Xvii-xix ғасырларда Еуропада өнеркәсіп революциясы басталды. Оған негіз болған капиталистік қатынастар осы кезеңдерде Еуропа құрлығынан тыс аймақтарға да таралды



бет8/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,84 Kb.
#22902
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
d-nie zh-zi tarikhy

Тақырып 1.9. Франция мен Испания.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция. Фран- ция дүниежүзілік соғысты жеңіспен аяқтады. Германияны жеңгеннен соң, мемлекеттегі жағдай шовинистік сипатта болды. Франция Ұлыбританиямен бірге Батыс Еуропадағы жетекші елге айналып, 5 млн тұрғыны бар Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алды. Франция отарларының қатарына бұрынғы неміс және түрік иеліктері: Африкада- ғы Того мен Камерунның бір бөлігі, Таяу Шығыстағы Си- рия мен Ливан қосылды. 1919 жылғы қараша айындағы сайлауда ұлтшылдық пиғылдар белең алып, оңшыл пар- тиялар негізінде Ұлттық блок құрылды. Оған радикал республикашылдар және Францияның көппартиялық саяси жүйесіне тән басқа да топтар қосылды. Социалистік партия сыртта қалды. Ұлттық блок сайлау барысында көп дауысқа ие болды. Бұл Францияның оңшыл күштерінің ең жоғары жетістігі еді. 1920 жылы президент болып Александр Мильеран сайланды. Тәжірибелі саясатшы Мильеран мемлекеттегі революциялық, жұмысшы қозғалыстарын басуға тырыс- ты. Ол әлеуметтік реформа жүргізуге, жұмысшыларды өндірістегі өнімді бөлуге қатыстыруға уәде берді. Бірақ бұл уәделер орындалмай қалды. Жұмысшы қозғалысының басында социалистік партия тұрды. 1920 жылдың желтоқсанында Рур қаласында өткен социалистердің ұлттық съезінде делегаттардың жарты- сынан астамы Коммунистік Интернационалды жақтап, Франция коммунистік партиясын құрды. Съездің екінші тобы социалистік партияда қалды.

Р. Пуанкаренің саясатына халықтың наразылығы. 1924 жылы мамырда парламент сайлауы өтті. Солшыл блок депутаттар палатасына маусым айында радикал- дардың жетекшісі Эдуард Эррио басшылық етіп, солшыл блоктың үкіметі құрылды. Шаруа отбасынан шыққан, демократиялық көзқарастағы Э. Эррио 1922 жылы Ресейді аралап, “Жаңа Ресей” деген кітап жазды. Сөйтіп, КСРО-ны мойындаушылар жағында болып, кеңес-француз қарым- қатынасын қолдады. Солшыл блок үкіметі 1926 жылға дейін билік басында болды. Олар реформалаудың ілгерілеушілік бағдарлама- 26 сын жариялағанымен, оңшыл күштердің қарсылығына байланысты және ақша жетімсіздігінің салдарынан оны іске асыра алмады. Солшыл блок сенімнен айырыла бас- тады. 1926 жылғы сайлауда олар жеңіліс тапты, өкімет билігіне қайтадан “Ұлттық бірігу” атты жаңа блокқа енген оңшыл күштер келді. Үкіметті жаңа блоктың басшысы, Францияның бұрынғы президенті Р. Пуанкаре басқарды (1926—1928 жж.).

Франциядағы экономикалық дағдарыстың ерекше­ ліктері. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономикасы бірқалыпты дамыды. Жеңіске жеткен дер- жава ретінде Франция өзінің отар иеліктерін көбейтті. Эльзастың, Лотарингия және Саар облыстарының бай көмір мен темір кендері есебінен шикізат базасын кеңейтті. Германиядан төлемақының ауқымды бөлігін алып отыр- ды. 1928—1931 жылдары Франция банктерінің алтын қоры екі есе өсті. Солай бола тұрса да, Франция өндірістік дағдарыстан құтыла алған жоқ. Өнеркәсіптік өндірістің жартысына жуығы қысқартылды, әсіресе тоқыма өнеркәсібі, қымбат бұйымдар өндірісі, шарап өндіру зиян шекті. Француз үкіметі мемлекеттік бюджетті сақтап қалуға тырысты. Осы мақсатта салық саясаты қатаң қолға алы- нып, экономика үнемділігі енгізілді. Саяси режім азаматтардың сенімінен шықты. Фран- цияның жоғары лауазым иелері арасында мемлекет ар- қылы экономиканы реттеу идеясы қалыптасты. Мұндай нұсқауды жақтаушылар өздерін “дирижешілдер” (франц. diriger — басқару, жетекшілік ету) деп атады. Францияның саяси өмірінде “күшті үкімет” құру, демократиялық еркіндікті шектеу мақсатымен консти- туцияны қайта қарау туралы ұсыныстар айтыла бастады. Мысалы, бұрынғы премьер-министр А. Гардье ескі консер- ватизм рухында парламент құқығын шектеуді, президент пен премьер-министр өкілеттігін кеңейтуді, мемлекеттік қызметкерлерге митингіге қатысуға, кәсіподаққа мүше болуға шектеу қоюды ұсынды.

Француз фашизмінің ерекшеліктері. 1899 жылы жазу- шы-журналист Ш. Моррас негізін салған “Француз әрекет Лигасы” ашық диктатура орнатуды ұсынды. 1924 жылы 27 құрылған “Патриот жастар” лигасы күшті атқарушы үкімет құруды талап етті. 1927 жылы кәсіпкерлердің, газет иелерінің және оң- шыл парламент мүшелерінің қолдауына сүйенген қызмет- те жоқ полковник Казимир де ля Рок “Әскери крест” лигасын ұйымдастырды. 1934 жылы оның мүшелерінің саны 150 мыңға дейін жетті. Лиганың жекеменшік қарулы жасағы, жүйелік байланыстары болды. Италия және неміс елшіліктері қаржыландырған бұл экстремистік және ұлттық лигалар өздерін Муссолини мен Гитлердің ісін тікелей жалғастырушылар санап, “коммунизмді құртуға”, “сатқын демократияны”, “шірі- ген парламентаризмді” жоюға шақырған фашистік ұран- дар көтерді. Буржуазиялық революцияға кештеу келген Ита- лия мен Германияға қарағанда, Франция мықты рес- публикалық-демократиялық дәстүрі бар мемлекет бола- тын. Сондықтан да Франциядағы фашистік ұйымдар бытыраңқы болды, олардың біртұтас бағдарламасы бол- мады. 1934 жылы 6 ақпанда фашистер парламентті басып алуға әрекет жасады. Бұл әрекет полицияның күшімен ғана тоқтатылды.

Халықтық майданның қалыптасуы. 1934 жылы 12 ақ- панда фашизмге қарсы наразылық ереуілдері басталды. Оған 1,5 млн адам қатысты. Бұл ереуілдер “Фашизм жо- йылсын!” деген ұранмен өтті. Алғаш рет ереуілдерге коммунистер, социалистер, кәсіподақ мүшелері, партияда жоқтар бірігіп қатысты. Антифашистік қозғалысқа радикалдар партиясы, де- мократиялық ұйымдар, көптеген мәдениет қайраткерлері қосылды. Коммунистер ақпан оқиғасынан кейін радикалдар мен социалистерге, ұсақ буржуазияға, орта буынға өздерінің теріс көзқарасын өзгертті. Олар социал-демократтарды “социал-фашизм” деп атаған сталиндік анықтамадан бас тартты. Социалистік партия да тактикалық ұрандарын ауыстыруға мәжбүр болды. Олар енді коммунистік пар- тиямен бірлесіп, фашизмге қарсы күресуге шықты. 1934 жылы 27 шілдеде ФКП (Франция коммунистік партиясы) мен социалистік партия қимыл-бірлігі — Халықтық майдан құру туралы пактіге қол қойды. 28 Екі партия фашистік ұйымдарға тосқауыл құруға, демо- кратиялық еркіндікті қорғауға, фашистік лаңкестік- ке және соғыс қаупіне қарсы шығуға, еңбекшілердің материалдық мүддесін қорғауға міндеттемелер алды. 1936 жылдың қаңтарында Халықтық майданның сай- лау алдындағы бағдарламасы жарияланды. Бағдарлама экстремистік топтарды қарусыздандыруды және тарату- ды, ұжымдық қауіпсіздік жүйелерін құруды, мемлекет- тік, әскери өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алуды, фран- цуз банктерінің іс-әрекетіне бақылау қоюды, 40 сағ-тық жұмыс аптасын енгізуді, демократиялық салық реформа- сын өткізу және жұмысшыларға берілетін жәрдемақыны ұлғайтуды, ақы төленетін демалыс күндерін енгізуді, кәсіпкерлерге мемлекеттік көмек көрсету шараларын және басқа әлеуметтік жағдайларды қарастырды.

1936 жылдың көктеміндегі парламент сайлауын- да Халықтық майдан партиялары ірі жеңіске жетті. Республикалық дәстүрге сәйкес, ең ірі парламенттік фракция жетекшісі, социалист Леон Блюмге үкіметті құру міндеті жүктелді. Оның құрамына социалистер мен радикалдар кірді. Өкімет Халықтық майдан бағдарлама- сын орындаған жағдайда коммунистер оны қолдайтынын мәлімдеді. Халықтық майдан билігі кезінде кәсіпкерлер мен кәсіподақ өкілдері еңбекақыны орта есеппен 7—15%- ға көбейтіп, төменгі еңбекақыны 2-3 есе арттыру ту- ралы келісімге қол қойды. Кәсіпкерлер кәсіподақтың құқығын сыйлауға, ереуілге қатысушыларға қарсы шара қолданбауға міндеттелді. 1936 жылдың жазында парламент Халықтық майдан талаптарын өмірге енгізуге бағытталған жүзден астам заң қабылдады. Солардың арасында әскериленген фашистік ұйымдарды тарату туралы заң бар еді. Үкімет халықтың төлем қабілеттілігін арттыратын ұтымды заңдар ұсынды. Аса маңыздылары — әлеуметтік бағыттағы ұжымдық келісім туралы заңдар, 40 сағ-тық жұмыс аптасы тура- лы, екі апталық төлемді демалыс туралы заңдар бол- ды. Сонымен қатар Халықтық майдан бағдарламасы майдангерлердің зейнетақысын, қызметкерлердің ең- бекақысын көтерді. Сондай-ақ жұмыссыздық үшін берілетін жәрдемақыға салынатын салықты жойды, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырды. Орташалар мен шаруалардың жағдайын жақсарту үшін үкімет қарызды төлеу мерзімін ұзартты. Жеңілдікпен қарыз берді және шағын кәсіпкерлердің салығын азайтты, француз банкі мемлекеттік бақылауға көшті. Қаржылық олигархияға қарсы бағытталған заң аса ірі иеліктерге салықты өсірді, салық төлеуден құтылу үшін капиталды шетелге асырғандарға ықпалшара (санкция) енгізді. Әске- ри авиазауыттарды мемлекет меншігіне алу экономикада- ғы мемлекеттік сектордың негізін қалады. Францияның теміржолдары толығымен мемлекеттік бақылауға көшті. Әлеуметтік саладағы жеңістерден үрейленген ірі бур- жуазия қабылданған заңдарға қолынан келгенше қарсы- лық көрсетті. 1937 жылы Л. Блюм кабинеті Халықтық майдан бағдарламаларын одан әрі жүзеге асыруды уа- қытша тоқтататындығын жариялауға мәжбүр болды. Испанияда бұрқ ете қалған фашистік бүліктің әсерімен басталған азаматтық соғыс салдарынан Францияда да жан- жал тұтанды. Әуелгіде Испан Республикасына қару сату арқылы қолдау көрсетпек болып уәде берген Блюм үкіметі іле-шала Англиямен бірге испан ісіне араласпау жөнінде келісімге қол қойды да, уәдесінен айнып шықты. Испаниядағы азамат соғысына араласпайтындығын хабарлаған Халықтық майдан үкіметінің сыртқы сая- саттағы бағыты түрлі айтыстар тудырды. 1937 жылы мау- сым айында Блюм кабинеті өз еркімен жұмысын тоқтатты. Премьер-министр Чемберленмен, Гитлермен және Мус- солинимен Мюнхендегі келісімге қол қойған радикал Даладье кабинетінің саясаты да қатал сынға алынды. Радикалдар партиясының Халықтық майданнан шығуы Халықтық майданның тарағандығын білдірді.

Халықтық майданның жеңісін баянды ету жүзеге аспағанымен, оның тарихи маңызы ерекше болды: бұл қозғалыс Францияда фашизмнің таралу қаупіне тос- қауыл бола тұра, бейбіт жолмен маңызды әлеуметтік- экономикалық өзгерістер енгізуді іске асырды. Халықтық майдан жылдарында басталған мемлекеттік реттеушілік тәжірибесі Францияда үрдіске айналды. Реформа саясаты елдің экономикалық күйреуден шығуына көмектесті. Iшкі 30 мәселелер бір арнаға тоғысқанымен, халықаралық жағдай шиеленісе түсті. Еуропада жаңа дүниежүзілік соғыс қаупі туды.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси ерекшеліктері болды?

2. 1919—1920 жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?

3. Француз көппартиялық жүйесінің ерекшелігін атаңдар.

4. Экономикалық тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?

5. Француз фашизмінің герман немесе италиялық фашизмнен айыр­ машылығы қандай? Не себептен мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті сәтсіз аяқталды?



6. Халықтық майдан деген не? Оның әлеуметтік және саяси құрамын анықтап, тарихи тәжірибесін түсіндіріңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет