Реактивтіге дейінгі кезеңде аяқ-қолдың үсігінің тереңдігін болжау
Белгісі
|
Үсіктер
|
Беткей үсіктер
(I - II дәрежелі)
|
Терең үсіктер
(III - IV дәрежелі)
|
1. Терісінің түсі
|
Бозғылт, жеңіл цианоз.
|
Боз, ақшыл, мрамор түстес, кейде тері асты веналары көрініп тұрады
|
2. Капиллярлық пульсі
|
Әлсіреген
|
Болмайды
|
3. Сезімталдығы
|
Қатты әлсіреген
|
Болмайды
|
4. Терінің температура-сы
|
Төмендеген
|
Өте қатты төмендеген, тіпті жара-қат алған кезіндегі қоршаған ауа-ның температурасына дейін төмен-деп кетеді
|
5. Ісінуі
|
Болмайды
|
Қатты ісінеді
|
6. Шеткі артериялар-дың пульсациясы
|
Анық емес
|
Әлсіреген
|
7. Жарақаттың шекара-сы
|
Сақталған
|
Өте айқын болады
|
8. Буындардағы қозға-лысы
|
Ауыру сезімін тудырады
|
Белсенді қозғалыстар болмайды
|
9. Инемен шаншу сы-намасы
|
Ауырады, теріден тамшы қан шығады
|
Ауырмайды, қан шықпайды
|
10. Никотин қышқы-лын артерияға жібер-гендегі «қызу» сезімі
|
Дененің барлық бөліктерін қамтиды
|
Дененің барлық бөліктерін қамтымайды
|
11. Артерияға тамыр кеңейтетін дәрілерді енгізгенде терінің тем-пературасы
|
Температура жоға-рылай бастайды
|
Өзгермейді
|
12. Термография
|
Телевизор экранын-да нашар көрінеді
|
Телевизор экранында көрінбейді
|
Ерте реактивті кезеңде аяқ-қолдың үсігінің тереңдігін болжау
Белгісі
|
Үсіктер
|
Беткей үсіктер
(I - II дәрежелі)
|
Терең үсіктер
(III - IV дәрежелі)
|
1. Терісінің түсі
|
Гиперемия, жеңіл
цианоз
|
Айқын цианоз
|
2. Капиллярлық пульсі
|
Әлсіреген
|
Болмайды
|
3. Сезімталдығы
|
Қатты әлсіреген, гиперэстезия бар
|
Болмайды
|
4. Терінің температура-сы
|
Өзгермеген немесе аздап төмендеген
|
Қатты төмендеген, жарақаттан-ған аяқ-қол бөліктері суық
|
5. Көпіршіктері
|
Кішігірім
|
Үлкен, бір-бірімен қосылған, жарақаттанған сегменті айнал-дыра басады, IV дәрежеде көпір-шіктер болмауы мүмкін
|
6. Көпіршіктердің пайда болуы
|
Бірден пайда болады
|
Баяулаған
|
7. Көпіршіктің ішіндегі сұйықтығы
|
Янтарь түстес, ашық
|
Бұлыңғыр, геморрагиялық, кей-де қою-қоңыр түсті
|
8. Көпіршіктің айнала-сындағы терісі
|
Қызарған
|
Көкшіл
|
9. Жара түбінің түсі
|
Қызғылт, қызыл
|
Қою-көкшіл
|
10. Жараның беті
|
Тегіс, жылтыр, ылғал
|
Солған, құрғақ
|
11. Ісінуі
|
Онша айқын емес
|
Өте айқын, проксимальді бағыт-та тарайды
|
12. Тромбталған
веналардың суреті
|
Болмайды
|
Кейде болады
|
13. Тырнақтың түсуі
|
Кейде түседі
|
Ауыру сезімінсіз түседі
|
14. Шеткі артериялар- дың пульсациясы
|
Өзгермеген
|
Әлсіреген
|
15. Никотин қышқылын артерияға жібергендегі «қызу» сезімі
|
Саусақтың ұшына дейін
|
Қан айналымы бұзылған деңгей-ге дейін, науқас орналасу жерін бірден көрсетеді
|
16. Артерияға тамыр кеңейтетін дәрілерді ен-гізгенде терінің тем-пературасы
|
Температура жоғарылай бастайды
|
Өзгермейді
|
17. Термография
|
Телевизор экранында нашар көрінеді
|
Телевизор экранында көрінбейді
|
Үсіктің емі
Реактивтіге дейінгі кезеңде көрсетілетін алғашқы көмек:
1. Термоизоляция – мақта-дәкелік таңғыштар.
2. Иммобилизация – лонгетті таңғыштар.
3. Аяқ-қолды жылыту (иық пен санды жылытқыштарды пайдаланып жылыту).
4. Шеткі қан айналымын ынталандыру (артерияға – эуфиллинді, папаверинді, никотин қышқылын, новокаинді, гепаринді енгізу).
Ауруханада жедел кезеңде венаға және артерияға енгізіледі: реополигюкин 400-800 мл; фибринолизин 20000-40000 Бірлік; стрептодеказа, целиаза – 750000 ХБ.
Венаға дезинтоксикациялық плазма алмастырушы ерітінділерді, белокты заттарды, қан мен плазманы енгізеді. Бұлшықетке бір тәулікте – гепарин 30000–40000 Бірлік салынады. Ацетилсалицилл қышқылын 0,5-1,0 граммнан күніге 4 рет ішкізеді. Антибактериальді ем жүргізіледі.
Артерияға: никотин қышқылы 1% – 1-4 мл; эуфиллин 2,5% – 5-12 мл; папаверин 2% – 2 мл; новокаин ерітіндісі 0,25-0,5% – 10-40 мл; гепарин 5000-10000 Бірлік енгізіледі.
Терең үсікті хирургиялық емдеудің екі жолы бар: 1) демаркациялық жолақтан жоғары етіп, зақымдалған аймақтың ампутациясы ерте жүргізіледі; 2) демаркациялық жолақ анық пайда болғанша дейін күтіп, содан кейін ампутация жасалса, ұзын тұқыл қалады. Екінші әдіс қолайлы, себебі ағза сақтаушы операцияның қағидасына жауап береді.
Суықтан жарақат алған адамдар диспансерлік бақылауда ұзақ уақыт болуы қажет. Себебі, суық әсер еткеннен кейін, бірнеше жыл бойы суыққа сезімталдық жоғары болады, аяқ пен қолдың ұштарының буындары дұрыс қозғалмайды, ауыру сезімі ұзақ уақыт сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |