Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі


Жарақаттың тереңдігіне байланысты электрокүйіктің 4 дәрежесін ажыратады



бет58/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
13 тарау

Жарақаттың тереңдігіне байланысты электрокүйіктің 4 дәрежесін ажыратады:
1. Эпидермистің зақымдалуы.
2. Эпидермис ажырап, көпіршіктердің түзілуі.
3. Терінің барлық қабаттарының коагуляциясы.
4. Тері мен терең орналасқан тіндердің зақымдалуы.

Электрокүйікке қоршаған тіндердің ісінуі мен гипэстезия тән. Сонымен қатар, парез бен салдану дамуы мүмкін. Адам денесінен электр тоғы өтіп жатқанда бұлшықеттер құрысып жиырылады, соның салдарынан компрессионды және жұлынған сынықтар, сынық пен буынның шығуы және буынның шығуы пайда болады.


Алғашқы көмек: науқасты дереу тоқтан ажырату керек. Құтқарып жатқан адам өзі тоққа түсіп қалмас үшін, тоқ өткізбейтін заттарды (құрғақ таяқ, арқан немесе қатты қағазды) пайдаланып, тоқтан ажырату қажет. Құтқарушыны жерден аластату үшін, аяғының астына құрғақ тақтай немесе резеңкеден жасалған зат қойылады. 2-4 дәрежелі электрожарақаттарда тоқтан ажыратып алғаннан соң, науқасқа бірден реанимациялық шаралар жүргізілуі тиіс: ӨЖД, жүректің тікелей емес массажы; егер 3-5 минуттың ішінде нәтиже болмаса, дефибрилляторды пайдаланады және науқасқа интубация жасалады. Жүргізілетін шаралардың ұзақтығы бірнеше сағатқа созылады. Тірілтуді, тек өлімнің биологиялық белгілері пайда болғанда ғана тоқтатады (мәйіттік дақтар, дененің қатуы).
Жалпы емнің ерекшеліктері жоқ: шокқа қарсы шаралар жүргізіледі; жарақаттанған адамда гипоксия дамитындықтан, міндетті түрде оксигенотерапия орындалуы тиіс.
Электрокүйіктік жараның жергілікті емінің ерекшеліктері болады:
1. Жарақаттанған адамның ОНЖ -де тежелу үрдістері басым болғандықтан, жараның тазаруы мен регенерациясы баяулайды.
2. Аяқ-қолдың ауыр зақымдарында бұлшықеттердің және тамырлардың спазмы болатындықтан, бірнеше рет футлярлы новокаинді қоршау жүргізіледі.
3. Жарақаттың тереңдігі белгісіз болғандықтан, некрэктомияны ерте жасауға шектеу қойылады.
4. Электрокүйіктің ерекшелігі – беткей және терең орналасқан тіндердің зақымдалу дәрежесі әртүрлі болады.
Біріншіден, тоққа қарсыласу күші жоғары тіндер (бұлшықеттер) өледі. Терінің кішігірім жарақаттары болғанның өзінде, бұлшықеттерде көптеген патологиялық өзгерістер дамиды, ол аяқ-қолдың ампутациясын жасауға себепші болуы мүмкін. Үдемелі ісіну магистральді тамырларды қысып, аяқ-қолдың өліеттенуін дамытуы мүмкін, сондықтан кейбір электрокүйіктерде фасциотомия және некрэктомия жасалады. Әдетте, некрэктомия өліеттенген тіндердің шекарасы анық болғанда, 2-3 аптадан кейін кешіктіріп орындалады. Емдеу барысында кез-келген уақытта дамитын аррозивті қансырау туралы ұмытпаған жөн. Терең электрокүйіктерде операция (некрэктомия) жасалуы тиіс. Содан кейін, тері пластикасы және сіңірлерге, нервтерге, буындарға реконструктивті операциялар жүргізіледі.
Электрожарақаттың әсері, оның дәрежесіне, ауырлығына қарамастан бірнеше айдан немесе жылдардан соң байқалуы мүмкін: психиканың өзгеруі, невроздар, эндокринді-вегетативті өзгерістер. Осыны есте сақтаған жөн.
ҮСІК

Үсік (congelatio) – қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі. Суыққа ұшыраған адамдардың 38-60% мүгедек болып қалады. Қоңыржай климатты аймақтарда үсіктік жарақаттар 1% құрайды. Қиыр Солтүстікте және суық климатты аймақтарда бұл көрсеткіш 6-10% жетеді. -300С температурада үсіктің дамуының себебі мұздай ауаның әсері болса, ал одан жоғары температурада ауаның ылғалдылығы мен желдің жылдамдығы үсіктің дамуында маңызды орын алады. Желдің жылдамдығы өскен сайын, жылудың жоғалуы да арта түседі. Қоршаған ортаның температурасы -200С, желдің жылдамдығы 20 м/сек болса, онда желсіз жағдайда -520С -ғы температураға теңеседі. Қоршаған ортаның суықтық әсері ауаның ылғалдылығына байланысты болады. Қоршаған ауның температурасы 00С, бірақ ылғалдылығы жоғары болғанда аяқ-қолдың терең үсікке ұшыраған кездері байқалған. Көптеген авторлардың деректерінде, бейбітшілік кезде үсікті жарақаттар адам мас болған жағдайда дамитындығы көрсетілген. Алкоголь жылуды реттеуші орталықтың қызметін тежеп, жылудың қоршаған ортаға бөлінуін күшейтеді.


Суықтың әсеріне аяқ-қолдың тіндері қалай жауап береді? Төменгі температураның тіндерге тікелей әсер ететіні сөзсіз. Олардың тез-арада өліеттенуі -400С дейін мұздағанда басталады. Күйіктің дамуында белгілі орынды тамырлық фактор алады (тамырдың тарылуы, қан түйіршіктерінің агрегациясының және қанның тұтқырлығының артуы, тромбоз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет