Xix ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалар


—1824 жылдардағы жарғыларды енгізудің салдары



бет11/13
Дата25.11.2023
өлшемі48,16 Kb.
#127179
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
XIX ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалар

1822—1824 жылдардағы жарғыларды енгізудің салдары
Бұл жарғылар, негізінен алғанда, алысты көздейтін арам ниетті пиғылмен жасалған еді. Соның салдарынан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды, Қазақстанбірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көші-қон шеңберін тарылтты, еркін көшу бостандығы мүмкін болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқаң рулық ұжымдар бір-бірімен мидай араласып кетті. Бір кездегі дамыған көшпелі мал шаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады. Патша үкіметі мемлекеттік салықтың қатаң белгіленген мөлшерін бекітті. Елден жиналатын алым-салық шенеуніктік аппарат пен әскери күштерді ұстауға қажетті қаржы көзіне айналды. Патша үкіметінің бұл реформалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан іріктелген, айтқанды екі етпей орындайтын «тәртіпті аппарат» құруды одан әрі күшейте түсті. Олар бірте-бірте орыс шенеуніктеріне теңестірілді. Ендігі жерде олар сыйақы мен шен алу үшін қызмет етуге көшті. Оларды қызметке тағайындау да, қызметінен алып тастау да Ресейдің аймақтық басшылығының көзқарасы мен көңіл күйіне тікелей байланысты болды. Болыс сайлауы парақорлық, шар салушылардың дауысын, орыс шенеуніктерінің ықыласын сатып алу сияқты жиіркенішті масқара құбылыстардың етек алуына алып барып соқтырды. Неміс зерттеушілерінің бірі Ф.фон Шварц былай деп жазды:



Округ басшылары неғұрлым тиімді де пайдалы болыс лауазымын. параны кім көп берсе, соған сатудан тіпті де тартынбайды



Сайлаудың мұндай сиқы бір руды екінші руға қарсы қойып, өзара өшіктірді. Әркім өз руының құрамына дауыс беруге тырысты. Ал аға сұлтандарды сайлауға қара сүйек өкілдерінің де қатысуына рұқсат етілген кезде сұлтандар мен рубасыларының бір-біріне қарама-қарсылығы күшейе түсті. Округтық приказдар империяның қазақ даласындағы және Орта Азия иеліктеріндегі әскери-отаршылдық әрекеттерін одан әрі өршітудің әзірлік алаңдарбіна айналды. Сұлтандардың бір бөлігі, әсіресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезінде ескерусіз қалған бөлігі, патша үкіметінің реформаларына қарсы шықты. Ондай наразылықтардың бірқатары қарулы көтеріліске ұласты. Дегенмен де, XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалардың отаршылдық сипаты мен мәні күшті болғанына қарамай, олар қазақ даласында сауда-саттықты, денсаулық сақтау ісін және халыққа білім беруді едәуір дамытуға оң ықпалын тигізді. 
3.Батыс-сібір генерал-губернаторы кім.(ММ Сперанскии).
4.Қазақ жері әкімшілік территориялық принцип пен неге бөлінді. (округтерге).
5.Әр округте қанша болыстар болды.(15-20).
6.Әр болыста қанша ауылдар болды.(10-12).
7.Әр ауылда қанша үйлер болды.(50-70).
8.Округді құрғанда нені ескерді.(рулық белгіні).
9.Округдер нешеге,және қалай болып бөлінді.(2,ішкі және сыртқы).
10.1822-1840ж неше округ құрылды.(8).
11.Округтер қандай обылыстық басқармаға бағынды.(Омбы).
12.Округті басқарды.(коллегиялық орган округтік приказ басқарды).
13.Округті кім басқарды.(аға сұлтан).
14.Ауыл старшындары мен аға сұлтандар неше жылға сайланды.(3).
15.Өмірлік мерзімге кімдер сайланды.(болыс сұлтандары).
16.Қандай лауазымдық қызмет билігі мұрагерлікпен берілді.(болыс сұлтаны).
17.Жарғы бойынша сот істері бөлінді.(үшке,қылмыстық істер,даулы істер,шағым айту.).
18.Қылмыстық істер қайда қаралды.(округтік приказда).
19.Қылмыстық істерге қандай қылмыстар жатты(мемлекетке опасыздық,кісі өлтіру,тонау,барымта,т.б).
20.Қылмысты істер қандай заңдармен тергелді (империя заңдарымен).
21.Билер соты бөлінді.(рулық,төменгі рулық,ауылдық сот).
22.Билер сотына қандай құқықтар берілді.(тұтқында ұстау,сібірге айдау,дүре соғу,рудан аластату).
23.Жарғының мақсаты қандай болды.(Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде әкімшілік ,сот,саяси басқаруды өзгерту.Рулық –феодалдық тәртіптерді әлсірету

Орынбор генерал-губернаторы кім.(П.Эссен).


2.Орынбор қазақтары туралы жарғы шықты.(1824ж).
3.Орынбор қазақтары туралы жарғы қандай жерде бекітілді.(азиялық комитетте).
4.Жарғы бойынша қай жүз неше бөлікке бөлінді.(кіші жүз, үш бөлікке).
5.Бөлінген бөліктер қалай деп аталды.(шығыс,орта, батыс).
6.Әр бөлікті билеушілер кімдер болды.(сұлтандар).
7.Әр бөлікті билеген билеушілерде қанша адамнан тұратын әскер болды.(100-200).
8.Әр бөлікті билеушілерге тек кімдер ғана тағайындалды.(сұлтандар).
9.Нешінші жылға дейін , бөліктін қазақтары ,қалай деп және нешеге бөлінді.(1831ж,екіге,шептік,далалық)
10.Дистанциялар деп нені атады.(екі бекіністің аралығындағы учаскелер).
11.Кіші жүзге басшылықты кім жүргізді.(сырты істер министрлігі).
12.Кіші жүзді және шептік бекіністерді басқару үшін құрылған басқарма аталды.(ерекше шекаралық басқарма).
13.Әкімшілік органдар кейін қалай деп аталған басқармаларға бөлінді.(жалпы-жеке).
14.Ол басқармалар нешінші жылға дейін өмір сүрді.(1868ж)
15.Бөлінген басқармалардын қайсысы шекаралық комиссияға берілді.(жалпы).
16.Нешінші жылы қандай басқарма Орынбор қазақтарының обылыстық басқармасы деп аталды.(1859ж,жалпы).
17.Шекаралық комиссия төрағасын кім тағайындады.(император)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет