Тақырып 1.7. АҚШ және Латын Америка елдері.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ-қа тигізген әсері. АҚШ экономикасы мен американдық монополиялар Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қатты күшейіп, байи түсті. Өйткені бұл ел аумағының соғыс қимылдарынан шалғайда болуына байланысты жойқын қиратылудан аман қалған-ды. Әскери тапсырыстарды орындау арқылы Америка монополиялары ұшан-теңіз табысқа ие болды. АҚШ-тың өндірісі тез ұлғайды. 1920 жылы бұл елде дүниежүзінде өндірілетін таскөмірдің жартысына жуығы, шойын мен болаттың 35%-ы, мұнайдың 23%-ы, автомобильдердің 85%-ы шығарылып жатты. Бұрын АҚШ қарызданған елдер қатарында болса, енді қарыз беруші мемлекетке айналды. Еуропа елдері соғыстан АҚШ-қа көптеген мил- лиард долларға қарыздар болып шықты. 49 Экономикасы күшейген АҚШ халықаралық сахнада- ғы оқиғаларға белсене араласатын болды. 1918 жылғы 8 қаңтардағы конгреске ұсынған 14 баптан тұратын жолдауында президент Вудро Вильсон соғыстан ке- йінгі дүниежүзі елдерінің болашағына байланысты бағ- дарламасын жариялады. Бағдарлама баптары бейбіт шарттар жасасудың және Еуропа елдерінің демократиялық бағытпен дамуының негіздерін қалады. Алайда Париж конференциясының нәтижесі АҚШ-тың жетекші елге айналу позициясын толық қанағаттандырмады. АҚШ жоспарына қарсы тұрарлық күштері әлі де жеткілікті Ұлыбритания мен Франция Еуропа деңгейінде де, Ұлттар Лигасында да жетекшілік рөлін сақтап қалды. Сыртқы саясаттағы мұндай сәтсіздікті оппозициядағы республикалық партия жетекшілері пайдаланып, ендігі жерде Еуропа істеріне АҚШ-тың араласпауын, Еуропа елдерінің АҚШ-пен одақтаспауын қолдайтынын алға тарт- ты. Олардың оқшаулану саясатына орай, АҚШ конгресі Версаль шартын бекітпей тастады, оған қоса АҚШ Ұлттар Лигасының мүшелігінен бас тартты. Бірақ АҚШ ең күшті, ең бай мемлекет ретінде дүниежүзі елдерінің дамуына шешуші ықпал етумен болды. АҚШ ұсынған “Дауэс жос- пары”, “Юнг жоспары” Еуропа елдерін, әсіресе Германия- ны қалпына келтіруде үлкен үлес қосты. Қиыр Шығыста Жапониямен бақталас болған АҚШ Қытай мәселесіне көңіл бөліп, ондағы Гоминьдан тобына қолдау жасады. Латын Америкасы елдеріне байланысты саясат күшейе түсіп, Америка империализмінің үстемдігі ұлғайды. 1920 жылы сайлауда демократиялық партия жеңіліс тауып, билікке республикашылдар келді. Президент бо- лып Огайо штатының сенаторы Уоррен Гардинг, 1924 жы- лы ол қайтыс болған соң президент болып Массачусетс штатының губернаторлығынан вице-президенттікке көтерілген Калвин Кулидж сайланды. Жаңа үкімет “Аме- рика бизнеспен айналысады” деген ұранды алға тартты. 1922—1929 жылдардағы АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясаты. Басқа елдерге қарағанда Америка капитализмі тез жетілу үстінде болды. 1924 жылы өндіріс кәсіпорын- дары шығаратын өнім Ұлыбритания, Франция, Герма- ния, Жапония қосылып өндіретін өнімнен асып түсіп, 50 дүниежүзі капиталистері өндіретін өнімнің 44%-ына тең болды. Машина, ұшақ, электротехника, химия салалары маңызды орын алды. Америка монополиялары басқа да салаларда үстемдік жүргізді. 1929 жылы корпорациялар қолына елдегі өндірістің жартысынан көбі жинақталды, ал онда елдегі жұмысшылардың 90%-ы істеді және барлық өнеркәсіп өнімінің 92%-ы шығарылды. 1928 жылы сайлауда республикалық партия өкілі Гер- берт Гувер президент болып сайланып, ол Америка азамат- тарына керемет жақсы өмір орнайтындығы жөнінде уәде берді. Бірақ жағдай тез арада күрт өзгеріп, АҚШ бұрын- соңды болып көрмеген дағдарысқа ұшырады. Өзінің сыртқы саясатында АҚШ үкіметі оңашалану бағытын ұстанып, Еуропа мәселелерімен және сол ай- мақтардағы елдермен әскери-саяси одақтарға қосылмауға бел байлады. Әйтсе де, көптеген халықаралық мәселелер бойынша АҚШ-тың басымдылығы байқалды. 1929—1933 жылдардағы АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшелігі. Экономикалық дағдарыстың күшті болғаны сонша, дағдарыс бүкіл экономиканы күйретіп, АҚШ-ты 1913 жылғы деңгейге шегіндіріп тас- тады. 1932 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1919 жылға қарағанда 50%-ға қысқарды. 13 млн адам жұмысынан айырылды. АҚШ-та бұл кезең ұлы дағдарыс жылдары деп аталды. Дағдарыс мемлекеттің бүкіл қаржы жүйесін қамтыды. 1933 жылдың наурыз айында акцияның жалпы құны 4,5 есе төмендеді. 4 жыл ішінде 5,5 мың банк жұмыстарын тоқтатты, бұл АҚШ-тың барлық банктерінің бестен бір бөлігі еді. Миллиондаған ұсақ салымшылар ақшаларынан айырылып, кедейленіп қалды. Әлеуметтік жағдай қатты ушықты. Жұмыссыздық бойынша сақтандыру жүйесі, әлеуметтік көмек ұйымдары дегендер мемлекетте атымен жоқ еді. Қатал дарашылдық идеологиясы бойынша әркім өз тағдырына өзі жауапты деген пікір алға тартылды. Адам тағдыры үшін мемле- кет тарапынан жауапкершілік болған жоқ. Мемлекеттің әлеуметтік көмегі американизмнің негізін бұзады деп есептелінді. Дағдарыс пен оның бүкіләлемдік ауқымы төтенше, көлемді шаралар қабылдауды талап етті. Мемлекетте 51 қайыршылық халге жеткен бұқара халық қана емес, саяси жүйенің құлауынан қауіптенген ірі америкалық бизнес те бір шара қолдануды талап ете бастады. 1932 жылғы сайлау науқаны осындай жағдайда бас- талды. Президент Ф. Рузвельттің “Жаңа бағыты”. 1932 жылғы қарашадағы президент сайлауында Герберт Гуверге демократиялық партияның өкілі Франклин Делано Руз- вельт (1932—1945 жж.) бәсекелес болды. Рузвельт сайлау науқаны барысындағы бір сөзінде: “Мен америкалықтарға жаңа бағыт беремін” дегенді айт- ты. Осы жаңа бағыт деген сөз ұранға айналды. 1933 жыл- дың наурыз-маусым айларында алғашқы жүз күн деп аталатын кезеңде жаңа президент конгрестің өзі ұсынған біртұтас заңдар пакетін қабылдауына қол жеткізді. Наурыз айында конгрестің бірінші сессиясы өз жұ- мысын бастады. Үш ай бойы конгресс көптеген заңдар қабылдады. Олардың мәні Америка үшін, капиталистік әлем үшін экономиканы мемлекеттік реттеуден көрініс тапты. Барлық шаралар төтенше, ерекше сипатта болды. “Жаңа бағыттың” теориялық базасына Джон М. Кейнс- тің экономикалық ілімі алынды. Бұл ілім бойынша, өндірістің бірқалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканың мемлекет тарапынан белсенді реттелуі қажет. Ф. Рузвельттің “Жаңа бағытының” негізгі мін- деті — мемлекеттің өнім өндіру үрдісіне тікелей араласуы- мен елді дағдарыстан шығару болатын. Жаңа әкімшілік жұмысшылар мен фермерлердің әлеуметтік-саяси құқық- тарын ұлғайтуға кірісті. Ф. Рузвельттің “Жаңа бағыты” арқылы экономиканы мемлекеттік реттеу АҚШ өмірінің тұрақты факторына айналды. Президенттің алғашқы шаралары — банктер жүйесі мен жұмыссыздарға көмек ұйымын тәртіпке келтіру, штат- тық, федералдық ауқымда көмек көрсететін мемлекеттік ұйымдар құру болды. Осы мақсат үшін Төтенше федерал- дық ұйым құрылды, көмек сұраушыларға 500 млн дол- лар бөлінді. Кейде күш қолданатын шаралар енгізу де ұсынылды. Соған орай “Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы” Заң (ҰӨҚК) өмірге келді. Заң үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім әділ бәсеке кодекстерін енгізуді қарастырды. Әртүрлі өндіріс салаларының кәсіпкерлері 52 жиылып, оларды теңестіретін өнім өндіру шартын қа- растырды. Бұл бәсекені күштеп шектеу болатын. Мұндай кодекстер АҚШ өнеркәсібінің 95%-ын қам- тыды. Өндіріс көлемі мен тұтыну нарығының арасалмағы өнеркәсіп дағдарысынан шығудың басты тірегі болды. “Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру” Заңының екінші бөлімі кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы қатынасты реттеді. Заңның бір бабы кәсіподақты мо- йындауды, жұмысшылардың келіссөз жүргізу құқығын, кәсіпкерлерге жалдану және еңбек шарттары туралы ұжымдық келісімге тұруды қарастырды. Бұл АҚШ-та өндірістік кәсіподақ құруға үлкен күш берді. 1935 жылы ҰӨҚК заңының баптары негізінде еңбек қатынастары туралы акт қабылданды. Ол ұжымдық келіссөз тәжірибесінің қағидаларын АҚШ-тың ұлттық саясаты ретінде мойындады. Сондай-ақ жұмысшылар мен кәсіпкерлер мүдделерін реттеу тетігі болып табылды. Дағдарысқа қарсы шаралардың үшінші бөлімі қоғам- дық жұмысқа және мемлекеттік өнеркәсіп, әскери және басқа обьектілер құрылысына ірі қаржы қарастырды. Келесі маңызды заң актісі ауыл шаруашылығын рет- ке келтіру заңы болды. Ол заң фермер қожалықтарына материалдық көмек беруді, ферма өнімдерін сатып алуды, сөйтіп ауылшаруашылық өнімі мен өнеркәсіп өнімдерінің баға айырмашылығын кемітуді ойластырды. 1936 жылғы президент сайлауы науқанында Руз- вельтке жергілікті қуатты күштер қарсы шықты. Олар мемлекеттік реттеуден ығыры шыққан ірі бизнесмендер, көптеген газеттер, республикалық партия жағындағылар және Одақтық Лигаға біріккен басқа да оңшыл саяси топ- тар болды. Дегенмен Ф. Рузвельтке халықтық майданнан құралған көпшілік сайлаушылар қолдау көрсетті. Осы кезде АҚШ-та екіпартиялық жүйе біраз жаңа- ланды. Саяси өмірде бұқара халықты өзіне тарту әр пар- тияның аса маңызды мақсатының бірі ретінде қаралды. Мемлекеттің беделі өсіп, мәртебесі биіктеді. “Жаңа бағыттың” әлеуметтік реформалары. 1930 жыл- дары бірқатар маңызды әлеуметтік реформалар қа- былданды: еңбек қатынастары туралы заң, әлеуметтік қорғау туралы заң, жалдау шарттарының әділеттілігі ту- 53 ралы заң. Бұлар балалар еңбегіне тыйым салатын, еңбекке аз төлемақы төлеуге, жұмысшылар мен қызметшілер үшін жұмыс аптасын барынша ұзартуға тыйым салатын заңдар болды. 1938 жылғы дағдарыс үкіметті жаңа мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық жұмыс үшін бірнеше милли- ард доллар бөлуге мәжбүр етті. Ауыл шаруашылығын көтерудің маңызды шарасы өнім беретін жерді қай- та қалпына келтіру бағдарламасы болды. Бұл әсіресе 1930 жылғы құрғақшылық пен шаңды бораннан кейін ерекше қолға алынды. АҚШ-та жұмыссыздық бойынша сақтандырумен бірге, зейнетақымен қамтамасыз ету ту- ралы заң қабылданды. АҚШ-тың дүниежүзілік рөлі. Панамериканизм және оқшаулану саясаты. АҚШ-тың сыртқы саясатына 1929—1933 жылдары болған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс қатты әсер етті. Жағдай АҚШ-ты экономикалық және саяси оқшаулануға итермеледі. Бұл 1935 жылғы бейтараптық туралы заңнан басталды. Ол заң бойын- ша, еуропалық саяси одақтарға қатыспау және соғысып жатқан мемлекеттерге экономикалық немесе әскери көмек көрсетпеу белгіленді. Сондықтан АҚШ-тың сыртқы саяса- ты оқшау сипатта болды. АҚШ-тың сыртқы саясаттағы өзекті бағыты Ла- тын Америкасына бағытталды. Рузвельт континент мемлекеттерімен қарым-қатынаста бетбұрыс жасады. “Iзгі көрші” аталатын жаңа саясаттың бұрынғы бағыттан айырмашылығы Латын Америкасы мемлекеттерінің ішкі ісіне араласпау қағидасы бойынша және өзара келісім негізінде сауда жасау, техникалық көмек беру негізінде құрылды. Бұл саясаттағы жаңа бағыт АҚШ-тың американдық жүйедегі басқарушылық жағдайын бекіте түсті.
Латын Америкасы елдерiнiѓ ћоѕамдыћ дамуыныѓ ерекше- лiктерi. XX ѕасырда бiрте-бiрте ;ндiрiстi жетiлдiру мен ѕылыми- техникалыћ дамудыѓ жетiстiктерi ене бастады. Экономикалыћ ;згешелiктер бџл елдердiѓ саяси баѕыттаѕы ерекшелiктерiн айћын- дады. Саяси тџраћсыздыћ орын алды. Бразилия, Мексика, Аргентина сыртћы саясатта белсендiлiк к;рсе- туiмен ерекшелендi. 1910—1917 жылдардаѕы Мексика революциясы. 1910 жылы 20 ћараша кљнi елде басталѕан буржуазиялыћ-демократиялыћ рево- люция, 1917 жылы ;з халћына ћарсы саясат жљргiзген П.Диас режiмiн ћџлатып, аћпанда сол уаћыттыѓ еѓ демократиялыћ Конституциясын ћабылдаумен жќне буржуазиялыћ-демократиялыћ ћџрылыс орнату- мен аяћталды. Мексика революциясы антифеодалдыћ, демократиялыћ, 48 Оѓтљстiк Америка елдерi антиимпериалистiк сипатта болды. Оѕан Мексика џлтыныѓ ќртљрлi топтары мен жiктерi ћатысты, атап айтћанда, шаруалар, пролетариат, зиялылар, џлттыћ буржуазия. Революция халыћ арасынан Эмилиано 9 Самата, Франциско Вилоя жќне т.б. жаѓа к;семдердi, џлттыћ ба- тырларды шыѕарды. Бџл революция Мексиканыѓ бџдан кейiнгi бљкiл тарихына зор ыћпал еттi. Революция капиталистiк даму жолында кедергi болѕан капитализмге дейiнгi укладты шеттетiп, џлттыћ капи- тализмнiѓ дамуына љлкен серпiлiс бердi. Л.Карденастыѓ (1934—1940 жж.) президенттiк кезеѓi Мексика мемлекетiнiѓ экономикалыћ жќне саяси тќуелсiздiгiне толыћ жетудегi аса маѓызды жылдар болды. Оныѓ љкiметi, еѓбекшiлердiѓ мљддесiне сай, елдiѓ џлттыћ егемендiгiн ныѕайтатын, шетел капиталын барынша шектейтiн бiрћатар аса маѓызды ќлеуметтiк-экономикалыћ жќне саяси реформалар жљргiздi. Темiржол, шетел мџнай компанияларыныѓ меншiгi мемлекеттiѓ меншiгiне айналды, аграрлыћ реформа жљргiзiлiп, шаруаларѕа 18 млн га жер таратылып берiлдi. 1933—1934 жылдардаѕы Куба революциясы. 1925—1933 жыл- дары Кубаны — президент Х.Мачадо биледi. 1929—1933 жылдарѕы даѕдарыс Куба экономикасына ауыр соћћы болып тиiп, жаппай жџмыс- сыздыћ к;бейдi, тауар баѕасы љздiксiз ;стi, халыћтыѓ ;мiр деѓгейi тез т;мендедi. Мачадо диктатурасына ћарсы ћалыѓ жџрт к;терiлдi. Жџмысшылар, шаруалар, студенттердiѓ џсаћ жќне орта буржуа- зиялыћ диктаторѕа ћарсы кљресi 1933 жылдыѓ жазында шарыћтау шегiне жетiп, Мачадоныѓ диктатурасы ћџлады. Жаѓа буржуазиялыћ- либералдыћ љкiмет экономикалыћ, ќлеуметтiк-саяси мiндеттердi ше- шуге мљдделiк танытпаѕан соѓ, халыћ кљрестi жалѕастыра бередi. Ќскер халыћ жаѕына шыѕып, астананыѓ маѓызды жерлерiн басып алды. 1933 жылы халыћтыѓ мљддесiне сай саясат жљргiзбекшi болѕан Уаћытша революциялыћ љкiмет ћџрылды. Оны Р.Грау Сан-Мартин басћарды. Оныѓ љкiметi шетел компанияларына берiлетiн жеѓiлдiк- тердi ћысћартып, азаматтыћ еркiндiк ћалпына келтiрiлдi, 44 саѕаттыћ жџмыс аптасы енгiзiлдi, жалаћы жоѕарылатылды, џжымдыћ келiсiм- шарттар жасалды. 1934 жылдыѓ ћаѓтарында ќскери т;ѓкерiстiѓ нќтижесiнде революция тоћтатылды, Грау Сан-Мартин љкiметi ћџлап, демократиялыћ еркiндiктер ћалпына келтiрiлiп, барлыћ партиялар ашыћ жџмыс iстейтiн болды. Оппозициядаѕы партиялар Ћџрылтай жиналысын шаћыруды жќне жаѓа Конституцияны ћабылдауды талап еттi. Соныѓ негiзiнде 1940 жылдыѓ шiлде айында Конституция ћабылданды. Бџл ел љшiн аса маѓызды оћиѕа болды.
Сұрақтар мен тапсырмалар 1. АҚШ экономикасының тұрақтануына қандай жағдайлар себеп болды? 2. Техникалық прогрестің мекені бола тұра, не себепті АҚШ дүниежүзі лік экономикалық дағдарыстың орталығына айналды? 3. Г. Гувер мен Ф. Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығу үшін қан дай шараларды жүзеге асыруды ұсынды? 4. Ф. Рузвельттің “Жаңа бағыт” саясатының мәні неде? 5. Отар мен доминион арасында қандай айырмашылық бар?
Достарыңызбен бөлісу: |