Xvii-xix ғасырларда Еуропада өнеркәсіп революциясы басталды. Оған негіз болған капиталистік қатынастар осы кезеңдерде Еуропа құрлығынан тыс аймақтарға да таралды


Тақырып 1.3. І. Дүниежүзілік соғыс



бет3/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,84 Kb.
#22902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
d-nie zh-zi tarikhy

Тақырып 1.3. І. Дүниежүзілік соғыс.

Соғыстың шығу себептері мен мақсаты. Бірінші дүниежүзілік соғыс ірі капиталистік мемлекеттердің арасындағы қайшылықтардың шиеленісуінен туындады. ХХ ғасырдың басында ірі еуропалық елдердің арасындағы империалистік қайшылықтар бір-бірімен ымыраға келмес екі ірі әскери одақтың құрылуына алып келді. Германия, Австро-Венгрия және Италия одағына қарсы 1907 жылы Ұлыбритания, Франция және Ресей мемлекеттері Антан- та одағын құрды. Одан бұрынырақ 1882 жылы Германия, Австро-Вен- грия және Италия елдері арасында Үштік одақ әскери бірлестігі ұйымдасқан болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропа өркениетін дағ- дарысқа ұшыратты. Iрі монополистік капитал топтарының арасындағы экономикалық қайшылықтар мемлекетара- лық қайшылықтарды шиеленістіріп, соғыстың себепте- рін туындатты. Негізгі қайшылық Ұлыбритания мен Германия арасында болды. Бұл Франция — Германия, Германия — Ресей, Австро-Венгрия — Ресей арасындағы қайшылықтардың да елеулі әсері еді. Соғыстың себептері оның негізгі мақсаттарын ай- қындады. Ұлыбритания мен Франция Германияның Африкадағы отарларын және Таяу Шығыстағы Осман империясының жерін басып алуды көздеді. Орыс капитализмі Түркияға, Балқанға Германия ық- палының күшеюіне жол бергісі келмеді. Патшалы Ресей жеңе қалған жағдайда Стамбұлды, Қара теңіз бұғаздарын, Галиция өңірін және Неман өзенінің бойындағы жерді өзіне қаратып алуды мақсат етті. Австро-Венгрия үкіметі Сербияны басып алып, бүкіл Балқан түбегінде және Адриат теңізінде өз үстемдігін орнатуға тырысты. Германияның қалағаны дүниежүзін өзінің пайдасы- на қайта бөлісу, Еуропа мен Таяу Шығыстың көптеген 12 бөлігін бағындырып алу болды. Сонымен қатар неміс капиталистері Балтық бойын, Қырым, Кавказ, Азов теңізі, Дон өңірлерін бағындыруды көздеді. 1914—1918 жылдардағы соғыс империалистік, бас- қыншылық, екі жақтан да әділетсіз соғыс еді. Сербия тарапынан ғана бұл соғыс өзінің тәуелсіздігін қорғау жо- лындағы ұлт-азаттық күрес болды.

1914 жылы 28 маусымда Австро-Венгрия тағының мұрагері, эрцгерцог Франц Фердинанд Сараево қаласында қаза тапты. Осыған орай Германия императорының соғыс- қа итермелеуімен Австро-Венгрия 23 шілдеде Сербияға ультиматум жіберді. Оның жауабын күтпей осы жылы 28 шілдеде Австро-Венгрия Сербияға соғыс жариялады. Ресей үкіметі дереу жұмылдыру жұмыстарын бастады. Орыс армиясындағы мұндай әрекетке жауап ретінде та- мыз айының басында Германия Ресейге, Францияға қарсы соғыс ашты. Ал Ұлыбритания, Жапония Германияға қар- сы соғыс жариялады. Сөйтіп, Бірінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті.

1914—1916 жылдардағы соғыс қимылдары. 1914 жы- лы 4 тамызда неміс әскерлері “Шлиффен жоспары” бо- йынша Бельгия арқылы Францияның жеріне баса-көктеп кірді. Франция мен Ұлыбритания әскерлері немістердің басым күшіне төтеп бере алмай, шегінуге мәжбүр болды. Неміс әскерлері Париж маңына жақындап келіп, 40 шақырым қашықтықта тоқтады. Француз үкіметі Па- рижден Бордо қаласына көшті. Францияға көмек көрсету мақсатымен орыстың екі армиясы тамыздың ортасында Шығыс Пруссияға басып кірді. Шығыс Пруссияға Батыстан қосымша әскер кел- геннен кейін немістер орыс әскерін қоршап алып, қатты соққы берді. Бұл кезде Батыс майданда Марна өзенінің бойында қырғын шайқастар өтіп жатты. Марна шайқасы Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ең ірі шайқастардың бірі болды. Бұл шайқасқа екі жақтан 7 мыңнан астам зеңбірек қолданылып, 2 млн-нан астам жауынгер қатысты. 9 қыркүйекте немістердің шабуылы әлсіреп, қарқыны бәсеңдей бастады. 1914 жылдың соңында Солтүстік те- ңізден Швейцария шекарасына дейін созылған Батыс 13 майданы қалыптасты. Солдаттар бірнеше жүз шақырымға созылған орлар қазды. Бұған дейінгі соғыс маневрлі соғыс болатын. Iрі әскери күштер үнемі жылжып, ауысып отыр- ды. Ендігі соғыс позициялық сипат алды. Теңіздегі шайқастар барысында ағылшын теңіз флоты Германияның солтүстік жағалауын күзетке алып, неміс теңіз флотының еркін әрекет жасауына тежеу салды. Екі жақтың да сүңгуір қайықтарының әрекеті күшейе түсті. Соғыстың алғашқы кезеңінде Антанта одағының теңіздегі соғыс күштерінің басымдығы байқалды. 1914 жылғы шайқастар Антанта одағының артық- шылығын айқындап берді. Германия әскерлері Марна алқабындағы шайқаста сәтсіздікке ұшыраса, Австро- Венгрия әскерлері Галиция мен Сербиядағы ұрыстарда жеңіліп қалды. Кавказ майданындағы шайқастарда Ресей әскерлері түріктерді талқандап, кері шегіндірді. Сөйтіп, Германия империализмінің “қауырт соғыс” жоспары іске аспай, тығырыққа тірелді де, соғыс ұзаққа созылды.

Үштік одаққа жақтас Италия соғыстың барысында Антанта елдерімен жақындасып, 1915 жылы мамырда Австро-Венгрияға соғыс жариялады. Италияның Герма- ния жауларының жағына шығуы Антантаны біршама күшейтті. “Шлиффен жоспары” бойынша неміс әскерлерінің Бельгия мен Францияға қарсы әрекеті 14 1915 жылы 22 сәуірде Германия Ипр қаласында алғаш рет химиялық қару қолданды. Бірақ ең басты соғыс қимылдары Шығыс майданда жүріп жатты. 2 мамыр- да басталған немістер шабуылы 5 айға созылды. Орыс әскерлері Галицияны, Буковинаны, Польшаны, Литваны, Латвияның бір бөлігін тастап, шегінуге мәжбүр болды. 1915 жылғы көктем және жаз айларында Батыс майдан шептерінде ірі шайқастар болды. 1915 жылы ағылшын- француз әскери тобының ең ірі соғыс әрекеті Мәрмәр теңізі мен Дарданелл бұғазын басып алуға бағытталды. 150 мың әскері оққа ұшқаннан кейін Антанта жағы қайта шабуылға шығуға шамасы келмей, соғыс әрекетін тоқтатты. Германия армиясының Шығыс майдандағы жеңісте- рінен кейін 1915 жылғы қазанда Болгария Антантаға қарсы соғыс жариялады. Сөйтіп, Германия, Австро-Вен- грия, Түркия және Болгариядан тұратын Төрттік одақ құрылды. 1916 жылы соғыс қимылдары Батыс майданға ауысты. Ақпан айында Германия армиясы Францияға қарсы — Вер- ден қамалына шабуыл бастады. Бұл қанды шайқас тарихқа Верден қырғыны деген атпен енді. Жаудың қарсылығын жеңу үшін немістер оқ-дәріні аяған жоқ. Верден бекінісіне 2 млн снаряд атқыланды. Селолар жермен-жексен болды. Жайқалған жасыл ағаштардың орнында қара күйік ағаш діңдері мен бұтақтар ғана қалды. Әлсіреген, шаршаған, зеңбірек гүрсілінен запы болған француз солдаттары Верден түбіне қарай шегіне берді. Зеңбірек гүрсілі Париж көшелерінде естіле бастады. Верден түбіндегі ұрыс кезінде Франция Ресейден көмек сұрады. Генерал А. А. Брусилов бастаған орыс армиясы 450 шақырымға созылған майданда шабуылға шығып, Австро-Венгрия әскерін талқандап, Галиция мен Буковинаны қайтарып алды. Неміс әскері негізгі күшін Шығысқа жұмсап, Верден түбіндегі шабуылын бәсеңдету- ге мәжбүр болды. Немістердің Верденге шабуылын әлсіре- ту үшін ағылшын-француз әскері Сомма өзенінің бойында шабуылға шықты. 1916 жылдың шілдесі мен қараша айларының аралығында жүрген Сомма шайқасы екі жақты да орасан шығынға ұшыратты. Сомма шайқасында 15 ағылшындар мен француздар тарихта тұңғыш рет танкілерді қолданды.

1914—1916 жылдардағы соғыс қимылдарының бары- сында Төрттік одақтың әлсіздігі байқалды. 1916 жылғы шайқастарда да Антанта одағының басымдығы анықтал- ды. Жыл қорытындысы Германияның экономикасы мен соғыс күштерінің әлсірей бастағанын көрсетті. Бірақ соғыс қимылдары қатыгездікпен өрши берді. Соғысушы елдерде әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарыстың пісіп-жетілуі. Соғыстың тағдыры қанды майданға ғана емес, тылға да тәуелді болды. “Со- ғыс ұзаққа созылмайды, тез арада бітеді” деген болжам ақталмады. Бейбіт кезде жиналған қару-жарақ пен азық-түлік қоры тез сарқылды. 1915 жылдың басында державалардың барлығы да өз армияларын жабдықтауда қиыншылыққа тап болды. Экономиканы жаңартып, әскери өндіріс салаларын күшейту қажеттігі айқындалды. Барлық елдерде қатаң тәртіп енгізіліп, өнімді, шикізат пен жұмыс күшін бөлуді мемлекет өз қолына алды. Жағдайды жеңілдету үшін соғысушы елдерде жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілді. Мысалы, Германияда 17-ден 70 жасқа дейінгі барлық ер адам еңбек етуге міндеттелді. 1916 жыл. Генерал А. А. Брусилов басқарған орыс әскерлерінің шабуылға шығуы 16 Фабрикалар мен зауыттарда әйелдер мен жасөспірімдердің еңбегі кеңінен пайдаланылды. Әуелі Германияда, содан соң басқа елдерде азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын шектеп беру тәртібі енгізілді. Бұлар халыққа арнаулы карточкалар бойынша ғана сатылды. Азық-түлік қорын үнемдеу мақсатында Германия үкіметі картоп пен дәнді дақылдарды үй жануарларына беруге тыйым салды. Жұмысшылардың отбасылары ашықты. Шаруалардың да жағдайы нашарлады. Ер адамдардың көпшілігінің майданға алынуы жұмыс күшінен айырды. Мыңдаған адам майданнан қашып, босқындардың саны өсті. АҚШ-тың 1917 жылғы соғысқа кірісуі. АҚШ капи- талистері белгілі бір кезеңге дейін соғысқа кіріспей, кідіре тұруды дұрыс көрді. Соғыс кезінде олар орасан зор пайда тапты. Бірақ АҚШ үкіметі дүниежүзіне Германияның үстемдік орнатуын қаламады. 1917 жылдан бастап Германия соғысушы мемле- кеттермен қатар, бейтарап елдердің сауда және жолау- шы кемелерін суға батыратындығын хабарлады. АҚШ 1917 жылғы 6 сәуірде осы мәлімдемеге қарсы Германияға соғыс жариялады. Келесі жылдың басында Батыс Еуропа майдандарында 2 млн-нан астам АҚШ солдаттары соғыс- ты. АҚШ-тың соғысқа қосылуы Антанта блогын күшейтіп, жеңіс қай жақта болатынын біржолата айқындады.

Германия мен оның одақтастарының жеңілуі. Соғыс­ тың аяқталуы. 1918 жылғы наурыз — шілде айларындағы неміс шабуылдары сәтсіз болды. АҚШ-тың әскери көмегіне сүйенген Англия мен Фран- ция 1918 жылы тамыз айында Аррас маңында шабуылға шықты. Бір күннің ішінде Антанта әскерлері немістердің майдан шебін бұзып, 16 дивизиясын талқандап, ірі табыс- қа жетті. Осы кезден бастап Антанта одағының жаппай шабуылы жалғасты. Неміс әскерлері шегінуге мәжбүр болды. 1918 жылдың қыркүйек айынан бастап Болгария — Түркия — Австро-Венгрия мемлекеттері уақытша бітімге қол қойып, жеңілгендіктерін мойындады. 1918 жылы 11 қарашада Компьен орманында Германия мен Антанта мемлекеттері арасында уақытша бітімге қол қойылды. Соғыс қимылдары тоқтатылды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. 17 Соғыстың қорытындылары. Бірінші дүниежүзілік со- ғыс ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ең ірі оқиға бол- ды. Ауқымы жағынан мұндай соғыс адамзат қоғамының өткен тарихында болмаған еді. Соғысқа 38 мемлекет қатысып, екі әскери одақтың әскер қатарына 74 млн адам шақырылды. Соғыс барысында жаңа әскери техника түрлері қол- данылды. Танкілер, ұшақтар, дирижабль, радиобайланыс бөлімшелері өмірге келді. Орасан зор материалдық және адам шығындары болды. Соғыс тудырған революциялар дүмпуінен Романовтар, Габсбургтер, Гогенцоллерндер, Осман империялары қирады, отаршыл державалардың тірегі әлсірей бастады. Тарихи аренаға Кеңестік Ресей, Финляндия, Польша, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Балтық жағалауы аймағындағы жаңадан құрылған жас мемлекеттер шықты.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері қандай? Соғыс қимылдарының барысын картадан көрсетіңдер.

2. Соғыс жылдарындағы ең ірі шайқастарды атаңдар.

3. “Шлиффен жоспарын” немістер неге жүзеге асыра алмай қалды? Со­ ғыс барысында Антанта одағы қай кезден бастап басымдылыққа ие болды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет