелігін 

айқындайтын  кҿрсеткіш  кҿзі  –  монологтар.  Ж.  Аймауытҧлы    ҿз  ойын  кейіпкер  сырымен 

астастыруда  осы  бір  ҽдістің  небір  тҥрін  шебер  қолданады.  Ж.  Аймауытҧлы  монологтары 

ойлау, армандау, еске  тҥсіру, диалог  іспетті  қҧбылып  келе  береді.  Олар кҿбіне  кейіпкердің 

ішкі ҽлемін, мінез қҧлық сипатын терең ашуға қызмет етеді.  

Ақбілек тағдырының тауқыметі мҧнымен бітпейді. Оны  алда ет-жақындарының, тілі 

бір  тілдесінің,  діні  бір  діндестерінің  қорлығы  кҥтіп  тҧр  еді.  Тҿсек  жаңғыртқан  ҽкесі 

Мамырбайдың  қатал  мінезі,  ҿгей  шеше  Ҿріктің  ҿсек-аяңы,  айттырған  жігіті  Бекболаттың 

суынуы  –  Ақбілек  алдынан  тосқан  ―тағдыр  сыйы‖,  ҿмір  сыны.  Ақбілек  жҥрегіне  қосымша 

жҥк  артқан  сол  кҥндердің  қасірет  кҥйін  жазушы  кейіпкер  ойы  арқылы  былай  береді:  ―Бір 

қайғының ҥстіне бір қайғы жамылып, Ақбілек ең соңғы алданышынан айырылғандай, ойын 

қара  тҧман  басты.  Кешегі  ―ҿлгенім  жақсы  еді‖,  деген  ой  тағы  келді.  Ҿзін  бҧл  дҥниеге 

керексіз,  артық  адамдай,  жҧртта  қалған  бҧралқы,  жҧрым  кҥшіктей  кҿріп,  табан  тірерлік, 

сҥйенерлік,  аяқ  астында  алақандай  жер  қалмаған  адамша  жаны  тҥршігіп,  жҥрегі  ауызына 

тығылып, кҿзінің жасы кҿл болып аға берді, аға берді...‖.  

Осынау  қорлық  пен  мазаққа  Ақбілекті  шыдатқан  қандай  кҥш?!  Ол  –  Ақбілек 

бойындағы  ҥшінші  қасиет  –  тҿзімділік.  Жаны  нҽзік  қыз  болғанымен,  Ақбілек  керемет 

қайсар.  Бҧл  оның  ҿзі  сезінбегенмен,  туа  біткен  табиғатында  бар  қасиет.  Автор  Ақбілек 

бойындағы  мҧндай  ерекше  қасиетті  ҽрбір  қажетті  сҽтінде,  керек  кезінде  ашып  отырады. 

Мҽселен  Орынбордағы  оқу  кезіндегі  қиындықтарды  жеңе  білу  де  оның  осы  тҿзімділігінің 

арқасы.  ―Бес  жҥзге  тарта  бала  бар.  Ҥй    тар.  Отын  кем.  Жҧмасына  бір  жаға  ма,  жақпай  ма. 

Ҥйдің іші былғаныш, сасық. Кҿп бала сасытпай тҧра ма? Тесікті ашсаң, азынап суық кіреді – 

ауырып  қаласың.  Ашпасаң  тҧншығып  кете  жаздайсың.  Оның  ҥстіне  тамақ  та  жайсыз. 

Ашаршылық  жылы  ғой.  Таласып  тармасып,  кҥніне  жарты  қадақ  нан,  бҧлдыры  жоқ  картоп 

салған  сорпа  ішесің.  Кешке  бір  қайнаған  су.  Оқу  оқып  жетілгеннен  бҧрын,  аштан  ҿле 

жаздадық. Талай бала ауырып шығып кетті. Ҿлгендері де болды. Қыстың аяғына жете алмай, 

мен де жҥдеу басқа айналдым‖. 

Жазушы  кейіпкерін  жиі  сын  тезіне  салып,  сын  сағатындағы  мінез-қҧлық  иірімдерін, 

ішкі жан дҥниесін тап басып танытады. 



VI Халықаралық конференция

 

292 



 

Ақбілектің  оқу  іздеп  шығуы  да  дҽлелді.  Ақтар  арасында  болғанда  Ақбілектің  тҽніне 

ғана емес, жанына да ҿзгеріс енген еді. Ҿзі тҥсінбегенмен, оның жанына ҿзге бір ҽлем, ҿзге 

бір қарым-қатынас дҽнін еккен Қарамҧрт болатын. Ол ауылдан бекер кеткен жоқ, санасына 

жарық тҥсірген болымсыз сҽуленің шырағын іздеп кеткен-ді.  

Арада  бес  жыл  ҿткеннен  кейінгі  Ақбілек  –  енді  мҥлде  бҿлек  жан!  Кҿкірек  кҿзі 

ашылып,  санасы  жетілген,  білікті  де  білімді  адамды  кҿреміз.  Балташтай  ҿзіне  тең  серігін 

тапқан Ақбілек – тағдырмен кҥрестің жеңісін кҿріп, жемісін татқан бақытты ҽйел. Оның жан 

жарасын  жазған  кҿзі  ашық,  кҿңілі  ояу,  қадірін  білер    Балташты  кездестіруі  немесе  ҧлы 

Ескендірмен табысуы ғана емес, сонымен қатар санасына нҧр шашқан оқу-білім қуаты.  

―Ақбілек‖  романында  самсаған  кейіпкер,  шытырман  оқиға  кҿп  емес.  Роман  ықшам 

кҥйде,  жинақы  қҧрылған.  Ҽрбір  кейіпкер  естен  кетпестей  етіліп  сомдалған.  Мҧның  сыры 

жазушының  ҽр  кейіпкердің  сырты  мен  ішін  бірлестіре  айқындауында  жатыр.  Жҥсіпбек 

кейіпкерлері  туралы  аймауытовтанушы  ғалым  Р.  Тҧрысбек:  ―Романда  жекеленген 

бейнелердің  монологтары, ҿмірдегі мҧраты  мен міндеттері айқын бейленген‖    [2, 61 б.],  — 

деген тҥйін жасайды 

Тіпті  бір  кҿрініп  жоқ  болатын  Іскендір  диуана  сынды  кейіпкердің  ҿзі  есіңнен 

кетпестей  сақталып  қалады:  ―Тани  кетті  Ақбілек:  етегін  кірмен  зерлеген,  тҿбесін  ҥкі 

сҽндеген,  басында  найза  ақ  тақия;  қолында  шҽңгіші  асасы:  асасының  ҿн  бойы  шығыршық 

кепшік  сылдырмақ,  ҧшы  қозы  жауырын,  мойнында  қҧсыр  тасбысы,  танауы  таңқиған, 

омырауы  аңқиған,  кеңірдегі  сорайған,  жіліншігі  сыйдиған,  саусақтары  сыпсиған,  ҥркек 

малша  оқшиған,  бес  тал  сақалы  шоқшиған,  шыңжау  етті,  шың  бетті,  жағына  пышақ 

жанитын, бір кҿргеннен танитын Іскендір екен кҽдімгі‖. 

 Бҧл диуананың сырт пішіні, сырт бейнесі. Ал оның ішкі қасиеттерін автордың мына 

толғауынан  танимыз:  ―Іскендір  ҿтірік  айтуды,  кісі  алдауды  білмейді,  адам  баласына 

жамандық ойламайды. Ҥлкенді ―ҽке‖, ―аға‖ деп тҧрады. Мейлі жас тҥскен келіншек болсын, 

қатын біткенді ―шеше‖ дейді. Еркек ҽйел деп айырмайды, бала біткенді ―балақайым‖ дейді, 

кісіге ҿмірі қатты сҿз айтпайды. Ҿзін ренжіткен адамға тҥк демейді, тек басын шайқайды.  

Іскендірдің  қабат  шытқанын  жан  кҿрген  емес,  қашан  кҿрсең  де  жайраңдап  жымиып 

отырғаны.  Іскендірдің  неғып  мҧндай  боп  жаралғанын,  кеудесінде  неғылған  жҥрек, 

тамырында  қандай  қан,  бойында  неткен  қайрат  барлығын  ойлайтын  бір  адам  жоқ.  Ел  тек 

оны:  ―диуана,  диуана‖  дейді,  ―бір  алуан  адам‖  дейді.  Іскендірдің  ҿмірі  жҧмбақ.  Қалай  да 

Іскендір  –  адам.  Бҧл  неткен  адам?..‖.  Біздіңше,  Іскендір  –  тҽні  жараланып,  ары  тапталған  

Ақбілектің  жан  тазаруының  жолында  жазушы  тапқан  туған  табиғаттың  тҧнба 

тҧнықтығындай періште пҽктік пен мейірімділіктің ―иесі‖ іспетті бейне. 

Жҥсіпбектің кейпкер жан-дҥниесін ашудағы шеберлігіне: ―Жазушының палитрасы ҿте 

бай.  Бірде  автор  атынан  тҿгілте  ҽңгімелесе,  бірде  кейіпкерлердің  ҿзіне  сҿз  беріп  (офицер, 

Бекболат,  Мҧқаш)  олардың  ҿздерін  сҿйлетеді.  Енді  бірде  автор  кейіпкерлердің  жан 

дҥниесіне  еніп,  солардың  не  сезініп,  не  қойғанын,  не  ойлағанын  солар  болып  баяндайды. 

Кейіпкерлерінің  жан  дҥниесі,  психологиялық  қҧбылыстары,  қуаныштары,  кҥйзелістері, 

мақсаттары  мен  армандары  жазушы  назарынан  бір  сҽт  қапас  кетпейді.  Мейлінше  кҿркем, 

мейлінше  айқын  сҿйлемдер  ҽндетіп  терме-жыр  айтып  отырғандай  ҽсер  береді.  Қазақ  ауыз 

ҽдебиетінің  ең  озық,  Шығыс  пен  Батыс  ҽдебиетінің  кҿркем  қара  сҿз  жҽне  дастандық 

ҥлгілерінің  бір-бірінен  қабысқан,  ҧштасқан  жерін  Ақбілектен  кҿрдім  дер  едім‖    [3]  –  деп 

кезінде жазушы Сайын Мҧратбеков орынды бағасын берген-ді.  


VI Халықаралық конференция

 

293 



 

Роман  Ақбілекке  арналып,  соның  тағдырына  қҧрылғанымен,  кейде  шығарма  соңына 

дейін  бірге  жҥретін,  кейде  белгілі  бір  сюжеттік  желінің  тірегі  іспетті  Қарамҧрт,  Бекболат, 

Мҧқаш,  Жылтыр,  Ҧрқия,  Ҿрік,  Балташ,  Ақбала,  Мамырбай  тҽрізді  сҧрыпталған,  орнын 

тауып,  орнықты  сомдалған  тҧлғалар  бар.  Бҧлардың  ҽрқайсысына  тҽн  айнытпай 

ажыратылатын кескіні, сҿз саптасы, қимыл-қозғалысы, ҿзіне ғана тҽн мінез-қҧлқы бар. 

Қарамҧрт-офицердің екі сипаты бір-бірімен тайталас келіп жатқандай. ―Орыс сияқты 

жері  мол,  қолтығы  кең  жҧрттың  қол  астына  қарағанына  қазақ  тҽуба  қылу  керек  қой. 

Анығында  қазақ  мемлекетке  не  пайда  келтіріп  отыр?  Тҥндік  басы  жылына  тҿрт  сом  алым 

тҿлегені  болмаса,  ҽскерге  ылау,  азық  бергені  болмаса,  бҧларда  не  шығын  бар?...  патша 

қазақты  қара  жҧмысқа  алам  дегенде,  қандай  қорқып,  абыржып,  қиратылып  қалды.  Қазақ 

солдаттан  ҿлгенше  қорқады...  тегінде  қазақтың  солдаттықтан  қорыққаны  бізге  теріс  емес. 

Кім  біледі,  қолына  қару  берсе  орыс  жҧртына  жау  боп  кетпесіне  кімнің  кҿзі  жетеді?  Онда 

Ҧлы  Ресей  кемиді,  жері,  елі  азайып  қалады.  Қазақтың  малы,  ҿлі  бҧйымы  басқа  елдің 

пайдасына  кетіп  қалуы  мҥмкін.  Ҽйтеуір  қазақ  ҿз  алдына  ие  болып  жатқан  жоқ,  ендеше 

орысқа бағынуы керек‖.  

Бҧл офицердің ішкі монологы арқылы ашылған, отаршылдықты кҿксеген империялық 

саясаттың  қҧлына айналған адамның жан сыры. Бірақ Ақбілек тағдырына араласқан сҽттен 

бастап оның кҿп тобырдан ойы биік, сертке берік азаматтықтан арыла қоймаған, қатал тҽртіп 

иесі екендігін аңғарамыз.  

Ақбілекке тағдыр қоспаған, Бекболаттың бейнесін жазушы былайша таныстырады. ― 

Қара  торы,  орта  бойлы,  қошқар  тҧмсық,  тҥлкі  мҧрт,  шҥңірек  кҿз  жігітпін.  Жасым 

жиырманың жетеуіне  шығып тҧр... басында барқытпен тысталған  қара  елтірі жекей тымақ, 

ҥстімде  орысшалау  пенжек  шалбар.  Сҧр  шапан,  сары  сафиянға  қара  ала  жапқан  кҥміс 

белбеу,  аяғымда  кҿнелеу  қисық  табаным  бар.  Белбеуімдегі  жарғақ  далбағайым,  шашақты 

сары қынды мҥйіз сапты ҿткір кездігім, алдыңғы  қапталдағы  дабыл  байлайтын ҧзын қайыс 

шеттігім – менің ҿнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар‖.  

Ал  енді,  Ж.  Аймауытҧлының  от  тҧтандырып  жҥретін  Мҧқашы  ҿзі  жайында  былай 

дейді:  ―Мен  таңқы  мҧрын,  бадырақ  кҿз,  шҧнақ  қҧлақтау,  жарбақтау,  кірпі  шаш,  қарыс 

маңдай,  қара  сҧр  жігітпін.  Жасым  отыз  бесте,  ҽкем  Тойбазар  ҿзім  Мҧқаш  болғалы  аузым 

асқа, ауым атқа жарыған емес. Ес білгелі есікте жҥрдім‖. Роман оқиғасының бел ортасында 

жҥретін Мҧқаш – ҿзінде береке, ісінде тиянақ жоқ, жҥрісі сҧйық, мінезі бҧзық адам.  

Ал Жылтыр онан да асқан. Автор баяндауында оның болмыс бітімі мынадай: ―Оның 

қылмаған  бҧзақылығы  жоқ.  Ол  ҽуелде  Матайдың  Ҽбеніне  тілмаш  болған,  Ҽбенімен  бірігіп 

ел  қанаған,  Ҽбенге  шҽкірт  болған,  ол  қазынаның  ақшасын  жеген...  абақтыға  жҥз  тҥсіп  жҥз 

шыққан.  оның  ҿтірігіне  найза  бойламайды.  ...қашан  кҿрсең  де  кҿзі  ойнақтап,  пҧшықтау 

мҧрынының  танауы  делдиіп,  маңдайы  жылтырап,  шҧнақ  қҧнанша  атырлып  тҧрғаны,  ҿзі  де 

орта  бойлы,  арам  еті  жоқ,  қагілез  сайтан  секілді  ҧшып  тҧр.  Жҥріс  тҧрысына,  бет 

қҧбылысына, қол сермесіне кҿз ілеспейді. Бір минутта жҥз қҧбылады‖. 

Бҧндай  адам,  ҽрине,  ҿзінің  бар  болмысымен  Мҧқаштың  айнымас  сыңары  болады  да 

шығады. Жалпы автор романның ҽр қиырынан оқиға дамуының ҥдеуіне қатысы бар Мҧқаш, 

Ҽбен,  Жылтыр  сынды  бейнелерді  ҿзіндік  сипаттамалармен  жанама  тҥрде  суреттегенімен, 

олардың қоғамдық ортадағы кесірлі істерін ашып кҿрсетеді.  


VI Халықаралық конференция

 

294 



 

 Ақбілектің  жеңгесі  Ҧрқия  жаны  таза,  мейірімді  жан.  Ақбілек  тозақтың  отынан 

шыққандай  болып,  еліне  қайта  оралған  кезде,  оның  туған  аулындағы  жанын  тҥсінген 

жанашыры  да,  мҧңының  сырын  ҧққан  сырласы  да  Ҧрқия  еді.  Ол  романда  адамға  тек 

жақсылық  тілеуді  ғана  білетін,  ҿзі  істеген  жақсылығының  шапағатына  сҥйсінетін, 

кҿпшілікке  ҿзінің  адалдығымен  жағып,  адамгершілігімен  сҥйкімді  болған,  қысылған  сҽтте 

жҿн  таба  алатын  шалымды  мінез,  тапқыр  ақыл  иесі  ретінде  есте  қалатын  кейіпкер  болып 

тҧлғаланады.  Автор  оны  ―бар  айыбы  пҧшпағы  қанаған  жоқ,  ҽйтпесе  жібі  тҥзу  ҽйел‖  деп, 

сондай бір жылылықпен  бар қасиетін ашып кетеді. 

 Ҧрқияға  қарама-қарсы  бейне  Ҿрік.  Автор  оның  сҥйкімсіз  кейпін  ―ҥйге  жылан  кіріп 

келгендей...‖ деп бейнелейді. Автор ҿз шығармасында Ҿрік бейнесін ҥшінші жақтан берген. 

Ол  Ҿрікті:  ―кҿзі  тікшиген,  жҧқа  қабақ,  қаймақ  ерін,  таңқы  мҧрын.  Тымырайған,  тымпиған, 

қайқаңдау  қарасҧр  адам  екен.  Ҥйге  жылан  кіріп  келгендей,  Ақбілектің  жҥрегі  су  ете  тҥсті. 

Сара  Ақбілекке  қарай  тығылып,  кҿзі  бажырайып,  ҥріккен  тайлақша  ажырая  қалды‖,  –    деп 

суреттейді.  

Ҿрік сипатын ол кҿпшіліктің диалогы арқылы да айқындап береді: 

―–  Кҽпірдің тікірейген кҿзі жаман екен: оңдырмас, деп; енді бірі: 

–   Ерні қаймыжықтай екен: сҿзге сойқан шығар, – деп;  

Тағы бірі: 

Қабағы қаймақтай боп, танауы делдиіп тҧр екен: дҽу де болса, долы шығар... – десті‖. 

Бҧл  жерде  Ҿріктің  сыртқы  кҿрінісінен  гҿрі,  сол  кҿрініс  арқылы  адамның  мінез-

қҧлқының болмысы ашылып, оның болашақ іс-ҽрекетінің белгілері танылғандай.  

 Ақбілектің  жаңа ҿмірі басталған сҽттен бастап, оған ҿздерінің сезімін ашқан Балташ 

пен Ақбала жаңа заманның адамдары ретінде кҿрінеді. Жаңа ҿмірдің салтына қадам басқан 

Ақбілек  ҿмір  белесіне  қол  ҧстасып,  қатар  қадам  басар  серік  іздеген  сҽтте  ҿмір-тағдыр  қос 

таңдауды  алға  тосады.  Ақбілек  тағдырдың  талқысына  тҥскен  ҿмір  атты  қиын  да  қызықты 

қҧбылыстың қилы  қиындықтарынан ҿткен жан ретінде, адалдық  пен адамдыққа  бас  ҧрады. 

Сҿйтіп, кҿрсеқызар Ақбаладан гҿрі, азаматтығы адамдығымен астасқан Балташты таңдайды.  

Автор қыз ҽкесі  Мамырбай ақсақалдың жан ҽлемін, ой сезімін ҿз сипаттауы арқылы 

бере білген. Мҽселен, Ақбілек орыс ортасынан оралғаннан кейінгі ҽке кҿңіліндегі сағыныш 

пен  мейірім  мҥлде  басқа  сипатқа  ауысып  кетеді:  ―Енді  Ақбілек  ҽкесіне  масыл  болды.  Бала 

ҧстаған  емес,  маймыл  ҧстап  отырған  кісі  тҽрізденді.  Ақбілектің  қырсығынан  ақсақал  ҿзі 

масқара болып, абыройынан айрылғандай кҿреді. Қызғаныш. жиреніш, ҿкініш. Аяныш, ыза, 

қорлық  –  бҽрі  ҧласып,  оның  тірі  қалып,  кҿзге  кҥйік  болғанына  бармағын  шайнап, 

зығырданар еді. ...У жеген қасқырдай, алау-жалау боп, ҿртеніп, шықпаған сҥлдесін сҥйретіп 

жҥреді.  Кейде ақсақал оңаша отырып терең ойға  батар еді: ―О  пақырда  не  жазық бар еді?‖ 

деп,  баласын  бір  уақ  аяр  еді.  ―Оны  да  қҧса  қылмайын,  деп  бір  ойысып  келсе  де,  оның 

басынан ҿткен кҥндері еске тҥскенде,  Ақбілекті кеудесінен итеріп тҧрғандай, бірдеңе оның 

маңына жолатпас еді. Біруақ: ―Тезірек қҧтылсам қайтер еді?‖ деп ойлар еді‖. 

Екі  ҿрттің,  екі  дҥлей  сезімнің  тартысында  қалған  ҽкенің  ішкі  дҥниесіндегі 

ҽлемтапырық жайды автор осындай психологиялық талдау арқылы жайып салады.  


VI Халықаралық конференция

 

295 



 

―Ақбілек‖  романы  –  қазақ  халқының  ҧлы  ҿзгерістер  тҧсындағы  қасірет-тауқыметін, 

жаңа ҿмірге бет бҧрысын қарапайым қазақ қызының тағдыр-талайы, талғам-танымы арқылы 

кең кҿлемде кҿрсеткен толымды туынды. 

Бҧл  шығарма  туралы  академик  С.  Қирабаев  мынадай  тҧжырым  жасағанды:  «Қазақ 

романының  алғашқы  ҥлгілерінің  бірі  бола  тҧрса  да,  Жҥсіпбектің  бҧл  жанрдағы  ізденісінде 

―Ақбілек‖  кҿрнекті  орын  алады.  ...ол  бҧл  шығармасында  адам  характерін  тереңірек  ашуға, 

кейіпкердің  психологиялық  жайларын  толықтыруға  кҿбірек  кҿңіл  бҿлді.  Жазушы 

суреткерлігі  де  артып,  оның  авторлық  позициясы  айқындала  тҥсті.  Сондықтан  ―Ақбілек» 

қазақ  романының  туу  тарихында  да,  жазушы  шығармашылығында  да  алғашқы  кесек  ҥлгі 

болып саналады‖ [4, 376 б.].    

Иҽ,  ―Ақбілек‖  романы  –  Қазақ  халқының  ҧлы  ҿзгерістер  тҧсындағы  қасірет-

тауқыметін,  жаңа  ҿмірге  бет  бҧрысын  қарапайым  қазақ  қызының  тағдыры  арқылы  кең 

кҿлемде  кҿрсеткен  туынды.  Оның  бҽрі  тҽуелсіздік  ҧғымымен  астастырыла  беріледі.    Онда 

адамға  тҽн  еркіндікке,  бостандыққа,  теңдікке  ҧмтылыс  айқын  кҿрініс  тауып  ғана  қоймай, 

кҿркем бейнелену деңгейіне  кҿтерілген. Еркіндік суреттелуінің астарында ел  тҽуелсіздігіне 

деген  ҥміт  нышандары  жатқандығы  тағы  шындық.  Оны  тікелей  суретемегенмен  жазушы 

кҿркемдік  ізденістерінен  ол  айқындала  тҥседі.  Сондықтан  да  Жҥсіпбек  Аймауытовтың 

―Ақбілек‖  атты  классикалық  шығармасы  қазақ  ҽдебиетіндегі  тҽуелсіздікті  басты  идеялық 

ҧстанымға  айналдырған тҧңғыш кҿлемді кҿркем туынды екендігіне талас болмаса керек-ті. 

Жҥсіпбек Аймауытов шығармашылық шеберлігінің мың сан шындығының бір сыры осында 

жатыр. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет