Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет11/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Алғашқы көрсетілетін көмек: жабық пневмотораксы бар науқасқа – анальгетиктер, жүрек-қан тамыр дәрілері енгізіледі; науқасты ауруханаға жартылай отырған күйінде жеткізу керек. Стационарда жедел плевральді пункция жасалады, керек жағдайда операция орындалады.
Ашық пневмоторакста тез арада окклюзионды таңғыш салынады. Ауруханада науқасты шок жағдайынан шығарғаннан кейін, ЖБХӨ жүргізіледі. Бұл кезде кеуде қабырғасының жарасын қабатына сай етіп, толық тігу керек.
Қақпақты пневмоторакс кезінде плевра қуысындағы қысымды қалпына келтірмей, науқасты тасымалдауға болмайды. Шұғыл түрде плевральді пункцияны жасау керек. Егер бұл жеткіліксіз болса – плевра қуысында қалдырылған инеге резеңке қолғаптың бір саусағын кесіп алып, кигізіп қояды да, науқасты осы күйде ауруханаға тасымалдайды. Иненің орнына полиэтиленнен жасалған сүңгі түтікті троакар арқылы енгізіп қойса, тіпті жақсы болады. Ал стационарда плевра қуысына Бюлау бойынша түтік орнатылады немесе қақпақты механизмді жою үшін, операция жүргізіледі.
Парадоксальді тыныс

Парадоксальді тыныс қабырғалардың бөлшектенген сынықтарымен, төстің сынығымен және ашық пневмоторакспен қатар жүретін кеуде торының жабық жарақаттарында дамуы мүмкін.


Төс пен қабырғалардың бөлшектенген сынықтарында дамитын парадоксальді тыныстың мағынасы, ол тыныс алғанда қабырғалық қақпақ зақымдалған жақтағы өкпенің керілуіне кедергі жасап, сау өкпе сияқты ауаны бронхтардан тартуды болдыртпайды және оған сау өкпемен сорылатын ауаның жартысы ғана түседі.
Тыныс шығарғанда қабырғалық қақпақ созылады да, зақымдалған жақтағы өкпе керіледі (сау жақтағысы сығылады). Осының нәтижесінде көмірқышқыл газымен қаныққан сау өкпеден сығылған ауа, тек кеңірдекке ғана емес, сонымен қатар жартылай зақымдалған жақтағы өкпеге де түседі. Қайтадан тыныс алғанда, зақымдалған өкпе енжар (белсенсіз) жиырылып, оның ішіндегі ауа таза ауамен бірге сау өкпеге қайтадан түседі. Әрбір тыныс алғанда және шығарғанда көмір қышқыл газымен қаныққан ауаның жартысы, зақымдалған өкпеден сау өкпеге және кері қарай ауысып отырады. Осының салдарынан сау өкпенің тыныстық көлемі кішірейеді. Ол тағы да көкірекаралығының ауытқып жылжып отыруымен үдей түседі. Өкпедегі газ алмасуының бұзылуы жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметіне жағымсыз әсер етіп, жедел жүрек-тамыр жетіспеушілігін тудырады. Бронхтардың дренажды қызметі бұзылып, гипоксия күшейе түседі. Әсіресе, парадоксальді тынысты қарт адамдар ауыр көтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет