Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет10/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Жабық пневмоторакс өкпенің кішігірім зақымдалуынан пайда болады. Мысалы: қабырға сынғанда кездеседі. Қарапайым жабық пневмотораксқа спонтанды пневмоторакс жатады. Ол бронхішілік қысымның кенеттен жоғарылауынан дамиды. Көбінесе өкпенің буллезді эмфиземасымен ауыратын науқастарда кездеседі.


Ашық пневмоторакс – кеуде қабырғасы мен париетальді плеврада тесік пайда болғанда дамиды. Атмосфералық ауа плевра қуысындағы қысым теріс болғандықтан енеді, ауа жараның тесігі арқылы плевра қуысына тыныс алғанда кіреді және тыныс шығарғанда сыртқа шығады. Плевра қуысындағы қысым өзгеріп тұрғандықтан, көкірекаралық сау жаққа қарай оқтын-оқтын ығысып отырады. Бұл жүрек пен қолқаның ығысуына, ірі қан тамырларының қысылуы мен айқасуына әкеледі. Ауыр шокты тудыратын кардио-пульмональді синдром дамиды. Клиникалық көрінісі: науқастың терісі бозарған және цианозы бар, тынысы жиі және беткей, тамыр соғуы жиі және әлсіз болады, АҚ төмендейді. Жараны қарағанда, ауаның сорылуы және жарадан ауамен бірге көпіршікті қанның шығуы байқалады.


Қақпақты пневмоторакс өмірге қауіп төндіреді, ол сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы қақпақты пневмоторакс кеуде қабырғасындағы жараның өзегі арқылы өтетін жұмсақ тіндер, қақпақ тәрізді әсер еткенде пайда болады: тыныс алғанда олар ажырап ашылады, тыныс шығарғанда жабысып жабылады.
Ішкі қақпақты пневмоторакс өкпеде қиықты (кесінді, лоскутты) жарамен қоса, ірі бронхтың зақымы болған жағдайда дамиды. Бұл жерде өкпе тінінің кесіндісі қақпақ қызметін атқарады. Әрбір тыныс алған сайын, ауа кіріп, зақымдалған жақтағы плевра қуысында ауаның көлемі ұлғаяды. Бұл көкірекаралығының сау жаққа қарай ығысуына және сау өкпенің қысылуына әкеледі.
Қақпақты пневмоторакстың белгілері: науқас ауаны ауызбен жұтады, ауыр үдемелі ентігу, айқын цианоз, қорқу (үрейлену) сезімі, тахикардия, АҚ төмендеуі, перкуссия кезінде қораптық дауыстың шығуы анықталады, аускультацияда пневмоторакс жағында тынысы естілмейді. Кеуде торының рентгеноскопиясында өкпенің сығылуы, көкірек аралығының сау жаққа қарай ығысуы байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет