Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет60/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
13 тарау

IV дәрежелі үсікте – тіндердің зақымдалу шекарасы сүйек пен буынның деңгейінде болады. Терінің температурасы төмендеген, аяқ-қолы мұздай, терісі көгерген, мраморлы түстес аймақтар бар. Сезімталдықтың барлық түрлері жоғалған. Көпіршіктердегі сұйықтық – қою-қоңыр түсті (ихорозды). Шеткі тамырлардағы пульсация әлсіреген, ауыру сезімі мен ісіну айқын болады. Жараның түбі қошқыл-көк түсті, беті солған және құрғақ. Бірінші аптаның соңында демаркациялық жолақ пайда болады, тіндердің өліеттенуі айқындалады, ол құрғақ немесе ылғал гангрена түрінде дамиды. Некрэктомия орындалмаса, өліеттенген тіндер ажырап, грануляциялар түзіліп, жара тыртықтанып жазылады. Консервативті жолмен жара 2 айда немесе одан да көп уақытта жазылады.


Қалтырап тоңу – бірінші дәрежелі созылмалы үсік болып табылады. Қоршаған ортаның температурасы 00С жоғары болса да, ол қайталанбалы суықтың әсерінен дамиды. Оған әкеліп соқтыратын факторлар: ылғалдылық, жел, қан айналымының бұзылыстары. Қалтырап тоңуға дененің ашық жерлері ұшырайды: бет, қолдың ұшы. Зақымдалған аймақтың терісі көкшіл, кейде қызарған, сезімталдығы төмендеген, ісінген, қатайған, ұстағанда мұздай, жылтырайды, ауырады. Ауру дерматит, дерматоз, сырылу (жарылу), ойық түрінде дамуы мүмкін және консервативті емге көнбейді. Қалтырап тоңу көктемде және күзде қайталанады, әсірісе қыста жиілігі артады.
Траншеялық аяқ
Траншеялық аяқ – жергілікті суықтық жарақаттың түрі. Бұл ауру хирургтармен Бірінші дүниежүзілік соғыста алғашқы рет сипатталған. Хирургтар суға, лайға немесе ылғал қарға толған траншеяда ұзақ уақыт жатқан көптеген жауынгерлердің аяғының ұшында дамитын жарақатты аңғарған. Бұл жарақат қыстың қақаған суығында емес, керісінше көктем мен күзде, қоршаған ортаның температурасы 00С – +100С аралығында болғанда дамиды. Аяқтың веналарындағы қан ағысы бұзылады, тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, тамырлардың сыртына қанның сұйық бөлігі шығып, ісіну үдей түседі – бұның барлығы суықтың әсерінен болған зақымды күшейте түседі.
Траншеялық аяқтың клиникалық көрінісі төменгі температура мен жоғары ылғалдылық әсер еткеннен кейін, бірнеше күн өткен соң байқалады. Аяқ ұшының «ағаштанған» сезімі, өкшесі мен саусақтарының ауыруы және күйіп қызуы сезіледі. Аяқтың ұшы ісінген, терісі бозарған, мұздай болады, сезімталдық әлсіреген, геморрагиялық сұйықтыққа толған көпіршіктер пайда болады. Кейіннен аяқ ұшының өліеттенуі дамуы мүмкін, көбінесе ылғал гангрена түрінде өтеді. Аяқ ұштарының екі жақтық зақымдарында гипертермия мен улану белгілері пайда болады. Кейде инфекциялық асқынулар, тіпті сепсис дамуы мүмкін.
Реактивті кезеңге дейінгі алғашқы көмек: мақта-дәкелік жылу өткізбейтін таңғыштарды салу керек және шеткі қан айналамын ынталандыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет