Xix ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалар



бет12/13
Дата25.11.2023
өлшемі48,16 Kb.
#127179
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
XIX ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалар

Қорытыңды

Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Өйткені ол соңғы 300 жыл бойы тәуелсіздіктен айырылған еді. 200 жылға жуық патшалық Ресейдің отары болды. Ал кеңес мемлекетінің құрамында болған соңғы 75 жылда дербестік пен тәуелсіздіктен мүлде айырылды. Бұл күнде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Қазақстанды әлемнің 120 мемлекеті танып, 70 - тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. Мемлекеттік құрылымы – республика. Мемлекет басшысы – президент. Қазақстан Республикасында 14 облыс, 200 – дей қала тектес кент, 150 – ден астам аудан бар, халқы 18 млн.


Сұрақтары:
1 сұрақ. Қазақстанда хандық биліктің жойылуының негізгі себептерін ата
2 сұрақ. Қазақ даласындағы шаруашылық пен сауда-саттық саласында қандай өзгерістер орын алды?
3. Денсаулық сақтау, дін және халыққа білім беру саласында болған өзгерістер
1822 жылғы “Сібір қырғыздары туралы Жарғының “ мақсаты
- Қазақстанның солтүстік –шығыс өңірінде әкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту
- Рулық – феодалдық тәртіпті әлсірету
- Орта жүздегі хандық билікті жою 1824 жылғы “Орынбор қырғыздары туралы Жарғының” мақсаты
- Кіші жүзде хандық билікті жою
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы кездейсоқ оқиға болған жоқ. Ресей империясы басынан бастап алдына осындай мақсат қойды. Ол мемлекет ішінде мемлекеттің өмір сүруіне жол беруге тырысты. ХІХ ғасырдың 1- жартысында қазақ қоғасының экономикалық, саяси, қоғамдық өмірінде болған өзгерістер, Франциямен соғыстың аяқталуы, халық арасында хандардың беделінің түсіп кетуі Қазақстанда хандық билік институтының жойылуына басты себеп болды. ХІХ ғасырдың басында жүргізілген патша үкіметі реформаның басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою болды. Өйткені ол қазақ қоғамын шаруашылық жағынан отарлауға бөгет жасады. Кіші жүздегі реформа барысы.1822 жылы Орынбор губернаторы П.К. Эссен дайындаған Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғыда Кіші жүз жерінде үш хан тағайындау жоспарланады,бірақ ол жүзеге аспады.Жарғының да бекітілмеуі осыған байланысты болды.1824 жылы Орынбор губернаторы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, Шекаралық комиссияға лауазымды шенеуніктік қызметке тағайындады. Кіші жүздегі хандық билік осылай жойылды.Тек Еділ мен Жайық арасындағы Бөкей хандығы 1801жылғы құрылған 1845 жылға дейін сақталды.
Қорытынды сұрақтар :
1. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қай жылы жазылып, қабылданды?
2. «Сібір қырғыздары туралы Жарғының» авторы кім?
3. 1822 жылы «Жарғы» бойынша аға сұлтанды сайлайды (сұлтандар)
4. 1822 жылғы Жарғыға сәйкес ауылдың әкімшілік құрамында қанша шаңырақ болуға тиісті еді? (50-70үй)
5. Аға сұлтан неше жылға сайланатын? (3 жыл)
6. «Орынбор қазақтары туралы Жарғыны» кім құрастырған?
7. 1822 ж. Жарғы бойынша «Сібір қазақтарын» билеу кімге тапсырылды? (ген.губернаторға)


1822-1824жылдардағы жарғылар
1. «Сібір қазақтарының Жарғысы» қашан қабылданды
А) 1820 ж. В) 1822 ж. С) 1824 ж. D) 1826 ж. Е) 1828 ж.
2. 1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты:
А) Суландыру жүйесін жүргізу
В) Денсаулық сақтау жүйесін орнату
С) Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту
D) Ауылдардың санын көбейту
Е) Мәдени орталықтардың санын көбейту
3. 1822 жылғы «Сібір қазақтары Жарғысының» авторы
А) Радищев С) Шевченко
В) Эссен D) Янугиевский Е) Сперанский
4. «Сібір қазақтарының Жарғысын» жасауға қатысқан болашақ желтоқсаншы:
А) Оболенский С) Батеньков
В) Басарин D) Лунин Е) Одаевский
5. «Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша ауыл старшындары сайланды:
А) 1 жылға С) 3 жылға
В) 2 жылға D) 4 жылға Е) 5 жылға
6. «Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша Қазақстанда құрылған әкімшілік жүйесі
А) Екі буынды С) Төрт буынды
В) Үш буынды D) Бес буынды Е) Алты буынды
7. 1822 жылғы Ереже бойынша Орта жүз территориясы құрамына кірген генерал-губернаторлық:
А) Батыс-Сібір С) Түркістан
В) Орынбор D) Дала Е) Омбы
8. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша мұрагерлік жолмен тағайындалған шен:
А) Генерал-губернатор С) Әскери губернатор
В) Ауыл старшыны D) Болыс сұлтаны Е) Батыр
9. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді
А) Аға сұлтандар С) Уезд бастықтары
В) Болыс сұлтандар D) Ауыл старшындары Е) Билер
10. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша ауыл
А) 30-40 шаңырақтан С) 10-20 шаңырақтан
В) 15-25 шаңырақтан D) 50-70 шаңырақтан
Е) 80-100 шаңырақтан құралды
11. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша болысқа кіретін ауыл саны:
А) 18-20 ауыл С) 10-12 ауыл
В) 14-16 ауыл D) 15-18 ауыл Е) 5-7 ауыл
12. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар
А) Билер С) Батырлар
В) Халық D) Орыс шенеуніктер Е) Тек сұлтандар
13. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган:
А) округтік приказдар С) шекаралық комиссия
В) облыстық басқарма D) аға сұлтан жиналысы
Е) старшындар кеңесі
14. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша шетелдермен келіссөз жүргізу құқығы берілді:
А) шекаралық басқармаға С) болыс сұлтандарға
В) аға сұлтандарға D) старшындарға
Е) округтік приказдарға
15. Патша үкіметі Бөкейді екінші хан етіп сайлаған уақыты:
А) 1812 ж. В) 1815 ж. С) 1817 ж. D) 1819 ж. Е) 1820 ж.
16. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ:
А) Аға сұлтан С) Князь
В) Дворян D) Генерал Е) Хорунжий
17. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:
А) 1822 жылға дейін С) 1835 жылға дейін
В) 1824 жылға дейін D) 1840 жылға дейін
Е) 1845 жылға дейін
18. Кіші жүздің соңғы ханы:
А) Айшуақ С) Жәңгір
В) Арынғазы D) Шерғазы Е) Жантөре
19. «Орынбор қазақтарының Жарғысы» қашан шықты?
А) 1818 жылы С) 1822 жылы
В) 1820 жылы D) 1824 жылы Е) 1825 жылы
20. XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған
А) М.Сперанский С) И.Бутков
В) П.Эссен D) А.Бязан Е) Ф.Гирс

1822-24 жарғылар




  1. В

  2. С

  3. Е

  4. С

  5. С

  6. В

  7. А

  8. Д

  9. В

  10. Д

  11. С

  12. Е

  13. А

  14. А

  15. В

  16. В

  17. Е

  18. Д

  19. Д

  20. Е





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет