282
М.Шоқай соңғы екі жылдан бері соғыс жағдайында әлеммен байланыссыз өмір сүріп
келе жатқан еді. Осы себепті Түркістандағы соңғы саяси оқиғалардан бейхабар еді. Ең
маңыздысы Түркістанда жиырма
жылдан астам уақыттен бері, кеңестік тәлім-тәрбиемен
өсіп келе жатқан түркістандықтарда қалыптасқан жаңа саяси және мәдени көзқарастардан
хабарсыз еді. Сол себепті немістердің қолына тұтқын болып түскен түркістандық
әскерлермен кездесіп, олардың ұлттық мәселелердегі ой-пікірлерін біліп алу қажет болды.
М. Шоқайдың түркістандық тұтқындардан әскер жасақтап, оларды немістер жағында
соғысу үшін майданға аттандыру дегенді тіпті ойына да келмегені, оны аузына да
алмағаны көптеген деректермен, кеңестік және неміс құжаттарымен расталады. Сувалки
лагеріндегі түркістандық соғыс тұтқындары алдында «жүрегі қан жылап» тұрып сөйлеген
сөзінде: «Менің ең басты мақсатым сіздерді біздің болашақ отанымыз – Түркістанды
құруға қажетті мамандық алу үшін түрлі жұмыстарға орналастыру болып табылады»
дейді.
Германияның «Саяси мұрағатындағы» Түркістан легионының құрылуына қатысты
1941–1942 жылдардағы бұйрықтарда, есепті баяндамалар, анықтамалықтар т.б.
құжаттарда да М. Шоқай есімі мүлде аталмайды. Немістер М. Шоқайды сенімді адамдар
қатарына қоспайды, оған келетін хат-хабар ыждағатты тексеруден өтіп отырады.
Мұстафа лагерлерді аралап жүргенде отыз бес мұсылман тұтқынның тек сүндетті
болғандықтары үшін атылайын деп тұрғандығын көрді. Ол дереу араша түсіп,
тұтқындарды ажал аузынан алып қалды.Сондай-ақ, алдағы уақыттарда да бұған ұқсас
қателіктерге жол бермеу үшін, бұл мәселе жөнінде неміс
басшыларын хабардар етуге
тырысты. Шығыс министрлігі, неміс қарулы күштері қолбасшылығы және СД өкілдері
қатысқан бір жиналыста, мұсылмандардың сүндетке отырғызу дәстүрі туралы мәлімет
берілді. Бұл мағлұматты кімнің бергендігі туралы ешқандай дерек болмаса да, Шоқайдың
бұл жиналыстың өткізілуінде үлкен ықпалы болуы әбден мүмкін. Неміс ғалымы Мюхлен,
1941 жылдың тамыз айынан бастап сүндетті болғандықтары үшін мұсылмандарды атып
тастау оқиғаларының сирегенін айтады.
М.Шоқай түркістандық соғыс тұтқындары орналасқан неміс лагерьлерін
аралағаннан кейін біршама өзгерістер орын алады. Бұл туралы М.Шоқай 1941 жылы
қараша айында зайыбы Мария Шоқайға жолдаған хатында «Түркістандық тұтқындармен
кездесуім көп нәрсені өзгертті. Жазғандарымда жаңылмаппын. Тұтқындар арасынан
туысқанымды да тауып алдым. Үйге келген соң оны қасыма алуға тырысамын. Жұмыс
көп, жалғыз өзім бәріне үлгере алмаймын, көмекші керек» [3, 120 б.], - деп жазады.
Алайда М.Шоқайдың зайыбына жолдаған кейінгі хаттарының мазмұны да, сөз сарыны да
өзгере бастайды. Соғыс тұтқындарының шегіп жатқан азабы мен жанаярлық халдерін
баяндап: «Бұл бейшара, жазықсыз жандар қорлық кешуде. Сәл нәрсеге жазықты болып,
ату жазасына кесіліп жатыр. Сақырлаған аязда тұтқындар жаңбыр мен қардан қорғану
үшін қолдарымен шұңқыр қазып жатыр» [3, 124 б.], - деп жазады.
Оларға көмектесе
алмай, әбден қиналып, қатты қайғырғаны байқалады.
М.Шоқай түркістандық әскери тұтқындар орналасқан лагерьлерді аралау барасында
жазылған өзінің жазбасында: «Әскери тұтқындардың өздерін адам ғұрлы көрмей,
сұраусыз атып тастай беретіндігі туралы шағымдарын естіп, мынадай мағынадағы
сөздермен жұбатқан болдым», - деп келесі мәтінді жазады: «...Совет үкіметі әскери
тұтқындар туралы халықаралық келісімге кезінде қол қоюдан бас тартқан болатын. Сол
арқылы тұтқын деген ұғымның өзін заңнан тыс қалдырды. Советтік Ресейден жеткен
мәліметтерге қарағанда, большевиктер тұтқын немістерді айуандықпен зәбірлеп, қол
терілерінен қолғап алып жатқан көрінеді. Германия болса, мұндай көлемде тұтқын
болатынын ойламаған, оларға алдын ала тым болмаса барақтар да дайындамаған» [4, 87
б.], - деп жазады.
Мұстафа Шоқай Эбенродта әскери тұтқындардың арасынан бөліп алып, дербес
тұтқындалған 40 түркістандықты көрген. Тұтқындар қолына түскен
жануардың ажал
алдындағы міскін халын елестеткендей болады. М.Шоқай олардан «Сіздерді не үшін
283
мұнда бөлек орналастырған», - деп сұрағанда олардың бәрі бір ауыздан «білмейміз» деп
жауап берген. Біразының үні көз жастарына тұншыққандай, дауыстары құмығып шығады.
Оларды мұнда не үшін отырғызғандарын өзгелер де білмейді. Лагерь әкімшілігі бұл
жөнінде ешқандай түсінік бермеген. Егер олар коммунист белсенділіктері үшін отырған
болса, лагерь әкімшілігі оны жасырмас еді, бірден-ақ айтар еді. Басқа тұтқындар оларды
еврейлер ме екен деп отырғызған болуы мүмкін деп есептейді. Бірақ олар тым айқын, тіпті
біршама түрі өзгерген азиаттық тип. Мұстафа Шоқай оларды немістер «большевиктік
жұқпалы дертті тасымалдаушылар – осылар» деп көрсету үшін бөлектеді деп ойлаған.
Германияда әр кеш сайын кино басталар алдында экраннан осындай нәрселер
көрсетілетін. Оны күн сайын миллиондаған адам көріп жатты. Бірақ М.Шоқай осы
жайттың мәнісін не екенін біле алмаған.
Мұстафа Шоқай 1941 жылдың 26 тамызынан 9 желтоқсанына дейін Дебица,
Сувалки, Лемберг, Ярослау, Деба, Просток, Эбенрод, Погеген, Ченстохов және басқа да
неміс лагерлерін аралайды [5, 98 б.]. Олардағы жалпы мобилизация бойынша майданға
алынған түркістандық тұтқындардың онынан тоғызы винтовканы қалай ұстап, қолдануын
білмейтін болып шығады. «Тіпті кәсіби қызыл әскерлердің біраз пайызы винтовканы
білмейді. Өте көп түркістандық тұтқындар әскери қызметті әскери саптан тыс ретте:
арбалы керуенде, ат бағушы, аспазшы ретінде, қоймада, интендеттық жұмыста өткізеді», -
деп жазады Мұстафа Шоқай. 1941 жылы Сувалки, Вустрау және Ченстохов
концлагерьлерін аралағаннан кейін Мұстафа: «Сталин мен Гитлер – екеуі де жауыз» деп
жазады. Егер 1935 жылы Мансур Умидовқа жазған бір хатында: «Мен Германияда жиі
болып тұрамын. Онда өмір сүру жақсы емес. Немістерге қиын.
Бірақ осынша
қиыншылыққа төтеп беріп, көтеріңкі рухын жоғалтпау үшін немістер секілді аса ерекше
тәртіпті халық болу керек» деп жазса, көп ұзамай ол пікірін өзгертіп, өзінің куә болған
оқиғаларының әсерінде отырып : «Сіздер, немістер, өздеріңізді Европаның ең өркениетті
және мәдениетті халқы ретінде көресіздер. Егер, сіздердің мәдениеттеріңіз менің осы
көргендерім болса, мен де сіздердің дәл осы тұтқындарша ауыртпалық және апатпен әдіре
қалуларыңызды тілеймін. Сіздер ХХ-ғасырда, Шыңғыс ханның ХІІ-ғасырда жасағынан да
бетер зұлмат жасап жатырсыздар.»-деп жазды. Ол бұл хатын, Уәли Каюмға неміс тіліне
аудартып тиісті офицерлерге тапсырды.
М.Шоқайдың түркістандық әскери тұтқындармен бетпе-бет кездесуі, тікелей
әңгімелесуі оған – лагерь өмірінің нағыз шындығын, сұмдық көрінісін ашып берді. Әскери
тұтқындар өздерінің хал-ахуалы жайлы жасырмай ашық айтып, бұл жердегі жағдайлары
тіршіліктен күдер үздіріп отырғандықтарын білдірді. Бұл
жердегі тұтқындар Мұстафа
Шоқайға «Бізді қайтадан Ярослауға жіберуін сұрасаңыз екен, ол жақтан алып келгеніне
үш-төрт апта болып еді» [6, 123 б.], - деп жалына өтініштерін білдірді. Түркістандық
әскери тұтқындардың әңгімелеріне қарағанда, мұнда келген 40 мың адамның 25 мыңы
ғана қалған. Басқасы түгел өлген.
Түркістандық әскери тұтқындар М.Шоқайдың ойынша, Германия қолындағы аса
маңызды капитал болып табылады. Мыңдаған түркістандықтарды оларға тағдырдың өзі
жеткізіп отыр. Бұл әскери тұтқындар арасында большевизмнің бітіспес қарсыластары
жеткілікті. Олардан жаңа демократиялық әлемдік тәртіп жолындағы тамаша күрескер-
насиахатшы мамандарды даярлауға болатын. Алайда жағдай өзгермесе, кино
экрандарынан ортаазиялық жабайыларға қарсы үгіт жалғаса берсе, оның нәтижелері
Дебица лагеріндегі оқиғаларға әкеліп соқтырып отырса, «мұның салдары біз үшін ғана
емес, біздің халқымыз – біздің еліміз үшін де қатерлі ме деп қорқамын» [6, 130 б.] , - деп
жазады М.Шоқай. Мұстафа немістерге түркі тілдес кеңестік тұтқындарды майданға
жібермеуге кеңес берді. Оның орнына оқуларын аяқтамай жатып,
Кеңес армиясы
қатарында соғысқа айдалып, тұтқынға түскен жастарды білім алуларын жалғастырулары
үшін оқуға жіберулерін, ал, басқа тұтқындардың болса майдан тылында жұмыс істетілуін
ұсыныс етті.
284
1948 жылдың 18 маусымында КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі өзінің
Берлиндегі 4-оперативтік секторының 2-бөліміне «М. Шоқайды әшкерелеуші
материалдар»
табу
жөнінде
құпия
түрде
сұрау
салады.
Осы
тапсырма
бойынша
жаңағы
құрылым
«Берлиннің
СВ
оперативтік-анықтамалық
картотекасында
ондай
мағлұматтар
жоқ»
деп
жауап
береді.
Олай
болса,
М.
Шоқайдың
фашистік
Германияға
ешқандай
да
қызмет
істемегендігі,
Шығыс
министрлігімен
қарым-қатынасын
өз
мүддесіне,
Түркістанның
тәуелсіздігі
идеясына
орай
пайдаланғысы
келгендігі
жөніндегі
уәждердің
шындыққа
толық
сәйкес екендігін айтуымыз керек. Қорыта айтқанда, М.Шоқай түркістандық соғыс
тұтқындарын бейбіт мамандықтарға ғана ұсынады, ол бірде-бір адамды әскерге ұсынған
жоқ. Түркістан легионына тұтқындарды іріктеу 1942 жылы басталады, ал Мұстафа Шоқай
1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болады. Ендеше түркістандық тұтқындарға көмек
қолын созып, олардың тірі қалуы үшін Мұстафа Шоқайдың терең гуманистік қадамын
сан-саққа жүгіртуге ешбір негіз жоқ. Мұстафа Шоқай есімі және оның тұтас Түркістан
идеясы түркі халқымен мәңгі бірге өмір сүреді.
Достарыңызбен бөлісу: