«Вітчизняна наука: сучасний стан, актуальні проблеми та перспективи розвитку»



Pdf көрінісі
бет21/30
Дата24.03.2017
өлшемі4,5 Mb.
#10330
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30

Литература

1. 
Абрамова  Г.
 
С.  Практическая  психология:  Учебник  для  студентов  вузов  /  Г.
 
С.
 
Абрамова.  –
 
Изд.  6
-
е, 
перераб. и доп. –
 
М.: Академический проект, 2001. –
 
480 с.
 
2. 
Бедерханова
 
В.
 
П.  Становление  личностно  ориентированной  позиции
 
педагога  /  В.
 
П.  Бедерханова.
 

 
Краснодар: КубГУ, 2001. –
 
220 с.
 
3. 
Великий тлумачний словник сучасної української мови / Гол. ред. В.
 
Т. Бусел. –
 
К.–Ірпінь: Перун, 2005. –
 
1021с.
 
4. 
Зеер
 
Э.  Ф.  Психология  профессий:  Учеб.  пособие  для  студентов  вузов
 
/  Э.  Ф.  Зеер.
 

 
М.: 
Академический Проект, Екатеринбург: Деловая книга, 2003. –
 
336 с.
 
5. 
Леонтьев А. Н. Деятельность. Сознание. Личность / А. Н.
 
Леонтьев. –
 
М.: Политиздат, 1997. –
 
304 с.
 
6. 
Рабочая книга практического психолога: Пособие  для специалистов, работающих с персоналом / Под 
ред. А. А. Бодалева, А. А. Деркача, Л.
 
Г.
 
Лаптева. –
 
М.: Изд
-
во Института Психотерапии, 2001. –
 
640 с.
 
7. 
Рубинштейн С. Л. Основы общей психологии / С. Л. Рубинштейн. –
 
СПб: Издательство «Питер», 2000 –
 
712 с.
 
8. 
Соколовская О

К. Особенности профессиональной позиции студентов
-
психологов / О.
 
К. Соколовская 
//  Психология  ХХI  века:  Материалы  Международной  научно
-
практической  конференции  молодых 
ученых  «Психология  ХХI  века»  22–24  апреля  2010.  Санкт
-
Петербург  –
 
СПб.:  Изд
-
во  С.
-
Петерб.  ун
-
та, 
2010. 

 
С. 165–
167. 
9. 
Шапар В. Б. Сучасний тлумачний психологічний словник / В.
 
Б.
 
Шапар. –
 
Харків: Прапор, 2005. –
 
347 с.
 
 
 

126 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
СЕКЦІЯ: CУЧАСНІ ІНФОРМАЦІЙНІ ТЕХНОЛОГІЇ
 
 
Айгүл Елепбергенова
 
(Талдыкорган, Казахстан)
 
 
БАТЫРМАЛАР ҚҰРУҒА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША
 
 
Oқу  жүйeciндe  aқпaрaттық  тeхнoлoгияны  жaлпы  қoлдaнудың  мaзмұнынaн  гөрi  oны  пaйдaлaну  ici 
бiлiм  бeру  жүйeciндeгi  қoйылғaн  тaлaптaрғa  қaншaлықты  жaуaп  бeрe  aлaтыны  мaңыздырaқ.  Coндықтaн 
элeктрoнды oқыту әдiciн жүзeгe acыру жaлпы бiлiм бeру әдiciн жeтiлдiру тәciлдeрiмeн бiргe oнымeн тығыз 
бaйлaныcты.  Бiлiм  бeру  aяcындaғы  мәceлeлeрдi  aқпaрaттық  жәнe  кoмпьютeрлiк  тeхнoлoгия  көмeгiмeн 
шeшу  мүмкiндiктeрi  жaйлы  coңғы  кeздe  жиi  ecтимiз.  Кoмпьютeр  қaзiргi  кeздe  oқытудың  eң  кeрeктi 
жaбдығынa aйнaлды, бiрaқ  oны тиiмдi түрдe пaйдaлaну жoлдaрының әлi aшылмaғaн тәciлдeрi,  күндeлiктi 
caбaқтaрғa қoлдaну үшiн әлi дe aйқындaлaтын жaқтaры көп eкeнi бiзгe бeлгiлi.
 
Қазіргі  таңда  электронды  түрде  өңделген  сабақтар  оқытудың  жаңа  әдісі  болып  табылады. 
Элeктрондық оқыту –
 
кeшeнді eмeс біртұтaс, дидaктикaлық, әдістeмeлік, интeрaктивті бaғдaрлaмaлық жүйe 
жәнe  ол  оқу  мaтeриaлындa  кeздeсeтін  қиындықтaрды  aрттa  қaлдырaды  әрі  мультимeдиaның  соңғы 
мүмкіндіктeрін қолдaнып, ғылыми
-
зeрттeу әдістeрін толықтырaды.
 
Элeктрондық  оқыту,  нeгізінeн,  үш  бөліктeн  құрaстырылaды:  нeгізгі  aқпaрaттық  курс  бөлімінeн 
тұрaтын прeзeнтaциялық бөлім, aлғaн білімдeрі бойыншa бeкітілгeн жaттығулaр, оқушының білімін көлeмді 
түрдe бaғaлaу үшін  тeсттeр.  Компьютeрлік оқыту нeгізгі оқулықты, aнықтaмaны, eсeптeуішті,  зeртхaнaлық 
жұмыстaрды бір
-
бірімeн бaйлaныстырaды.
 
Электронды  сабақ  –
 
бұл  электронды  білім  беру  бағдарламаларын  қолданатын  оқушының  өздік 
жұмысы  [1].  Мұндай  сабақтарда  мысалы,  электрондық  оқулықтарды,  оқытушы  бағдарламаларды 
пайдалануға болады.
 
Кез
-
келген  электронды  сабақты  құру  кілттік  компоненттерді  айқындап,  оларды  жеке  блоктарға 
біріктіруден басталады.
 
Электронды  сабақ  өңделетін  оқулықтар  мен  әдістемелік  нұсқауларды  талдау  сияқты  шаралар 
қызметтік мүмкіндіктерге бағыттауға көмектеседі:
 
1. 
қосымша білім алуға;
 
2. 
кәсіби қызметке дайындыққа;
 
3. 
пән бойынша алған білімдерін тереңдетуге.
 
Электрондық  сабақ  функциялары  оның  мақсаты  мен  міндеттерін  анықтауға  септігін  тигізеді. 
Мақсаттарына  материалды  жүйелеу  және  қорытындылау,  біліктілікті  қалыптастыру,  білімдерін
 
кеңейту 
және тереңдету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру т.б. жатады.
 
Пән  аралық  байланысты,  сонымен  қатар  мақсаттарын  анықтап  және  нақтылап  алғаннан  кейін 
сабақ құрылымын ойластыру қажет.
 
Электронды  сабақ  мүмкіндіктері  материалды  баяндау  мен  демонстрациялаумен  шектелмейді, 
олар оқушылардың қызығушылығын арттыруға арналған.
 
Электрoнды oқулықтaр, көмекшi құрaлдaр, кoмпьютерлiк тaпcырмaлaр, лaбoрaтoриялық жұмыcтaр, 
педaгoгикaлық прoгрaммaлық шaрaлaр бұлaрды oқытушылaр өздерi құрaды және пaйдaлaнaды.
 
Кaзiргi  тaлaптaрғa  caй  элeктрoндық  oкулық  жacaп  шығaрудa  прoгрaммaлaу  тiлдeрi  (
D
elрhi,  V
isual 
Вaic,  C++,  НТМL,  Java  Scriрt  т.c.c.)  жәнe  FгontРage  Eхргess,  Мicгosoft  Рublisheг  прoгрaммaлaры  дa 
инфoрмaциялық  бaйлaныcтaрды  гипeрciлтeмeлiк  ұйымдacтыру  oртaлaры  жәнe  инфoрмaцияны 
бeйнeлeудiң  мультимeдиaлық  құрaлдaры  cияқты  жaңa  кoмпьютeрлiк  тeхнoлoгиялaрды  пaйдaлaну 
aрқылы ғaнa жүзeгe acыруғa бoлaды.
 
Электронды  оқулық  құру  барысында  қарапайым  батырмалардың  орнына  әдемі,  эффектілі 
батырмаларды пайдалануға болады, ол үшін Button Shop
 
бағдарламасын
 
қолдануға болады.
 
Button  Shop 

 
бұл  программалар  мен  вебсайттарға  эффектілі  батырмалар  құруға  арналған 
қарапайым  қосымша.  Қосымшада  50
-
ге  жуық  батырмалар  шаблонын  пайдалануымызға  немесе  жеке 
батырма құруымызға болады [2].
 
Button Shop 
бағдарламасының
 
артықшылықтарына тоқталып кетейік:
 
-
 
Мас ОЖ стиліндегі әдемі батырмаларды жеңіл құру;
 
-
 
Vista және XP themed батырмалар құруға болады;
 
-
 
Шаблондар жеңіл әрі тез әдемі батырмалар құруға мүмкіндік береді;
 
-
 
Батырмалар эффектілері: штрих, көлеңке және т.б.
 
Батырмаларыңызды эмблемалармен, символдармен безендендіре аласыздар.
 
Төмендегі суретте бағдарлама интерфейсі көрсетілген (1
-
сурет):
 

«Проблемы и перспективы развития
 
науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
127 
 
 
 
 
1-
сурет. 
Button Shop 
қосымшасы
 
Батырмаға  мәтін  енгізу  үшін  Button  мәзіріндегі  Text  ішкі  бетін  пайдаланымыз,  төмендегі  суреттен 
көруімізге болады (2
-
сурет):
 
 
2-
сурет. Мәтін енгізу
 
Бұл бағдарламада да Button мәзірінде форматтау жұмыстарын орындай аламыз, яғни шрифт түрін, 
өлшемін, түсін беруіміз әбден мүмкін (3
-
сурет):
 

128 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
3-
сурет. Шрифтті форматтау
 
Ал  батырма  өлшемін  өзгерту  үшін  Button  мәзіріндегі  Size  ішкі  бетінде  Width  және  Height  мән 
береміз, ал үнсіз келісім бойынша Autosize белгіше тұрады (4
-
сурет):
 
 
4-
сурет. Батырма өлшемін өзгерту
 
Батырмаларға  анимациялық  эффекті  беру  үшін  Effect  –
  Options 

 
Pulsing  Preview  командаларын 
орындаймыз (5
-
сурет):
 
 
5-
сурет. Батырмаға эффект беру
 

«Проблемы и перспективы развития
 
науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
129 
 
 
 
Бұл  бағдарламада  жасалған  батырмаларды 
JPEG,  BMP,  TIFF,  EXIF,  GIF,  PNG, WMF,  EMF,  ICON 
форматтарда,  сонымен  қатар  GIF  форматындағы  анимацияланған  сақтай  аламыз.  Ол  мына 
командалардың көмегімен жүзеге асады (6
-
сурет):
 
 
6-
сурет. Батырманы сақтау
 
Қoрытa  кeлгeндe,  оқытушы  үшiн  элeктрoндық  caбaқ  бұл  күнбe
-
күн  дaмытылып  oтырaтын  aшық 
түрдeгi  әдicтeмeлiк  жүйe,  oны  әрбiр  oқытушы  өз  пeдaгoгикaлық  тәжiрибeciндeгi  мaтeриaлдaрмeн 
тoлықтырa  oтырып,  aры  қaрaй  жeтiлдiрe  aлaды.  Coл  ceбeптi  элeктрoнды  caбaқтaрды  әзiрлeп  oны 
дaмытудaғы  нeгiзгi  мaқcaт  –
 
түciп  жaтқaн  ұcыныcтaр  мeн  пiкiрлeр  aрқылы  элeктрoнды  caбaқтaр  мен 
оқулықтардың тиiмдiлiгiн бiртe
-
бiртe aрттыру.
 
 
Қолданылған әдебиеттер:
 
1. 
Вишненко Т.В. Методика создания электронного урока.
 
Государственное образовательное учреждение 
начального  профессионального  образования  профессиональное  училище  №41  Ростовской  области 
(ГОУ НПО ПУ №41), г. Батайск.
 
2.  http://rsload.net/soft/graphics/10697-button-shop.html. 
 

 
 
 

130 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
СЕКЦІЯ:
 
ФІЛОЛОГІЧНІ НАУКИ
 
Рысгуль Абилхамиткызы
 
(Астана, Казахстан)
 
 
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ КЕЙІПКЕРЛЕРДІ БЕЙНЕЛЕУ ТӘСІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ 
ПЕРСОНОСФЕРА ҰҒЫМЫ
 
 
Қазіргі гуманитарлық ғылымдар саласында «персоносфера» ұғымына бір ғана  анықтама берілген. 
«Персоносфера  –
 
әрбір  халықтың  әдебиетіндегі,  тарихындағы,  фольклор  және  діни  шығармалырындағы 
кейіпкерлер  сферасы»  деген  анықтаманы  орыс  зерттеушісі  Г.  Хазагеров  берген  болатын  [1,  134].  Қазақ 
ауыз  әдебиетінде  де  бұл  ұғымның  өзіндік  орны  сақталған.  Қазіргі  әдеби  даму,  көркемдік  ізденістер 
әдебиеттану  ғылымының  алдына  күрделі  міндеттерді  шешуді  қойып  отыр.  Сондай  міндеттердің  бірі 
әдебиеттегі –
 
кейіпкерлер сферасы.
 
Орыс әдебиетінде персоносфера  мәселесін зерттеген Г.Хазагеров, Д.С.Лихачев, С.Г. Бочаров,  А. 
Бочаров,  С.  Е.  Шаталов,  В.  Н.  Белопольский,  тағы  басқа  ғалымдардың  пікірлерін  қолдай  отырып,  біз  де 
адам персоносферасының концепциясы дегеніміз  жазушы жасаған бүкіл характерлердің негізін  құрайтын 
және  олардың  ерекшеліктерін  айқындайтын  бастапқы  тезистердің  жүйесі  деген  тұжырымға  тоқталамыз. 
«Персоносфера  –
 
кең  ауқымды,  бәрін  қамтушы  ұғым.  Әрине,  реалистік  шығармашылықтың,  оның  ішінде 
роман жанрының негізгі мақсаты –
 
жаңа да айқын әрі тұтас, сонымен бірге күрделі адам болмысын жасау». 
Қазақ  әдебиетінде  персоносфералық  талдаудың  элементтерін  басқа  туындылардан  табуға  болады 
(М.Әуезов,  Ә.Нұрпейісов  т.б.).  Персоносфера  жүйесін  Мұхтар  Әуезовтің  «Абай  жолындағы»  кейіпкерлер 
құрайды.  Эпопеядағы  әр  кейіпкер  бір
-
біріне  мүлде  ұқсамайды.  Әрқайсысының  өз  орбитасы  бар.  Әркім  –
 
өзгеше  бір  әлем.  Жүсіпбек  Аймауытовтың  «Ақбілек»  романындағы  кейіпкерлер  тұлғасы  жеке  алдына  бір 
зерттеу  нысаны.  Персоносфера  –
 
әдеби  әлеммен  бірге  қоғамдық  болмыста  өмір  сүретін  тұлға

Персоносфера  да  заман  ағымына  байланысты  түрленіп,  өзгеріске  ұшырап  отырады.  Осы  жөнінде 
М.Храпченко:  "Персоносфера  әртүрлі  бағытта  кездесуі  мүмкін:  бір  ақынға  характердің  сыртқы  белгілері, 
екіншісіне  қоғамдық  қарым
-
қатынас  пен  өмір  тартысының  сол  характерге  жасайтын  әсері  мәндірек, 
үшіншіге
-
сезім мен әрекеттің байланысы, төртіншіге  –
 
құмарлықты талдау  қымбат, ал граф Толстой үшін 
ең  маңыздысы  –
 
персоносфераның  өзі,  соның  формалары,  заңдары",–
 
[2,36]  деп  айтады.  М.Храпченко 
Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық персоносфераны айрықша атап көрсетеді.
 
Қазіргі қазақ жазушыларына бүгінгі  уақыт  талабына сәйкес үлкен міндеттің бірі  –
 
"адам тұлғасын" 
ашу.  Нақтырақ  айтқанда,  кейіпкердің  ішкі  рухани  әлеміне  үңілу,  болмысына  талдау  жасау  үшін  терең 
толғану, тынбай іздену керек болып отыр [3, 142]. Қаламгерлер алдына қойылатын шарттың мәні мынада 
деп ойлаймыз, атап айтқанда,, "ол –
 
жазушы үшін толыққанды образ, өміршең тұлға жасаудағы бірден бір 
қолайлы  да,  оңтайлы  тәсіл".  Шындығында  да,  образ,  характер  жоқ  жерде  көркем  шығарма  рухы  тұрмақ, 
оның  елесі  де  болмайды.  Осы  туралы  сөз  қозғаған  Ю.В.Чепель:  "Персоносфера  жасау  –
 
характер 
жасаудың ішкі заңы" [4, 31], –
 
деген болатын. Оған жету үшін ахиптендіру қажет. "Типизм –
 
творчествоның 
негізгі  заңының  бірі,  онсыз  творчество  жоқ"  [5,32].  Яғни,  персоносфералық  талдаудың  негізгі  мақсаты  –
 
кейіпкер тұлғасын даралаудың басты сипаты.
 
Көлемді көркем туындыларда бірнеше адамның бейнесі мүсінделеді. Мәселен, Толстойдың «Соғыс 
пен бейбітшілігі» шығармасында бірнеше кейіпкер бар. Бұл шығармадан қайсысы басты кейіпкер екендігін 
айту  қиын.  Әдебиет  пен  көркем  өнерде  кейіпкердің  тұлғасын,  мінезін  суреттеу  өзгешелігі  қолданылатын 
әдіске  сәйкес  болады.  Мәселен,  реалистік  (оның  ішінде  сыншыл  реализм)  әдебиеттегі  кейіпкерлерді 
бейнелеу
 
әдісі  мен  романтизм  әдісі  қолданылған  шығармадағы  кейіпкерлерді  суреттеу  екі  түрлі  сипатта. 
Бүгінгі әдебиет пен көркем өнерде кейіпкерлердің  тұлғасын, мінез
-
әрекетін  мейлінше шынайы суреттеуге 
бейім.
 
Персонсофераның ең бір ұтымды тұсы –
 
адам мінезін, тұлға, бейнесін өзгеріс, даму үстінде алып, 
өмірлік  күрес
-
тартыспен  ұштастырып  көрсету.  Персоносфера  –
 
белгілі  бір  заманда,  қоғамдық  ортада 
қалыптасқан  тұлға.  Сонымен  қатар,  жалпы  адамзатқа  тән  сипат
-
қасиеттер  де  айқын  танылатын,  типтік 
персоносфера дәрежесіне
 
көтерілген әдеби бейнелер баршылық. Персоносфералық дәрежеге көтерілген 
бейнелер  гуманизм  мен  әділетсіздік,  махаббат,  зұлымдық,  қызғаныш  секілді  жағымды  және  жағымсыз 
мінез, іс
-
әрекеттер арасындағы қайшылықты, тартысты көрсетеді. Қаншама уақыт өтсе де, ғасырдан ғасыр 
ауысып, заман өзгерсе де, бұл персоносфералар өз мәнін жоғалтпайды.
 
Персоносфера  жүйесі  бір  халықтың  әдебиеті  көлемінде  ғана  қалмай,  дүниежүзі  мәдениетінде 
танымал бейнелерге айналады. Кейіпкер тұлғасынан оларға айрықша тән мінез
-
сипат, өзіндік кейіп айқын 
аңғарылады. Классикалық әдебиетте персоносфера кейде көбінесе бір қырынан, бір мінезімен танылады. 
Мәселен,  Отеллоның  бойынан  алдымен  бірбеткейлікті,  қызғаншақтықты  байқасақ,  Ягоның  мінезінен,  іс
-
әрекетінен  қызғаншақтықты,  әзәзілдікті,  азғырғыштықты  аңғарамыз.  Ал,  Дон
-
Кихотқа  адалдық  пен 
аңғалдықты көрсек, Гобсекке сараңдық айрықша сипат тән.
 
Бұл  персоносфера  жүйесінен  өмір  шындығын,  адамның  мінез
-
құлқын  терең  ашып  көрсететін  кең 
мазмұндылығын да ескеру шарт. Жоғарыдағы кейіпкерлер тұлғасынан мінезі мен бейнесі сан қырлы, жан
-
жақты  бола  тұра,  әр  қайсысы  өзіне  тән,  анық  та  айқын,  даусыз,  ой
-
санаға  орнаған  қалып
-
тұрпатымен 
танылады.  Орыс  әдебиетіндегі  Онегин,  Печорин,  Базаров  бейнелерін  осы  персоносфера  қатарына 

«Проблемы и перспективы развития
 
науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
131 
 
 
 
жатқызамыз.  Қазақ  әдебиетінде  батырлық  бейнені  Алпамыс,  Қобыланды,  Қамбар  батыр,  Ер  Тарғынмен 
байланыстырса,  сұлу,  нәзік  әрі  ақылды  ғашық  қыз  туралы  сөз  қозғалғанда  Қыз  Жібек,  Баян  сұлу, 
Гүлбаршын,  Ақжүніс  еске  түседі.  Керісінше,  зұлымдық  бейнесі  Бекежанмен,  сараңдық  Қарабай  мен 
Шығайбай арқылы байланыстырылады.
 
Әр  халықтың  әдебиетінде  кездесетін  кесек  тұлғалы,  нанымды  жасалған  персоносфера  жүйесі 
өткенді  ғана  емес,  бүгінгі  өмірде  де  аса  керек.  Ерте  ғасырдағы  кейіпкерлер  тұлғасына  үңілсек,  Одиссей 
сергелдеңге  түскен  батыр  бейнесі,  Прометей  адам  үшін  азап  шеккен  жан  ретінде  есте  сақталып  қалды. 
Адамзат  баласының  әділдікке,  адамгершілікке,  таза  махаббатқа  ұмтылуы,  сол  биік  идеалдар  үшін  күресі 
ешқашан жоғалмайтынын мойындасақ, мұндай танымдық, көркемдік сипаты жоғары персоносфералар да 
адам қауымымен бірге жасайды және ешқашан ескірмейді.
 
Әлем  әдебиетінде  он  сегізінші  ғасырда  Лоренс  Стерннің  «Тристам  Шенди,  джентельменнің  өмірі 
мен пікірлері» романынан басталған проза жанрындағы персоносфера Шкловскийше айтқанда, «адамның 
ойын  психологиялық,  мінездік  толқыныстар  тұрғысында  көрсетті».  Адамның  сезім  күйін,  толғанысын, 
қуаныш
-
қайғысын  барлық  қайшылығымен,  персоносфераны  терең  ашып  бейнелеудің  үлгісін  Толстой 
романдарынан  айқын  көреміз.  «Анна  Каренинадағы»  Анна  терең  психологизм,  кейіпкердің  ішкі  сезімінің 
нәзік  иірімді,  құпия  сырлы  персоносфера.  Жазушы  әсерлі  суреттеу  арқылы  персоносфераны  шынайы 
болмысын көрсетуге мүмкіндік берді.
 
Персоносфераның  бар  болмысын  ашып  беру  арқылы  жазушы  қоғамдық  өмірдің  қайшылықтарын, 
адамгершілік  пен  қатыгездіктің  қақтығысынан  туған  трагедиялық,  жағдайды  әсерлі  бейнелеп  береді. 
Л.Толстой  –
 
кейіпкердің  көңіл
-
күйін  тікелей  суреттеуде  де,  іс
-
әрекеті  немесе  оның  толғанысы,  ішкі 
монологы  арқылы  көрсетуде  де  асқан  шебер  жазушы.  Достоевскийдің  персоносфераны  бейнелеудегі 
жаңашылдығы  –
 
романдағы  өмірдің  сан  алуан  құбылыстарын  өзінше  сезінуі,  олардың  әр  қилы,  тіпті,  бір
-
біріне мүлде қайшы дүниетанымын, көзқарасын үңіле зерттеп, сипаттауынан анық байқалады.
 
Кейіпкердің өмір болмысы, адам тағдыры, дүние, жаратушы туралы белгілі бір шешімнің, нақтылы 
түйіннің  аясына  сыймайтынын  байқаймыз.  Көркем  шығармаға  көп  үнділік,  яғни,  полифониялық  қасиет 
дарытатын  сан  алуан  толғаныстарынан  жеке  адамның  ой
-
санасы,  ішкі  сезімі  бүкіл  әлеммен,  бүгінгі  ғана 
емес,  өткен  өмірмен  де,  болашақпен  де  жалғасып  жатқанын  аңғарамыз.  Тахауи  Ахтановтың  «Шырағың 
сөнбесін» дилогиясында соғыс пен әйел тақырыбын жан
-
жақты саралай отырып, суреткер әйел жанының 
терең қалтарыстарына арыдан зерделейді. Жазушы әйел сезімінің ешбір қоғам идеологиясына, жағдайға 
мойынсұнбайтын құпия құдіреттерін ашып береді.
 
Яғни,  персоносфера  дүниеге  келу  үшін  белгілі  бір  архетип  керек.  Мәселен,  қара  нәсілділердің 
құқығы  шектелмегенде,  Гарриет  Бичер
-
Стоу  «Том  ағаның  күркесін»,  Достоевский  қамауда,  айдауда 
болмағанда  «Нақұрысты»,  Дидро  көрші  келіншектің  өмір  жолы  мен  оның  өмірбаянын  естімегенде  «Сопы 
әйелі»  өмірге  келмес  еді.  Князь  Мыщкинді  көріп  жазушының  өзі  бірден  еске  түседі.  Достоевский  ар  мен 
ұятты  жоғары  қойып,  ақша  мен  даңққа  аса  ден  қоймайды.  Князь  бұл  өмірден  бар  қорлықты  көреді.  Тіпті 
өлер  алдындағы  сезімі  де  аса  аянышты  да  керемет  суреттелген.  Өмірде  ондай  ойланып
-
толғанатын 
адамдар аз өте аз.
 
Архитиптенген персонсфера Федор–
 
князь, Мыщкин–
 
Нақұрыс, Нақұрыс –
 
князь, Мыщкин –
 
Федор. 
Бір  шығармада  тоғысқан  үш  кейіпкер.  Романды  оқу  барысында  үшеуінің  жиынтығын  күрделі  образ 
князьдан көруге болады. Бейнебір қисық айна сияқты, әркім әр адамды әр қырынан көреді. Мұнда мәселе 
оқырман  қай  ракурстан  қарайтындығында  жатыр.  Карамзин  «Бишара  Лиза»  атты  повесінде  өз  еңбегімен 
күнелткен  кедей
 
қызды  жанашырлық  сезіммен  бейнелеп,  оның  жан  дүниесінің  нәзіктігін,  тереңдігін 
суреттеп көрсетеді.
 
Кейіпкерді персоносфералау  –
 
заман талабы. Қазақ әдебиетінде сом да алып образға  қарап, сол 
кезеңнің  бейнесін  көреміз.  Қаһарман  Бауыржан  Момышұлының  белгілі
 
бір  кезеңді,  сұрапыл  1940
-
жылдарды  суреттеген  өмірбаяндық  әрі  документалды  «Мәскеу  үшін  шайқас»  шығармасының  айрықша 
ерекшелігі –
 
сәтті жазылуы мен нанымды, шынайы суреттелуі. Себебі, батыр Бауыржан өз көзімен көрді, 
сезінді  және  оны  бар  болмысымен  суреттей  алды.  Және  өз  бейнесі  персоносфера  дәрежесінде  көріне 
алды.  Г.Хазагеровтің  пікірінше:  «Персоносфера  –
 
уақытқа  сай  өзгереді.  «Бір  кездері  керегі  де  болмауы 
мүмкін» [6,124], –
 
дейді.
 
Түркі халықтарында әйелдер бейнесі де персоносфераға айналған архетиптер
 
молынан кездеседі. 
Үнділердің  «Ведалар»  кітабында  әйелге  сезім  жетегіндегі  мақұлық  есебінде  қараған,  ежелгі  қытай 
деректерінде «Будда» әңгімесінде әйел баланы әкелері саудаға шығарып сататын тұтқын есебінде ұстаса, 
Ысраил дерек көздерінде жамандыққа итермелелгені үшін әйел азаптауға лайықты делінеді.
 
Әйелге құнсыз мал
-
мүлік есебінде қарайтын әдет ежелгі Грек, Римде де етек алған. Платон «әйел 

 
тозақтың есігі» десе, Аристотель «әйел жаратылмағанда, еркектер тәңірге айналар еді» деген. «Әйел  –
 
жаратылыстың  қатесі».  Бұл  ауыр  сөздің  иесі  –
 
«Жоғалған  жұмақ»  кітабының  авторы  Дж.Мильтон.  Тіпті 
Ф.Ницше  сияқты  философтар  да  әйелге  деген  нашар  көзқарастан  арыла  алмай:  «Әйелмен  сөйлесетін 
болсаң, таяқты қолыңа алуды ұмтыпа!» –
 
деген. Әйелді кемсітетін сөздер Лев Толстой туындыларынан да 
ұшырасады.
 
Ал, қазақ әдебиетінде мәселен, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман
-
эпопеясындағы Зере, Ұлжан 
бейнелері  –
 
нағыз  персоносфера.  Ұлжанды  айтқанда,  көз  алдымызға  отбасының  жүрек  жауһарларын 
сақтайтын Темірқазығы мүбәрак әйел келеді. Аналық сүйіспеншілігімен қатар, тілегін де, үмітін де ақтаған 
Абайдай  перзентіне  шарапаты  өз  алдына  жеке  әңгіме.  Құнанбай  Меккеге  қажылыққа  аттанып  бара 

132 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
жатқанда,  зайыбына  талай  зәбір  көрсеткеніне  қапаланып,  ғафу  өтінеді.  Сондағы  жауаптасуда  Ұлжанның 
«жаратылыстың  арғы  жағынан»  біткен  мейірімділігі  мен  кешірімділігін  ұлы  жазушы  М.Әуезов  асқан 
шеберлікпен жеткізеді. «Жастықта адамға төсек те, үй де, тіпті дүние де тар екен. Ал, егде тартып, зауал 
шағыңа  бейімделген  сайын  кеңейе  береді  екен...  Ұзақ  дәурен  кешіп  келіп  бүгін  ырзалық  айтып  аттансаң 
болады.  Мен  сенімен  енді  көп  кінәласам  ба,  мырза!»  –
 
деген  сөздері  арқылы  Мұхтар  Әуезов  Ұлжандай 
кейіпкерінің мұсылмандық ақ жүрегін ардақ тұтып суреттеген.
 
Ал,  Зере  –
 
аналық,  әжелік  мейірбандыққа  қосымша,  әлеуметтік  сана,  ел  татулығын  ойлайтын 
қоғамдық  зерде  өрнектелген  кейіпкер  тұлғасы.  Шығармада  бұл  бейне  Құнанбай  тұлғасында  жинақталған 
қаталдық, кешірімсіздік секілді мінездерге қарсылық пікірде ашылады. Абайға әкесіндей мінезді бере көрме 
деп,  Алладан  сұранған  ақ
 
тілеші  бейне  ретінде  жарқын  көрініс  береді.  Әрбір  қаламгер  көпшіліктің 
эстетикалық мұратын әсемдік тәжін әйел қауымынан іздейтіні табиғи нәрсе.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет