Вопросы археологии



Pdf көрінісі
бет55/68
Дата02.03.2017
өлшемі10,67 Mb.
#5132
түріСборник
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68

 

Осы  құрылыс  орнына  осы  соңғы 

жылдары  қазба  салу  жұмыстары 

жалғастырылып,  бұл  жерде  қаланың 

батыс  бөлігіне  орналасқан  мұнараның 

болғандығы  анықталуда.  Құрылыстың 

көлемі  мен  архитектурасы  басқа  да 

ортағасырлық  қалаларда  кездесетін 

«қарауыл  мұнараларына»  келеді  және 

қаланың  батыс  бөлігінде  екі  қатар 

қорғаныс  қамалы  болуына  қарағанда, 

жау  батыстан  күтілген.  Құрылыстың 

көлемі өте ірі, әрі күрделі архитектуралық 

құрылымнан  тұратындықтан,  мұның 

Қырғызстан жеріндегі Бурана мен Үзген 

мұнараларынан  да  ірі  екені  айтылады 

[Ақымбек Е.Ш., 2009, 13-14 бб.]. 

1978 


жылы 

Ә.М. 


Оразбаев 

Университетт 

археологиялық 

экспедициясының  құрамында  тарих 

факультеті  студенттерінен  жеке  отряд 

жасақтап,  Жамбыл  облысы,  Шу 

ауданында  Ақсу  және  Қарабалта 

өзендерінің  аңғарынан  барлау  және 

қазба  жұмыстарын  жүргізеді.  Соның 

нәтижесінде  бірнеше  обалар  тобы 

тізімге  алынып,  Қарабалта  өзенінің 

жағасындағы  Жетіжар  І  обаларына 

қазба  жүргізіледі.  Жетіжар  І  қорымы 

400  м  ұзындықты  алып  жатқан 

қырдың үстінде 70 оба тізімге алынып, 

құжатталады. Бұл тізбектегі обалардың 

көпшілігі  кіші  көлемде:  диаметрі  10-

12  м,  биіктігі  0,5-0,7  м  аралығында. 

Жетіжар І қорымынан оңтүстікке қарай 

жеке  тізбектегі  Жетіжар  ІІ  қорымында 

ірі  обалар  орналасқан.  Ол  обалардың 

диаметрі  30-40  м,  биіктігі  3-4  м 

аралығында. 

Жетіжар 


І 

қорымында 

осы 

экспедиция үш обаға қазба жұмыстарын 



жүргізген (13, 21, 43) [Оразбаев А.М., 

1980, 62-70 бб.].

Жетіжар  обаларындағы  зерттеу 

жүргізілген ескерткіштердің барлығына 

ортақ нәрселер бар екенін айта отырып, 

ғалым  олардың  орналасу  ерекшелігі 

мен  ішкі  жерлеу  салттары  Жетісудың 

сақ-үйсін  дәуірі  ескерткіштеріне  сәйкес 

келеді дейді (б.д.д. V-ІІІ ғ.). Обалардың 

топырақ  үйіндісі,  олардың  тізбектелуі, 

қабірлердің,  мұрделердің  бағытталуы, 

қыш ыдыс және қой сүйегінің табылуы 

Жетісудағы 

сақ-үйсін 

дәуірінің 

Жуантөбе, 

Қызылауыз, 

Үңгірқора, 

Өтеген  ескерткіштеріне  жақын  келетіні 

айтылады  [Оразбаев  А.М.,  1980,  62-

63 бб.].

Зерттеуші 

К.А. 

Ақышев 


пен 

Г.А. 


Кушаев 

зерттеулеріндегі 

Жетісудың  б.д.д.  V-ІІІ  ғ.  сақ-үйсін 


480

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

дәуірі  ескерткіштері  өте  жұтаң,  кедей 

жерленулермен  ерекшеленетінін  айта 

келе,  Жетіжар  І  ескерткіштеріндегі 

бір  немесе  екі  ғана  қыш  ыдыстың 

қойылуы  осыған  дәлел  болады  дейді. 

К.А.  Ақышев  зерттеулеріндегі  қабір 

ішіндегі  қой  сүйектерінің  кездесуі 

Жетіжар  обаларында  да  қайталанады. 

Зерттеу  қорытындыларында  Жетіжар 

І  ескерткіштерінің  Жетісу  жеріндегі 

Ақсу,  Қарабалта  өзендерін  мекендеген 

б.д.д.  V-ІІІ  ғ.  өмір  сүрген  тайпалардың 

рулық  қорымы  болуы  мүмкін  деген 

болжам 


жасалады. 

Сондай-ақ, 

Жетіжар І мәліметтеріне сүйене отырып 

айтқан  ғалымның  осы  ескерткіштер 

өзі  зерттеген  Ақтөбе  қаласының  ерте 

тұрғындарымен  байланысы  болуы 

мүмкін  деген  пікірі  өте  қызықты: 

«Исследования  курганов,  определив 

хронологическую 

и 

культурную 



принадлежность  погребенных,  даст 

возможность  установить  исторические 

связи  и  премственность  культуры  от 

древних племен до ранних насельников 

городища  Актобе»  [Оразбаев  А.М., 

1980, 62 б.].

Ғалымның тура осы пікірін қолдайтын 

деректерді соңғы жылдары Жетісу жерін 

зерттеп  жүрген  А.М.  Досымбаеваның 

еңбектерінен  кездестіреміз.  Әсіресе, 

Шу, Талас бойындағы қалалардың осы 

өңірлердегі  далалық  ескерткіштермен 

сабақтастығы  жөнінде  «Өркениеттер 

жалғасы»  атты  Қырғызстанда  болған 

халықаралық конференцияларда Н. Ал-

дабергенов  пен  А.М.  Досымбаеваның 

ғылыми  тұжырымдары  атап  өтуге 

тұрарлық  [Алдабергенов  Н.О,  Досым-

баева А.М., 2003, 110-111 бб.]. 

1980  жылы  Ә.М.  Оразбаевтың 

жетекшілігімен 

Университеттің 

археологиялық  экспедициясы  Жамбыл 

облысы,  Қордай  ауданының  орталығы 

Георгиевка 

селосының 

оңтүстік-

шығысына қарай 17 шақырым жердегі 

Жалаңаш,  Тасжарған  қорымдарында 

қазба  жұмыстарын  жүргізді.  Жалаңаш 

қорымынан 

оба, 



Тасжарған 

қорымынан  1  оба  мен  2  қоршау 

қазылады. Сондай ақ Жамбыл облысы 

территориясында Свердлов, Меркі, Лу-

говой, Шу, Қордай, Жуалы, Мойынқұм, 

Талас,  Жамбыл,  Сарысу  аудандарында 

барлау  жұмыстары  жүргізіліп,  18  қола 

дәуірінің  нысандары  тізімге  алына-

ды  жіне  құжатталады  [Оразбаев  Ә.М., 

1980, 1-4 бб.]. 

Жалаңаш  қорымындағы  обалар 

жерлеу  салты  мен  сыртқы  құрылысы 

және  табылған  қыш  ыдысына  байла-

нысты ерте темір дәуіріне жатқызылып, 

олар  б.д.д.  VI-V  ғ.  мерзімделеді.  Өз 

зерттеулерімізде  Әбдіманап  Медеуұлы 

Оразбаевтың  күнделіктеріндегі  осы 

екі 


қорымдағы 

ескерткіштердің 

ұқсас  үлгілерін  Жетісу  өңірінің  басқа 

да 


ескерткіштерінен 

қарастырдық. 

Обалардың сыртқы құрылысы, орнала-

су жағдайы бойынша ерте сақ дәуірінің 

ескерткіштері  екені  анық  болғанымен, 

ішкі қабір құрылысындағы тас қаланды 

мен  қосақтала  жерленген  мүрделер 

ерекше назар аударуды қажет етеді.

Ә.М.  Оразбаев  зерттеулеріндегі 

Тасжарған  обаларындағы  бір  қабірде 

қосарлана  жерлеу  дәстүрлеріне  бай-

ланысты  К.А.  Ақышев  пен  Г.А.  Куша-

ев  Іле  өзенінің  жағасында  зерттеген 

қорым  –  Қызылауыз  І  ескерткішінен 

ұқсастықтар  байқалады.  Үйінді  шетін 

таспен  қоршаған  обалардың  қабір 

шұңқырында адамды шалқайта, басын 

батысқа  қаратып  қойған.  Қорымдағы 



481

ә.м. о

разбаевтың

 ж

етісу

 

меН

 о

ңтүстік

 Қ

азаҚстаН

 

өңірлеріНде

...

Ұ.Ү. Үмітқалиев

обалардан жеке жерлеу, әр шұңқырдағы 

қос жерлеу (№ 1, № 8, № 19 оба), бір 

қабірдегі  екі  деңгейдегі  жұп  жерлеу 

(№ 6, № 7 оба), екі және одан да көп 

шұңқырдағы  бес-жетіден  жерлеулер 

кездескен  [Акишев.К.А,  Кушаев.  Г.А., 

1963, 282 б.]. 

Е.А. 

Агеева 


зерттеулеріндегі 

Қызылеспе 

қорымында 

қазылған 

обалардың  сыртқы  үйінділері  мен 

ішкі  құрылымдарынан  да  аталмыш 

нысандардағы ұқсастықтарды байқауға 

болады. Үйінді астында қоршаулар бар 

және № 50, № 51 обалар үйінділерінен 

ағаштың  күлі,  қыш  ыдыс  сынықтары 

табылған. Ағаш жабындылы төртбұрыш 

(№  50,  №  51),  ұзынша  сопақ  (№ 

72)  пішінді,  батыстан  шығысқа  аздап 

ауытқымалы  созылған  шұңқырларда 

мүрде арқасымен созыла, басы батысқа 

қаратылып  жерленген.  Адам  басының 

сол  тұсында  ыдыс,  оңтүстігінде  темір 

пышақ, қой құйымшағы қойылған [Аге-

ева Е.М., 1956, 10-11 бб.]. 

Ә.М.  Оразбаев  зерттеулеріндегі 

Жалаңаш,  Тасжарған,  Жетіжар  І,  ІІ 

ескерткіштерінің сыртқы құрылымы мен 

ішкі  жерлеу  салты  жағынан  Жетісудың 

ерте  үйсін  дәуірі  ескерткіштерімен 

өте  жақын  байланыстарды  көреміз 

және  олардың  жергілікті  үлкен  бір 

мәдениет 

ауқымында 

болғанын 

нық  айта  аламыз.  Ғалымның  бұл 

зерттеулерінің археологиялық жағынан 

өте  аз  қарастырылған  аймақтың  көне 

мәдениетін анықтауда өз орны бар деп 

білеміз. Жетіжар І ескерткіштерін зертте-

уде  олардың  үйсін  дәуірі  ескерткіштері 

екенін айтумен бірге әлеуметтік дәрежесі 

төмен қауымның қорымы екендігі жай-

лы  пайымдау  жасалады.  Ал,  Жетіжар 

ІІ  ескерткіштеріне  қазба  жұмыстары 

жүрмесе  де,  олардың  сыртқы  орна-

ласу  құрылымы  мен  көлеміне  қарап, 

мұның  әлеуметтік  дәрежесі  жоғары 

таптың  қорымы  екендігі  жайлы  бол-

жам  жасалады.  Сонымен  қатар,  осы 

сияқты  ескерткіштерді  Шу  бойындағы 

ортағасырлық 

Ақтөбе 

қаласымен 



байланыстыруы  ерекше  атап  өтуге 

тұрарлық. 

Қорыта  келе  айтарымыз,  Қазақстан 

археологиясының 

ірі 

тұлғасы 


Ә.М.  Оразбаевтың  зерттеулерінен  шет 

қалған  Қазақстанның  бір  пұшпағы  не-

месе  ол  қарастырмаған  тарихи  кезең 

нысандары  кемде-кем  десе  болады. 

Өзінің ғылымдағы ширек ғасырға жуық 

ғұмырында  ғалым  көп  ескерткіштерді 

зерттеп, терең тұжырымдар жасады. Әр 

зерттеулеріне кәсіби деңгейде сарапта-

ма жасап, ой елегінен өткізді. Оның бір 

мысалы,  өзінің  қазба  жұмыстарының 

материалдарын  алдымен  мерзімді 

басылымда  аздаған  ақпарат  беріп 

ширықтырып,  кейіннен  әбден  сол 

мәселе  жөніндегі  шынайылыққа  көз 

жеткізгенде  барып  мақалаларын  жа-

риялап  отырған  екен.  Ғалымның  бұл 

ғылыми  қағидасы  да  қазіргі  таңдағы 

асығыс,  ат  үсті  жазылатын  мақалалар 

мен 

әдебиеттерді 



қолданудағы 

шалағайлыққа сабақ болары анық. 



482

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.



SUMMARY 

ULAN U. UMITKALIEV



A.M. ORAZBAEVA’S RESEARCHES 

SPENT TO SOUTHERN KAZAKHSTAN 

AND ZHETYSU 

This  article  covers  the  problem  of  study 

archeological  monuments  of  southern  part  of 

Kazakhstan and Zhetysu, which is done by famous 

archeologist Orazbayev A.M. As the author of the 

article Umitkaliev U.U. studies works of scientist, 

it  was  also  collected  and  analyzed  information 

from  scientific  works  of  archeologist,  which  was 

accumulated  from  archeological  monuments  of 

different periods, which are situated in the above-

mentioned regions of Kazakhstan.

РЕЗЮМЕ

У.У. УМИТКАЛИЕВ 



ИССЛЕДОВАНИЯ А.М. ОРАЗБАЕВА 

В ЮЖНОМ КАЗАХСТАНЕ И ЖЕТЫСУ

В статье охвачены проблемы изучения ар-

хеологических памятников Южного Казахстана 

и Жетысу, проведенные известным археологом 

А.М. Оразбаевым. При подготовке данной ста-

тьи были собраны и проанализированы имею-

щиеся в архивах сведения. Дается краткий об-

зор работ по памятникам эпохи бронзы и ран-

него железного века, средневековья.


Ө

НЕР


И

СКУССТВО


484

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.



Ж.М. Жетібаев 

Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институты

Алматы қ., Қазақстан

Жылқы – қазақ петроглифтеріндегі 

ең басты бейнелердің бірі

А

лтай  мен  Атыраудың,  Ба-



тыс Сібір жазығы мен Тянь-

Шаньның  арасын  алып 

жатқан  ұлан-ғайыр  даланы  мекенде-

ген  киіз  туырлықты  қазақтың  өмірінде 

жылқы  малының  алатын  орны  ерек-

ше. «Біз дала тұрғындарымыз. Бізде си-

рек те, қымбат та заттар, тауарлар жоқ. 

Біздің  басты  байлығымыз  –  жылқы. 

Оның  еті  мен  терісі  біз  үшін  тамақ  пен 

киім,  ал  сүті  –  шипалы  сусын.  Біздің 

көңіл  көтеретін  жеріміз  мал  жайы-

лымдары  мен  жылқы  үйірлері.  Біз 

үйірлерге  жылқыларды  қызықтау  үшін 

барамыз»,  деп  қазақтың  белгілі  ханы 

Қасым айтқандай [Материалы по исто-

рии  казахских...,  1969,  с.  226],  қазақ 

петроглифтерінің көп бөлігі жылқы ма-

лына арналған. 

Жылқы малы – сонау көне замандар-

дан бері көптеген халықтардың, әсіресе, 

табиғаты  қатал  Еуразияның  далалық 

белдеулерін  жайлаған  көшпелілердің 

(соның ішінде қазақтардың) қоғамдық-

экономикалық дамуында өте үлкен рөл 

атқарып  келе  жатқан  түліктің  бірі.  Бұл 

жерде айта кететін бір жәйт, кең далада 

жортып  жүрген  жабайы  жылқыларды 

ең алғаш қолға үйретіп, мініс, күш және 

жауынгерлік көлік ретінде пайдаланған 

адамзат  баласы  –  біздің  арғы  баба-

ларымыз.  Оған  Ботай  қонысы  секілді 

қазба  орындарынан  қолға  үйретілген 

жылқы сүйектері мен олардан жасалған 

түрлі бұйымдардың, ауыздықтар мен ат 

әбзелдерінің табылуы «жылқының ота-

ны – Қазақ жері» деген пікірдің ақиқат 

екендігіне  толық  дәлел  бола  алады 

[Макарова Л.А., Нурумов Т.Н., 1987, с. 

46-47;  Макарова  Л.А.,  Нурумов  Т.Н., 

1988, с. 7-36]. Әрі бұл пікірдің шындық 

екендігін бүгінде әлем, әсіресе, Амери-

ка,  Германия,  Франция,  Ұлыбритания 

секілді озық ойлы елдердің ғалымдары 

толық мойындап отыр.

Мәселен,  жылқы  –  скиф-сақ 

тайпаларының 

мифологиялық 

дәстүрінде кәдімгі мініс жануары, әлем 

аймақтарының  бірінен  біріне  өтудің 

көлік-құралы,  дүниені  жалғастырушы 

буын.  Ол  –  өлім-қайта  тірілу-

мәңгібақилық  циклінде  маңызды  рөл 

атқарған. Мұны біз ежелгі көшпелілердің 

діни-мифологиялық  көзқарастарының 

жұрнақтарын  бізге  жеткізген  оның 

бейнесі салынған жекелеген заттардан, 

тұтас  жерлеу  рәсімдерінен,  батырлық 

эпостардан  айқын  байқай  аламыз. 



485

Ж.М. Жетібаев

ж

ылҚы

 – 

ҚазаҚ

 

петроглифтеріНдегі

 

ең

 

басты

 

бейНелердің

 

бірі

Жылқы  онда  кәдімгі  сыннан  өткен 

жан  серік,  соғыс  қаруы,  ата-бабалар 

дүниесімен 

қарым-қатынас 

жасау 


құралы ретінде көрінеді. Жылқы салта-

натты рәсімдік, жерлеу салты, солярлық 

және хтоникалық, тәңірлік және аласта-

ушы жануар қызметін атқарған.

«Ер  қанаты  –  ат»  деп  қазақ  атамыз 

айтпақшы,  суреттерде  оларға  ерекше 

мән  берілеген.  Кішірек  басты,  қамыс 

құлақты,  қаз  мойынды,  бота  тірсекті, 

құйрық-жалы күзелген немесе түйілген 

олар халық ауыз әдебиетінде кездесетін 

эпикалық сәйгүліктер көркіне өте ұқсас 

етіліп  бейнеленген  (1-сур.,  1,  5,  6). 

Суреттердегі аттардың түп-тұлғасы:

«Жал, құйрығы қаба деп,

Жабыдан айғыр салмаңыз!

Жабыдан айғыр салсаңыз,

Жауға  мінер  ат  тумас»,  –  деп 

Бұқар  жырау  жырлап  ескерткен-

дей  [Бұқар  жырау,  1991,  90  б.]  анау-

мынау  жылқылар  емес,  керісінше 

әлемдік 

иппологиядағы 

сұлулық 

пен  гармонияның,  пропорция  мен 

экстерьердің  ең  жоғарғы  теңеулеріне 

сай  келетін  [Хербен  Л.,  1904,  с.  1-17] 

және  жергілікті  табиғат  жағдайларына 

бейімділігі  мен  төзімділігі,  алысқа  ша-

бар  ұшқырлығы  жағынан  таза  қанды 

араб  сәйгүліктері  мен  еуропалық 

көптеген  будандас  «мәдени»  жылқы 

тұқымдарынан  асып  түсетін  [Плещеев 

П., 1904, с. 56-74] «арғымақ» (бұл жер-

де  «адай  сәйгүлігі»  –  Ж.Ж.),  «қазанат» 

сияқты асыл тұқымды қазақы жылқылар 

алынған [Бабаджанов Х.С., 1871, с. 35-

48].  Бұл  жерде  айта  кететін  бір  жәйт: 

суреттердегі  аттардың  көпшілігі  айғыр 

түрінде  бейнеленіп  (1  –  сур.,  3,  5,  6), 

жүріп  бара  жатқан  немесе  бір  орында 

тұрған кейіпте кескінделген. 

Арғымақ

Арғымақтардың 

негізі  –  таза  қанды  түрікмен  ахалтекесі 

немесе  таза  қанды  араб  жылқысы. 

Ахалтеке  тұқымы  көне  заманда  пай-

да  болып,  осы  уақытқа  дейін  жет-

кен көшпелі түркілердің асыл тұқымды 

жылқысы  болса,  ал  таза  қанды  араб 

жылқысы  –  арабтардың  Орта  Азия-

ны  жаулап  алғаннан  кейін  –  көшпелі 

бәдеуи  жылқысын  Орта  Азияның, 

Парсының  жылқыларымен  буданстыру 

арқылы шығарылған.

Қазақ  арғымақтары  (солардың  бірі 

жоғарыда  айтып  өткеніміздей  адай 

сәйгүлігі)  тегі  жағынан  түрікмен,  не 

араб  жылқысы  болғанмен,  қазақ  да-

ласына,  оның  климатына  бейімделіп 

өсірілгендіктен, 

ыстық-суыққа 

төзімділігі,  алыс  қашықтыққа  шабуға 

шыдамдылығы жағынан олардан асып 

түсетін.  XIX  ғасырда  жарық  көрген 

кейбір деректерде таза қанды түрікмен 

ахалтекесі  мен  қазақ  арғымақтарын 

жарыстырғанда,  олардың  түрікмен 

жылқысынан басым түсіп, озып кеткені 

айтылады [Ер қанаты, 1987, 15-17 бб.].

Арғымақ 

тұқымы 


өзінің 

жүйріктігімен, 

алысқа 

шабар 


ұшқырлығымен  ерекшеленеді.  Оның 

тұла  бойынан  жүйріктік  пен  шабысқа 

бейімділікті  сезуге  болады.  «Арғымақ 

жалсыз,  ер  малсыз»,-  деп  халық 

айтпақшы, арғымақтың дене бітімі сұлу, 

қақпан бел, тік мойынды, басы кішкене 

келген,  аяқтары  ұзын  әрі  жіңішке, 

тұяқтары  кішкентай,  құйрық-жалы 

қысқа,  жүні  тықыр.  Арғымақ  жөнінде 

Ақтамберді жырау:

«Ор қояндай жүгінтіп,

Аш күзендей бүгілтіп

Жолбарыстай шұбарды

Тандап  мінер  ме  екенбіз»,  –  деп 

жырласа  [Ақтамбердi  жырау,  1991, 


486

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

64  б.],  ал  XVIII  ғасырда  өмір  сүрген 

ресейлік  зерттеуші  И.Фальк  өзінің  бір 

еңбегінде мұндай жолбарыс түсті шұбар 

арғымақтардың  қазақтардың  Орта 

жүзінде  көп  екенін,  олардың  Бұқарада 

өте көп ақшаға сатылатындығын жазып 

кеткен [Фальк И., 1999, с. 124]. 

Қазанат.  Қазақтың  асыл  тұқымды 

жылқыларының бірі «қазанат» деп ата-

лады.  Ол  –  арғымақтың  айғыры  мен 

жабы  тұқымдас  биені  будандастыру 

арқылы  алынған  жылқы  тұқымы.  Оны 

кейде  «будан»  десе,  ал  Орта  Азияда 

бұл тұқымды «қарабайыр» деп атайды 

[Ақтамбердi жырау, 1991, 22 б.].

Арғымақтың 

жүйріктігі 

мен 

ұшқырлығын, 



жабы 

тұқымының 

ыстық-суыққа  төзімділігі  мен  аштыққы 

шыдамдылығын  және  екеуінің  де 

алыс  жолға  беріктігін  қабылдаған 

қазанатты қазақтар арғымақтан жоғары 

бағалаған. 

Дене  бітімінен  жүйріктік  те,  күш  те 

бірдей  сезілетін,  яғни  омырауы  үлкен, 

кеудесі кең, салпы ерінді, күпшек санды, 

тұлғасы әрі үлкен, әрі жалпақ, толарсағы 

жіңішке,  шоқтығы  биік,  құйрық-жалы 

қысқа,  басы  онша  үлкен  емес,  тана-

уы  кең,  тез  семіретін,  майын  сартына 

жинайтын,  сазандай  дөңгеленіп  кел-

ген  жуан  мойынды  қазанатты  ерете-

де  тек  батырлар  ғана  мінген.  Әріден 

бастасақ: 

Қобылындының 

Тайбу-


рылы, 

Алпамыстың 

Байшұбары, 

Қамбарды  Қарақасқасы,  одан  беріде 

Қабанбайдың 

Қубасы, 


Исатайдың 

Ақтабаны. 

Міне, 

осынау 


хас 

тұлпарлардың  барлығы  да  жылқы 

атаулының  арғы  атасы  –  Қазанаттың 

ұрпақтары.  Сондықтан,  оны  кейде  «ер 

аты» деп те атаған (1 – сур., 2, 3).

«Қазақтар  ең  алдымен  –  еркекті, 

содан  соң  –  жылқыны,  үшінші  ке-

зекте  –  әйелді  құрмет  тұтады»,  –  деп 

қазақ  даласына  жер  аударылған  по-

ляк  революционері  А.  Янушкевичтің 

туған-туыстарына  жазған  хатының 

әзіл-шыны  аралас  үзіндісінен  көріп 

отырғанымыздай [Янушкевич А., 1979, 

191  б.],  немесе  «қазақтар  уақытының 

көп бөлігін ат үстінде өткізеді. Дүниеде 

олар  үшін  бұдан  артық  ештеңе  жоқ»- 

деп  XIX  ғасырда  өмір  сүрген  орыс  эт-

нографы  К.Н.  Калачев  айтпақшы  [Ка-

лачев К. Н., 1860, с. 292] қазақтардың 

жылқы  малын  құрметтеуі,  оған  табы-

нуы шаруашылығының бағытымен бай-

ланысты.  Өйткені,  жылқысыз  мал  бағу 

былай  тұрсын,  онсыз  шексіз  қиянда 

өмір  сүру  өте  қиын.  Сондықтан  бүкіл 

қазақстандық  көне  өркениет  білгілі  бір 

мөлшерде жылқы малымен тығыз бай-

ланыста болған.

Осы  құбылыстардың  бәрі  көптеген 

халықтар  арасында  «есті  жануар», 

«тілсіз  адам»  –  жылқы  малына  деген 

табынушулықты туғызды. Тоқталар бол-

са, олар төмендегідей.



Жылқы  –  малдың  патшасы.  Жылқы 

ел  түсінігінде  ер  серігі,  айшылық  алыс 

жерлерге жылдам хабар жеткізетін жел-

ден  озған  жүйрік  немесе  байлықтың 

өлшеушісі  ғана  емес,  ол  –  жалпы 

көшпелілер  (соның  ішінде  қазақтар) 

үшін сән-салтанат, сұлулықтың өлшемі. 

«Ердің  атын  аты  шығарады»  демекші 

батырлық жасау, батыр атану тек жылқы 

малының  арқасында  ғана  мүмкін 

болатындығын  түсінген  ата-бабамыз 

жақсы көретін аттарына, әсіресе әскери 

аттар  мен  сәйгүліктерге  аса  құрметпен 

қарап,  ерекше  күтім  жасаған.  Оларға 

көз  тимесін  деп  мойындарына  тұмар 

байлаған  (1-сур.,  3,  5,  6),  жабулап 

ұстап,  маңдайына,  жалына  немесе 

құйрығына «үкі» таққан [Аргынбаев Х., 

1975, с. 199]. 


487



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет