Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДА



Pdf көрінісі
бет130/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДА 
КӨРІНІС БЕРУІ 
 
Калилаева Ж., Нурекешова Г.Р 
Қызылорда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 
Шетел тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Жаһандану заманында көп тіл 
білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан 
бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып, жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ 
тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық 
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», - деп айтқан еді [1]. Өзге тілді үйрену, оны жетік 
меңгеру - бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны 
баршамызға аян. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген 
шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Сол секілді 
біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік 
тілді қолдап уық секілді қадалады. Сондықтан адамдарға бір-бірін біріктіру үшін ортақ тіл 
болу маңызды.
Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі және дүние жүзіне кең 
таралған тіл болып танылады. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер 
ашады.
Ол – жаһанданудың кепілі. Өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті 
де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп 
тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Әлемдегі мүйізі 
қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ 
тәрбиелеу болып табылады. Ол деген – өз ана тілін терең меңгерген, сол тілде еркін 
сөйлей алатын, сонымен қатар бірнеше халықтың тілін білетін ұрпақты тәрбиелеу. 
Шетел тілін білу - қазіргі заманның ешкім шек қоя алмайтын талабы. Бір немесе 
бірнеше шетел тілін еркін меңгерген бала кейін келе өмірдің кез-келген саласынан өз 
орнын табары сөзсіз. Шет елдердің даму тарихын, ондағы ғылым мен білімдегі 
жаңалықтарды үйренуге, озық инновациялық технологияларды меңгеруде шетел тілін 
білу - отанымыздың әлемдік көштен қалмауға өз септігін тигізеріне ешкім дау айта алмас.
Қазіргі таңда ғаламторсыз өмірін елестете алатын адам жоқтың қасы. Ендеше осы 
ғаламторды өзіміздің пайдамызға неге жаратпасқа? Көп адамдар өздерінің 
ағылшыншасын жетілдіргісі келгенімен, курсқа қатысуға бірінің ақшасы, енді бірінің 
уақыты жетпейді. Үйренемін деген тілегі бар адам интернеттегі аудиосабақтар мен 
видеосабақтар арқылы-ақ өз бетінше меңгере алады. Бүгінгі таңда ағылшын тілін 
үйренуге қатысты көптеген тегін ресурстар ғаламторда самсап тұр. Ашып ал да, оқи бер! 
Бастысы, ақшам жоқ деп қиналмайсыз.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)
 -
арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген 
тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекеме. Бұқаралық 
ақпарат құралдары төртінші билік болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының 


274 
еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып отыр, яғни қоғам мен 
мемлекеттегі жоғарғы құндылық деген сөз. Себебі, бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз, яғни 
сөз еркіндігінсіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес. Бұқаралық ақпарат 
құралдарының мақсаты – елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты 
және кедергісіз ақпарат беру. Сөзсіз, қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы 
және оның жұмыс істеуі кез-келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі: 
- Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдары халық пен үкіметтің арасындағы 
байланысты ұйымдастырушы. 
- Екіншіден, баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып 
отырушы.
Төртінші билік - бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті, оны ешкім ештеңемен 
ауыстыра алмайды және де арнаулы мемлекеттік мәртебе рөлі болмаса да, баспасөз 
қоғамдық пікір туғызып, қалыптастыратын ықпалы бар, халық пен билік арасындағы 
ерекше байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік құрал болып табылады. 
ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі - бұқаралық 
ақпарат құралдары. БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет 
дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, жекелеген ғылыми-
сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі азаматтарға, қоғамға әлемде болып жатқан 
аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процестер жайлы мағұлматтарды және түрлі 
ақпараттық интелектуалды бағдарламаларды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген 
қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. Біз теледидардан жаңалықтарды көреміз, 
радиодан естиміз, бір- бірімізден қызықтырған нәрселерді сұраймыз, яғни ақпарат 
таратамызда және аламызда. Бұл мысалдардан біз «ақпарат» деген сөз белгілі бір 
хабардың, жаңалықтың, өткен оқиғаның мазмұнын білдіретінін көреміз. Мысалы: 
археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған бұйымдар бізге сол кездегі тұрмыс-
тіршілік туралы, адамдар жөнінде, қандай жағдайда өмір сүргендері туралы аса бағалы 
ақпарат береді. Тас бөктерлерінде, жер қатпарларында ертеден сақталып қалған 
хайуанаттар сүйектерін, өсімдіктер жапырақтарын зерттеу нәтижесінде де біз жер бетінде 
көне заманда өмір сүрген жануарлар, өсімдіктер туралы көп мәлімет аламыз. Шексіз алыс 
әлемді, физиканың жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында физиктер, астраномдар олардан 
жерге жетіп жатқан электромагниттік сигналдар арқылы олардың құрылысы, шығуы 
жөнінде көп мағлұматтар алады. 
XIX-XX ғасырларда телеграфтың, радионың пайда болуы, ақпаратты кез-келген 
қашықтыққа жарық сәулесінің таралу жылдамдығы мен жеткізуге, ал теледидардың 
шығуы үйде отырып-ақ, дүние жүзінде не болып жатқанын көріп білуге мүмкіндік 
туғызады. 
Бұқаралық ақпарат құралдарының білімдік қызметі азаматтарға әр түрлі ғылым 
саласынан қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық 
хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде 
білімнің басым көпшілігін осы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алады. Бұқаралық 
ақпарат құралдары адамдардың бойына әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, 
мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Осы уақытқа дейін шетел тілін игерудің тегін әрі қолжетімді мүмкіндіктері туралы 
бұқаралық ақпарат құралдарында талай жазылып та, айтылып та жүр. Яғни олар арнайы 
сайттар, видео сабақтар, марафон және пайдалы қолданбалар т.б.
Пайдалы сілтемелер: 
- BBC Learning English сайтының жаңартылған нұсқасы (тегін подкасттары мен 
интерактивті жаттығулары бар
- Vocabularybooster ағылшыныңызды жетілдіруге арналған орыс тіліндегі пайдалы 
ресурстар блог-агрегаторы 


275 
- Learn English with Ronnie YouTube-арнасы (күнделікті өмірге қажетті сөздер мен 
сленгтер) 
-TED және Openculture.com Ағылшын тілінде дәрістер тыңдау
- Сан түрлі тегін ресурсы бар British Council cайты
- EngVid.com сайты (видеосабақтар, тесттер және т.б.) 
- Ағылшын тіліндегі сөздерді түсінуге көмектесетін түрлі жаттығуларды Puzzle English 
сайтынан табасыз [2].
Ақпарат құралдарының ішінде теледидар – отбасы мен мектептен кейін балаға 
тәрбиелік жағынан әсер ететін құрал болып табылады. Теледидар ұлттық және мәдени 
әлеуметтенудің маңызды көзі. Баланың өзі тұратын ортадағы мәдениетті қабылдауды 
теледидар да үйретеді.
Теледидар – ең күшті насихат құралы. Қоғамды келеңсіз жайлардан сақтандыру да 
ақпарат құралдарының міндеті. Діни экстремизмге, наркомания мен ЖҚТБ-ға қарсы 
күресте, қылмысқа қарсы күресте теле-бағдарламалардың маңызы зор. Оқушы жарты 
күнін мектепте өткізсе, жарты күнін ақпарат алу мақсатына жұмсайды. Сол уақытта ол 
теледидарды қарайды немесе интернет желісі арқылы жаңалықтармен, бағдарламалармен 
танысады, өзіндік пікірін бөлісетін адам іздейді. Сондықтан балада болатын еліктеу 
немесе баланың өз ойларын айтуы сияқты құбылыстарды мұғалім білім беру барысында 
ескеруі тиіс. Бірақ бағдарламаларды пайдалануда баланың жас ерекшелігі қатаң ескерілуі 
керек. Бағдарламаларды сол күйінде көшіруге болмайды, баланың ойы бағдарлама 
барысында жаңаша жетілуі керек. Сондықтан мұғалім бағдарламаны мектеп оқушысына 
тәрбие беретін деңгейге икемдеп қайта құрады. Мысалы ток-шоу, реалити - шоу, акция, 
интеллектуалдық ойындар, тағы да басқа теле-жобалар мектеп жасындағы оқушыларға 
икемдеп өткізуге қолайлы. Бұл бағытта жұмыс жүргізу сыныптан тыс шаралардың 
сапасын жоғары деңгейге көтеруге көмектеседі. 
Қазіргі таңда теледидардан «XXI ғасыр көшбасшысы», «Тапқыр достар», «Сөз мерген», 
«Кенгуру - лингвист», «Кім миллионды жеңіп алады?», «Ак бота», «Полиглот», «Золотое 
руно», «British Bulldog», «Білгірлер сайысы», «Алтын қақпа», «Кім? Қашан? Қайда?», 
«Овертайм» және «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды-танымдық бағдарламалар 
ұйымдастырылып, көпшіліктің назарына ұсынылып жүр. Бұл бағдарламалар көрермен-
білім алушыларға білімнің әрқилылығын және сол білімді шыңдауға бағытталғандығын, 
логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, білімге құштар жандардың белсенділіктерін 
түрлі сайыстар арқылы жұмылдыруын қамтамасыз етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында шетел тілін үйретудің
 
негізгі мақсаты - оқушылардың 
пәндерге деген қызығушылығын арттырып, өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, 
білім деңгейін топтық жарыста дәлелдей білуге үйрету және пәндер бойынша 
оқушылардың білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау, білімді, тапқыр, 
ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту болып отыр.
Сонымен қатар ағылшын тілінде ән айту, радио тыңдау, фильмдер қарау тіпті ағылшын 
тілді адамдармен сөйлесу арқылы тілінізді дамыта аласыз. 
Қазіргі оқу үдерісінде ағылшын тілін үйренуге бағытталған интеллектуалды 
бағдарламалар арқылы қалың көпшілікке жеке немесе топтық жұмыстар жүргізе отырып, 
тіл үйрету қоғамымыздың қажеттілігінен туындағаны айдан анық, сондықтанда бұл 
мәселе тақырыбымыздың өзектілігіне айналып отыр. Бір жағынан оқушыларды 
интеллектуалды бағдарламалар арқылы зейіндерін жетілдіруге сұраныстың артуы 
мәселенің тақырыптық тұрғыда қозғалуына себеп болды.
Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының қарқынды дамуы – баспа, радио, теледидар, 
әлемдік ғаламтор – Интернеттің пайда болуы мен таралуы – бірыңғай ақпаратық 
кеңістіктің, ерекше үздік те озық ортаның, көптеген медиаағымдар жиынтығының пайда 
болуына алып келді.
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін 
«information» сөзінен шыққан [3]. Қазіргі ақпарат сөзі күнделікті тұрмыста, ғылымның әр 


276 
түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы 
мен түсінігі бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше белгілері: жариялылық, яғни 
тұтынушылардың шексіздігі, арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы, 
ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы, тұтынушы 
аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық 
ақпарат құралдарының рөлі өте зор. Қазіргі электронды ақпарат құралдарының пайда 
болуы бұқаралық ақпарат құралдарының биліктік қатынастардың барлық қырларын 
түбірімен түрлендіріп жібереді. Сонымен бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын 
қызметі әр түрлі, олардың аса маңыздылары мыналар:
- ақпараттық; 
- білімдік; 
- әлеуметтендірушілік; 
- мүдделерді тоғыстырушылық және оларды жұмылдырушылық [4]. 
Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі қызметтерінің қатарына ақпараттандыру 
жатады. Білім беру ақпаратына қоғамдық маңызы зор мемлекеттік органдар тарапынан 
назарды қажет ететін және оларға ықпал жасайтын мәліметтер енеді. Бұқаралық ақпарат 
құралдарының ағартушылық қызметі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өз 
дәрежесінде бағалау мен реттеуге бағытталады. Масс-медиа оқушылардың бүкіл өмірін 
қамту арқылы олардың саяси және әлеуметтік ақпаратты ұғынуға ықпал жасайды. 
Сондықтан оқушылардың біліміне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері мол.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ағартушылық әлеуметтендіру қызметімен тығыз 
байланысты. Дегенмен, ағартушылық жүйелі білім игеру мен тұлғаның танымдық және 
құндылық мүмкіндіктерін кеңейтсе, саяси әлеуметтендіру халықтың саяси нормалар, 
құндылықтар мен мінез-құлық үлгілерін игеруге ұмтылдырады. Сонымен қатар, тұлғаның 
әлеуметтік ақиқатқа бейімделуін қамтамасыз етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары оқушылардың санасы мен сезіміне ықпал ете отырып, 
нақты саяси мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етеді. Өйткені кез келген жоғары білімді 
азамат қарама-қайшылығы мол саяси процестерде жауапты шешім қабылдауда теледидар, 
радио, газет пен журналдарға сүйенеді.
Намысын найзаға шаншып, күре тамыры Көк бөріден нәр алған, көк Тәңірге табынған 
Күлтегіннің ұрпағына бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру қиындық тудыра қоймас. Иә, 
көп тіл білу ــ әрине, мақтаныш. Ал біздің мақсат – ағылшын идеологиясын сіңіріп, 
ағылшын болып өмір сүру емес, ағылшынның тілін ғана үйрену емес пе? Балаларымызды 
әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру ғана емес пе? Кейбір адамдар 
ағылшын тіліне қарсылық білдіріп жатады. Ал ағылшын тілі әлем мойындаған жаһандану 
тілі. Бұл-бұзылмас заңдылық.
Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген мәңгілік Елге айналумыз керек. 
Бұл жолда біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін керек екенін 
ұмытпайық.
Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өте зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет