Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі


Тарту қаңқалық (сүйектік) және лейкопластырлық болуы мүмкін. Қаңқалық тарту



бет31/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Тарту қаңқалық (сүйектік) және лейкопластырлық болуы мүмкін.
Қаңқалық тарту көбінесе жамбас сүйектері сынғанда, ортан жіліктің ұршықты немесе диафизарлы, сирақ және сан сүйектерінің бұралмалы және жарқыншақты сынықтарында қолданылады. Оны операция алдындағы дайындық ретінде ортан жіліктің мойны сынғанда және сан сүйегінің ұршықты сынығында ұштарын репозиция жасау үшін пайдаланады, сонымен қатар науқастың жағдайының ауырлылығына байланысты остеосинтез жасау мүмкіндігі болмаған кезде жүргізеді.
Ересек адамдарда жамбас және сан сүйектерінің күрделі сынықтарының консолидациясы, әдетте 3-4 айдың ішінде басталады, ал сирақ сүйектерінің сынығында – 2-4 айдан соң басталады. Қаңқалық тартудан кейін, аяқ-қолды көбінесе гипс таңғышымен иммобилизациялайды.
Лейкопластырлық тарту сирек орындалады. Негізінен балалар тәжірибесінде қолданылады, өйткені оларға қаңқалық созуды жүргізуге болмайды.
Аяқ сүйектері сынғанда, оны Беллер шинасының үстіне қойып, созуды жүзеге асырады. Қаңқалық тартуды спицаларды, қапсырма шегелерді (скобаларды) және жай шегелерді пайдаланып жүргізеді. Жиі спицаны қолданады, ол дрель арқылы сүйектен өткізіліп, арнайы (жебе тәрізді) доғаға бекітіледі (ЦИТО қапсырмасы).



Сурет 13.9. Беллер шинасының үстіне аяқты қойып,
сирақтан лейкопластырлы және ортан жіліктен қаңқалық тарту



Сурет 13.10. ЦИТО қапсырмасы және спицаны сүйектен
өткізуге арналған ЦИТО аспабы
Осының барлығы операция бөлмесінде асептика шараларын қатаң сақтап орындалады. Спица кіргізетін жердегі теріні 1% йодонат ерітіндісімен өңдейді, оның кіретін және шығатын жерлерін 20-40 мл 0,25% новокаин ерітіндісімен жансыздандырады. Спицаны енгізгеннен соң, оның кірген және шыққан тесіктерін залалсыз таңғышпен жауып қояды.
Спицаларды аяқ сүйектері сынғанда ортан жіліктің бұдырмағынан, ортан жіліктің айдаршықтары мен үлкен ұршығынан, толарсақ үсті аймағынан, өкшеден өткізеді, тоқпан жілік сынғанда – айдаршықтарынан және шынтақ сүйегінің шынтақ өсіндісінен жүргізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет