Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет54/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Күйік жарасының емі

Күйік жарасының емі біріншілік хирургиялық өңдеуден басталады. Үлкен көлемді күйіктерде, оны наркозбен орындайды.


I дәрежелі күйіктерде жараның өзін және оның шеттерін 70% этил спиртімен өңдейді, содан кейін балық майымен немесе 5% синтомицин эмульсиясымен таңып қояды. Кейбір жағдайларда залалсыз құрғақ таңғыш салынады. Беті күйгенде ашық әдіс қолданылады, жараны залалсыз маймен майлап қояды. I дәрежелі күйіктер тыртық қалдырмай 1 аптаның ішінде жазылады.
II, IIIА дәрежелі күйіктерде ЖБХӨ -дің алдында шеттерін спиртпен өңдеп алады. Кейбір дәрігерлер жараның бетін фурацилин немесе басқа да антисептиктермен жуып тазартуды ұсынады. Кішігірім және орташа көлемді көпіршіктерді жармайды, үлкендерін түбінен тесіп, ішіндегі сұйықтықты сыртқа шығарады немесе залалсыз құралмен кесіп алады. Содан кейін, күйген адамды әлдебір әдіспен емдейді.
Жабық әдісті қолданғанда жараның бетін 5% синтомицин эмульсиясымен немесе вазелин майымен таңып қояды да, таңғышты мүмкіншілік болса, 10-14 күн ауыстырмай ұстайды. Жараға инфекция түспеген жағдайда II дәрежелі күйік 2 аптаның ішінде, ал III дәрежелі күйік – 3-4 аптада жазылады. Жабық әдісті аяқ-қолдары күйгенде немесе тұлғаның кішігірім күйіктерінде қолданған ыңғайлы. Жараның тазару кезеңінде (эпителизацияға дейін) полиэтиленгликоль негізінде жасалған, суда еритін майларды пайдаланған жөн. Полиэтиленгликоль жарадағы сұйықтықты өзіне сіңіріп, оның өліеттенген тіндерден тез тазаруына септігін тигізеді. Оларға 5% диоксидин, 1% йодопирон, сульфомилон, левомеколь майлары және т.б. жатады.
Ашық әдіс беті күйгенде, үлкен көлемді күйіктерде және жаппай күйгенде қолданылады. ЖБХӨ барысында көпіршіктерді кесіп алады. Танғыш салмай ашық емдеу әдісі – ауада инфрақызыл сәулелері бар бөлмелерде, арнайы аэротерапевттік қондырғыларда (АТҚ) немесе залалсыз жылы ауа ағыны бар изоляторларда жүргізіледі. АТҚ -да 30-320С -қа дейін жылытылған залалсыз тік (вертикальді) ламинарлы ауаның ағыны жіберіледі. Осы әдістерді қолданғанда жараның бетінде қабыршақ жылдам түзіліп, II және III дәрежелі күйік болса да, жара жазылғанға дейін сақталады немесе одан да терең күйіктерде демаркациялық жолақ пайда болғанда, хирургиялық жолмен кесіліп алынады.
Осы қондырғыларда орнатылған науқастың төсегі қоршаған ортадан мөлдір пленкамен шектеледі, ауа ағыны науқастың үстіңгі жағында әдейі орнатылған ұяшықтардан жіберіледі. Изоляторға залалсыз халат, маска және қолғап киген медицина қызметкерлеріне кіруге рұқсат етіледі. Күйіктің беті антибактериальді заттармен өңделеді. Күйік жарасының бетін құрғатып кептіру, тез-арада терең өліеттенген аймақтарды анықтап, некрэктомияы орындауға мүмкіндік береді. Ол үшін 5-7 -ші күннен бастап құрғақ қабыршақтың үстіне (астында грануляциялық тін пайда болғанға дейін) некролиттік қасиеті бар таңғыштар салынады. Содан кейін, өліеттенген тіндерден тазарған жараның бетіне тесілген, торлы ксенотерінің қиықтарын (кесінділерін) қояды немесе жұқа қабатты антибактериальді майды жағады. Бірнеше күн өткеннен соң, аутодермопластика орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет