«Вітчизнянанаука: сучаснийстан,актуальніпроблемитаперспективирозвитку»



Pdf көрінісі
бет49/113
Дата12.01.2017
өлшемі8,82 Mb.
#1708
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   113

Литература:

 

1. 


Ксензова Г.Ю. Психологические основы воспитательной деятельности учителя –

 

М.: Педагогический поиск, 2004. 



 

224с.



 

2. 


Зюзько M.B. Психологические консультации для начинающего учителя. –

 

М.: Просвещение, 1995. –



 

208с.


 

3. 


Кривченко  Т.  А.  Коммуникативная  культура  человека  как  объект  формирования  //  Стратегия  воспитания  в 

образовательной системе России: подходы и проблемы / Под ред. И.А. Зимней. Изд. 2

-

е доп. и перераб. –



 

М.: Изд. 

сервис, 2005.

-

480с.



 

4. 


Куприянов Б. Мониторинг деятельности классных руководителей // Воспитание школьников. –

 2007. 


 

№ 2. –



 

С. 40


-

45. 


«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»

 

 



181 

 

 



5. 

Лебедева H.H. Педагогические условия ценностного самоопределения старших школьников в образовательном 

процессе: Монография. –

 

Омск: Изд



-

во «Лео», 20

04. 



 



172с.

 

 



Научный руководитель:

 

кандидат педагогических наук, доцент Иванова Н.Д.

 

 

 



А.Д. Балқыбекова

 

(Тараз қаласы, Қазақстан)

 

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚУ

-

ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ РУХАНИ

-

АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МОДЕЛІ

 

 

Біз өз зерттеу мәселемізді тәжірибеде тексеру барысында педагогикалық үдерісті тұтас педагогикалық үдеріс 



ретінде  дұрыс  түсінгенде  ғана  нәтижеміздің  табысты  болатынына  көз  жеткіздік.  Педагогика  ғылымында  тұтас 

педагогикалық  үдерістің  мәні  туралы  түсінік  бірте

-

бірте  жинақталып,  қалыптасты.  Теориялық  білімдерге  сүйене 



отырып, біз тұтас педагогикалық жүйеде қарастыру дегенді дидактикалық ішкі жүйеде (оқу үдерісі) және тәрбиелік ішкі 

жүйеде (тәрбие жұмыстарының жүйесінде) мүмкіндігінше ұштастыра кіріктіру деп түсінеміз. Дидактикалық ішкі жүйе 

дегенде,  біз  жоғары  мектептегі  педагогика,  этнопедагогика,  этнопсихология,  тәрбие  жұмысының  теориясы  мен 

әдістемесі  және  ағылшын  тілі  курстары  мен  аудиториядан  тыс  тәрбие  жұмыстарының  мүмкіндіктерін  кіріктіре 

пайдалануды  ұсынамыз.  Пәндердің  ішінде  зерттеу  пәнімізге  тікелей  қатысты  міндетті  курстар:  педагогика, 

этнопедагогика,  тәрбие  жұмысының  теориясы мен  әдістемесі мен  «Этномәдени  құндылықтар  –

 

жастар  тәрбиесінің 



құралы»  атты  таңдау  курсын  қамтимыз.  Яғни,  біз  тәжірибелік

-

эксперименттік  жұмыс  барысында  бір  ғана 



этнопедагогика  пәнінің  мүмкіндігін  пайдаланып  қана  қоймай,  бірнеше  пәндердің  мүмкіндігін  қатар  пайдалануды, 

кешенді, әрі жүйелі түрде жүзеге асырудың арқасында оң нәтижеге жетуге ықпал еткеніне көз жеткіздік. Ал тәрбиелік 

жүйеде,  жоғары  оқу  орындарының  тәрбие  жұмыстарының  үдерісінде,  яғни,  тәлімгерлердің  тәрбие  сағаттарының, 

студенттер  клубының,  студенттердің  ғылыми  мектебі  мен  кафедраның  басшылығымен  жүргізілетін  тәрбие 

жұмыстарының, педагогикалық практика мүмкіндіктерін

 

кіріктіріп пайдалануды көздедік. Аталған кешенді жұмыстарды 



жүйелі жүргізу нәтижесінде болжамымыздың дұрыстығын дәйектеу мүмкіндігіне ие болдық.

 

Сонымен қатар біз тәжірибелік



-

эксперименттік жұмыс барысында тәрбие мен оқытудың бірлігі, сабақтастық, 

жүйелілік,  бірізділік,  саналылық,  жариялылық,  өмірмен  байланыстылық,  мәдениетке  сәйкестілік  және  табиғатқа 

сәйкестілік  ұстанымдарын  басты  нысанда  ұстадық.  Бұдан  бөлек  эксперименттік  тәжірибелік  жұмысымыздың 

барысында  біз  белгілі  ғалым  П.В.Плехановтың  негіздеген  салыстырмалы  педагогика  ғылымының  ұстанымдарын 

басшылыққа  алдық.  Жалпы  теориялық  әдебиеттер  бойынша  тұлғаның  тәрбиелік  деңгейін  өлшеуге  арналған  үш 

деңгейлік (жоғары, ортаңғы, төменгі деңгей) өлшем ұсынылады. Теориялық әдебиеттерге сүйенсек, дамудың жоғары 

деңгейі,  осы  барлық  көрсеткіштерінің  талаптарына  сәйкес  келуі  тиіс.  Ортаңғы  деңгей  осы  өлшем  көрсеткіштерінің 

жартысына  немесе  жартысынан  көбірегіне  сәйкес  келеді.  Төменгі  деңгей  өлшемнің  жалпы  санының  жартысынан 

азымен  немесе  олардың  мүлдем  болмауымен  ерекшеленеді.  Ал  белгілердің  маңыздылық  деңгейі  әрбір  өлшем 

көрсеткішінен  тұрады.  Көрсеткіштерді  педагогикалық  зерттеулерде  үш  компоненттерге:  танымдық,  мінез

-

құлықтық 



және мотивациялық деп бөлу қабылданған. Сол зерттеулерге сүйене отырып біз:

 

Кесте  –


 

Жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  ұлттық  рухани

-

адамгершілік  құндылықтарын 



қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері

 

 



Компоненттер

 

Өлшемдер

 

Көрсеткіштер

 



Мотивациялық 

 

Ынтасы,  оқу  іс



-

әрекетінің 

нәтижесі, 

ұмтылысы


 

Қазақ  халқының  мәдени  құндылықтарын  білуі  және  оны 

тереңдетуге  дайындалуы,  қазіргі  заман  талаптарын  түсінуі, 

әлемдік  өркениетке  кіргуге,  бәсекеге  қабілеттілікке,  өз  Отанын 

көркейтуге қызмет етуге ұмтылысы

 

Танымдық



 

Этномәдени 

білімдер 

 

Қазақ  халқының  тарихын,  ұлттық  салт



-

дәстүр,


 

әдет


-

ғұрыптары 

негізінде  пайда  болатын  рухани

-

адамгершілік  құндылықтарының 



мәнін жан

-

жақты терең түсіне білу.



 

Мінез


-

құлықтық


 

Біліктері 

мен 

дағдылары



 

Қазақ  халқының  мәдени  құндылықтарының  ерекшеліктерін 

ажырата  білуі,  оларды  құрметтеу,  ол  туралы  өз  пікірін  білдіре 

алуын  және  күнделікті  өмірде  қолдануға  деген  талпынысын 

анықтау

 

 



Мотивациялық  компонент

 



 

қазақ  халқының  мәдени  құндылықтарын  білуі  және  оны  тереңдетуге 

дайындалуы,  қазіргі  заман  талаптарын  түсінуі,  әлемдік  өркениетке  кіргуге,  бәсекеге  қабілеттілікке,  өз  Отанын 

көркейтуге қызмет етуге ұмтылысы;

 

Танымдық  компонент

 



 

қазақ  халқының  тарихын  білу,  этнос,  этномәдениет,  халықтық  мәдениеттің  негізгі 

құндылықтары ұғымдарының мәнін білуді;

 

Мінез



-

құлықтық  компонент

 



 

қазақ  халқының  мәдени  құндылықтарының  ерекшеліктерін  ажырата  білуі, 

оларды құрметтеу, ол туралы өз пікірін білдіре алуын және күнделікті өмірде қолдануға деген талпынысын анықтауды 

жатқызамыз (Кестеде).

 

Жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  ұлттық  рухани



-

адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың 

жоғарыда  берілген  үш  компоненттерімен  бірлестікте  қарастырып,  олардың  өлшемдері  мен  көрсеткіштерін 

айқындадық.  Танымдық  компонент  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  білім  деңгейлері  арқылы өлшенеді.  Яғни,  қазақ 

және  ағылшын  халықтарының  тарихын,  ұлттық  салт

-

дәстүр,  әдет



-

ғұрыптары  негізінде  пайда  болатын  рухани

-

адамгершілік  құндылықтарының  мәнін  жан



-

жақты  терең  түсіне  білуі  қажет.  Осыған  байланысты  мінез

-

құлықтық 



компонент біліктер мен дағдылар арқылы өлшенеді. Оның көрсеткіштері –

 

қазақ халқының мәдени құндылықтарының



 

182 

«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»

 

 

 



 

ерекшеліктерін ажырата білуі, оларды құрметтеу, ол туралы өз пікірін білдіре алуын және күнделікті өмірде қолдануға 

деген талпынысын анықтау

 

Ал,  мотивациялық  компоненттің  өлшемі  –



 

студенттердің  оқу

-

тәрбие  үдерісіндегі  ынтасы,  іс



-

әрекетінің 

нәтижесі,  ұмтылысы.  Негізі  мынадай  көрсеткіштермен  сипатталады:  қазақ  халқының  мәдени  құндылықтарын  білуі 

және  оны  тереңдетуге  дайындалуы,  қазіргі  заман  талаптарын  түсінуі,  әлемдік  өркениетке  кірігуге,  бәсекеге 

қабілеттілікке, өз Отанын көркейтуге қызмет етуге ұмтылысы.

 

Жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  ұлттық  рухани



-

адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың 

өзіндік  ерекшеліктері  және  даму  шарттарымен  анықталатын  құрылымдық  компоненттердің  өзара  байланысын 

орнатуға модель көмектеседі.

 

Қазақ  халқының  мәдени



 

құндылықтарын  жоғары  оқу  орындарының  оқу

-

тәрбие  үдерісінде  пайдаланудың 



жолдарына  сүйене  отырып,  студенттердің

 

ұлттық  рухани



-

адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың  моделін 

құрастырдық. Мұндағы негізгі мақсат –

 

қазақ халқының құндылықтарын пайдалануда жоғары оқу орындарының оқу



-

тәрбиелік әлеуетін жетілдіру және мүмкіндіктерін айқындау.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

Сурет –


 

Студенттердің ұлттық рухани

-

адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың моделі



 

 

Осы  мақсатты  жүзеге  асыруда,  алдымен,  қазақ  халқының  ұлттық  құндылықтарының  озық  үлгілерін 



қолданудың тетіктерін ашып, ерекшеліктерін сұрыптадық (Суретте).

 

Зерттеу  барысында  қазақ  халқының  мәдени  құндылықтарына  қатысты  салыстырмалы  түрде



 

3  деңгейінің 

өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтадық.

 

Мақсаты 

Қазақ халқының мәдени құндылықтарын пайдалануда жоғары оқу орындарының 

оқу-тәрбиелік әлеуетін жетілдіру және мүмкіндіктерін айқындау. 



Міндеттері 

Ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақ халқының озық дәстүрлі 

құндылықтарын қолданудың тетіктерін ашып көрсету. 

Қазақ халқының мәдени құндылықтарының ерекшеліктерін сұрыптау. 

Жоғары  оқу  орындарында  қазақ  халқының  мәдени  құндылықтарын  кәсіби 

педагогикалық 

пәндеріде, 

арнайы 


пәнде 

және 


тәрбие 

шараларында  

пайдаланудың маңыздылығын түсіндіру. 

«қазақ халқының 

этномәдениетіндегі 

педагогикалық идеялары» атты 

көмекші құрал 

Құралдары 

Әдістері 

әңгіме,  пікірталас,  байқау,  сұхбат,  іскерлік  ойындар,  жаттығулар,  сауалнамалар 

өткізу т.б. 

дәстүр,  салт,  әдет,  ғұрып,  құқықтық-қалыптық  құжаттар,  ұлттық  мейрамдар; 

халықтық мерекелер, ұлттық ойындар 

МАЗМҰНЫ 

Ұстанымдары 

НӘТИЖЕСІ

 – 

қазақ халқының ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарын терең меңгерген 

құзыретті тұлға 

«Этномәдени  құндылықтар  – 

жастар  тәрбиесінің  құралы» 

атты таңдау курсын оқытудың 

бағдарламасы 

Зерттеу  жетістіктерін  педагогика, 

этнопедагогика,  тәрбие  теориясы 

мен әдістемесі пәндерінде дәрістер 

мен 

семинарлық 



сабақтарда 

пайдалану 

дидактикалық,  гуманистік,  ғылыми  жүйелілік,  танымдық,  тәлімдік,  сабақтастық, 

мәдени және  табиғи сәйкестілік т.б. 



Құндылықтар 

Тапқырлық,  шешендік,  еңбек  сүйгіштік,  өнер  сүйгіштік,  Отан  сүйгіштік, 

бауырмалдық, интернационалдық 

КОМПОНЕНТТЕР 

Мотивациялық 

 

Танымдық 



 

Мінез-құлықтық 

 


«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»

 

 



183 

 

 



Жоғары деңгей

 

қазақ халқының мәдени құндылықтары туралы түсінігі толық, мәнін шынайы бағалай алады, 



ондағы идеяларды өз бойында қалыптастыруға, әрі оны жетілдіру бойынша әрекет етуге ұмтылысы бар, яғни жоғары.

 

Орта  деңгей

 

қазақ  халқының  мәдени  құндылықтарының  мәні  туралы  түсінігі  бар,  бірақ  оның  мәні  мен 



маңызына жете мән бермейді, әрі өз бойында қалыптастыруға құлшынысы жоқ, яғни орташа.

 

Төмен деңгей

 

қазақ халқының мәдени құндылықтары туралы түсінігі бар болғанымен төмен.



 

Қорыта  келе  айтарымыз,  жоғары  оқу  орындарының  оқу

-

тәрбие  үдерісінде  студенттердің  ұлттық  рухани



-

адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды. Қазақ халқының этномәдениетіндегі 

ұлттық  салт

-

дәстүрлердің  халықтың  тұрмыс  тіршілігімен  байланысты  пайда  болу  тарихына  жан



-

жақты  талдау 

жасалып, олардың идеялық үндестіктері мен өзіндік ерекшеліктері ғылыми педагогикалық тұрғыда дәйектелді.

 

 



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

Янушкевич А. Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар. /Аударған М.Сәрсекеев. –



 

Алматы: Жалын, 1979. 

 

272 б.



 

Радлов В.В. Алтын сандық./Құрастырғандар С.Қасқабасов, К.Ісләмжанұлы. –



 

Алматы: Ана тілі, 1993. –

 

256 б.


 

Левшин А. Описание киргиз



-

кайсацких орд и степей. 

//

Журнал «Абай»



 1992. 



 

№ 3



Кон И. С. К проблеме национального характера. // История и психология. –



 1971. 



 

С. 122–


158. 

 

П.ғ.д., профессор Ким В.А.



 

 

 



А.Д. Балқыбекова

 

(Тараз қаласы, Қазақстан)

 

 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ



 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЖОО ОҚУ

-

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ 

ЖОЛДАРЫ

 

 

Білім берудің қазіргі заманға тән басты бір талабы –

 

өзге мәдениетті тану, онымен жергілікті ұлт мәдениетін 



байланыстыра  отырып  байыту.  Мәдениеттердің  өзара  байланысы  жағдайында  ғана  олардың  жекелеген  мәдени 

ерекшеліктері  айқындала  түседі  және  танылады.  Адам  неғұрлым  басқа  елдің  мәдени  байлығын  көбірек  меңгерсе, 

солғұрлым  рухани  байлығы  молая  түседі.  Осымен  байланысты  қазіргі  уақытта  көптеғен  бағдарламаларды,  шет 

елдермен  байланыс  арқылы  игеру  дәстүрге  айналып  барады.  Бұған  дәлел  ретінде,  президентіміз  қолдау  көрсетіп 

отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болашақ» бағдарламасын алуға болады. Биылғы 

жылдың өзінде ғана еліміздің бір топ жас мамандары мен студенттері осы бағдарлама бойынша шет елдерде оқуға 

мүмкіндік алып отыр. Мұндай жақсы дәстүр жастардың білімге деген қызығушылығын туғызып қана қоймайды, мәдени 

мұралар айналымын күшейтіп, сол арқылы екі елдің рухани баюына үлкен мүмкіндік туғызады.

 

Қазақстан Республикасының тәлім



-

тәрбие тұжырымдамасында: «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік

-

мәдени 


даму жолы дегеніміз –

 

ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет 



ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың моральдық байлықтарына қайтып 

оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттердің қазыналары мен 

дербестігін мойындау» –

 

деп атап көрсетілген [1].



 

Еліміздің  әлеуметтік

-

мәдени  дамуының  тұжырымдамасындағы  бұл  бағыттың  халықтық  педагогикаға 



негізделуі кездейсоқ емес. Себебі халықтық тәрбие ғасырлар сынына шыңдалып өткен, әр этноспен бірге жасасып 

келе жатқан көне процесс. Бүгінде жаһандасу үрдісіне көшу кезінде әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық дәстүрін 

пайдалана отырып, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін әлемдік өркениетке кіріктірудің

 

жолын қарастыруға тура келеді.



 

Әйгілі ғалым Л.Н.Гумилев «Өзіңнің тарихыңды жете білмей, оған деген көзқарасыңды әбден анықтап алмай 

тұрып,  мәдениетіңді  де  ешқашан  дамыта  алмайсың»,  –

 

деген  болатын  [2



]. 

Қайсы  халықтың  ұрпағы  болмасын,  өз 

тарихы мен мәдениетін, салт дәстүрлерін білуі оның рухани байлығын өсіре түсетінін көрсетеді.

 

Г.Н.Волковтың  «Жалпыадамзаттық  мәдениетке  жетудің  жолы  ұлттық  ерекшеліктерден  безіну  емес,  осыны 



жақсы түсініп, осылардың прогресшіл элементтерін қолдана білуде жатыр» деген тұжырымдасы осыны дәлелдейді 

[3]. 


Сөз –

 

адам үшін тәрбие құралы, мәдениет, өнер бастауы, ақыл



-

ой жәдігерлігі, әсемдік қазынасы. Сондықтан 

да сөзді шашпа

-

төк тегін дүние көріп, оңды



-

солды талғаусыз айта беру сөз қадірін кетіреді. Қазақ халқы «Айтылған 



сөз –

 

атылған оқ», «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі», «Таппасаң сөздің жүйесін, отына өзің күйесің», «Жүйелі сөз 

жүйесін табар», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле»

 



 

деп дұрыс ойлап, дұрыс сөйлей білудің үлкен өнер екенін ұрпақ 

біткенге үнемі ұқтырып келген. Бұл –

 

халқымыздың тіл құдіретін танып, әрі өте ардақтағанын көрсетеді.



 

Мақал


-

мәтелдер қамтымайтын қоғам өмірі, шаруашылық, халықтың рухани тұрмысының саласы кемде

-

кем. 


Еңбек, шаруашылық, адамның күнделікті тұрмысы, салт

-

санасы –



 

бәрі де мақалдарда молынан бейнеленеді. Халық 

сөз өрнегін байыта, ұстарта отырып, оның ең таңдаулы үлгі

-

нұсқаларын еңбек сүйгіштік, адалдық, талаптылық сияқты 



адамгершілік сипаттарды мадақтап уағыздауға арнаған.

 

Қазақтың  халық  педагогикасының  негізгі  мақсаты  –



 

өзінің  бай  тарихи  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  келер 

ұрпақты  еңбек  сүйгіштікке,  өнерге  баулу,  жанұя,  ауыл

-

аймақ,  Отанның  ар



-

намысын  қорғай  білетін  арлы  азамат 

тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары, ақын, жырау, 

әнші, термеші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатынасатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені 

аян. Әсіресе, қазақтың жыр, дастан, терме, толғауларының мазмұнына ой жүгіртсек, онда ақыл

-

нақыл, өсиет



-

өнегенің 

тұнып тұрғанын байқаймыз.

 

Гуманизм мен патриотизм –



 

кез келген ұлттың халықтық тәрбиесінің басты қағидаларының бірі. Себебі, қай 

халық болмасын, өзінің туып –

 

өскен ата мекенін, кір жуып, кіндік кескен жерін бағалаған.



 

Адамның  ұлы  қасиеті  –

 

ұйымшылдығында,  қоғамшылдығында.  Қоғам  да,  мемлекет  де  үйден  –



 

әулеттен


 

басталады. Әр халық, қауым

-

жамағат болып, есте жоқ ескі замандардан бері ұл



-

қыздарының орнын тауып үйленіп, 

жеке шаңырақ көтеруіне үлкен жауапкершілікпен қараған.

 

Қазақтың  «Жігіт жарымен жақсы», «Жаман  қатын  алғанның  жауы  үйінде»,  «Бірінші  байлық  –



 

денсаулық, 

Екінші байлық –

 

он саулық, Үшінші байлық –

 

ақ жаулық», деген сияқты мақалдарымен түйінделген ой

-

пікір үйленуге 



деген халықтық көзқараспен өзектес, үндес екені анық.

 


184 

«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»

 

 

 



 

Қазақтың да халық педагогикасы қыз баланы тәрбиелеуге аса зор көңіл бөлген. «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың 



ұяты шешеге»

 



 

деп қараған халқымыздың ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы 

тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналған. Қыз балаға қатаң талап қойылып отырған. «Анасын көріп, қызын 

ал, аяғын көріп, асын іш», «Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без, ата тұрып, ұл сөйлегеннен без», «Қызды қырық үйден 

тый»

 

деген сияқты т.б. толып жатқан үгіт



-

насихат сөздері ибалы болуға, ар

-

намысты жастан сақтауға үйретеді.



 

Біздің  халқымыздың  батырлар  жырында  да  көп  кездесетін  әңгімелердің  бірі  –

 

батырлардың  достық



-

жолдастығы.  Дос  бола  білу,  оны  шын  көңілмен  қадірлеу,  сол  достық  үшін  керек  болса  жан  беруге  дейін  бару  –

 

батырлардың негізгі шарты болған.



 

Халық  педагогикасында  ерекше  көңіл  бөлінетін мәселенің  бірі  –

 

туыстық қарым



-

қатынас мәселесі.  Әсіресе 

қазақ халқына тән қасиет бауырмалдық болып саналады. Көп балалы отбасыларының саны үлкен қалаларда азайып 

бара  жатқанымен,  ауылды  жерлерде  әлі  де  болса  көп  балалы  жанұялар  кездеседі.  Мұндай  отбасында  ата  –

 

аналармен, кішкентай балалармен қоса қарт кісілер (ата –



 

әжесі) бірге тұрады. Қазақ ежелден ата –

 

ананы, қарияларды 



қадірлей,  сыйлай  білген.  Көпті  көрген  қариялар  үйде  оқытушының,  тәрбиешінің  қызметтерін  атқарған.  Негізінде, 

қонақжайлылық –

 

біздің халықтың ұлттық өзіндік ерекшелігі.



 

Халқымыздың қонақжайлылығы, дастарқанының кеңдігі, 

таныс

-

біліс  түгіл,  кез



-

келген  жолаушыға  есігінің  ашықтығы,  барын  құдайы  қонағының  алдына  тосатын  мырзалығы 

жайында өткен ғасырларда бұрын

-

соңды қазақ даласында болған шет жұрттық А.Янушкевич, В.В.Радлов, А.И.Левшин 



т.б. сынды саяхатшы ғалымдар халқымыздың меймандостығын жоғары бағалап, тамсана жазып кеткен [4; 5; 6].

 

Ұлттық мінез адам мінезінен, іс



-

әрекетінен көрінетін тұрақты құбылыс. Ұлттық мінез осы ұлтқа тән психикалық 

рухани  сапасымен  ерекшелініп  көзге  түседі.  Мәселен,  қазақ  халқына  тән  қонақжайлылық,  бауырмалдық, 

американдықтардың  құнттылығы,  немістердің  ұқыптылығы  немесе  ағылшындардың  салқын  қандылығы  сияқты 

ерекшеліктер байқалады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда кездеспейді деген ұғым туындамайды. Ол қасиеттер 

әр халықта әр түрлі қырынан көрініс табады. Әр ұлттың өзіне ғана тән этностық таза мінез

-

құлықтың болуы мүмкін 



емес.  Осы  мәселе  төңірегінде  академик  С.Кон  «Ұлттық  мінез

-

құлық  ерекшеліктерінің  проблемасы»  атты  еңбегінде 



«Ұлттық  мінез

-

құлықты  анықтауда  әр  ұлтқа  тән  этностық  мінез



-

құлықты  шартты  түрде  алып  қарау  керек»,  –

 

деуі 


орынды [7].

 

Бүгінгі  XXI



-

ғ.  ғылыми

-

техникалық  дамудың  нәтижесі  еларалық  этномәдениеттің  бір



-

біріне  жақындауын, 

сонымен  бірге  әр  этностың  өзіне  тән  озық  мәдени  үлгілерін  сұрыптап  талдап,  таңдап  ала  отырып,  оны  әлемдік 

өркениетке  ендіруге  арқау  етуді  қажет  етіп  отыр.  XXI

-

ғасырда  этномәдениеттің  озық  үлгілерінің  бір



-

бірімен 


жақындасып  кірігуін  заман  талабы  деуге  болады.  Әр  ұлт  жаһандасу  кезінде  өзінің  этномәдениетінің  озық  идеялы 

үлгілерін бойына сіңіре отырып әлемдік өркениетке кірігудің оңтайлы механизмін табуы тиіс. Осы тұрғыда біз қазақ 

халқының мәдени

 

құндылықтарын жоғары оқу орындарының оқу



-

тәрбие үдерісінде пайдаланудың жолдарын көрсетуді 

қажет деп таптық (Сурет).

 

Біз суретте мәдени құндылықтардың жоғары оқу орындарында қолданудың үш түрлі қызметін көрсеттік:



 

1) 


әлеуметтік жүйе адамдардың өзара әрекеттесуі;

 

2) 



жеке топтар мен тұлғалардың іс

-

әрекеттік қызметтері;



 

3) 


басқару нысанындағы барлық элементтер: басқару пәні

-

субъектілердің өзара қарым



-

қатынасы.

 

Жоғары  оқу  орындарының  оқу



-

тәрбие  үдерісінде  қолданылатын  қазақ  және  ағылшындардың  ортақ 

құндылықтары:  тапқырлық,  шешендік,  еңбек  сүйгіштік,  өнер  сүйгіштік,  Отан  сүйгіштік,  бауырмалдық, 

интернационалдық  екендігін  ажыратып  сипаттадық.  Дегенмен  қазақ  халқының  да,  ағылшындардың  ұлттық 

құндылықтарының өзіндік ерекшеліктері бар.

 

Мәселен, қазақ халқының ұлттық өзіндік ерекшеліктері –



 

сөзді мақамдап айтуында; ойды астарлап, жұмбақтай 

беруінде; бауырмалдық, балажандық, ақжарқындық, қонақжайлық қасиеттерінің басымдылығында.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет