Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі


Сурет 13.14. Кеуде және бел омыртқалары сынғанда таспалардың көмегімен тарту



бет33/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Сурет 13.14. Кеуде және бел омыртқалары сынғанда таспалардың көмегімен тарту
Тері арқылы сыртқы компрессионды-дистракционды остеосинтез
Ошақтан тыс компрессионды-дистракционды остеосинтезді орындау үшін Илизаров, Гудушаури, Ткаченко, Волков, Оганесян аспаптары жиі қолданылады.


а
в


е
Сурет 13.15. Сыртқы компрессионды-дистракционды остеосинтезге арналған аспаптар: а) Илизаров; б) Гудушаури; в) Сиваш; г) Демьянов; д) Волков-Оганесян; е) Калнберз; ж) Ткаченко
Бұл әдіс сынық аймағын ашпай-ақ, сүйек сынықтарын түзеуге және оларды бекітіп ұстап тұруға мүмкіндік береді. Гипсті иммобилизацияның қажеті болмайды, салынған аспаптармен науқастар аяғына толық күш түсіріп жүре береді.
Сүйектерді сыртынан бекіту аспаптарын пайдалану, спицалар шыққан жердегі жұмсақ тіндердің жағдайын үнемі бақылап отыруды қажет етеді. Себебі, спицалардың айналасындағы тіндердің іріңдеуі мен инфекцияның тереңге жайылуынан флегмона және остеомиелит дамуы мүмкін.


Батырылмалы остеосинтез
Бұл тікелей сынық аймағына сүйекті бекітуші заттарды хирургиялық әдіспен енгізу болып табылады. Олардың орналасуына (сүйектің қатынасына) байланысты остеосинтездің сүйекішілік (интрамедуллярлы), сүйекүстілік және сүйек арқылы түрлерін ажыратады. Сүйекүстілік остеосинтезде бұралмалы шегелері (шуруптары) бар әртүрлі пластиналар; сүйек арқылы остеосинтезде бұраулар (винттер) мен спицалар қолданылады. Остеосинтездің осы түрлерін біріктіріп жасауға да болады.
Сүйекішілік остеосинтез жабық және ашық болуы мүмкін. Жабық сүйекішілік остеосинтез – арнайы аспаптардың көмегімен сынықтың ұштарын түйістіргеннен кейін, сынған сүйек майы өзегіне сынған жерден алысырақ орналасқан теріде кішігірім тілік жасау арқылы, рентгенмен бақылап, өткізгішімен бірге ұзын металл желі (стержень) енгізіледі. Содан кейін өткізгішті алып, тілінген теріні тігеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет