383
нындағы өзіне қажетті дүниеге тез қол жеткізе алатын, коммуникативті, тапқыр жастар
екені белгілі.
Шетелде әсіресе, дамыған елдерде білім-ғылым мен руханияттан ақшаны
аямайды. Ең көп қаржы бөлінетін сала да – осылар. Сондықтан дамып, өскіміз келсе,
ақыл-ой, интеллектіге көп көңіл бөлуіміз керек. «Жастардың және еліміздің басты
капиталы – сапалы білімі», – деп бұрынғы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жастардың
болашағының біліммен ғана көркейетінін меңзегендей.
Яғни жастардың интеллекті
жоғары болса, мемлекеттің «иммунитеті» де жоғары. Жастардың интеллекті дегенде көңіл
көншітетіні, жалпы, бар. Бұл – жақсы. Келесісі, қандай дәрежеде? Бұл сұрақ ойландырады.
Интеллект дегеннің өзі үлкен мағынаға ие: ғылымды меңгерген, ой-өрісі кең, өзіндік
көзқарасы бар, жан-жақты кемеліне келген тұлғаны интеллектуалды тұлға дейді. Адамның
бәрі интеллектуалды дәрежеге жете бермейді. Тіпті, оны жастардан
талап етуде көбіне
«әлі жас» деген тәмсілге сүйеніп жатамыз. Интеллектуалдылыққа қол созудан дәл бұл
заманда қорқудың қажеті шамалы. Себебі, дәл қазіргі мезет жастар арасында жаңаша
дамыған өмірге: білім алуға, қаражат көзін дұрыс табуға, тұлға ретінде сенімділікке және
тәуекелділікке бастайтын «Көшбасшылық» бәсекеге қабілеттілік керек болып тұр. Оған
қызмет ететін тағы да – интеллектуалдылық.
Достарыңызбен бөлісу: